Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов



Pdf көрінісі
бет106/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

 
 
 
 
 
 
 


157
§12. Қылмыстық заңның
саралануы 
Айыпталушыға сипаттама беру кезінде 
әлеуметтік мәліметтер (тегін, атын, 
әкесінің атын, туған жылын, жерін, 
жұмыс орнын, білімін, тұратын жерін, отбасы жағдайын, ұлтын және 
басқа мәліметтер) физикалық күйі және психикалық мінез-құлқы 
(темперамент, қабілеттілігі, қызығушылығы, дүниеге көзқарасы, әдет) 
ескерілуі тиіс. 
Айыпталушыға сипаттама беру кезінде дәлелдемелерге сүйену 
қажет. Сипаттама беру кезінде қылмыстың не үшін істелгендігі 
анықталуына жәрдемдеседі.
Виноградов айыпталушының сипаттамасы: 
«Виноградов араққа құмар болып оның өмірі ұрлық, бұзақылық 
қылмыстарымен байланысады. Одан кейін зорлау мен адам өлтіру 
болады. Әскерде жүрген кездерде араққа құмар болғандықтан, ұрлық 
жасап араққа ақша табудың амалы болады.
Әскери сот оны 1 жылға бас бостандығынан айырады. Жазасын 
тәртіпті батальонда өтейді. Әскерден оралғаннан кейін Ковровта 
бұзақылық жасайды. Оған ізіне түсу шешіледі, бірақ тергеуші істі 
тоқтатады.
Сіздер естідіңіздер ме, куәгер Кирьянованың сөзін? Ол 
Виноградовқа теріс сипаттама берді яғни, Виноградов – алқаш, қаңғыбас 
екедігін атап кетті. Ол айтқандай Виноградов жұмысқа 3 күн бойы 
келмеген күндер болған деді және мас күйінде жұмысқа келгендігін және 
жаман сөздер айтып, Кирьяноваға «Сен өз өліміңмен өлмейсін, шаруаң 
болмасын» деп айтқанын атап кетті. Бірақ Виноградов мұның бәрі 
қалжың екендігін айтты». Прокурор бұл сөзінде сотқа айыпталушының 
іс-әрекетінің дұрыс еместігін және оған жаза қолдануы керектігін айтады. 
Прокурор өзінің айыптаушы сөзінде қылмысқа терең баға беріп, не 
үшін жасалғандығын айтып кетеді. Н.А.Асееваның сөзінде солай 
делінген:
«Құрметті сот! Кез келген қылмыстық істі шешу үшін қылмыс не 
үшін істелгендігін анықтап алу керек. Сол үшін осы істі де не үшін 
істелгендігін анықтайық. Соған тоқтала кетейін. Қалай медициналық 
мекемеде, неше жылдар бойы жұмыс істеп жүрген басқарушы, яғни бас 
дәрігердің емдеу жөнінен орынбасары өзінің қызмет бабын пайдалана 
отырып, парақорлықпен айналысқан? Мұндай жағдайдың болуы жай 
емес. Яғни оларды қадағалап отырған ешкім жоқ. Мекемеде ауру 
адамдарға қарау мен басқа да жақтарынан құқық бұзылған. Еңбек 
құқығына байланысты ережелер бұзылған және емделіп жатқан 
адамдарға мекеме қызметкерлерінің дұрыс қарамауы, емделушілердің 
ақшасын ұстауы сияқты құқық бұзушылықтар байқалып отыр. Осының 
бәрі жауаптылыққа тартылмаған. Бүкіл осы құқық бұзушылықтар тек 
бас дәрігердің Р-дің өзінің орынбасарына сенім артуы қателік және де 
құқық бұзушылықтарға көңіл аудармаған. Бас дәрігердің орынбасары Р. 
ақшаға құныққандығы осыдан пайда бола бастады, өзінің дәрігерлік 


158
міндетін, дәрігерлік этиканы ұмытып, өзінің совет кезінде дәрігерлік 
антын аттап қылмысқа барады». 
Қорытынды бөлімінде айыптаушы сөзінің барлығын қорытады. Бұл 
бөлім өзінің қысқалығымен, анықтылығымен және нақтылығымен 
ерекшеленеді.
В.И.Царев адам өлтіру ісі бойынша өз сөзінде былай деп қорытқан: 
«Құрметті сот! Сіздер қазір кеңесу бөлмесіне кетесіздер! Кеңесу 
бөлмесінде болғанда халыққа тек шындық, ақиқат, яғни әділ, адал сот 
керек екендігін ұмытпаңыздар! Виноградов қанша ауыр қылмыс жасады, 
оны кешіру мүмкін емес. Сот өзінің үкімінде не айту керек деген сұраққа 
мен жауап берсем, оны - өлім жазасына кесу керек!». 
Сотқа қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болғаннан кейін 
прокурор тағы сөз алып сөйлеуіне болады. Прокурордың сөзі қысқа
дәлелді, дәйектіленген болуы тиіс. Енді осы мәселе бойынша үлкен 
мысал есебінде дүниежүзілік процестегі айыптаушылардың сөзін 
мысалға алуға болады, ол Нюрнберг процесінде болды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет