Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


психотроптық заттармен және прекурсорлармен



бет27/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54

               психотроптық заттармен және прекурсорлармен
               заңсыз айналысу
      1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткiзу мақсатынсыз заңсыз түрде дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау немесе салып жiберу, -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      1-1. Есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды сату мақсатынсыз көп мөлшерде заңсыз иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау –
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      2. 16 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттер, -
      ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Өткiзудi мақсат етпей өзi дайындаған, қайта өңдеген, иемденiп алған, сақтаған, тасымалдаған немесе салып жiберген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе прекурсорларды өз еркiмен тапсырған адам жауаптылықтан босатылады.
      Ескерту. 320-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.12.05 N 506 , 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2008.06.27 N 50-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      321-бап. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен
                прекурсорларды насихаттау және заңсыз
                жарнамалау
       1. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, сол сияқты оларды заңсыз жарнамалау, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енген есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды медицина және фармацевтика қызметкерлерiне арнап мамандандырылмаған баспа басылымдарында жарнамалау, сол сияқты құрамында есiрткi құралдары және психотроптық заттар бар дәрiлiк препараттар үлгiлерiн жарнамалау мақсатында тарату, -
      тиiстi қызмет түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертулер.
      1. Осы бапта есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау деп жеке және заңды тұлғалардың есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу, дайындау тәсiлдерi, әдiстерi туралы және оларды пайдалану, сатып алу орындары туралы мәлiметтердi таратуға, сондай-ақ кiтап өнiмдерiнiң, бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң өндiрiсiне және оны таратуға, аталған мәлiметтердi компьютер желiлерiнде таратуға немесе осы мақсатта да өзге де iс-әрекеттер жасауға бағытталған қызметiн түсiнген жөн.
      2. Осы бапта есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп жеке және заңды тұлғалардың адамның қабылдауы мен түйсiгiне ол сезiне алмайтындай әсер ететiн, оның есiрткi құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға қызығушылығын қалыптастыратын немесе қолдайтын кез келген ақпаратты кез келген құралдар көмегiмен кез келген нысанда тарату және орналастыру жөнiндегi қызметiн түсiнген жөн.
      Ескерту. 321-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      322-бап. Заңсыз медициналық және (немесе)
               фармацевтикалық қызмет
      1. Қызметтiң осы түрiне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi бизнес субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында оны ақылы негiзде көрсету, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi бизнес субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау, -
      жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпыстан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң алты жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Жаппай емшілік сеанстарын (екі немесе одан да көп адам) өткізу, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы өткізу –
      жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрiлiк заттар тағайындауға уәкiлеттi медицина қызметкерлерiнiң сыйақы алу мақсатымен дәрiлiк заттар жарнамасына қатысуы, медицина қызметкерлерiнiң дәрiлiк заттарды жұмыс орнында сатуы, сондай-ақ белгiлi бiр дәрiхана ұйымдарына немесе өзге де ұйымдарға жiберу және олармен ынтымақтастықтың басқа да нысандары, -
      жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 322-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.16 N 186-IV, 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       323-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
                салауаттылығы саласындағы заңнаманы, сондай-ақ
                гигиеналық нормативтердi бұзу
       1. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда және абайсыздықтан жаппай ауруға немесе адамдардың улануына, немесе адам өлiмiне әкеп соқтырмаған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтiруi мүмкiн iс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      қызметiн тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға - екi жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 323-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      324-бап. Фармацевтикалық қызмет ережелерiн бұзу
      1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тiркеу және қайта тiркеу, өндiру және сапасын бақылау, сынау (зерттеу), сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, өткiзу, қолдану, қамтамасыз ету, жою, жарнамалау ережелерiн бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соқпаса, -
      фармацевтикалық қызметiн тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға жетпiс, лауазымды адамдар мен дара кәсiпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       2. Тiркелмеген, жалған, қолдануға рұқсат етiлмеген дәрiлiк  заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу, жарнамалау, егер бұлар адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соқпаса, -
      қызметiн тоқтата тұрып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын дәрілік және оларға теңестірілген заттар, емдеу-профилактикалық тағам өнімдері мен азықтық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүз, лауазымды адамдар мен дара кәсiпкерлерге - жүз елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың бес жүз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан iс-әрекеттер, егер оларда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, емдеу-профилактикалық тағам өнімдері мен азықтық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - екi жүз, лауазымды адамдар мен дара кәсiпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ олардың қызметiне тыйым салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 324-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.16. N 186-IV Заңдарымен.
      324-1-бап. Заңсыз медициналық қызмет және есiрткi
                  құралдарын немесе психотроптық заттарды алуға
                  құқық беретiн рецептердi немесе өзге де
                  құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау
      Медициналық немесе фармацевтикалық қызметке сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның қызметтiң осы түрiмен айналысуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, –
      айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 21-тарау 324-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      324-2-бап. Есірткі құралдары, психотроптық заттар,
                  прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер
                  мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу
                  талаптарын бұзу
      1. Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу –
      заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) –
      заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 21-тарау 324-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      325-бап. Денсаулық сақтау саласындағы дәйексіз жарнама
      Медициналық қызметтер көрсетудің, профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарының жарнамасын, сондай-ақ тағамға биологиялық активті қоспаларды мемлекеттік тіркеусіз олардың жарнамасын тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ жарнама берушінің таратуы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 325-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.07.16 N 186-IV, 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       326-бап. Қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын
               жұқтырғандармен, ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен,
               туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болып
               жүрген, сондай-ақ дәрiгердiң тағайындауынсыз
               есiрткi құралдарын немесе психотроптық
               заттарды пайдаланушы адамдардың медициналық
               тексеруден және емделуден жалтаруы
      1. Денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша түрде жасаған ескертуiнен кейiн де қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандармен, ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болуды жалғастырып жүрген адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Маскүнемдiкпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған не дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды пайдаланып жүргенi туралы жеткiлiктi деректер бар адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 326-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
       327-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен
               ауыратын адамдардың емделуден жалтаруы
      1. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн аурулармен ауыратын адамдардың, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша жасаған ескертуiнен кейiн де олармен қатынаста болып жүрген және профилактикалық емдеудi қажет ететiн адамдардың дәрi-дәрмек құралдарын қабылдаудан бас тартуы және емделуден өзге де жалтаруы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың, айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн аурулармен ауыратын кәмелетке толмаған балаларын емдетуден жалтаруы, -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 327-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
       328-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн
              аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру
              көзiн және өздерiмен қатынаста болған
              адамдарды жасыруы
      Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн және осы ауруларды басқа адамдарға жұқтыру қаупiн туғызатын өздерiмен қатынаста болған адамдарды жасыруы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      328-1-бап. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң медициналық
                 қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын
                 алу кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен
                 ақпараттар ұсынуы
      1. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң медициналық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен ақпараттар, оның iшiнде құжаттарды бұрмалау жолымен табыс етуi, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi, лауазымды тұлғаларға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      328-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      328-2-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің уәкілетті
                  органдарды хабардар ету жөніндегі міндетті
                  бұзуы
      1. Денсаулық сақтау субъектілерінің инфекциялық аурулар, уланулар, айналадағыларға қауiп төндiретiн психиканың және мiнез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органды, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының пайда болу қатерi және (немесе) пайда болуы туралы - төтенше жағдайлар жөнiндегi органдарды, жаңа алған жарақаттар, жараланулар, криминалдық түсiктер бойынша келiп көрiнген адамдар туралы, айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулардың жағдайлары туралы iшкi iстер органдарын хабардар ету жөніндегі міндетті бұзуы –
      жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде, лауазымды адамдарға – айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекет (әрекетсіздік) –
      жеке тұлғаларға – сертификатынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерінде, лауазымды адамдарға – лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерінде, заңды тұлғаларға – лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 328-2-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 127-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      329-бап. <*>
      Ескерту. 329-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
  22-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТIПКЕ ЖӘНЕ ИМАНДЫЛЫҚҚА ҚОЛ СҰҒАТЫН
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
      330-бап. Ұсақ бұзақылық
      1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза  қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес өздеріне қатысты әкімшілік қамауға алу қолданылмайтын адамдар жасаған іс-әрекеттер –
      айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 330-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
       330-1-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
                  адамның заңды талабына бағынбау
 
       1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау, -
      айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), -
      айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 330-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      331-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық
      Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, -
      ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 331-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.10. N 176-IV Заңымен.
      332-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан ату,
               пиротехникалық қондырғыларды жару
      1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда жеке тұлғалардың тыныштығын әрi белгiленген тәртiптi бұзатын атыс қаруы мен газды қарудан, сондай-ақ қолдан жасалған немесе соған бейiмделiп жасалған қарудан ату, -
      қаруды тәркiлеп немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда жеке тұлғалардың тыныштығы мен белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық қондырғыларды жару, -
      пиротехникалық құралдар мен қондырғыларды тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
      пиротехникалық құралдарын тәркiлей отырып, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға не айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстiң 333-бабында көзделген құқық бұзушылық үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам жасаған iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе оннан он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 332-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      333-бап. Тыныштықты бұзу
      1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - екі, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған осындай iс-әрекет -
      жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 333-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
       334-бап. Арнайы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру
      1. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не аварияларды, өрттердi, табиғи апат зардаптарын жою кезеңiнде жасалған iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, -
      ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 334-бап өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2008.05.26 N 34 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
       334-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет