ДҮниежүзілік сауда ұйымы


(ii) Кәсіпорындарды мақұлдау, тіркеу және тексеру



бет36/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78

(ii) Кәсіпорындарды мақұлдау, тіркеу және тексеру


  • Қазақстанның өкілі КО Комиссиясының №317 шешіміне сәйкес Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлар тізбесіне енізілген көптеген тауарлар мынадай үш талапқа сәйкес келуге тиіс екенін түсіндірді: (і) экспорттаушы кәсіпорын Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген кезде ветеринариялық бақылауға жататын тауарларды өндіруді, өңдеуді және/немесе сақтауды жүзеге асыратын кәсіпорындар және тұлғалар тізіліміне (бұдан әрі: Тізілім) енгізілген болуға тиіс, (іі) тауар ветеринариялық сертификатпен бірге жүруге тиіс және (ііі) импортқа рұқсат Тізілімге енгізілген кәсіпорындардың тауарларын әкелуге берілуге тиіс. Дегенмен, өкіл ЕЭК Алқасының «Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №294 шешімімен (бұдан әрі: ЕЭК Алқасының №294 шешімі) енгізілген өзгерістермен КО Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы №830 шешіміне сәйкес ЕЭАО бақылау тетіктерінің қайталануын барынша азайту үшін белгілі бір тауарларға қатысты ветеринариялық бақылаудың кейбір шараларын алып тастау туралы шешім қабылдағанын атап өтті. Бұдан басқа, КО Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 831 шешімімен кейбір тауарлар ветеринариялық бақылаудан толық алынып тасталды.




    1. Қазақстан Республикасының өкілі ЕЭК Алқасының №294 шешіміне сәйкес, тамаққа қолдануға арналған тірі балықтардан басқа, тірі жануарларды, жемдік астық, таза бал, азық үшін майлы дақылдардың тұқымы, жануарлар майы және май, өңделмеген сабан, еттен жасалған экстракттар және шырындар, өңделген ет және құрамында балық бар салындысымен макарон өнімдері сияқты кейбір импортталатын тауарларды өндірушілер Тізілімге енгізілу талабынан босатылғанын атап өтті. Тізілім 739-тармақта көрсетілген веб-сайтта жарияланды.



    1. Мүшелердің бірі Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлар тізбесінде кейбір белгілі бір тауарларды сақтау үшін ғылыми негіздемені талап етті. Атап айтқанда, осы мүше өсімдіктен алынатын өнімдерді енгізу туралы ақпаратты сұратты. Бұдан басқа, мүше Қазақстанға арналған өңделген сүт өнімдерін экспорттайтын кәсіпорынның атауын Тізілімге енгізу қажеттігі туралы ақпаратты сұратты. Осы мүше Қазақстанның ғылыми негіздемесі және тәуекелдерді бағалауы жоқ кез келген талаптарды алып тастауды талап етті.



    1. Қазақстанның өкілі ЕЭК Кеңесінің «Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 810 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 16 мамырдағы №33 шешіміне сәйкес (бұдан әрі: ЕЭК Кеңесінің №33 шешімі) Қазақстан Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлар тізбесінен өсімдіктен алынатын өнімдерді алып тастады деп жауап берді, бұл Қазақстан ДСҰ-ға кірген күні қолданысқа енеді. Сондай-ақ, ол бірыңғай ветеринариялық талаптарға сәйкес тәуекелі төмен бірнеше өнімдер үшін экспорттаушы елдің ресми ветеринариялық органы болып тағайындалған кәсіпорынның тіркелу атауын және/немесе нөмірін көрсетіп, импортқа рұқсат және ветеринариялық сертификат талап етілетіндігін атап өтті. Бұл талап ХЭБ Кодексіне сәйкес келеді.




    1. Мүшелердің бірінің Қазақстанға және ЕАЭО өнімдерді экспорттауға құқығы бар Кәсіпорындар тізбесіне кәсіпорындарды енгізу талаптары және рәсімі туралы қосымша ақпарат алу туралы өтінішіне жауап ретінде Қазақстанның өкілі 2010 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстанда экспорттаушы елдердің кәсіпорындарын тіркеу туралы талаптың болмағанын түсіндірді. Қазақстанның өкілі 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, КО Комиссиясының №317 шешімімен белгіленген ветеринариялық бақылауға жататын тауарлардың импортын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің рұқсаты бар және Тізілімге енгізілген кәсіпорындардан жүзеге асыруға тиіс деп түсіндірді.



    1. Ветеринариялық бақылаудың бұл нысаны ЕАЭО шеңберінде жойылғанына қарамастан, тірі жануарлар және белгілі бір өнімдер үшін кәсіпорындар тізбесін ұсыну талабының болуына байланысты мүшелердің алаңдаушылығына жауап ретінде Қазақстанның өкілі әрбір тауар түрі үшін қандай ветеринариялық шаралар (импортқа рұқсат, ветеринариялық сертификаттар және/немесе Кәсіпорындар тізбесі) жеке қолданылатындығын айқындау үшін ЕЭК Алқасының №294 шешімімен Комиссияның №317 шешіміне өзгерістер енгізілгенін түсіндірді. Кейбір жағдайларда ветеринариялық бақылау нысаны өзгертілді немесе жойылды. Мысалы, кейбір өнімдер үшін ветеринариялық сертификаттардың талаптары және/немесе импортқа рұқсаттар жойылды. Осыған ұқсас, Тізілімге кәсіпорынды енгізу үшін талап жойылды немесе өзгертілді, импорт рұқсатына және/немесе ветеринариялық сертификатқа енгізілетін, ЕАЭО аумағына экспорттауға дейін тауарлармен жұмыс істеген соңғы кәсіпорынның атауы немесе нөмірін ұсыну ғана талап етіледі. Мұндай жағдайда осындай тауарлар саудасы аудиттің оң нәтижелері негізінде тізбеге енгізілмей рұқсат етіледі.




    1. ДСҰ-ның кейбір мүшелері КО Комиссиясының №830 және №834 шешімінің осы түсіндіруінен туындайтын елеулі сауда кедергілеріне қатысты алаңдаушылық білдірді, осының арқасында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер кейбір тауарлар бойынша өз бетімен кәсіпорындар тізілімі туралы талаптарды сақтауға тырысады, бұл КО Комиссиясының №830 шешімінің ережелеріне қайшы келеді. Атап айтқанда, кейбір мүшелер осы шешімдерді іске асыруда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер КО Комиссиясының №830 шешімінде және ЕЭК Алқасының №294-шешімінде белгіленгендей белгілі бір тауарлар үшін тізбеге енгізуге туралы талапты жою үшін алдын ала шарт ретінде аудиттің оң нәтижелерін талап етеді. Сондай-ақ, осы мүшелер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ЕАЭО-ға экспорттау үшін бекітілген кәсіпорындар тізіміне жаңа кәсіпорындарды енгізуден бас тартуына өте алаңдаулы екенін білдірді.



    1. Қазақстанның өкілі ЕЭК кеңесінің №94 шешімінің 6-тармағына сәйкес шетелдік бақылау жүйесінің аудиті ветеринариялық бақылауға жататын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қолданатын негізгі қағидат болып табылады деп жауап берді. Оның пікірінше, ресми шетелдік бақылау жүйесінің аудиті халықаралық стандартқа негізделген және халықаралық практикаға сәйкес келеді. Ол, көптеген дамыған елдер аудитті (экспорттаушы елдің мақұлдауы) өз аумағына жануарлардан алынатын өнімдер экспортының негізгі шарты ретінде қолданады деп атап өтті. Осылайша, осы елдің аумағына жануарлардан алынатын өнімдер ресми бақылау жүйесінің аудиті негізінде мақұлданған экспорттаушы елдер тізіміне ел енгізілгенге дейін импортталмайды. Егер аудит нәтижелері қолайсыз немесе аудит жүргізілмесе, үшінші елдер кәсіпорындарын Тізілімге енгізу, қажет болғанда, әлі де басқа екі нұсқаны пайдалануға мүмкін болады: (і) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кәсіпорындарды бірлесіп тексеруі; (іі) үшінші елдердің құзыретті органдарының кепілдігі негізінде.



    1. Кейбір мүшелер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер, ДСҰ мүшелерін қосқанда, өздерінің сауда әріптестерін ЕЭК Алқасының №294 шешіміне сәйкес тізілімге кәсіпорындардың енгізілуі талап етілмейтін өнімдер аудиттің оң нәтижелері болған кезде ЕАЭО-ға импортталуы мүмкін деп хабарлама жасауына алаңдаушылық білдірді. Аудитті жүргізу күрделі және ұзақ процесс болып табылатындығын назарға ала отырып, осы өнімдер саудасы тоқтап қалмау үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО-ның барлық сауда әріптестері аудиттен өткенге дейін қолданылатын уақытша схеманы қолдануға келісті. Аудит өткізілгенге дейін қолданылатын осы схема бойынша ЕЭК Алқасының №294 шешіміне сәйкес Тізілімге енгізу талап етілмейтін өнімнің аудит жүргізілгенге дейін ЕАЭО-ға импорты кәсіпорындар тізбесі негізінде жүргізілуі мүмкін. Кәсіпорындар тізбесі үшінші елдердің құзыретті органдарының кепілдіктері немесе бірлескен тексерулер негізінде құрылуы мүмкін. Мұндай өнімдер үшін кәсіпорындар тізбесі аудит аяқталғанға дейін және тиісті үшінші елдің ресми жүйесі баламалы болып танылғанға дейін жасалуын жалғастыратын болады. Бұл мүшелер мұндай схема Қазақстанда қолданылмағыны жайында Қазақстанның куәландыруын алғысы келеді.




    1. Қазақстанның өкілі ЕЭК Алқасының «Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 294 шешіміне енгізілген өзгерістермен бірге КО Комиссиясының «Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» 2010 жылғы 18 маусымдағы №317 шешімін орындау үшін Қазақстан осы Баяндаманың 19-қосымшасында көрсетілгендей, Қазақстан аумағына импорттау үшін кәсіпорындардың Тізілімге енгізілуін талап етпейтінін растады. Қазақстанның өкілі ЕЭК Алқасының «Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 294 шешіміне енгізілген өзгерістермен бірге КО Комиссиясының «Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» 2010 жылғы 18 маусымдағы №317 шешімін орындау үшін Қазақстан осы Баяндаманың 19-қосымшасында көрсетілген тауарларды Қазақстан аумағына импорттау үшін алдын ала шарт ретінде сәтті аудиттен өтуді талап етпейтінін растады. Осы Баяндаманың 19-қосымшасында көрсетілген, Қазақстан аумағына әкелінетін осындай тауарлардың ЕАЭО шегіндегі айналысы Қазақстан аумағымен шектелуі мүмкін. Қазақстанның өкілі бұдан әрі бұл шаралар Қазақстан ДСҰ-ға кіргенге дейін орындалатындығын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.



    1. Қазақстанның өкілі ЕЭК Кеңесінің №33 шешіміне сәйкес өсімдіктен алынатын өнімдер Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлар тізбесінен алып тасталғанын және ЕЭК Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №294 шешімімен енгізілген өзгерістермен бірге ЕЭК Алқасының №317 шешеміне сәйкес Қазақстанға сүт өнімдерін экспорттайтын үшінші елдердің өндірушілерін Тізілімге енгізу талабы импорт рұқсатында және ветеринариялық сертификатта өндірушінің нөмірін және атауын көрсету талабымен алмастырылғанын растады.



    1. Осы Банядаманың 20-қосымшасында баяндалған тауарлар тізбесіне қатысты Қазақстанның өкілі, егер мұндай әрекеттер санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану бойынша ДСҰ келісімі ережелеріне сәйкес келсе ғана, Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлар тізбесіне тауарлар санаты қосылатынын немесе Тізбедегі тауарлар санатына қолданылатын ветеринариялық бақылау нысаны өзгеретінін растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.



    1. Сондай-ақ, Қазақстанның өкілі 2010 жылғы 1 шілдеден бастап және Комиссияның веб-сайтының бірыңғай веб-интерфейсін құру жұмыстары аяқталғанға дейін ЕАЭО аумағындағы импортқа қатысты импортқа рұқсат берілген (егер тізбеге енгізілген нақты кәсіпорындар үшін өзгеше белгіленбесе), Кәсіпорындар тізілімінің үш ұлттық бөлігі жұмыс істейтінін түсіндірді. Қазіргі уақытта кәсіпорындардың осы тізбесіне сілтеме мынадай сілтеме бойынша қолжетімді: http://www.eurasiancommission.org/en/act/texn reg/depsanmer/vetsanmeri/Pages/Reestrorg.aspx. Қазақстанның ұлттық тізбе бөлігі мынадай сілтеме бойынша қолжетімді: Кеден одағының Ветеринариялық және санитариялық шаралар бөліміндегі http://mgov.kz/napravleniya-razvitiya/veterinarnaya-bezopasnost/information-for-third-countries. Кез келген тараптың кәсіпорнын Тізілімнің ұлттық бөлігіне енгізу ЕАЭО-ға мүше барлық үш мемлекетпен кәсіпорынды енгізу туралы шешім келісілгеннен кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Осы шешімнің нәтижесінде осындай кәсіпорынның өнімі, егер осы шешімде өзгеше көзделмесе, ЕАЭО аумағында еркін айналысқа түсе алады. Қазақстанның өкілі ЕАЭО-ға мүше мелмекеттер ұлттық тізбелерді біріктіретін кәсіпорындардың бірыңғай тізімі болу үшін ЕАЭО кәсіпорындары тізілімінің бірыңғай веб-интерфейсін және бірыңғай ақпарат жүйесін әзірлемекші деп түсіндірді, бірақ мұндай дерекқорды әзірлеу мерзімдерінің нақты көрсетілуі мүмкін емес.



    1. Мүшелер Қазақстанда ЕАЭО құрылғанға дейін Тізілімді жүргізу жөнінде талаптың ешқашан болмағанын және осы талаптардың көпшілігі ғылыми тұрғыдан негізделмеген және тәуекелге барабар емес және саудаға ақталмаған жүктеме болады деп атап өтті және олардың пікірінше СФС бойынша ДСҰ келісім ережелерімен үйлеспейтін болып табылады. Жауап ретінде Қазақстанның өкілі өз пікірін былайша түсіндірді: кәсіпорынның тізбеде болуы туралы талап өздігінен саудаға ауыртпалық түсіре алмайды. Саудаға ауыртпалық Тізілімге кәсіпорынды енгізудің бұрыс тетігін қолдану нәтижесі болып табылуы мүмкін, мысалы, егер экспорттаушы елдің құзыретті органы және/немесе кәсіпорын жүзеге асыруға тиіс қажет әрекеттер тәуекелдер талдауында негізделмесе немесе қажет болған шамадан көп дәрежеде сауданы шектесе. ЕЭК Кеңесінің №94 шешімі тәуекелді талдау нәтижелері бойынша іс-шаралар негізінде кәсіпорынды Тізбеге енгізу үшін қажет болғаннан анағұрлым еңбекті қажет ететін процесті қолдануды азайтуға мүмкіндік ұсынған кәсіпорындарды Тізілімге енгізу үшін әртүрлі тетіктерді қолдануға жол береді. Сондай-ақ, Қазақстанның өкілі белгілі бір бақылауға жатқызылған өнімдердің экспорты рұқсат етілген Тізілімге енгізу туралы талап ЕАЭО-ның ветеринариялық талаптарын сақтауды қамтамасыз ету құралы болып табылады деп түсіндірді.




    1. Мүшелердің біреуінің сауалына жауап ретінде Қазақстанның өкілі КО Комиссиясының №317 шешімінде көзделген өтпелі кезеңге сәйкес сауда Тізілім «Тізбесіне» енгізілмеген кәсіпорындардан жалғаса алады – егер мұндай «Тізбенің» болуына қойылатын талап 2010 жылғы 1 шілдеге дейін болмаса деп түсіндірді. Мұндай сауда импортқа рұқсат негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Сондай-ақ, ол КО Комиссиясының №317 шешімімен бекітілген (КО Комиссиясының №342, №724 шешімдерімен және ЕЭК Кеңесінің №95 шешімімен енгізілген өзгерістермен бірге) Кеден одағының кедендік шекарасында және Кеден одағының кедендік аумағында ветеринариялық бақылау жүргізудің бірыңғай рәсімі туралы ереженің 11.3-тармағына сәйкес кәсіпорындар тізбесіне енгізу үшін өтпелі кезең бірыңғай не жалпы тізбе жасалғанға дейін сауданы жүзеге асыру үшін мынадай өнімдер үшін жасалды: жануарлардан, генетикалық материалдардан алынатын өнімдер; ара шаруашылығы өнімдері; жануарлардан алынатын шикізат (тері, жүн, құстың жүні және т.б.); жануарлардан алынатын жем-шөп қоспалары, өсімдіктен алынатын жем-шөп, желатин және аралас өнімдер және т.б. Өтпелі кезең туралы мәселені түсіндіру туралы өтінішке және жаңа кәсіпорындар үшін өтпелі кезеңнің соңғы мерзімі туралы сауалға жауап ретінде Қазақстанның өкілі өтпелі кезең үшінші елдермен тауарлар саудасын жалғастыру үшін осындай тауарларды өндіруші кәсіпорындарды Тізілімге енгізге дейін ұсынылған деді. ЕЭК Алқасының №294 шешімімен енгізілген өзгерістермен бірге КО Комиссиясының №830 шешімі Ветеринариялық бақылау туралы ереженің 11.3-тармағында көрсетілген белгілі бір өнімдер, оның ішінде тамаққа қолдануға арналған тірі балықты қоспағанда, тірі жануарлардан; генетикалық материалдар алынатын өнімдер; ара шаруашылығы өнімі; жануарлардан алынатын шикізат (тері, жүн, құстың жүні және т.б.); жануарлардан алынатын жем-шөп қоспалары, өсімдіктен алынатын жем-шөп, аралас өнімдер үшін тізілімді жүргізу талабын жойды. Сондықтан бұл өнімдер үшін өтпелі кезең 2012 жылғы 22 тамызда, яғни КО Комиссиясының №830 шешімі күшіне енген күні аяқталды. Ветеринариялық бақылау туралы ереженің 11.3-тармағында көзделген желатин үшін өтпелі кезең, бұрынғысынша ЕЭК Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №294 шешімінің №2-кестесі күшіне енгенге дейін қолданылады.



    1. Сондай-ақ, Қазақстанның өкілі 2010 жылы 1 шілдеден бастап, егер кәсіпорынды тізбеге енгізу қолданыстағы ветеринариялық талаптардың бір бөлігі болып табылатын жағдайда, кәсіпорындар бақылау жүйесінің аудиті нәтижелері бойынша немесе ЕАЭО-ға мүше үш мемлекет жүргізген бірлескен тексеру нәтижелері бойынша немесе экспорттаушы ел ЕАЭО талаптарына сәйкестігіне кепілдік ұсынған кезде, ЕАЭО-ға мүше үш мемлекеттің осындай кепілдікке сүйенуге келіскен кезде, ЕАЭО-ға экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар Тізбесіне (Тізілім) енгізілуі мүмкін деп түсіндірді. Ол, егер үшінші ел жануарлардан алынатын өнімдерді ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына ешқашан экспорттамаған болса және ЕАЭО-ға алғашқы рет экспорттауға ниетті болса, осы елдің ветеринариялық бақылау жүйесінің сенімділігін растау мақсатында осы үшінші ел ұсынған экспорттаушы кәсіпорындарды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ол Тізілімге енгізілгенге дейін тексерулері тиіс деп түсіндірді.




    1. Қазақстанның өкілі мүшелерді КО Комиссиясының «Ветеринариялық бақылауға (қадағалау) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлар (өнімдер) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі жөніндегі ереже туралы» 2011 жылғы 18 қазандағы №834 шешімді алмастырған ЕЭК Кеңесінің №94 шешімі жайында ақпарат берді және ЕЭК Кеңесінің №94 шешімінің 46-59-тармақтарында сипатталған үшінші елдердің құзыретті органдарынан кепілдіктер ұсыну рәсімдерін айтарлықтай түсіндіреді. Атап айтқанда, ЕЭК Кеңесінің №94 шешімі үшінші елдің құзыретті органы 46-тармаққа сәйкес үшінші елдің құзыретті органы сұранысты бағалау үшін қажет деп есептейтін ақпаратты және кәсіпорындар тізбесін қоса алғанда, нақты кәсіпорын (кәсіпорындар) өндіретін, ветеринариялық бақылауға жататын, бақылауға жатқызылған тауарлардың сәйкестігі туралы кепілдігін қабылдауға сұрау салуды ЕАЭО-ға мүше кез келлген мемлекеттің уәкілетті органына жібере алатынын нақтылайды. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің сұрау салуды алған уәкілетті органы кепілдік ұсыну туралы сұрау салуды өңдеу процесін үйлестіруге және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен шешімді келісу үшін жауапты болады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы сұрау салуды алып, ЕЭК Кеңесінің №94 шешімінің 48-тармағында келтірілген критерийлер негізінде сұрау салуды ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде, бірақ екі айдан аспайтын мерзімде өңдейді, егер қосымша ақпарат талап етілген жағдайда, онда қарау уақыты қосымша ақпарат алынған күннен бастап 15 жұмыс күнге ұзартылады. Оң бағалау кезінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы 10 жұмыс күні ішінде шешімді дайындайды және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына келісуге жолдайды. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің келісу мерзімі алғаннан кейін 10-күннен аспайды. Белгіленген мерзімде жазбаша жауап болмаған кезде қорытынды үнсіздік бойынша келісілді деп есептелінеді. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер шешіммен келіспеген кезде сұрау салуды белгіленген мерзімде алған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің шешімін бекітуден бас тарту себептерін көрсете отырып, хат жолдайды. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер шешіммен келіскен кезде сұрау салуды алған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы 10 жұмыс күні ішінде түпкілікті шешім дайындайды. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің сұрау салуды алған уәкілетті органы үшінші елдің құзыретті органына кепілдіктерді қабылдау туралы жазбаша хабарлама жолдайды. Уәкілетті орган кепілдікті қабылдау туралы түпкілікті шешім күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде кәсіпорынды Тізілімге қосады. Кепілдіктерді қабылдауға арналған сұрау салу теріс бағаланған кезде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің сұрау салуды алған уәкілетті органы үшінші елдің құзыретті органына бас тарту себептерін көрсете отырып, хабарлама жолдайды. Бас тарту себептері ЕЭК Кеңесінің №94 шешімінің 48-тармағына енгізілген критерийлерге негізделуге тиіс және осы критерийге қандай элементтің сәйкес келмейтіндігін дәл көрсетуге тиіс. Мұндай шешім үшінші елдің құзыретті органы қосымша ақпаратты ұсынғаннан кейін қаралуы мүмкін. Белгіленген тәртіппен кепілдігі қабылданған үшінші елдің құзыретті органы одан әрі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органына жаңа кәсіпорынды (кәсіпорындарды) енгізуді қоса алғанда, Тізілімге өзгерістер енгізу туралы сұрау салу жолдай алады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы ұсынылған кәсіпорындар тізбесін 10 жұмыс күні ішінде қарайды. Оң шешім кезінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы кәсіпорынды (дарды) 10 жұмыс күні ішінде Тізілімге енгізеді және оларды ресми сайтта жариялайды. Кәсіпорынды Тізілімге енгізуден бас тарту жағдайында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы бас тарту себептерін көрсете отырып, үшінші елдің құзыретті органын хабардар етеді.



    1. Кейбір мүшелер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер Тізілімге енгізу үшін экспорттаушы ел ұсынған кепілдікке сүйеніп қандай негізде шешім қабылдай алады деген қызығушылық білдірді. Басқа мүше кәсіпорындарды Тізілімге енгізу үшін экспорттаушы елдер қолжетімді процестер бойынша түсінік беруді сұрады. Осы мүшенің көзқарасымен, барлық мүшелер үшін барлық нұсқалар қолжетімді ме екені түсініксіз болып қалады. Мүшелер практикада жаңа кәсіпорындарды Тізбеге енгізу ЕАЭО жұмыс істеген кезден бастап экспорттаушы елдің жазбаша кепілдіктері негізінде енді жүзеге асырылмайтындығына алаңдаушылық білдірді. Осы мүшенің көзқарасымен, Қазақстанның және ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің Тізбеге енгізу туралы өтінім берген кез келген жаңа кәсіпорынды және ресурстың жетіспеуінен Тізбеге енгізілмейтін, экспорттайтын кейбір кәсіпорындарға тексерулер жүргізу үшін ресурсы жоқ. Осы мүшенің көзқарасымен, бұл мән-жайлар саудада ақталмаған кедергілер туғызады.




    1. Бұған жауап ретінде Қазақстан Республикасының өкілі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары экспорттаушы елдің құзыретті органдары осы елдің экспорттаушы кәсіпорны ЕАЭО талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді деген сенімде болуға тиіс деп мәлімдеді. Ол шет мемлекеттерге кепілдік ұсыну құқығын берудің анағұрлым егжей-тегжейлі критерийлері ЕЭК Кеңесінің №94 шешіміне енгізілгенін қосымша айтып өтті. ЕЭК Кеңесінің №94 шешімі үшінші елдердің құзыретті органдарынан аумағында орналасқан кәсіпорын өндіретін өнімнің сәйкестігі туралы кепілдіктерді қабылдау үшін критерийлерді бекітеді және белгілейді. Мұндай критерийлер мыналар болып табылады:




    • үшінші елдің құзыретті органының даму деңгейі;

    • үшінші елдің құзыретті органына бұрын ұсынылған кепілдіктердің сақталуы;

    • адамдарға, сол сияқты жануарларға тән ауруларды қоса алғанда, үшінші елдердегі жануарлардың жұқпалы аурулар қоздырғыштарының ену және таралу қатері;

    • үшінші елдегі эпизоотиялық ахуал;

    • ЕАЭО аумағына үшінші елдерден импортталатын, ветеринариялық бақылауға жататын тауарларды (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер жүргізетін) мониторингтік зерттеу нәтижелері (болған кезде);

    • құзыретті орган жүргізетін бақылауға жатқызылған тауарлар (өнімдер) мониторингінің деректері (болған кезде). Мұндай деректердің болмауы кепілдіктерді қабылдаудан бас тартуға себеп болмайды;

    • ЕЭК Кеңесінің №94 шешімінің №3 қосымшасына сәйкес, құзыретті органның үшінші елдердің кәсіпорындар тізіліміне енгізу үшін сұрау салынған кәсіпорынды тексергенін (инспекция жүргізілгенін) және олардың ЕАЭО талаптарына сәйкестігін танитындығын растау;

    • ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының үшінші елдің аумағындағы кәсіпорындарға тексерулер нәтижелері (болған кезде);

    • үшінші елмен сауда тәжірибесі (болған кезде); және

    • Тізілімге енгізу үшін сұрау салынған кәсіпорындардың өнім түрлерімен тізбесі.



    1. Үшінші елдердің кәсіпорындарын Тізілімге енгізу үшін барлық үшінші елдер үшін үш нұсқаның (аудит, кепілдік, инспекция) қолжетімділігіне қатысты Қазақстанның Өкілі, талап етілген жерде, ЕЭК Кеңесінің №94 шешімінің 162-тармағына сәйкес үшінші елдің кәсіпорындары төмендегі нәтижелер бойынша Тізілімге енгізілуі мүмкін деп растады:




    • үшінші елдердің құзыретті органдарының сұрау салуы бойынша жүргізілген ресми қадағалау жүйесінің аудит рәсімдерінен сәтті өту;

    • үшінші елдің құзыретті органының кепілдік ұсыну құқығын беру туралы оң шешім алуы;

    • кәсіпорынды бірлескен тексеру нәтижелері бойынша қабылданған, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органдарының оң шешімі.

    Бұдан басқа, Қазақстанның өкілі үшінші елдердің кәсіпорындарын Тізілімге енгізудің барлық үш нұсқасы үшінші елдер үшін бірдей қолжетімді деп мәлімдеді.





    1. Қазақстанның өкілі Қазақстан Республикасының аумағына экспорттауға құқық алу үшін экспорттаушы елдердің кәсіпорындарына Қазақстан ЕЭК Кеңесінің «Ветеринариялық бақылауға (қадағалау) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлар (өнімдер) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі жөніндегі ереже туралы» 2014 жылғы 9 қазандағы №94 шешімінде көрсетілгендей, үш мүмкіндік беретінін және осы Баяндаманың 20-қосымшасына сәйкес қажет болған жағдайда, оның ішінде аудит жүйесі немесе бірлескен тексеру немесе үшінші елдердің құзыретті органдарының кепілдіктері негізінде Тізілімге енгізетінін растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.




    1. Кейбір мүшелер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер Тізілімге енгізу үшін кепілдіктерді қабылдау үшін алдын ала шарт ретінде, тіпті Қазақстан немесе ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекет мүше мемлекеттің құзыретті органының кепілдігін бұрын қабылдаған жағдайда да, әрбір объектіні тексеруді талап етуі мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. Осы мүшелердің пікірінше, бұл тексерулер үшінші елдің құзыретті органына сенімділікке негізделген кепілдікті қабылдау тұжырымдамасына қайшы келеді. Мүшелер Қазақстаннан осы объект үшін Мүшенің кепілдігін қабылдау үшін алдын ала шарт ретінде объектіні тексеру туралы талапты алып тастауды сұрады. Бұдан басқа, инспекцияларды сұратқанда, жиі бас тарту келеді немесе олар ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылмайды.




    1. Қазақстанның өкілі ЕЭК Кеңесінің №94 шешіміне сәйкес Тізілімге енгізу үшін кепілдіктерді қабылдау үшін алдын ала шарт ретінде әрбір объектіні тексеру талабы күшін жойды деп жауап берді. Сонымен қатар, ЕЭК Кеңесінің №94 шешімінің 55-тармағына және 60-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, кепілдіктерді қабылдауды тексеру мақсатында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер кепілдік негізінде Тізілімге енгізілген кәсіпорындардың көрнекі бөлігін кейіннен кездейсоқ іріктеу тәсілімен тексере алады.

    2. Қазақстанның өкілі ЕЭК Кеңесінің №94 шешімі ЕАЭО-ға мүше үш мемлекеттің ветеринариялық бақылауға жататын, ЕАЭО-ға тауарлар экспорттауға үмітті үшінші елдер кәсіпорындарына бірлескен тексерулер жүргізуге жол беретінін түсіндірді. Тексерулер экспорттаушы елдің құзыретті органының сұрау салуы негізінде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ, ол ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің өкілдері өз өкілеттіктерін ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің тексерулерді жүзеге асыруға беруі мүмкін деп түсіндірді.



    1. Кейбір мүшелер КО Комиссиясының №834 шешімінде айқындалғадай, ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің кәсіпорынды мақұлдау процесіне байланысты алаңдаушылық білдірді. Мысалы, ЕАЭО-ға мүше бір мемлекет кәсіпорынның Тізілімге енгізілуін мақұлдауы мүмкін, алайда кәсіпорын ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттерден жауаптың болмауына байланысты Тізілімге енгізілмейді, демек, нәтижесінде Тізілімге енгізу туралы түпкілікті жауапты алу кезінде шамадан тыс кідірістер болады. Сондай-ақ мүшелер консенсус негізінде кәсіпорындарды Тізілімге енгізу үшін оларды мақұлдау және бас тарту субъективті болып табылады және ешқандай да критерийлерге негізделмейтініне алаңдаушылық білдірді. Мүшелер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттер үшін (аудит жүргізбей) кәсіпорынды Тізілімге енгізуден бас тарту үшін не ақылға қонымды негіз болып табылуы мүмкін және осындай шешімді қабылдау мерзімі туралы ақпаратты сұратты. Кейбір мүшелердің пікірі бойынша бұл шешімдер ұқсас шарттарға ие мүшелерге қатысты ерікті және кемсітушілік болуы мүмкін. Процестің әртүрлі сатыларында ЕАЭО-ға мүше үш мемлекеттің арасында консенсус талабы елеулі кідірістер туғызды және көптеген жағдайларда жаңа кәсіпорындарды Тізілімге енгізуді мүмкін емес етті, осыған байланысты экспорт шарттарына сәйкес келетін, КО Комиссиясының № 834 шешімінде көрсетілгендей, ЕАЭО талаптарымен салыстырғанда мұндай кәсіпорындардың нарыққа кіруінен бас тарту. Сонымен бірге, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер Тізілімде көрсетілген кәсіпорындардың экспортын тоқата тұру туралы жеке-дара шешім қабылдай алады. Қазақстанның өкілі мүшелердің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден жауаптың болмауына қатысты алаңдаушылығы ЕЭК Кеңесінің №94 шешімін орындаумен шешілген болатын, онда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің осы Баяндаманың 743-тармағында көрсетілгендей, кепілдіктерді қабылдауға сұрау салуларды қарауының егжей-тегжейлі қадамдары қамтылған. Атап айтқанда, белгіленген мерзімде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органының жауабы болмаған кезде жауап оң деп есептеледі. Сондай-ақ, ЕЭК Кеңесінің №94 шешімінің 51, 55-тармақтарына сәйкес үшінші елдердің құзыретті органдарының кепілдіктерін қабылдау бойынша теріс шешім кезінде бас тарту себептері ЕЭК Кеңесінің № 94 шешімінің 48-тармағында көрсетілген критерийлерге негізделуге және осы критерийлерге сәйкес келмейтін нақты элементтер тәуекелге барабар қағидаты есепке алына отырып, көрсетілуге тиіс.



    1. Жұмыс тобының мүшелері КО Комиссиясының №834 шешімін орындау тамақ өнімдері импортын және экспортын инспекциялау және сертификаттау жүйесін әзірлеу, қолдану, бағалау және аккредиттеу бойынша Кодекс нұсқаулықтарына (CAC/GL 26-1997) сәйкес келмегенге де алаңдаушылықтарын білдірді, бұл мынадай ұсынымдарды белгілейді: экспорттаушы елдегі импорттаушы елдің қызметін бағалау «бірінші кезекте, экспорттаушы елдің құзыретті органының (дарының) бақылауды жүзеге асыру және қолдау мүмкіндігін анықтау мақсатында жекелеген тауарларға немесе кәсіпорындарға қарағанда, мемлекеттік бақылау және сертфикаттау жүйесінің тиімділігін бағалауға жинақталуға, сондай-ақ импорттаушы елге қажет кепілдіктерді ұсынуға тиіс». Мүшелер Қазақстаннан халықаралық стандарттарға, нұсқалуықтар мен ұсынымдарға сәйкес келтіруді сұрады.




    1. Жауап ретінде Қазақстанның өкілі үшінші елдің құзыретті органдарының өтінімі бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО талаптарында көзделген, кемінде соған балама болып табылатын қорғау деңгейін үшінші елдің ресми қадағалау жүйесі қамтамасыз етуге қабілетті ма дегенді айқындау үшін жүйеге аудит жүргізуі мүмкін екендігін түсіндірді. Егер ресми қадағалау жүйесінің осы аудиті сәтті өтсе, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аудит жүргізілген елдің кәсіпорындарын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге үшінші елдердің құзыретті органы ұсынған кәсіпорындар тізіміне сәйкес Тізілімге енгізеді. Егер үшінші елдің жүйесіне аудит жүргізілмесе немесе аяқталмаса немесе осындай аудит нәтижесінде үшінші елдің ресми қадағалау жүйелері ЕАЭО талаптарында көзделген баламалы шамада қорғау деңгейін қамтамасыз етуге қабілетсіз деп танылмаса, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер, егер осындай өнімдер үшін Тізілімге енгізу талап етілсе, үшінші елдің құзыретті органы ұсынған бірлескен инспекциялардың нәтижелері және кепілдіктер негізінде осы елдің кәсіпорындарын Тізілімге енгізу туралы уағдаласуы мүмкін. Егер осы Баяндаманың 19-қосымшасында көрсетілген өнімдер үшін кәсіпорындарды енгізу ЕЭК Алқасының «Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №294 шешімімен енгізілген өзгерістермен бірге КО Комиссиясының «Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешіміне сәйкес талап етілмейтін болса, кәсіпорынның тізбеде болмауы Қазақстан аумағына осындай өнімді әкелуден бас тартуға негіз болып табылмайды. Осы Баяндаманың 19-қосымшасында көрсетілген, Қазақстан аумағына импортталатын осындай тауарлардың ЕАЭО-да айналысы Қазақстан аумағымен шектелуі мүмкін. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.




    1. Ол құзыретті орган ұсынған кәсіпорындарды Тізілімге енгізуге жәрдем көрсету мақсатында ЕЭК Кеңесінің №94 шешімі жүйелерді тексерулерді, объектіге шығуды және жоғарыдағы 742-тармақта жазылған әрбір жағдайларда кәсіпорындарды Тізілімге енгізуді ұйымдастыру және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін тәртіпті де, оның ішінде мерзімдерді де белгілейтінін түсіндірді. Аудит жүргізуге өтінім, кепілдіктер ұсынуға, сондай-ақ кәсіпорындарға бірлескен тексерулер жүргізуге сұрау салулар алған ЕАЭО-ға мүше мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің құзыретті органдарын сұрау салу туралы хабардар етеді және оларға қатысуды ұсынады. Егер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірі қатысудан бас тартса немесе белгіленген мерзімде жауап бермесе, мұндай ЕАЭО-ға мүше мемлекет қатысушы ЕАЭО-ға мүше меммлекетке немесе ЕАЭО мүше мемлекеттерге өз атынан әрекет етуге және тиісті мәселе бойынша шешім қабылдауға уәкілеттік беруге құқылы. Жүйенің аудитіне байламда, бару мақсаты тиісті тауарларды өндіру, өңдеу, тасымалдау және сақтауды жүзеге асыруға жататын үшінші елдің реттеу жүйесі шеңберінде, ЕАЭО-ға мүше мемлекет (мүше мемлекеттер) ЕАЭО талаптарында көзделген деңгейге баламалы шамада қорғау деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті деп таныған инспекциялау және сертификаттау бойынша елдің барлық заңдары, ережелері және басқа да талаптары құжаттаманы талдау сатысында тиісті түрде орындалуды қамтамасыз ету болып табылады. Егер ЕАЭО үшінші елдің уәкілетті органына өзінің аумағында орналасқан кәсіпорындарды кепілдіктер негізінде Тізілімге енгізу үшін өкілеттіктер берсе, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үшінші елдің мемлекеттік бақылау жүйесінің жұмыс істеуін тексеру және растау үшін кәсіпорындардың көрнекі үлес пайызына бірлескен тексерулер жүргізе алады, бұл кепілдіктер ұсыну үшін негіз болып табылады. Сондай-ақ, кәсіпорынды бірлескен тексеру негізінде кәсіпорындар Тізілімге енгізілуі мүмкін.



    1. Қазақстанның өкілі аудит үшінші елдің құзыретті органының ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органына бақылауға жатқызылған тауарлар (өнімдер) топтарын және бақылау объектілерінің қызмет түрлерін қоса алғанда, аудит жүргізу саласын көрсете отырып жүгінуі бойынша ЕЭК Кеңсінің №94 шешімінің 13-45-тармақтарына сәйкес жүргізілген де атап өтті. Бұл ретте алдымен құжаттамалық талдау жүргізілді. Құжаттарды талдау нәтижелері бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары тиісті тауарларға (өнімдерге) қатысты шетелдік ресми қадағалау жүйесі ЕАЭО талаптарына баламалы бола ма дегенге қатысты шешім қабылдайды. Оң шешім кезінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары осы үшінші елдің тиісті заңнамасын тиісінше қолдануды анықтау үшін тексерулерді жоспарлауы мүмкін. Ол үшін аудит жүргізуді сұраған, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы аудит жүргізуге сұрау салған үшінші елге жоспарланған сапардың алдында екі айдан кешіктірмей ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарына бұл жайында хабарлайды. Алдағы сапар туралы ақпарат алғаннан кейін екі аптаның ішінде ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдары сапарға қатысудан бас тарту немесе мұндай қатысуға келісім қамтылған жауап жібереді. Жауаптың болмауы сапарға қатысудан бас тартуды білдіреді. Аудитке қатыспаған, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сапарды жүзеге асырған уәкілетті органнан алынған нәтижелерге негізделген шешімді таниды. Құжаттамалық талдау кезеңі және көшпелі тексерулер кезеңі аяқталғаннан кейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы СФС бойынша ДСҰ келісіміне С қосымшаның ережелерін назарға ала отырып, аудит туралы алдын ала есепті дайындайды және оны ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарына жібереді. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (оның ішінде аудитке қатыспағандар) алдын ала есепті алғаннан кейінгі екі ай ішінде алдын ала есепте қамтылған ақпарат және түйіндерге қатысты қосымша деректерді және түсіндірулерді жібере алады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы қосымша ақпаратты және түсіндірулерді өңдейді және қажет болған кезде алдын ала есепке өзгерістер енгізеді. Кейіннен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы қосымша алдын ала есепті дайындайды және оны үшінші елдің құзыретті органына жібереді. Құзыретті орган осы үшінші елдің басқа да мүдделі тұлғаларымен бірге алдын ала есепті алғаннан кейінгі екі ай ішінде алдын ала есепте қамтылған ақпарат және түйіндерге қатысты қосымша деректерді және түсіндірулерді жібере алады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы алған ақпаратты бағалайды, дайындайды, жариялайды, сондай-ақ үшінші елдің құзыретті органынан алдын ала есепке комментарийлер алғаннан кейінгі екі ай ішінде Комиссияға түпкілікті есепті жібереді. Комиссия түпкілікті есепті өзінің ресми сайтында жариялайды. Аудит жүргізуге қатысқан, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің (мүше мемлекеттердің) уәкілетті органы (уәкілетті органдары) дайындаған түпкілікті есепте шетелдік ресми қадағалау жүйесі ЕАЭО талаптарына сәйкес қорғау деңгейіне кемінде баламалы қорғау деңгейін қамтамасыз ете ме деген қорытынды қамтылуға тиіс. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы бұл жайында өзінің ресми сайтында жариялайды. Ақпарат жарияланғаннан кейін үшінші елдің құзыретті органы аудит жүргізуді ұйымдастырған, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органына ЕАЭО-ға бақылауға жатқызылған тауарлар, оның ішінде оларды Тізілімге енгізу үшін беруді жоспарлап отырған кәсіпорындар тізімі бар хатты жібереді. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы Тізілімді жаңартады және жаңартылған Тізілімді он жұмыс күні ішінде жариялайды.



    1. Қазақстанның өкілі бұдан әрі үшінші елдердің кәсіпорындарына бірлескен тексеру үшінші елдің құзыретті органының сұрау салуы бойынша не ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуы бойынша ЕЭК Кеңесінің №94 шешімінің 60-90-тармақтарына сәйкес жүргізілетіндігін түсіндіріп өтті. Кәсіпорынға бірлескен тексеру (инспекция) жүргізу мерзімі үшінші елдің құзыретті органымен келісілген мерзімнен аспауға тиіс және бұл бес жұмыс күнінен аспайды. Бірлескен тексеруді жоспарлаған, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы (бұдан әрі: бастамашы), ол жүргізілгенге дейінгі үш айдан кешіктірмей үшінші елдің құзыретті органына тиісті нормалар мен талаптар бекітілген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, сондай-ақ үшінші елдің құзыретті органы және (немесе) тексерілетін кәсіпорын тексерулер жүргізу кезінде орыс тілінде немесе басқа келісілген тілде ұсынуға тиіс құжаттар тізімін жібереді. Бастамашы тексеру басталардан екі айдан кешіктірмей ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарына алдағы тексеру туралы хабарлайды. ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдары бастамашыдан алдағы тексеру туралы ақпаратты алғаннан кейінгі екі аптадан кешіктірмей, тексеруге қатысудан бас тарту немесе тексеруге қатысуға келісім қамтылған жауап жіберуі мүмкін. Мұндай жауаптың болмауы бірлескен тексеруге қатысудан бас тартуды білдіреді. Бастамашы тексеру басталардан екі айдан кешіктірмей құзыретті органға мынадай ақпарат жібереді: бірлескен тексерудің мақсаты; тексерілетін кәсіпорындар тізімі, сондай-ақ тексерілетін кәсіпорындар өндіретін, тиісті бақылауға жатқызылған тауарларды (өнімдерді) дайындауға және (немесе) бақылауға қатысқан басқа кәсіпорындар тізімі; үшінші елдің құзыретті органы және (немесе) тексерілетін кәсіпорын бірлескен тексеру жүргізу кезінде орыс тілінде немесе өзге келісілген тілде ұсынуға тиіс құжаттар тізімі. Кәсіпорынға келгеннен кейін құжаттарға талдау жүргізіледі, кейіннен тексерілетін кәсіпорынның құрылыстары және басқа да инфрақұрылым объектілеріне барып, олардың ЕАЭО талаптарына сәйкестігі баламалы қағидаты есепке алына отырып, зерттеледі; мемлекеттік және өндірістік бақылау кезінде пайдаланылатын тәсілдер және жабдықтар тексеріледі. Тексеру аяқталғаннан кейін екі айдан кешіктірмей бастамашы алдын ала есепті дайындайды және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына жібереді. Алдын ала есепте тексерулер барысында анықталған сәйкессіздіктерге қатысты нақты құқықтық негіз, сондай-ақ үшінші елдің құзыретті органы және нақты кәсіпорын үшін осындай сәйкессіздіктерді жою жөніндегі ұсынымдар қамтылады. ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдары алдын ала есептің жобасын алғаннан кейін екі аптадан кешіктірмей бастамашыға жауап жібереді. Жауаптың болмауы алдын ала есеп жобасымен келісуді білдіреді. Бастамашы тексерулерге қатысқан басқа мүше мемлекеттердің жауаптарын есепке алып, бірлескен тексеру аяқталғаннан кейінгі үш ай ішінде үшінші елдің құзыретті органына бірлескен тексеру туралы алдын ала есепті жібереді. Үшінші елдің құзыретті органы екі ай ішінде комментарийлер, анықталған кемшіліктерді жою бойынша жүзеге асырылған шаралар туралы мәліметтерді қоса алғанда, қосымша мәліметтер, сондай-ақ бастамашыға арналған түсіндірулер қамтылған жауап жібере алады. Үшінші елдің құзыретті органының жауабының болмауы алдын ала есеппен келісуді білдіреді. Құзыретті органнан жауап алғаннан кейін немесе белгіленген мерзім өткеннен кейін, егер жауап жолданбаса, бастамашы бір айдан кешіктірмей түпкілікті есеп жобасын дайындайды және тексерулерге қатысқан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына жолдайды. ЕАЭО-ға басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары түпкілікті есеп жобасын алғаннан кейін екі аптадан кешіктірмей бастамашыға жауап жолдайды. Жауаптың болмауы алдын ала есеп жобасымен келісуді білдіреді. Бастамашы тексерулерге қатысқан ЕАЭО-ға басқа мүше мемлекеттердің жауаптарын ескере отырып, уәкілетті органдардан жауаптарды алғаннан кейін екі аптаның ішінде үшінші елдің құзыретті органына бірлескен тексерулер туралы түпкілікті есепті жолдайды. Түпкілікті есеп Тізілімге енгізілген немесе енгізілмеген әрбір тексерілген кәсіпорынға қатысты қорытындыны және кәсіпорындар Тізілімге енуі үшін қабылдауы тиіс түзету шаралары бойынша ұсынымдарды қамтуға тиіс. Бастамашы түпкілікті есепті өзінің ресми сайтында жариялайды және түпкілікті есепті дайындау аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оны үшінші елдің құзыретті органына жолдайды. Бастамашы түпкілікті есепті дайындағаннан кейін он жұмыс күннің ішінде тізілімді жаңартады және үшінші елдің құзыретті органына бұл туралы хабарлама жолдайды.



    1. Қазақстанның өкілі кепілдіктерді ұсынуға рұқсат беру туралы сұрау салуға қатысты түсіндіреді, үшінші елден осындай сұрау салу алған ЕАЭО мүше мемлекеттер өз шешімін ЕАЭО-ға басқа мүше мемлекеттермен келісуге тиіс. Кепілдіктерді қабылдау үшін өлшемшарттар ЕЭК Кеңесінің № 94 шешімінің 48-тармағында белгіленген. Осы өлшемшарттарға сәйкес келмеу үшінші елдің құзыретті органынан кепілдікті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Тұтастай алғанда, экспорттаушы кәсіпорынды бекітуге қатысты ЕАЭО-ға барлық мүше мемлекеттер арасындағы консенсус талабы – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумақтары арасында кедендік шекаралардың болмауына байланысты және кәсіпорындарды Тізілімге енгізу жөніндегі құзырет ұлттық деңгейде қалып отырғандығы фактісін ескерер болсақ, қажетті. Қазақстанның өкілі кәсіпорыннан экспортты тоқтата тұру туралы шешім ЕАЭО-ның талаптарына сәйкес келмеудің айқын фактілері негізінде жасалатынын да түсіндірді, ол адамдардың өмірі мен денсаулығы және/немесе жануарлар үшін айтарлықтай қауіп төндіреді. Осылайша, мұндай шешімді ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер жеке-дара қабылдауы мүмкін. Бұған қоса, экспортты тоқтата тұру уақытша шара болып табылады және кәсіпорындар түзету шараларын қабылдаған соң экспорт қайта басталуы мүмкін. Сонымен қатар, кәсіпорындарды кепілдікке қосу туралы шешім неғұрлым кешенді бағалау процесін талап етеді және осылайша, ол ЕАЭО-ға барлық мүше мемлекеттермен келісілуге тиіс.




    1. Кейбір мүшелер кепілдіктер негізінде кәсіпорындарды тізбеге енгізу рәсімі кәсіпорыннан экспортты тоқтата тұру рәсіміне қарағанда ауыр болатынына, оның үстіне соңғы рәсім ЕАЭО-ға бір мүше мемлекеттің ғана шешімін талап ететін болса, бірінші рәсім ЕАЭО-ға барлық мүше мемлекеттердің келісімін талап ететіндігіне алаңдаушылық білдірді. Мүшелер мұндай тең емес қатынасты негізсіз және ДСҰ келісімі рухына қайшы деп санайды. Бұған қоса, мүшелер кепілдіктер негізінде тізбеге енгізу тетігінде тиімділік пен болжалдылықтың болмауына байланысты, кепілдіктерді ұсыну құқығын алуға нақты уақыт шектеулерінің болмауына, кепілдіктерді қабылдаудан бас тарту негіздемелерінің жеткіліксіздігіне және осы кепілдіктердің әрекет ету саласының болмауына алаңдаушылық білдірді. Сол мүшелердің, Қазақстан өкілдерінің мәлімдемесіне қатысты, сондай-ақ КО Комиссияның № 834 шешіміне ЕАЭО түзетулер жобасына қатысты қаупі бар. Бұл түзетулер ЕАЭО мүше мемлекеттердің бірі кәсіпорын саудасын тоқтата тұру туралы немесе белгілі өнім түріне қатысты шешімін қабылдаған кезде, ол ЕАЭО мүше мемлекеттің барлық аумағында қолданылатынын көрсетті. Бұл мүшелердің кәсіпорындарды тоқтата тұру немесе оларға қатысты уақытша шектеу қою анықталған тәуекелге байланысты еместігі немесе анықталған тәуекелге пропорционалды еместігі туралы тәжірибесі бар. Олар қабылданған шараларды негіздейтін тәуекелді бағалауды ұсынғанға дейін тоқтата тұру қабылданбайтынын және тәуекелді бағалау сұрау салу бойынша сауда әріптесіне берілетінін растауды өтінді.



    1. Қазақстан өкілі КО Комиссиясының № 834 шешімін ауыстырған ЕЭК Кеңесінің № 94 шешіміне сәйкес, кепілдіктер негізінде Тізілімге үшінші елдердің кәсіпорындарын енгізу тетігіне кепілдіктерді қабылдаудан бас тарту мерзімдері мен негіздері, сондай-ақ осындай кепілдіктердің мерзімі мен саласы қосылғанын түсіндірді. Ол одан әрі, ЕАЭО қалыптастырылғанға дейін Қазақстанда үшінші елдер кәсіпорындарының тізілімі болмағанын түсіндірді. Басқа елдермен сауданы шектемеу үшін үшінші елдер кәсіпорындарының басым көпшілігі үшінші елдердің құзыретті органдары берген кепілдіктер негізінде Тізілімге енгізілген болатын. Кәсіпорындарды Тізілімге енгізу - осы кәсіпорындардан экспортталатын тауарлар ЕАЭО еркін қозғала алуы үшін және ЕАЭО барлық мүше мемлекеттерінің аумағына қол жетімді болуы үшін ЕАЭО мүше мемлекеттермен бірлесіп жүзеге асырылады. Кәсіпорындардан импортты уақытша тоқтата тұру автоматты түрде енгізілмейді. Ол үшінші елдің сұрау салуы бойынша ғана немесе экспорттаушы елдің құзыретті органдары хабардар болған және адамдардың және жануарларға айтарлықтай қауіп төндіретін қайталамас сәйкессіздік анықталған жағдайда енгізілуі мүмкін. Қазақстан мүдделі сауда әріптестері сұрау салған кезде тәуекелді бағалауға негіздеуші шараларды ұсынады. Басқа жағдайларда зертханалық мониторингті ұлғайту, ескерту сияқты, осындай кәсіпорындардан экспортты тоқтатпау үшін қосымша немесе алмастыратын шараларды қолдану сияқты арнайы талаптар секілді дәйекті шаралар қолданылады. Мұндай шешімдерді ЕАЭО талаптарын бірнеше рет бұзу негізінде ЕАЭО мүше мемлекеттер қабылдаған болатын және олар СФС жөніндегі ДСҰ келісімінің қағидаттарына және рухына қайшы келмейді. Ол одан әрі, мүдделі мүшелердің түсініктемелерін назарға ала отырып, ЕАЭО мүше мемлекеттің бірі кәсіпорындардан импортқа шектеу салатын, ЕАЭО-ның бүкіл аумағында қолданылатын ереже ЕЭК Кеңес қабылдаған № 94 шешімінде жоқ екенін атап өтті.



    1. Кейбір мүшелер, Қазақстан және ЕАЭО тарапынан кәсіпорынды Тізілімге ензігудің үш механизмін жүзеге асыру тәртібі туралы қосымша ақпаратты сұрастырған болатын. Қазақстан өкілі, қазіргі уақытта ЕАЭО кез-келген мүше-мемлекеттердің уәкілетті органы тарапынан үшінші елдерден алынған барлық кепілдердің ЕАЭО басқа мүше-мемлекеттерінің уәкілетті органы тарапынан мақұлдануы тиіс деп жауап берді. Мүшелердің кейінгі сұрақтарына жауап ретінде, Қазақстан өкілі, ЕЭК Кеңесінің №94 шешімі, бақылаудағы тауарлардың ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаты үшінші елдердің ветеринариялық бақылау жүйесін тексеруді Алиментариус Кодексінің ұсыныстарына сәйкес жүргізу (аудит жүйесі) болып табылатындығын қарастырады деп түсіндірді. Осылайша, ЕЭК Кеңесінің №94 шешімі, белгілі бір ел үшін оның аумағында орналасқан, жоғарыда көрсетілген 742 - тармағында айтылғандай экспортқа құқығы бар кәсіпорынды кәсіпорындар Тізіліміне енгізудің 3 тәсілін қамтамасыз етеді.



    1. Қазақстан өкілі түсіндіргендей, ЕЭК Кеңесінің № 94 шешімі II тарауының 5-тармағында ЕАЭО талаптары былай анықталған: Бақылаудағы тауарларға деген ветеринариялық-санитариялық талаптар, ЕАЭО техникалық регламенттері, ЕАЭО Біріңғай ветеринариялық талаптары, немесе, ЕАЭО мүше-мемлекеттердің үшінші елмен бірге ветеринариялық экспорттық сертификатында келісілгендей, және «Ветеринариялық шаралар туралы» КО Комиссиясының 2011 жылдың 15 шілдесіндегі № 726 шешімінде қарастырылғандай және тауарға деген ұлттық міндеттік талаптар болып табылатын, «Халықаралық стандарттарды, ұсынымдар мен нұсқауларды қолдану туралы» КО Комиссиясының 2011 жылдың 22 маусымындағы № 721 шешімінде бекітілгендей, халықаралық стандарттар, нұсқаулар пен ұсынымдар бекітілген мағынада көрсетіледі.




    1. Қазақстан өкілі ЕЭК Кеңесінің «Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлар (өнімдер) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі туралы» 2014 жылғы 9 қазандағы №94 шешімінде кәсіпорынды Тізілімнен тек екі жағдайда: тиісті кәсіпорынның өтінуі бойынша және үшінші елдің құзіретті органының өтінуі бойынша шығару көзделгенін растады. Кәсіпорынды тізбеден алып тастаудың орнына, ЕАЭО халықаралық стандарттарға сәйкес не тәуекелді бағалау негізінде кәсіпорыннан шығатын импортты және/немесе мониторингті күшейту үшін осы кәсіпорыннан шығатын импорт нысанасын уақытша тоқтата тұра алады. Төтенше жағдайларды қоспағанда, ХЭБ-да көзделген мағынада түсінілетін, кәсіпорыннан импортты уақытша тоқтата тұру мынадай жағдайларда ғана:

    - кәсіпорынның немесе үшінші елдің құзіретті органының сұрау салуы бойынша; немесе



    - үшінші елдің құзыретті органының назарына жеткізілген, ЕАЭО талаптарына қайталап бұзушылықтар не ЕАЭО мүше мемлекеттердің құзіретті органы кәсіпорынды инспекциялау және/немесе оны қайта тексеру барысында немесе кәсіпорынды мониторингілеу және оның тауарларына күшейтілген зертханалық сынақтар жүргізу нәтижесінде анықталған бұзушылықтар негізінде, егер мұндай бұзушылықтар адамның өмірі мен денсаулығына немесе жануарға айтарлықтай қауіп төндіретін болса қолданылуы мүмкін. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.


    1. Мүшелердің бірінің сұрағына жауап ретінде, Қазақстан өкілі мынаны растады, осы уақытқа, Ветеринариялық бақылау және қадағалаудың комитеті ЕАЭО талаптарына немесе сертификатқа енгізілген, өнімнің қауіпсіздігін қозғамайтын талаптарына айтарлықтай маңызды емесе, тексеру орнында немесе шекарадағы лабораториялық сынауда немесе Комитет құзіретіне жатпайтын сұрақтар негізінде (мысалы: ішуге жарамды суды бақылау) сәйкессіздігі негізінде кәсіпорынды шығарып тастауға құқығы жоқ.



    1. Қазақстан өкілі, адамның денсаулығына немесе жануарларға елеулі қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, Қазақстанның құзіретті органы жергілікті жердегі инспекциялау нәтижелері бойынша кәсіпорындардан импортты экспорттаушы мемлекетке түзету шараларын ұсыну мүмкіндігін бергенге дейін тоқтата тұрмайтынын растады. «Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлар (өнімдер) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі туралы» ЕЭК Кеңесінің 2014 жылғы 9 қазандағы №94 шешімінің талаптарына сәйкес, алдын ала баяндама экспорттаушы елдің құзіретті органы ескертпелерін ұсынуы үшін баяндамамен жұмыс аяқталғанға дейін жолданатын болады. Ол ЕАЭО мүше мемлекеттер кәсіпорыннан импортты тоқтата тұру туралы шешім қабылдау үшін өлшемшарттар мен негіздерді әзірлегенін де атап айтты. Ұсақ-түйек кемшіліктер кәсіпорыннан импортты тоқтата тұру үшін негіз болып табылмайды және ол мұндай шешімдерге шағым жасаудың әкімшілік рәсімдерінің бар екендігі туралы Мүшелердің есіне салды, бұған қоса сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген. Жұмыс тобы бұл міндеттемені назарға алды.




    1. Төтенше жағдайларға келер болсақ, Қазақстан өкілі кәсіпорындардан импортты тоқтата тұру жөніндегі шешімдер мен рәсімдер Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес қолданылатынын растады. Жұмыс тобы бұл міндеттемені назарға алды.




    1. Қазақстан өкілі бұдан әрі Комиссияның айрықша жағдайларда ЕЭК Кеңесінің «Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлар (өнімдер) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі туралы» 2014 жылғы 9 қазандағы №94 шешімінде көрсетілгендей, ресми бақылау жүйесінен елеулі жүйелік ауытқау байқау нәтижесінде кәсіпорындар тобынан немесе үшінші елдің барлық кәсіпорындарынан импортты тоқтата тұру туралы шешім қабылдай алатынын түсіндірді. Қазақстан өкілі Комиссия мұндай шешім қабылдаған кезде үшінші елдің Құзыретті органына анықталған тәуекел бойынша техникалық ақпарат пен ғылыми негіздемені ұсынуға тиіс. Үшінші елге жағдайды түзету бойынша шаралар қабылдау және оларды қабылдау үшін нақты мерзімдер ұсынылатын болады. Кез келген тоқтата тұру көрсетілген мерзім өткенге дейін жүзеге асырылатын болады. Түзету шаралары қабылданысымен, үшінші елдің құзыретті органы Комиссияға түзету шаралары туралы есеп жолдайды. Комиссия есепті бағалайды және түзету шаралары тиімді әрі жеткілікті болып табыла ма, жоқ па екендігі туралы шешім қабылдайды. Егер тоқтата тұру қолданылып жатқан болса, шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оның күші жойылады. Егер түзету шаралары қабылданбаған болса немесе Комиссияға тиімді емес болып көрінсе, кәсіпорындар тобынан немесе үшінші елдің барлық кәсіпорындарынан импортты уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдануы мүмкін. Қазақстан өкілі мұндай уақытша тоқтата тұрулар адамның өміріне немесе денсаулығына төнген қатерге пропорционалды болатынын әрі Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісімінде көзделгендей қажетті болатын сауда-саттықты одан әрі шектемейтінін растады. Жұмыс тобы бұл міндеттемені назарға алды.




    1. Мүшелер ЕАЭО-ның ветеринариялық талаптарына, ЕАЭО-ға мал өнімін экспорттайтын кәсіпорындарға шикізат беретін кәсіпорындар тізіліміне кәсіпорындарды енгізу туралы жаңа міндеттемелерді енгізетін өзгерістер жобасына қатысты алаңдаушылық білдірді. Мүшелер осы түзету жобасының ЕАЭО-ға әкелуге арналған жануарлардан алынатын өнімдерді өндіруде пайдаланылатын шикізат ЕАЭО елдеріне экспортқа рұқсаты бар кәсіпорындардан ғана шығуы тиіс деп қаулы еткеніне алаңдаулы. Мүшелер мұның салдарының ұзаққа созылатынын және әкімшілік тұрғыдан жүзеге асыру ауыр екенін және қандай да бір тәуекелге пропорционалдығын негіздеудің жоқтығын атап айтты.



    1. Жауап ретінде, Қазақстан өкілі, ЕАЭО аумағына өнімді беруге рұқсаты бар кәсіпорындарда өндірілген, жануарлардан алынатын шикізатты пайдалану бойынша, ЕАЭО-ға экспорттау үшін құрамында жануарлардан алынатын компоненттер бар тауарларды өндіретін үшінші елдердің кәсіпорындарына қойылатын талаптарды енгізетін, ЕАЭО ветеринариялық талаптарына өзгерістердің жобасы тәуекелді одан әрі пысықтауға және бағалауға арналғанын атап өтті. Бұл талап шараларды негіздейтін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірі ұсынған тәуекелді бағалаусыз одан әрі қаралмайтын болады.




    1. Жұмыс тобының мүшелері Етті, құсты, балықты және сүт өнімдерін тексеруді жүзеге асыруға арналған нұсқаулық жобасы халықаралық стандарттарда, нұсқаулықтарда және ұсынымдарда көзделгенге қарағанда неғұрлым қатаң талаптарды көздейтіндігіне алаңдаушылық білдірді, атап айтқанда олар тым нұсқамалық сипатта және көптеген жағдайларда, мұны ЕАЭО тұрғысынан басқа кездерде сақтау қиын болады. Кәсіпорындардың көрсетілген нұсқалған құрылымдық және функционалдық талаптарға сай келуі туралы талап практикалық тұрғыда, ЕАЭО кәсіпорындары болып табылмайтын кәсіпорындардың көпшілігінің бақылаудан өтуі үшін кедергі болып табылады. Бұған қоса, Мүшелер осы Нұсқаулық жобасының КО Комиссиясының № 726 шешіміне сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен жекелеген сертификаттарды келісудегі экспорттаушы елдердің мүмкіндігін ескермейтінін және осылайша, жекелеген талаптарға жататынын атап көрсетті. Мүшелер, егер Инспекциялау бойынша осы Нұсқаулықта белгіленген жекелеген стандарттар сақталынбаса барабарлықтың қалай танылатынын сұрады.




    1. Бұған жауап ретінде, Қазақстан өкілі, Қазақстан және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕЭК Кеңесінің №94 шешімімен қабылданған 2 және 3-қосымша ретінде, етке, мал сою кәсіпорындарына, балық және сүт өнімдеріне тексеруді жүзеге асыруға арналған нұсқаулықты қамтитын, «Ветеринариялық бақылауға және үшінші елдердің ресми бақылау жүйесі аудитіне жататын кәсіпорындарға тексеру жүргізу кезінде үшінші елдерде қолданылатын ветеринариялық шаралардың барабарлығын бағалау бойынша инспекторларға арналған нұсқаулықты» және «Балықты қоса алғанда, су жануарларын өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарын, кемелерді инспекциялау жөніндегі басшылыққа алынатын қағидаттарды; Сүт өнеркәсібі кәсіпорындарын инспекциялау жөніндегі басшылыққа алынатын қағидаттарды, Жануарларды сою пункттері мен ет өнеркәсібі кәсіпорындарын инспекциялау жөніндегі басшылыққа алынатын қағидаттарды» әзірлегенін түсіндірді. Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта, нұсқаулық қабылданғанға дейін тексеруге өтінім алған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы қолданылатынын түсіндірді. Қазақстан өкілі, нұсқаулықтың Алиментариус Кодексінің стандарттарына сәйкес әзірленгендігін растады.




    1. Ол ЕЭК Кеңесінің № 94 шешімі барабарлық қағидатын мойындайтынын түсіндірді. Атап айтқанда, инспекторларға кәсіпорындардың ЕАЭО тиісті талаптарын немесе халықаралық стандарттардың, нұсқаулықтар мен ұсынымдардың тиісті талаптарын қаншалықты бағалайтынына бағалау жүргізу тапсырылды және мұндай жағдайларда, кәсіпорындар барабарлық қағидаты негізінде ЕАЭО талаптарына сәйкес қарастырылатын болады. Бұдан әрі ол егер ЕАЭО актілерінде не ұлттық заңнаманың міндетті талаптарында халықаралық стандарттарға қарағанда неғұрлым қатаңдау талаптар белгіленетін болса, инспектор үшінші елдің құзыретті органына СФС жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес көзделгендей неғұрлым қатаңдау шараларға қатысты ғылыми негіздеме берілгенше, халықаралық стандарттарға, нұсқаулықтарға және ұсынымдарға сәйкестігін бағалайтын болады. Егер кәсіпорын экспорттаушы елдің құзыретті органынан кепілдіктер негізінде Тізілімге енгізілген болса, инспекторлар экспортты сертификаттау кезінде кепілдіктердің сақталуын тексеруге және бағалауға міндетті.




    1. Қазақстан өкілі, Қазақстан ДСҰ-ға кірген күні, ЕЭК Кеңесінің «Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлар (өнімдер) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі жөніндегі ереже туралы» 2014 жылғы 9 қазандағы №94 шешімін ЕАЭО инспекторларының орындауын қамтамасыз ету мақсатында, Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес, барабарлық қағидаттары мен халықаралық стандатттарға, нұсқаулықтар мен ұсынымдарға сәйкестігін, осы қағидаттар жоғарыда 771-тармақта сипатталғандай сәйкестігін көрсететін инспекциялау жөніндегі нақты нұсқаулық әзірленетін және қабылданатын болады. Жоғарыдағы 770-тармақта көрсетілген осы нұсқаулықтарда инспекторларға, атап айтқанда, тексеру кезінде кәсіпорынның Алиментариус Кодексінің тиісті ұсынылатын практика кодекстеріне сәйкестігін ескеру нұсқалатын болады, мәселен, CAC/RCP 1-1969 – тамақ өнімдері гигиенасының ұсынылған халықаралық жалпы қағидаттары, CAC/RCP 58 - 2005 - Етке арналған гигиеналық практика кодексі, CAC/RCP 57-2004 – Сүт және сүт өнімдеріне арналған гигиеналық практика кодексі, CAC/RCP 52-2003 – Балық және балық өнімдеріне арналған практика кодексі және басқа да тиісті халықаралық стандарттар, ұсынымдар және оларға қатысты құжаттар. Басшылыққа алынатын қағидаттар кәсіпорындарды инспекциялауға қатысты Қазақстанның бұрыннан бар ұлттық заңнамасын алмастырады және экспорттаушы кәсіпорынның ЕАЭО талаптарына сәйкестігін бағалайтын ЕАЭО инспекторларының пайдалануы үшін сілтемені білдіреді. Бұған қоса, инспекторларға ЕЭК Кеңесінің «Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексеру жүргізудің және тауарлар (өнімдер) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі жөніндегі ереже туралы» 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешімі мен Нұсқаулықтар тұрғысында, Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісімінде көзделгендей барабарлық қағидатын қолдану мәселелері жөніндегі ақпарат және олар осы мәселе жөніндегі оқудан өтеді. Жұмыс тобы бұл міндеттемені назарға алды.




    1. Кейбір мүшелер КО Комиссиясының № 834 шешімі үшінші елдің ветеринариялық бақылауға жататын өнімдерін бақылау жүйесіне аудит жүргізу үшін егжей-тегжейлі және нұсқамалық жүйені белгілейтініне алаңдаушылық білдірді, ал ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен олардың тиісті кәсіпорындары үшін қойылатын талап кейбір қатынастарда, бұған қарағанда тым тәптіштемейді және қатаңдау емес. Осы мүшелер барабарлықты анықтау және қолдау мақсатында, үшінші елдер мен олардың кәсіпорындарына және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен олардың кәсіпорындарына қатысты жергілікті жерде қолданылатын көшпелі тексерулер бола ма және мәселен, олардың жиілігі және сонымен байланысты талаптардың үшінші елдер мен олардың кәсіпорындарына қатысты да қолайлы болуы және осындай елдерге немесе кәсіпорындарға қатысты кемсітушілік көрсетпеуі қалайша қамтамасыз етілетінін сұрады.




    1. Бұған жауап ретінде, Қазақстан өкілі, өзінің пікірі бойынша, КО №834 шешімін алмастырған ЕЭК Кеңесінің №94 шешімі, сондай-ақ аудит және мүше мемлекеттерге, олардың өнімдеріне немесе кәсіпорындарға қатысты қолданылатын тексерулер жүргізуге арналған рәсімдер мен талаптар ДСҰ қағидалары мен талаптарына сәйкес келетінін мәлімдеді. Бұған қоса, Қазақстан өкілі ЕЭК Кеңесінің №94 шешімінің ҮІІ бөлімінде ЕАЭО кәсіпорындарының Тізіліміне енгізу үшін ЕАЭО кәсіпорындарына бірлескен тексеру жүргізу көзделгенін атап айтты, бұл үшінші елдер кәсіпорындарының Тізіліміне енгізу үшін үшінші елдер кәсіпорындарына бірлескен тексеру жүргізу рәсіміне ұқсас болады. ЕЭК Кеңесінің № 94 шешімінің 107-тармағына сәйкес, егер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірінің ветеринариялық бақылау объектілерін тексеру жүйесі барабар деп танылса, ЕАЭО-ға осы мүше мемлекеттің аумағында орналасқан кәсіпорынды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы бірлескен тексеру жүргізбестен, ЕАЭО кәсіпорындарының тізіліміне енгізеді, бұл үшінші елдің ресми қадағалау жүйесіне аудит жүргізу рәсіміне ұқсас болады. Яғни, ЕАЭО кәсіпорындарына үшінші елдердің кәсіпорындарына қолданылатын шараларға ұқсас шаралар қолданылады.




    1. Кейбір мүшелер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге аудитке сұрау салу берілісімен, аудит жүргізу уақыты бойынша көп ақпарат сұратты. Осы мүшелер, аудит жүйесін іске асыру узақ және ауыртпалықты процесс болатынына алаңдаушылық білдірді.




    1. Қазақстан өкілі, бүгінгі таңда, Қазақстан аудит жүргізу үшін үшінші елдерден ешқандай сұрау салуды алмағандығы туралы жауап берді. ЕАЭО-ға басқа мүше мемлекеттеріне жөнелтілген сұрау салулар негізінде, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер 2014 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған аудит және тексерулер жоспарын әзірледі. Жоспарды жариялау ЕАЭО заңнамасында жазылмаған болатын, алайда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер Жоспарды жариялау туралы тиісті заңнамаға түзетулер енгізуді жоспарлап отыр. Оның айтуынша, аудит мерзімдері, осындай тексерулерді жүргізу үшін үшінші елдерден алынған сұрау салулар саны мен қаржылық және адами ресурстарының болуына байланысты. Бұған қоса, ЕЭК Кеңесінің № 94 шешімінде, 755-тармақта көрсетілгендей, нақты мерзімдері көрсетіліп, аудитті жүргізу рәсімдері жазылған.




    1. Қазақстан өкілі, Қазақстан ДСҰ-ға енген күні Жұмыс тобының баяндамасында сипатталғандай ЕЭК Кеңесінің «Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлар (өнімдер) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі жөніндегі ереже туралы» 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешімі Келісімнің 2.3-бабын және 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі ДСҰ Бас келісімін қоса алғанда, Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес қолданылатын болатынын растады. Атап айтқанда, ол ЕЭК Кеңесінің «Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлар (өнімдер) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі жөніндегі ереже туралы» 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешімі - жергілікті жердегі инспекциялау талаптарына қатысты, оның ішінде өнімдерді бағалау жүйесінің барабарлығын айқындау және қолдау мақсатында, ұқсас немесе орайлас шарттар басым болған кезде, атап айтқанда, ДСҰ-ға мүше болып табылатын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен басқа мүшелер арасында осындай шарттар басым болған жағдайда, мүшелерді өз бетімен немесе негізсіз кемсітпейтінін және ЕЭК Кеңесінің «Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлар (өнімдер) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі жөніндегі ереже туралы» 2014 жылғы 9 қазандағы №94 шешімі - халықаралық саудада жасырын шектеу жасайтындай болып қолданылмайтынын растады. Жұмыс тобы бұл міндеттемені назарға алды.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет