ДҮниежүзілік сауда ұйымы


Тыйым салуды, квотаны және лицензиялау жүйесін қоса алғанда импортқа арналған санды шектеулер



бет19/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78

Тыйым салуды, квотаны және лицензиялау жүйесін қоса алғанда импортқа арналған санды шектеулер





  1. Қазақстан өкілі атап өтті, ЕАЭО туралы шарт күшіне енуі нәтижесінде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанда импортқа қатысты сандық шектеулерді қолдану «Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттама» атты 7-қосымшаға негізделеді, ол КО мынадай құжаттарының ережелерін алмастырды: 2008 жылғы 25 қаңтардағы үшінші елдерге қатысты бірыңғай тарифтік емес реттеу шаралары туралы келісім, 2009 жылғы 9 маусымдағы үшінші елдерге қатысты бірыңғай кеден аумағында тауарлармен сыртқы сауда жасауды қамтитын шараларды енгізу және қолдану туралы келісім, (бұдан әрі – тарифтік емес реттеу туралы КО келісімі) 2009 жылғы 9 маусымдағы тауарлармен сыртқы сауда жасау саласында лицензиялау ережелері туралы келісім, ол 2015 жылдың
    1 қаңтарынан бастап ЕАЭО туралы келісім шарт күшіне енген жағдайда өзінің әрекет етуін тоқтатады. Ал мынадай құжаттар өздерінің әрекет етуін жалғастыруда: «Ресей Федерациясы және Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы арасында жасалған Кеден одағында бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңестің
    2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімі (бұдан әрі – 2009 жылғы
    27 қарашадағы № 19 шешім) және «Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы» Еуразиялық экономикалық Комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімі (бұдан әрі – № 134 Алқа шешімі). Нәтижесінде үшнші елдерден ЕАЭО импорттауға қатысты терифтік емес шараларды қолдану туралы шешімдер Еуразиялық экономикалық комиссиямен (ЕЭК) қабылданады. Алқаның
    № 134 шешімімен үшінші елдермен сауда жасауда Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттерден әкелуге немесе әкетуге қатысты шектеулер немесе тыйымдар қолданылатын тауарлардың Бірыңғай тізімі қайта бекітілді (бұдан әрі – Бірыңғай тізім), ол 2012 жылдың 16 қыркүйегінен бастап қолданылады (Бірыңғай тізімнің үшін осы Баяндаманың 6-қосымшасын қараңыз). Бұдан алдын тізім «Ресей Федерациясы және Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы арасында жасалған Кеден одағында бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» КО Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы
    № 132 шешімімен бекітілген болатын. Бірыңғай тарифтік емес реттеу шаралары туралы келісімге сәйкес, осы Баяндаманың 6 қосымшасында көрсетілген тарифтік емес шаралар санлық шектеулерді, тыйымдарды, импортқа арналған лицензиялау құқықтарын, автоматты лицензиялау (рұқсаттар) немесе автоматты емес лицензиялауды қамтиды.



  1. КО құрғанға дейін тарифтік емес шаралар «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі
    № 544-ІІ Заңымен реттелді, оның нормалары тарифтік емес шаралар туралы КО келісімі күшіне енгеннен кейін сәйкестендірілді. Осы заңға «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 297-IV Заңымен және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 қаңтардағы
    № 400-IV Заңымен түзетулер енгізілді. Қазақстан өкілі ЕАЭО мүше мемлекеттер өзара сауда бойынша тарифтік емес шараларды қолданбайды деп ұғындырды.




  1. Қазақстан өкілі КО құрғанға дейін Қазақстанда тарифтік емес реттеулерге жататын тауарларға қосымша ретінде мынадай тауарлардың Бірыңғай тізімі енгізілді деп атап өтті: шифрлау құрамы бар кейбір өнімдер (бұдан әрі– шифрлау құрамы бар тауарлар), биологиялық ресрстарды өндіру құрал-саймандары, гренланд итбалығының терісі. КО құрғанға дейін Қазақстанда оларға қатысты тыйымдар мен щектеулер қойылған орта және жеңіл сүзгіштер Бірыңғай тізімге енгізілмеді және әрі қарай тарифтік емес реттеуге жатпайды. Қорыта келе ол бұрын оларды Қазақстанға әкелуге тыйым салынған есірткі заттарының және олардың прекурсорларының кейбір түрлері импорттық лицензиялауға жататынын атап өтті. Топ мүшесімен қойылған сұраққа жауап ретінде ол қазіргі таңда Қазақстан бұрын қолданған киімдерді және автомобиь шиналарын әкелуге қатысты тыйымдарды қабылдамады және ешқашанда қабылдамаған.




  1. Қазақстан өкілі әрі қарай түсіндірді, яғни «Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбiр кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргiзуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі
    № 681 қаулысы мынадай тауарларды әкелуге тыйым салады: (i) Әр тектi әскери үлгiдегi қару, оның оқ-дәрiлерi, әскери жабдықтар мен жарылғыш заттар; (ii) Есiрткi және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды тұтынуға арналған керек-жарақтар; (iii) Мемлекеттiк және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтiруге бағытталған, соғысты, терроризмдi, зорлық-зомбылықты, нәсiлшiлдiктi насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар. (iv) Озонды бұзатын заттары бар тауарлар; (v) Озонды бұзатын заттары бар тауарлар «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы
    № 272 қаулысымен күшін жойды. Ол диірмендер үшін үгіттейтін шарларды және осы секілді бұйымдарды импорттауды квоталау («Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсан № 1243 қаулысымен белгіленген) және этил спирті мен алкоголь өнімдеріне арналған шектеулер («Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольді өнімдер импортын лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы
    27 маусымдағы № 1031 қаулысы) де 2003 жылдың 1-қаңтарынан бастап және 2004 жылдың 17-маусымынан бастап күшін жойды деп қосып айтты.


(а) Квотаны және тыйымдарды қосқанда, импортқа арналған санды шектеулер


  1. Қазақстан өкілі 1994 жылғы ГАТТ-тың XI бабының мазмұнындағы импортқа, тыйымдар мен квоталарға қатысты сандық шектеулерді Қазақстан қолданбайды деп атап өтті, мұндай шаралар ЕАЭО шеңберінде де қолданылмайды. Қазақстан өкілі ЕАЭО шеңберінде импортқа шектеулер ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасының VII тарауына сәйкес қолданылады, сондай-ақ ұлттық заңнамаға және Қазақстанның халықаралық шарттарына сәйкес қолланылады, егер бұл шаралар: (i) қоғамдық моральды немесе құқықтық тәртіпті сақтау үшін қажет; (ii) азаматтардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет; (iii) орны толмайтын табиғи ресурстардың таусылуын болдырмау үшін қажет және орны толмайтын табиғи ресурстарды пайдаланумен байланысты ішкі өндірісті немесе тұтынуды шектеумен бір мезгілде жүргізілетін; (iv) мәдени құндылықтар мен мәдени мұраны қорғау үшін қолданылатын; (v) үкімет жүзеге асырған тұрақтандыру жоспарының нәтижесінде әлемдік бағаға қарағанда, неғұрлым төмен деңгейде осындай тауарлардың ішкі бағасы тұрақталатын кезеңдер ішінде ішкі өңдеу өнеркәсібінің мұндай тауарларының жеткілікті санымен қамтамасыз ету үшін мүшелердің аумақтарынан шығарылатын тауарлар экспортын шектеумен байланысты; (vi) олардың жалпы немесе жергілікті тапшылығы жағдайында, тауарларды сатып алу немесе тарату үшін қажет;
    (vii) халықаралық міндеттемелерді орындау үшін қажет; (viii) қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет; (ix) кедендік заңнаманы қолдануға, қоршаған ортаны қорғауға, зияткерлік меншікті және өзге де құқықтық актілерді қорғауға қатысты; халықаралық міндеттемелерге қайшы келмейтін құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету үшін қажет (x) алтын немесе күміс импортына қатысты болған жағдайларда енгізілуі мүмкін.




  1. Қосымша ретінде Қазақстан өкілі былайша ұғындырды, яғни ЕАЭО импорт ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасының III тарауының
    12-тармағына сәйкес, 1994 жылғы ГАТТ-тың XI:2 бабына сәйкес ЕАЭО әкелінетін ауыл шаруашылығы тауарлары мен биологиялық су ресурстарына қатысты, егер бұл шаралар: (i) отандық ұқсас тауар өндірісін немесе сатуды қысқарту; (ii) отандық ұқсас тауардың айтарлықтай өндірісі болмаса, импорттық тауармен тікелей алмастырыла алатын тауар өндірісін немесе сатуды қысқарту; (iii) ұқсас тауардың уақытша артығын тұтынушылардың кейбір топтарына тегін немесе нарықтық құнынан төмен бағамен осы артық тауарды беру арқылы нарықтан алып тастау; (iv) ұқсас тауардың айтарлықтай өндірісі болмаса, импорттық тауармен тікелей алмастырылуы мүмкін тауардың уақытша артығын тұтынушылардың кейбір топтарына тегін немесе нарықтық құнынан төмен бағамен осы артық тауарды беру арқылы нарықтан алып тастау қажет болса импортқа арналған сандық шектеулер енгізілуі мүмкін. Қосымша түрде әкелуді шектеу және тыйым салу ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасының 12.2-тармағында көрсетілгендей, халықаралық саудада тауарларды сыныптау, сұрыптау және сату стандарттарын немесе қағидаларын қолданумен байланысты қажет болғанда шектеулер мен тыйым салулар қолданылуы мүмкін. Қазақстан өкілі «отандық тауар» термині аталмыш жағдайда ЕАЭО мүше мемлекеттің кез келген мемлекетінде өндірілген тауарды білдіреді деп ұғындырды.




  1. Жұмыс тобының мүшесі 1994 жылғы ГАТТ-тың XI:2(c) бабымен көзделген ауыл шаруашылы тауарларына қатысты қандай да бір импорттық шектеулер қоланылады ма немесе қолданылған ба деп сұрады. Жұмыс тобының бұл мүшесі ДСҰ-ға кірген сәттен бастап 1994 жылғы ГАТТ-тың XI:2(c) бабының ережелерінен басым болып келетін ауыл шаруашылығы бойынша Келісімнің 4.2-бабының ережелерін сақтау міндеттемесін қабылдау және осы бапқа қайшы келетін кез-келген шараны қабылдамау өтінішімен жүгінді. Жауап ретінде Қазақстан өкілі былай деді, Қазақстан Қазақстанның заңнамасы бойынша да және Комиссия шешімі бойынша да 1994 жылғы ГАТТ-тың XI:2(c) бабымен көзделген импортқа арналған шектеулерді қолданбайды. Ол ауыл шаруашылығы бойынша Келісімнің 4.2-бабына сәйкес, ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасының 12-тармағы ауыл шаруашылығы тауарларын әкелуге арналған шектеулер туралы ережелерді қамтымайды.




  1. Әрі қарай ол ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасының II тарауына сәйкес, Комиссия сыртқы қаржылық жағдайларды қорғау мен төлемдік баланстың тепе-теңдігін қолдау мақсатында импортқа арналған сандық шектеулерді және тыйымдарды белгілеуге уәкілетті деп атап өтті. Аталмыш міндеттемелерді орындау үшін Комиссия импортқа арналған санды шектеулерді енгізуге немесе ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұсыныстры негізінде тауарларды импорттау мен экспорттаудың айрықша құқықтарын ұсынуға өкілетті. Мұндай шаралар ұлттық заңнамаға сәйкес және Қазақстан қатысушысы болып келетін халықаралық келісім шарттарға сәйкес қабылданатын болады. Қойылған сұраққа жауап ретінде Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасының VII тарауында келтірілген жалпы алып тастау тізімі түпкілікті болып табылады, осындай ерекшеліктер ЕАЭО шеңберінде ешқандай да өзге құжатпен көзделмейді деп ұғындырды.




  1. Қазақстан өкілі былайша ұғындырды, яғни ЕАЭО туралы шарттың
    № 7-қосымшасының II тарауына сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО мүше мемлекеттер Комиссияға үшінші елдерден әкелетін импортқа қатысты ЕАЭО тарифтік емес реттеу шараларын қолдану туралы шешімдерді қабылдау бойынша өзінің өкілеттіктерін берді. Тарифтік емес реттеу шараларын енгізу туралы ұсыныс ЕАЭО мүше мемлекеттердің бастамашылығымен сондай-ақ Комиссияның бастамашылығымен де ұсынылуы мүмкін. Тарифтік емес реттеу шараларын енгізу туралы шешім Комиссиямен осындай ұсынысты алған күннен бастап 30 күннен кешікпей қабылданады және жарияланған сәттен бастап 45 күннен кешіктірілмей күшіне енеді. Кез келген тарифтік емес шара үшінші елдерден шағарылатын тауарларға қатысты қолданылады және барлық елдерден әкелу үшін теңдей жағдайда қолданылады. Жұмыс тобының мүшесі қойған сұраққа жауап ретінде Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шартқа енгізілетін барлық өзгерістер және ЕАЭО заңнамалық актілері (Бірыңғай тізімді қосқанда) ЕАЭО веб-сайтында (www.eurasiancommission.org) жарияланады деп қосып айтты.




  1. Жұмыс тобының мүшесі қойған сұраққа жауап ретінде Қазақстан өкілі атап көрсетті, яғни ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасының
    Х тарауына сәйкес, ЕАЭО мүше мемлекеттер егер олар388 және
    389-тармақтарда аталған себептер бойынша енгізсе, біржақты тәртіппен тарифтік емес реттеу шараларын уақытша енгізе алады. Сондай-ақ ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасының VIII тарауы төлемдік баланстың тепе-теңдігін қолдау және сыртқы қаржылық жағдайларды қорғау үшін біржақты режиммен тарифтік емес реттеу шараларын енгізу негіздерін көздейді. Мұндай шаралар 6 айдан аспайтын мерзімге егізілуі тиіс. Сондай-ақ уақытша шараларды қолданбайтын ЕАЭО мүше мемлекеттер уақытша шараларды қабылдаған ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына осы тауарларды әкелуді болдырмауға бағытталған қажетті күштерін жұмсауы қажет.



  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері ЕАЭО туралы шарттың
    № 7-қосымшасының VII тарауының кейбір элементтері, мысалы, 6-тармақ ГАТТ-та көзделген, атап айтқанда XX және XI баптарымен көзделген негіздерден асады. Аталмыш мүшелер ЕАЭО туралы шарттың
    № 7-қосымшасының VII тарауымен көзделген міндеттемелер ДСҰ ережелеріне сәйкес Қазақстанмен немесе ЕАЭО құзыретті органымен қолданылатын болады деген міндеттемені қабылдау өтінішімен жүгінді.




  1. Сұраққа жауап ретінде Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шарттың
    № 7-қосымшасының VII тарауының 6-тармағы 1994 жылғы ГАТТ-тың
    XX (j) бабына сәйкес келетінін атап өтті. Ол ҚР немесе ЕАЭО құзыретті органымен қабылданатын шаралар ДСҰ келісімінің ережелеріне сәйкес келетін болады деп растады.



1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет