Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов



Pdf көрінісі
бет37/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

70
Нанымдылық 
Соттағы сөз сөйлеудің мақсаты – судья мен алқа отырушыларын 
шешеннің позициясының дұрыстығына сендіру. Сендіре сөйлеу – бұл
дегеніміз деректермен бекітілген, нақты тұжырымдармен ойды өзінде 
көрсететін сөздер. 
Сөздің нанымдысының маңызды факторы 
шешеннің 
іс 
бойынша 
өзінің позициясының дұрыстығына және оның ой мәдениетіне
сенімділігі. Нанымдылық – бұл не нәрсе болса да оның шыншылдығына 
мықты сенімділігі. Нанымдылыққа дәлелдерді келтірумен жетеді. Дәлел 
– бұл тезис ақиқаттығын мойындату үшін келтірілген бірімен бірінің 
байланыстылығы бар, бір немесе бірнеше бекітімдер.Соттағы сөздердің 
нанымдылығы көптен көп дәлел сапаларына тәуелді. Судьялар прокурор 
және адвокаттардың ойларының дұрыстығын бірінші жолда факт 
жүзіндегі материалдардың мағыналық және құндылық сатылығы 
бойынша бағалайды.Судьяны іштей толық нандыру үшін дәлелдің күші 
қана , олардың нанымдылығы мағыналы болады. 
Түсініктілік - Соттағы сөздер барлық тыңдаушыларға түсінікті 
болуға тиіс. 
Айқындылық - Айқындылыққа материалдарды түпкілікті білу, 
сөздің нақты композициясымен, мазмұндаудың қисындылығымен, 
дәлелдердің нанымдылығымен қол жеткізуге болады. 
Қарапайымдылық - Сөзді мазмұндаудың қарапайымдылығы сөздің 
тез, жеңіл ұғымдылығына және судьяның ойы қиындықсыз шешеннің 
ойына еріп отыратындығына жәрдемдеседі. Алайда қарапайымдылықты 
және жабайылықты шатастыруға болмайды.Сөздің қарапайымдылығы 
күрделі синтактикалық құрылысты да, риторикалық айла-тәсілдерді де 
қолдануды болжайды. Уақытында және орынды келтірілген салыстыру, 
ашық түсті метафора, риторикалық сұрақ, фразеологизм жария сөзді 
тірілтіп, оны қарапайым қылады. 
Нақтылық - Нақтылық – сөздің қатынастылығының негізінде сөздің 
мазмұндық сипаты (бұл факт жүзіндегі, заттық нақтылық), сөз бен ойдың 
қатынастылығы ол түсініктемелік, пікірлік нақтылық, сөйлеп жатқан адам 
қолданып жатқан сөздердің қаншалықты мағыналы екендігіне тәуелді. 
Түсініктемелік нақтылық- бұл автордың ой жоспарына сәйкестікте жақсы 
түрде, сөз немесе сомдауға деген ізденісі. 
Қисындылық - Қисындылық бүтін текст деңгейінде композициялы 
жариялы сөйлеуде құрылады және олардың негізгілері ретінде – 
ұғымдардың, түсіндірулердің, сипаттаудың, салыстырудың, саралаудың
синтездің, абстрактілеудің анықтамасы қисынды айла-тәсілдер 
қатарында түседі. Қисындылық жеке бөліктердің деңгейінде соттағы сөз 
сөйлеу, жария сөйлеу және композициялық бөліктің жеке байланысы 
қаншалықты айқын және дұрыс айтылғандығына тәуелді. 
Орындылық - Бұл тіл құралының мақсаттық құрылғымен 
қатынастылығы, сөздің мағынасымен, тақырыпка, тапсырмаға, уақытқа, 
орынға және шешенге сәйкес құрай алуы. 


71
Орынды сөз келесі белгілерді иемденеді: 
- тілдік құралдары мен мағынасының шамаластығымен, яғни сөздер 
бір немесе өзге мағыналарды нақты бере алуға тиіс. 
- мән-жайда тілдік құралдардың шамаластығымен. 
- шешенге тілдік құралдардың шамаластығымен. 
Тазалық - Сотта жариялы сөйлеп жатқан шешеннің сөздері таза 
болуы керек. Сөздің тазалығы болып құрамында ластығы бар, диалектілі, 
жаргонды сөздер жоқтығын санауға болады. Таза сөзде қазіргі кездегі 
ауызсөзде тұрақтанып алған, биік шатыр, кавказұлтты адам, шатырың 
кетті, құлақпен тік тұру, құлаққа кеспе ілме және т.б. секілді ауыз сөз 
қисындары болмауы керек. Сөздерді сондай-ақ әркелкі сөз кідірімдері 
толықтырып отырады, мысалы: а-а-а-а, м-м-м деген сияқты және т.б. 
Сондай-ақ жоғарыда айтылған адвокат сөздеріде таза деп есептелмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет