Күтілетін нәтиже
|
Барлық оқушылар үшін:
|
симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
|
Бірқатар оқушылар үшін:
|
Симметриялы жазық фигураларды сызу және жасау
|
Кейбір оқушылар үшін:
Симметриялы жазық фигураларды өз бетімен жасау
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Симметрия, симметрия осі деген не екенін түсіндіру.
Пәндік лексика және терминология:
симметрия, симметрия осі.
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
|
Қандай фигуралар симметриялы?
Симметриялы өрнекті қалай жасайды?
|
Жазу:
|
Есептерді шығару жолдарын жазу.
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
Симметриялық өрнек туралы тұрмыстық түсінік
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
0–3
|
Ынталандыру.
Мұғалім көне заманда қазақтар үйлерін қалай безендіргенін әңгімелейді.
Қандай өрнектерді қолданды?
|
|
4–6
|
Өзектендіру.
Өрнектерді қара. Олар қандай фигуралардан құралған? Мына шеңберлердің радиустары туралы не айтуға болады?
|
|
7–11
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Мұғалім №1 суретті қарауды ұсынады.
Ерте замандардан қазақтар өз үйлері мен киімдерін әртүрлі ою-өрнектермен безендірген. Суреттерді қараңыздар. Ою-өрнектерден қандай геометриялық пішіндерді танып тұрсыздар? Егер осы суреттерді ортасынан бөлсе, әр бөлік туралы не айтуға болады?
Сіз бөліктері бір-біріне қатты ұқсайтын фигураларды қалай атайтынын білесіз бе?
|
|
12–29
|
Жаңаны ашу.
Практикалық жұмыс.
Дайын фигураларды алыңыздар. Ортасынан бүктеңіздер. Қай фигураны алмасақ та, бүктегенде сәйкес келеді. Қалай ойлайсыздар, бұл барлық фигураларға тән қасиет пе? (Иә, жоқ, білмейміз).
– Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабақта немен айналысамыз? (Барлық фигуралар ортасынан бүктеген кезде де біріне-бірі сәйкес келе ме, соны анықтаймыз)
– Біз мұндай фигуралар қалай аталатынын білетін боламыз. Сонымен, барлық фигуралар ортасынан бүктеле ме, соны тексеріп көрейік.
– Бүктеген кезде екеуі біріне-бірі сәйкес келетін және келмейтін де фигуралар бар.
– Бүктеген кезде біріне-бірі сәйкес келетін фигуралар симметриялы деп аталады. Симметриялы фигуралар ортасынан бөлгенде бір-біріне симметриялы екі жарты бөліктен тұрады. Бұл симметрия осі деп атайды.
|