Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі


ЕПТІЛІК ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет8/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

ЕПТІЛІК ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Адамныңжаңа күрделі үйлесімділігін тез меңгеру, өзінің қозғалыс әрекетін өзгертілген жағдайға байланысты тез басқаша құра алу қабілеттілігін – ептілік дейміз.
Ептілікті дамыту кезінде біз мынадай үшміндетті орындауымыз керек:

  1. Күрделі қимыл-қозғалысүйлесімділігі қабілеттілігін күрделілендіре отырып жетілдіру.

  2. Қозғалыс әрекетін өзгертілген жағдайға байланысты басқаша құра алу қабілеттілігін жетілдіру (спорттық қозғамалы ойындар жағдайында).

  3. Берілген қозғалыс әрекетін дәл қайталай алу қабілеттілігін арттыру.

Ептілікті тәрбиелеудің негізгі амалдары: жаңа немесе жаңадан пайда болған элементтері бар спорттық қозғамалы ойындар, гимнастика акробатика жаттығулары. Жақсы үйренген жаттығуларды қайталау ептілікті дамытпайды. Сондықтан мұғалім әрбір дене тәрбиесі сабағында 1-2 жаңа жаттығу немесе бұрын үйренген жаттығудың элементтерін жаңалып үйретіп отыруы қажет. Епкілікті дамыту жаттығуларын сабақтың бірінші жартысында кіргізген дұрыс, өйткені организм болдыра бастағанда ол жаттығулар аз нәтиже береді. Ептілікті бастауыш және орта мектеп жастарында, қозғалыс, көру, есту, дене арқылы сезіну анализаторлары екпінді өсуі кезінде дамытқан тиімді.


ИКЕМДІЛІК ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін – икемділік дейміз. Икемділіктің өсуі буын құрылыстарына; бұлшық еттің, сіңірдің созылымдылығына, көңіл-күйге (жоғары көңіл-күйде икемділік артады); бой қыздыруға; сыртқы температураға; тәулік уақытына (12-ден 17-ге дейін ол көп); жасқа (15-16 жаста икемділік көп көзі), күш дамыту деңгейіне (күші көп адамдардың икемі аз); спорттық мамандыққа және т.с.с. байланысты. Икемділік белсенді және енжар (бәсең) болады. Өз бұлшық ет күшімен, үлкен амплитудамен қозғалысты орындау қабілеттілігін – белсенді икемділік дейміз. Сыртқы орта әрекеті күшімен, үлкен амплитудамен қозғалысты орындау қабілеттілігін – енжар (бәсең) икемділік дейміз (штанга, бірге жаттыққан спортшы, бапкер т.б.).
Икемділікті дамытудың амалдары мен әдістері. Икемділікті дамытудың негізгі амалы созылу жаттығулары. Қарапайым, серіппелі, сермеу, өзіңді ұстаумен, сыртқы көмекпен т.с.с. Икемділік жаттығуларын бой қыздырудан кейін қай сабақ бөліміне де кіргізуге болады. Икемділік жаттығуларын оырндағанда нақтылы міндет қою қажет, мәселен белгілі затты алу, бір затқа допты дәл тигізу т.с.с.
Созылу жаттығу сериясынан кейін, босаңсу жаттығулары орындалады. Бұлардың жылдамдылығын арттыру үшін күнделікті жаттығулар жасау керек. Икемділік жаттығулары арасындағы үзіліс (2-3 апта) оның дамуына кері әсер туғызады. Икемділікті дамытудың негізгі әдісі – қайталау. Жаттығуларды ретті, сериялармен қол буындарына, кеудеге, аяқ буындарына арнап орындау қажет. Икемділік жаттығуларын қайталау мөлшері әр түрлі. Жамбас буынындағы иілу және жазу жаттығуларындағы амплитуданың қозғалу шегі 7-10 жастағы оқушыларда 20-30 рет, 11-14 жастағыларда 30-40 рет,15 жастағыларда 45 рет қайталанғаннан кейін жетіледі. Одан ары қарай амплитуда қозғалысы азаяды, жаттығуды тоқтатқан дұрыс. Сонымен, созылу жаттығуларын амплитудалық орындау шегіне жеткізе, яғни буындарда жеңіл ауырту сезімдерін сезінгенше орындау қажет. Икемділікті дамытқанда жас ерекшеліктері үлкен рөл атқарады. Бастауыш сынып оқушыларының буын жылдамдылығын дамыту, жоғары сынып оқушыларына қарағанда оңай. Сондықтан да бастауыш сыныптарда оны дамытып, жоғары сыныптарда сол дамыған деңгейде сақтап қалу міндеті тұрады.
15-20 жастан кейін жас ерекшеліктеріне байланысты қозғалыс амплитудасы азаяды. Бәсең икемділіктің көбеюі 9-10 жаста, белсенді 10-14 жаста байқалады, 15-17 жас икемділікті жетілдірудің ең соңғы шегі. Қыз балалардың буындарындағы жылжымалылық, ер балаларға қарағанда 20-30 процент көп, сондықтан күш түсіруді оларға көбірек беруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет