105
§ 17. Топостардың жалпы және
жеке, ішкі және
сыртқыларға бөлінуі
дәйектің болжамдары.
Жалпы топос деп дәйекте
қабылданып және талқылауды
қажет етпейтін идея, ереже немесе
қатынасты атайды.
Жеке топос –
міндетті емес, көпшілікпен емес және ұдайы емес болып табылатын идея
және ереже. Риторикада ішкі және сыртқы топостар бөлінеді.
Сыртқы топос деп – соттаушылықтың пайда болуын келтіретін екі
қатынастылық санаттарды атайды, мысалы, «пікір-білім», «ақиқат-
әділеттілік», «заң- ғанибет».
Бұл санаттардың жұптары ойдың бастапқы нүктесі
есебінде қызмет
қылатын, ойлық тұтастық есебінде мәдениетте нысандалған. Заңның нақты
ғанибетпен, ал пікір біліммен жағдайланатыны маңызды. Сыртқы топостар
жалпы қабылданған болып саналатындығы сондықтан, өйткені бұл
жұптардың мағынасы күмәндылыққа ұрынбайды. Сыртқы топостардың
мүшелері мен термдері өзге де ұғымдармен
қатынастылықта болуы
мүмкін:
«заң-салт-дәстүр»,
«ақиқат-шындық»,
«білім-надандық».
Бірегейлігінде мұндай ұғымдар күрделі, иерархиялық ұйымдасқан жүйені
құрайды. Оның сот риторикасындағы ролі әсіресе, біздің қазіргі кездегі
саяси тұрақты емес уақытымызда ерекше маңызды.
Ішкі топостар құралдығы ретінде сыртқы
топостардың бөліктері
өзара байланысатын қарым-қатынастарды түсіндіреді. Мысалы: «білім
сәттіліктен жоғары», «заң – құқықтық норманың түрі». Дәйек топостардың
күрделі ұйымдасқан жүйесін көрсетеді. Дәйектің пиғылына қойылған
топостардың жүйесі, трек-сызбамен редукцияда өңделінуі мүмкін.
Жағдайды алсақ: «Қазақстан Республикасының барлық азаматтары
заң алдында тең болуы керек, ал заңдардың
өзі құрылыспен және
қоғамның мүддесіне сәйкестілікте құралып-өңделінуі қажет» топостардың
жүйесін қосады: «қоғам-заң», «азамат-қоғам», «азамат-заң», «құрылыс-
мүдделер», «үлкенді-кішілі», «бөлік-тұтастық», «мақсат-құрал». Егер
жағдайды болжамдармен қосып қарасақ, онда бөлімнің тұтастыққа дегені
есебінде азаматтың қоғамға деген қатынастаылығын, ерекше мақсатты
және мүдделі субъект есебінде қоғамның өзі туралы көз-қарасты,
қазіргі
кезде қолданылып жүрген заңның қоғам мақсаты мен мүдделеріне мүлдем
сәйкессіздігін және т.б. қарастыруға тура келеді. Бірақ мұндай жүрістер
потенциалды көрсетілген жағдайларда көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: