«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет226/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Шиеленісуі: Ривераға бар жұрттың қарсы болуы
Шарықтау шегі: Дэннидің қулық істері, естілген сыбдыр сөздер
Шешімі: Ривераның әділ жеңісі
« Кейіпкерлері:
Ривера - қара торы өңі оны барынша арық та әлжуаз етіп көрсетті. Бұлшық ет-
тері болса да, қарсыласымен салыстыруға келмейді, кең кеуделі он сегіз жасар
талдырмаш бала, бірақ төзімді.
Дэнни Уорд - аты шулы азулы боксер, жиырма төрт жастағы нағыз ер мүсінді
жігіт, айлакер әрі тәжірибелі, ринг королі.
Роберт - көрермен адам, Ривераға өзінше ақыл айтқыш.
Спайдер Хонерти - Ривераның тоқыма көйлегін шешкен адам.
Росалью Мартинес пен Порфирно Диас - жұмысшыларға қамшы ойнатқан
озбыр генералдар.
Майкл Келли - Дэннидің жеңісіне ақша тіккен адам.
Билл - төреші.
« Маңызды деректер:
Ривера рингке елеусіз көтеріледі. Әр тұстан шашыраңқы сараң ғана созылған
алақандар көрермен қауымның оған деген сенімсіздігін айқын сездіргендей.
Шындығында, бұл қауым үшін Ривера бөрі аузына тасталған жетім лақпен па-
ра-пар еді.
Дэнни өзін ұзақ күтуге мәжбүр ету себебі: қарсыласқа қорқыныш ұялатып, са-
бырын сарқып, жүйкесін құрту.
Ривераны ақасқа итермелеген ұлы күш: елінің аянышты тұрмысы, жанары ыза-
кекке толы бейнесі.
Дэнни Уорд ақша үшін, сол ақшаға негізделген жеңіл өмір үшін айқасып келеді.
Жұмысшыларды Росалью Мартинес пен Порфирно Диастың солдаттары қы-
рып, Вера-Круске жөнелтіп, акулаларға жем қылуда. Ривера ата-анасының пар-
ша-парша мәйіттерін ғана табады. Әсіресе, үйілген өліктер арасында жатқан
анасының басы жанды тілгілейді.
Дэннидің Ривераға ыстық лебіз білдіргендей айтқан сөзі: «Кеудеңнен жаныңды
суырып аламын!»
Айқас басында Ривераның тоқыма көйлегін басынан сыпырған: Спайдер Хо-
нерти
Тілшілердің ту сыртында отырған, әдеттегіден гөрі масаңдау, тілі бұрынғыдан
бетер күрмеле түсіп «Жасқанба, Ривера, есінде болсын, ол сені өлтірмейді» деп
міңгірлеген: Роберт


Бірер минуттан соң, Ривера Дэнниді сол жақ қапталдан қолымен ұрып, мұрттай
ұшырады.
Ривера «екі қолымен де бірдей ұра алады,» - деген Роберт.
2-3-раундта көзге ұратын сәт болмайды.
Қорғаныста Ривера шабуылды сол қолымен қағу әдісін қолданады. Дэнни үшін
бұл қауіпті.
Жетінші раунда Дэнни қатты соққымен Ривераны құлатады, бірақ ол револю-
ция, Мексика үшін берілмейді.
Сегізінші раундта Дэнни соққысын қайталағысы келеді.
Тоғызыншы раундта Ривера оң қолымен соққы жасап Дэнниді тағы құлатады.
Оныншы раундта Ривера бәсекелесін иек астынан екі рет оңдырмай ұрады.
Он бірінші раундта Дэнни сыр бере бастайды.
Он төртінші раундқа дейін сақ болып, күш сақтайды, рұқсатсыз тәсілдер қол-
данса да оған ешкім ешеңе демейді.
Сыбырлап сөйлескендер: Майкл Келли мен Роберт.
Ривера Дэнниді сұлатып түсіргеннен кейін Риверадан жеңілуін сұрап, «Жеңіл,
Ривера, болашағын үшін мені тыңда! Сені байлыққа кенелтемін... келесі жолы
Дэнниді жеңуіңе мүмкіншілік жасаймын. Бүгін сен жеңілуге тиістісің!» деген:
Майкл Келли
Төреші, жанкүйер, көрермен, секундаттар жеңуін қалаған боксшы: Дэнни
Он жетінші раундта Ривера жойқын күшпен иек астынан қатарынан үш рет
ұрып, Дэнниді нокаутқа құлатады.
Зал мұндайды күтпей тым-тырыс болып қалады.
Айқаста жеңіске жеткен боксшы: Мексика ұлы Ривера
« Ұлттық құндылық: Әділдік, намысшылдық, төзімділік, өз ұлтына деген
сүйіспеншілік
« Түсінік+өз ойым: Автор қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті, өмірге деген
құштарлық пен адамгершілік пен құштарлық қасиеттерді сөз етеді.
« Ұқсас шығарма: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет