Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов


Айыптап сөз сөйлеудің композициялық құрылысы



Pdf көрінісі
бет105/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

154
Айыптап сөз сөйлеудің композициялық құрылысы. 
Фабуладан айыптаудың заң тұжырымынан айырмашылығы, ол 
әрдайым бiртұтас. Заңға сүйенген бiлiктiлiктiң, олардың заң 
белгiлерiнiң айыптауды фабуланы және анықталуы анықтауға 
арналған қажеттi алғы шарттарын құрайды.
Заңға сүйенген бiлiктi айыптаушы қылмыс қай заң бойынша 
шешілетіні туралы, заңының аты, қылмыстық заңның тиiстi бабы, 
оның бөлiгi және тармағы, дәл қылмыстық кодекстің бабын, сонымен 
бiрге заң және заңдық актілерді дұрыс атауы тиіс. 
Айыптауда айыптаудың фабуланың, заң тұжырымы болуы 
керек. 
Кез келген айыптаушы сөздiң ерекшелiктерi болып табылатын: 
айыптаушы 
сөздiң 
жүйелiлiгi 
(айыпталушының 
кінәлілігін, 
қылмыстың айғағының бар болуын дәлелдеу), уақытша қатынастағы 
мінез-құлықты (айыптаушы сөз, қорғаушының сөзiнің алдын алады) 
ерекше заңға сүйенгендік бағытталғандық, басты сипат, үзiлдi-
кесiлдiк және шабуылдық екендігінің айқын белгiсі. 
Қазіргі уақытта сот сөзінің теориясында 2 түрлі айыптаушы сөзінің 
нұсқасы бар.
Біріншісі: нұсқа бойынша айыптаушы сөзінің құрылымы,олар 
мынадай: 
1. кіріспе; 
2. қылмыс құрамын мазмұндау; 
3. қылмыс бойынша тапқан дәлелдерді талдау, бағалау; 
4. қылмысты саралау; 
5. айыпталушы тұлғаға мінездеме беру, жасалған қылмысқа 
қатынасы,
қылмыс істеу себебі; 
6. айыпталушының жазасын болжауы; 
Екіншісі нұсқа жүйе бойынша дұрыс және логикалық аяқталған 
айыптаушы сөзінің құрылымы, келесідегідей: 
1. кіріспе; 
2. істің мән-жайын баяндау; 
3. тергеу бойынша табылған дәлелдемелерге баға беру; 
3. қылмыстың заңи біліктілігі; 
4. айыпталушыға сипаттама; 
6.айыпталушының жазасын болжауы, азаматтық талаптың
қанағаттандырылуы, материалдық зардап; 
7. қылмысты саралау; 
8. қорытынды; 
3. Айыптап сөз сөйлеудің кіріспе бөлімі; 
Айыптушы сөзінің кіріспе бөлімінің өте маңызды мәселесі 
дәрісханамен тығыз байланыста болуы және оларды іске қызықтыруы 
болып табылады. 


155
Прокурор В.Н. Сажин істің басындағы істің ерекшеліктеріне, 
яғни саясат пен қоғам, заңи жақтарына көңіл бөледі және істі дәлелдер 
мен фактілерден бастайды. 
Мәселен:
«Құрметті сот! Бұл қылмыскерлер, яғни С. пен К. Азаматтары 
мемлекет мүлкіне қастық жасап, істеген қылмыстары үшін 
жауапқа тартылмаймыз, істеріміз ашылмайды деп ойлаған. Бірақ 
мұндай әрекеттері енді тоқтатылды, енді олар соттың алдында 
жауап береді. Сіз қарап отырған іс оңай да, жай да емес. Өйткені 
бұл азаматтар өздерінің қызметтік бабын пайдалана отырып, 
мемлекетке опазсыздық жасады. Олар мемлекетті, мемлекеттің 
мүлкін қорғағанның орнына қылмыс жасап отыр. С. азамат 
қылмыстық іс жүргізуге дейін №5 Киржачской учаскесінде біріккен 
жібек фабрикасында есепші қызметін атқарған. Бұл істің ерекшелігі 
– қылмыскерлер, өздерінің құқыққа қарсы әрекеттерін жылдар бойы 
істеп отырған және уақытысында ұсталмаған. Бәрімізге белгілі бұл 
жағдай өте қауіпті. Өйткені олар өзіндерін қоршаған ортаға өте 
жаман әсерін тигізеді.» 
Кейбір жағдайларда айыптаушы сөзі кіріспеден басталмай істің 
мән-жайын баяндаудан басталып кетеді. В.И. Цареваның адам өлтіру 
ісі бойынша сөзі: 
«Құрметті төраға! Құрметті облыстық соттың халық 
мәслихаты! Біздің облысымыздың үлкен өнеркәсіптік қаласының 
шетіндегі Коврова деген жерден алдыңғы жылы күзде Татьяна 
Исаеваның мәйітін тапқан еді. Зорлықпен өлтірілген мектеп 
оқушысының өлімі ата-анасына, достарына, сыныптастарына, 
мектеп ұжымына, Коврова тұрғындарына моральдық зиян тигізд». 
Айыптаушы сөзінің кіріспе бөлімі тек дәлелдерге сүйене 
отырып, логикалық қайшылықсыз болуы тиіс. Қазіргі таңда соттық 
тәжірибеде жағдайды баяндаудың 2 тәсілі бар: хронологиялық, 
жүйелі. Хронологиялық баяндау, яғни қылмыстың эпизодын 
айыптаушы мен қатысушыларды қоса отырып баяндау.
Оған мысал: 
«Тамыз айында Васильченко Томининға ақша табу үшін дүкенді 
тонауға ұсыныс жасайды. Томинин күмәнданады. «Ұстап алса ше?» 
Сөз байласу іске аспады».
25 қазанда Васильченко тағы да Томининға айтады: 
«Мейрамға азық-түлік сатып алу керек. Оған ақшаны қайдан 
аламыз?» Бұл жолы Томинин өзінің жоспарын айтады: көрші 
тұратын Щербаковтар шалдарын тонауды айтады. «Щербаковтар 
ақшалы адамдар, қарыз алғанбыз» - дейді. Келісімге келіп, алға 
қойылған мақсаттарына дайындала бастайды. Екі күн өткеннен 
кейін. Бұлтты түн. Уршельский ауылында тым-тырыс. Ештеңе 
ойламаған Щербаковтар ұйықтап жатады. Сағат тықылдап тұр. 
Шөп сыбдырын естіп шал, кемпірлер оянады. Ерлі-зайыптылар 


156
төсектерінен тұрып, үй иесі орнынан тұрып есікті ашса қолында 
суық қару пышақтары бар екі мас ер адамды көреді. Қараңғы 
болғандықтан түрлері көрінбеді. Бірақ қараңғы болмаса да 
Щербаковтар олардың түрлерін көре алмас еді, өйткені олардың 
бетінде бетперде болды.
Васильченко мен Тимониннің рөл ьдері бөлінген еді. Тимонин үй 
иесі әйелді пышақтың сабымен басынан бір қойып, ақша сұрайды. 
Бірақ ақша бермеген кәрі әйелді көкірегіне финдық пышақты сұғып 
алады.
Сол уақытта Васильченко шалды келеке етіп пышақтың жүзін 
біресе тамағына тақап, біресе көкірегіне, біресе ішіне тақап ақша 
талап етті». 
Жүйелі түрде істі баяндаса, айыпталушылардың нақты өздері 
істеген іс-әрекеттері көрінеді.
Айыптаушы сөзінің ортасы тергеу бойынша табылған 
дәлелдемелерге баға беру болып табылады. Осы бөлімді прокурор 
айтқанда сотты өзіне сендіруі қажет, яғни сот оны тыңдай отырып, 
шешіміне қатты әсер тиюі қажет. Прокурор В.Е. Миляев қай 
айғақтарға сенімсіздігін білдіретіні туралы нақты айтты:
«Сот тергеуінің соңғы күнінде арыз берген Л. өз ісіне 
немқұрайлықпен қарағандығы туралы айтқан болатын және ол З., Б., 
В. азаматтарына сенім артқан. Ал олар оның артында теріс 
қылықтар жасаған. Бірақ арыз беруші соттың алдында жауап 
бергенде шетке шығару кезінде өнім саны қоймадағы тауардың 
санынан көп болатындығын айтқан болатын. Сол кезде ол қойма 
басқарушысы З. есімді азаматшадан түсіндірме сұрайтын. Яғни ол 
тауарсыз ақы шоттары туралы білгендігін дәлелдейді. Яғни 
жоспарды түзете отырып, ол бірыңғай мемлекеттік есеп беру 
ережесін бұзып отыр. Яғни бұдан туындап отырғаны ол ақпан 
айының есебін дұрыс жүргізбегендігі. Бұл есепке қол қойып отырған 
Я. Егер ол есепті түзетпеген болса, яғни оның бұл іске қатысы бар.» 
Прокурор өзінің айыптаушы сөзінде дәлелдемелерді айта кетіп, 
келесі бөлімге яғни қылмыстың заңи біліктілігіне көшеді. Бұл бөлім 
белгілі және түсінікті болуы тиіс және тек қана дәлелдерге сүйенуі 
қажет. Мысалы: «Дәлелдерге, айғақтарға сүйене отырып азамат
Халиков өлтірген Чулковтың әрекеті ҚК-нің 102-бабымен 
сараланады. Чулков Халиковтың басынан балтамен 24 рет соғып 
өлтіргені аса қатыгездікпен жасалғандығын дәлелдейді». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет