Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов



Pdf көрінісі
бет38/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

Дұрыстық - Дұрыстық әдеби тілдің жалпы қабылданған нормаларын 
сақтауды болжайды. 
Тиімділік. Жинақылық - Сөздің жинақылығы ойдың тиянақты 
сөйлемшесімен, нақты тұжырымдардың болғандығымен, артық сөздің 
болмағандығымен, ақпаратты келтірмейтін, езбе және артық сөздің 
жоқтығымен, ебедейсіз ойдың болмағандығымен жетеді. Сөздегі көп 
тараған қателік, езбе сөз болып табылады. 
Сөздің қысқалығы - Сөздің қысқалығы эмоцианалдық және 
экспресивтілік жәрдем болатын оның терең мағынасымен үйлесімді 
болуға тиіс. 
Бейнелілік, эмоцианалдық, экспресивтілік - Эмоциялықты соттағы 
сөздің материалының өзі шақырады. Шешеннің жариялы сөйлеуінің 
экспресивтілігі
(бейнелігі) өзіндік ойлау қабілетіне, оның не туралы 
сөйлеуіне қызығушылығына өз сөзін қадағалай алуына бейнелі сөйлеуге 
саналы ниет білдіруіне тәуелді. Сөздің бейнелілігі әңгіменің мәніне 
қызығушылыққа қолдау болып, судьяның және сот залындағы 
қатысушылардың қызығушылығын шақырады.
Экспресивтілікті, сондай-ақ эмоциялылықты құру үшін тіл 
құралдары қызмет қылады, солардың көмегімен шешен сөздің мәніне 
эмоционалды-еріктілік қатынасты бейнелеп және сонымен алқа 
отырысының мүшелері және істі тыңдаушы азаматтардың эмоциясына 
әсер етеді. Бұл әркелкі көркемдік-бейнелік құралдар. Дегенмен әркелкі 
көркемдік-бейнелік құралдар соттағы сөзде дәлелдердің дауыстануын 
күшейтуге жәрдем болғанда, сондай-ақ шешеннің ойынша маңызды, 
ойды судьяға, сотталушыға немесе сот залында қатысып отырған 
азаматтарға жеткізе алғанда орынды болады. Риторикалық айла-
тәсілдерді жай қана сөздің безендірілуі, әдемішілігі үшін қолдану оның 
қисынды аспектілерін әлсіретіп, нанымдылығын төмендетеді. Әсер 
берудің бірден-бір айласы ол адресация, яғни сөздің нақты кімге 
бағытталғанына көңіл аударту. Соттағы сөздегі адресацияның негізгі 
құралы болып олардың қолданылуы стильдік нормалармен үйлесімді, 


72
мәртебелі би, қадырменді сот, құрметті алқа отырысының мүшелері, 
құрметті судья деген қаратпалық сөздер. 
Алқа отырысының мүшелеріне және тыңдармандарға әсер етудің 
бірден-бір өзіндік құралы болып, оларда бағалаулық мағыналы сөз 
арқасында потенциалды бағаламдығы бар бағалау сипатындағы 
терминдер түседі, олар: өрескел бұзақылық, асқан қатыгезділік, ережені
жөн-жосықсыз дөрекі бұзушылық, зиянды зардаптар және т.б. Бұл 
терминдер соттағы сөзбен профилактикалық функцияларды орындауға 
жол береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет