Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов



Pdf көрінісі
бет65/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

Жағдаяттылықтың топосы. Осы топос тобының көмегімен сай 
келушілік, айырмашылық, термдердің бір-біріне кезектік тәуелді болуы
және олардың бағалануы бекітіледі. Жағдаяттылықтың топостарына 
теңдестіру, салыстыру, қарама-қайшылықтар, сыйымдылық және аталмыш 
адамға дәйектілік жатады (argumentum ad hominem). 
Теңдестіру (азды-көпті). Теңдестіру кезінде термдер сандық 
жағынан қатынастырылады және жағымды немесе жағымсыз бағалар 
тәуелділігінде азды немесе көпті қасиеттермен белгілердің көрінісіне өзінің 
қызығушылығын білдіреді. 
Салыстыру. Теңдестіру топосына қарағанда салыстыру топосы 
сапалы сәйкестіктер немесе айырмашылықтарды көздейді, осының 
негізінде термдер байланысып және осында таңдау, иерархизация немесе 
келістіру мүмкін болады. 
Қарама-қайшылы. Мұнда термдер әркелкі жағдаймен қарама-
қайшы қойылуы мүмкін, яғни белгілері, сапасы, саны, атауы, қатынасы 
бойынша. Қарама-қайшылықтың топосы дәйектілікте ширақ қолданылады 


107
және оның негізінде әдетте айыру дәйектері құралады. 
 Сыйымсыздық. Бұл топос алдыңғы топостарға қарағанда 
күрделірек болып келеді, өйткені жағдаяттықтың термдері болып 
мазмұндары қарама-қайшы келетін сөзді жариялы айту мен әрекет 
саналады. Сыйымсыздықтың мазмұны таңдау қажеттілігіне, немесе екі 
термдерді аластауға келтіреді. 
Адамға деген дәйек. Адамға деген дәйек полемикалық дәйекте 
ширақ қолданылады және жеке тұлға мен құлықтың бағалануының негізгі 
құралы болып қызмет етеді. 
Мән-жайдың топосы.
Шынайы немесе ықтимал деректің көрінісі және сипаты үшін 
қолданылады.
Риторикалық дәлелдемеде дерек өзімен бірге өзге субъектілер үшін 
маңызды салдарын тартатын анықталған субъекттің іс-әрекеті есебінде 
көрінеді. Деректі іс-әрекет есебінде сипаттау үшін кем дегенде 
грамматикалық сөйлем қажет, олардың мүшелерінің қатынастарын, егер 
оларды формалды-грамматикалық емес, керсінше мағыналық ретінде 
қарастырса, онда ол мән-жайлық топос болып саналады. Ұйғарым топосы 
өзінде мағынасы әзірге мазмұндалып және анықталып жатқан жеке 
термдермен шараларды көрсетеді Мән-жайдың топосы сөз-айтылуында 
термдерді байланыстарын құрастырып және сынға түсіруге мүмкіншілік 
беретін және біркелкі, бөлінбелі, тұтастық есебінде таныстырады. 
Сөйлемде үш маңызды, сәйкесінше субъект, әрекет және нысанды 
білдіретін бастылары ажыратылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет