Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі


САБАҚТА КҮШ ТҮСІРУДІ МӨЛШЕРЛЕУ



бет11/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

САБАҚТА КҮШ ТҮСІРУДІ МӨЛШЕРЛЕУ
Дене тәрбиесі сабақтарының негізгі сипаты – оқушылардың қатаң уақыт тәртібіндегі жұмысы және күш түсіруді мөлшерлеу.
Күш түсіру – организмге белгілі бір мөлшердегі жаттығулармен әсер ету. Күш түсіру сабақ кезінде оқушылардың жасына, жынысына, дене қуаты дайындығына сай, үйлесімді болуы керек. Күш түсіруді мөлшерлеу дегеніміз – оның көлемін және қарқындылығын өзгерту. Күш түсіру көлемі дегеніміз – орындалған дене қуаты жұмысының саны (өтілген қашықтық, жаттығуларды қайталау саны, ауырлық салмағы т.б.). Күш түсіру қарқыны – орындалған жұмыс көлеміне жұмсалған уақыт. Орындалған жұмысқа организмнің жауабы арқылы қарқын анықталады. Күш түсіру қарқынының көрсеткіші – жүректің соғу жиілігінің шамасы.
Күш түсіру оқушылардың дене қуаты дайындығының өсуіне күшті әсер бермесе, өте қатты күш түсіру балалардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Балаларда жаттығу кезінде шаршау белгілері байқала бастаса (қозғалыс шапшаңдығы азайып, қимыл үйлесімі бұзылса, тыныс алу жиілесе, беті қуарса) күш түсіруді азайтып, оқушыларды тынықтыру керек. Дене тәрбиесі тәжірибесінде күш түсіруді реттеу – жаттығуларды қайталау саны, жаттығуды орындау қарқыны, амплитудасы, шапшаңдығы арқылы, жаттығуды орындағанда сыртқы ауырлықты, сыртқы ортаны пайдалану, жаттығу арасындағы тынығу аралығы уақытын өзгерту арқылы іске асырылады. Дене қуаты күш түсіріп реттеу мен сабақтың тиімділігін бағалауға (жалпы және қозғалтушы тығыздықты анықтау) және берілген күш түсіруге организмнің жауабын анықтауға тамыр соғуын өлшеу тәсілдері пайдаланылады.


ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫН ХРОНОМЕТРАЖДАУ
Сабақтың ұзақтығы кезінде, педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытты сабақтың жалпы тығыздығы дейміз. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытқа жататындар: дене тәрбиесі жаттығуларын орындау, мұғалімді тыңдау, көрсетілген жаттығуды бақылау, түсінгенді ұғыну, сабақ өтер орынды дайындау, тынығу және т.б. Ақталмаған уақытқа жататындар ұйымдастыру кемшіліктері және басқа кемшіліктер (мұғалімнің немесе оқушылардың сабаққа кешігуі, снарядтарға ауысқанда кездесетін ұзақ бос тұрып қалулар, сабақ кезінде тек тіртіп бұзылуына байланысты үзілістер, құрал-жабдықтардың істен шығуы, мұғалімнің спорт залдан себепсіз кетуі т.б.). Уақытты тиімді пайдаланған дұрыс.
Сабақ кезінде дене тәрбиесі жаттығуларын орындауға кеткен уақытты қозғалтушы тығыздық дейміз. Сабақтың негізгі бір өнімділік көрсеткіші – қозғалтушы тығыздығы. Оның жоғары болуына ұмтылуымыз керек. Сабақтың қозғалтушы тығыздығын көбейту үшін мұғалімдер түсіндіру мен көрсетуді біріктіреді. Жаттығуларды толассыз орындау әдісін, шеңберлі жаттықтыру әдісін қолданады, класты топтарға бөліп (құрал-жабдықтар мен уақытты толық пайдалану үшін), көп оқушы бірден жаттығуға мүмкіндігі бар жабдықтарды пайдаланады, сабақта сынып белсенділерін көмекке тартады. Сабақты хронометраждау «белсенді», «тәртәпті», «орташа» оқушыны бақылау арқылы орындалады. Оқушының мынадай қимыл істері хронометраждалады: 1. Жаттығуларды орындауды дәл анықтау. 2. Мұғалімнің көрнекі құралдары, жаттығуды т.б. көрсетуін бақылау және тыңдау. 3. Тынығу, келесі орындалатын тапсырманы тосу. 4. Қайта сап құру, сабақ орнын дайындау. Бұл бақылау мен хронометраждау хаттамада белгіленген (1-кесте).
1. Күні ______________________________
2. Сынып____________________________
3. Сабақ міндеттері____________________
1. _____________________________
2._____________________________
3._____________________________
4. Сабақ жүргізуші ___________________
5. Хронометраж жасаушы______________
6. Бақылаудағы оқушы_________________
7. Сабақ жүргізілетін орын______________
8. Сабақ түрі_________________________
1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет