Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов



Pdf көрінісі
бет62/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

Конвенция – әртүрлі және әркелкі мақсаттар үшін құралады, өзінің 
ұғымында ғылыми немесе заңи дәйектілікте конвенционалды, бірақ бұл 
жерде конвенцияның сипаты шешімнің қолданылуының шарттарымен 
айқындалып және іс-жүргізу нормаларымен шектелген. Сондықтан 
конвенционалды дәйек қашанда әмбебап бола бермейді: әркелкі ғылыми 
салаларда және әртүрлі құқықтық жүйелерде кезінде келісу мен қосылуға 
келтіретін өзінің ережелері мен процедуралары болады. 
Дәйектіліктің 
мазмұнды 
циклі. 
Тыңдарман-дәрісхананы 
нысандауға, дәйектілік конвенцияның бекітілуіне, талқылаудың пәндік 
саласын айқындауға, өндірушілікке, қабылдауға, таратуға және 
шешімдерді пысықтауға келтіретін дәйектіліктің толық өңделуі. Пәндік 
көзқарасқа байланысты дәйектіліктің үш түрі болады: эпидейктикалық 
немесе көріністік, соттаушылық және кеңесушілік. 
Эпидейктикалық дәйектіліктің міндеттеріқағидаттар мен 


104
құндылықтарды бекіту, солардың негізінде мәселелер талқыланады. 
Эпидейктикалық 
дәйектіліктің 
мәнділіктері 
уақыттан 
тыс 
қарастырылады: мұнда нормалар, жалпы ережелер, табиғаттың заңдары 
ауыспалы мән-жайлардан тәуелсіз болып көрінеді. Эпидейктикалық 
дәйектілік аталмыш жалпы орындар немесе топостарды тауып және 
нысандауға мүмкіншілік береді. 
Соттаушы дәйектіліктің міндеттері – анықтау, айқындау және 
деректерді бағалау, сондықтан соттаушы дәйектіліктің өткенмен ісі бар.
Кеңесушілік дәйектіліктің міндеттері – ұсыныстарды талқылап 
және шешімдерді қабылдау, сондықтан да кеңесушілік дәйектіліктің пәні 
– болашақ. 
Дәйектілікті дұрыс құрастыру эридейктикалық, сотаушылық 
және кеңесушілік сөзді жариялы айтудың реттілі өңделу жолдарын 
болжайды. Басында жалпы орындар өңделеді және қабылданады, кейін 
деректер бекітіліп және бағаланады, соңында деректер негізінде 
ұсыныстар алға қойылып немесе талқыланады және шешімдер 
қабылданады. 
Егер де осы ережелер эпидейктикалық дәйектілік бөлігінде 
бұзылатын болса, онда деректер айқындалмаған және даулы болып 
кетеді. Егер деректі материалдар жаман өңделген болса, онда шешімдер 
негізсіз және түйінсіз болады. Егер жаңа ұсыныстар талқыланбаса және 
шешімдер қабылданбаса, қағидаттар мен деректер туралы пікірталастық 
бекер болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет