Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет48/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54

               тексеру
      1. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдарын не нысанасын табу мақсатында жүргiзiледi.
      2. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексерудi, яғни құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi екi куәгердiң қатысуымен уәкiлдiк берiлген осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.
      Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиісті қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмағанда) көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді тексеру, яғни құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеу куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін айғақтап көрсететін техникалық құралдар қолданыла отырып жүргізілуі мүмкін.
      3. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру оларды иеленушi адамдардың не оның өкiлiнiң немесе заңды негiзде көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жүргiзетiн адамның қатысуымен жүргiзiледi. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, оларға аталған адамдардың қатысуынсыз-ақ тексеру жүргiзiлуi мүмкiн.
      4. Қажет болған жағдайларда көлiк құралдары мен шағын көлемдi кемелердi тексеру кезiнде анықталған заттарды көрсету мақсатында фотоға, киноға түсiрiлiп, бейнежазба жасалады.
      5. Көлiк құралдарын, шағын көлемді кемелердi тексеру туралы хаттама жасалады. Бұл хаттаманың көшiрмесi тексерiлген көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi иеленушi адамға не оның өкiлiне немесе заңды негiзде көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзетiн адамға тапсырылады.
      6. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, тексерiлген көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi иеленушi адамның жеке басы туралы мәлiметтер, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң тұрпаты, маркасы, үлгiсi, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      7. Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазба, құжаттарды көрсетудiң белгiленген өзге де әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазба, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң белгiленген өзге де құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
      8. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi не оның өкiлi қол қояды. Өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi, оның өкiлi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
      Ескерту. 627-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       627-1-бап. Тексеру
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың iздерiн, өзге де материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiктерi шегiнде сол жердi, заттарды, құжаттарды, тiрi адамдарды тексеруге құқылы.
      Ескерту. 627-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09. N 10 Заңымен.
       627-2-бап. Тексеру жүргiзудiң жалпы ережелерi
       1. Тексеру, әдетте, қажеттiлiк туындаған жағдайда дереу жүргiзiледi . Тексеру жүргiзiлгенi туралы хаттама толтырылады. Хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегi, аты-жөнi, тексерiлген адам, заттардың түрi, саны, өзге де ұқсас белгiлерi туралы, соның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлердiң, арнайы жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      Тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, тексерiлген адам, тексерiлген заттардың иесi, куәгерлер қол қояды. Тексеруге жатқызылған адам, тексерiлген заттар иесi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиiстi жазба жасалады.
      2. Тiрi адамдарды тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында аталған лауазымды адамдар жүргiзедi. Тiрi адамдарды тексерудi тексерiлушiмен жынысы бiрдей адам және жынысы осындай екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.
      Тiрi адамның заттарын тексерудi, яғни олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында аталған, оған уәкiлеттi лауазымды адамдар осы заттарды меншiктенушi немесе иеленушi адамның қатысуымен және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.
      Тiрi адамда айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге заттар бар деуге негiз болған ерекше жағдайларда оның жеке басын тексеру, заттарын тексеру бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарланып, куәгерлерсiз жүргізілуі мүмкiн.
      3. Осы баптың 2-бөлiгiнде көрсетiлгендердi қоспағанда, орындарды, заттарды, құжаттарды тексеру, куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiледi. Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиiстi байланыс құралдары болмаған кезде немесе басқа объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмағанда) тексеру куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн айғақтап көрсететiн техникалық құралдар қолданыла отырып жүргiзiледi.
      4. Қажет болған жағдайда тексеру құқық бұзушының, жәбірленушiнiң, куәлердiң, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзiледi.
      5. Табылған iздер мен өзге де материалдық объектiлердi тексеру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырылады. Егер тексеру үшiн қосымша уақыт қажет болса немесе табылған затты сол жерде тексеруге елеулi қиындықтар туындайтын болса, объектiлер алып қойылуы және буып-түйiлген, мөр басылған күйiнде, зақым келтiрiлмей, тексеруге қолайлы жерге жеткiзiлуi мүмкiн.
      6. Тексеру кезiнде барлық табылған және алып қойылған заттар куәгерлерге, басқа да тексеруге қатысушыларға көрсетiлуге тиiс, ол жөнiнде хаттамаға белгi қойылады.
      7. Іске қатысы бар объектiлер ғана алып қойылуға тиiс. Алып қойылған объектiлер буып-түйiлiп, мөр басылады және уәкiлеттi лауазымды адам мен куәгерлердiң қол қоюы арқылы расталады.
      8. Тексеруге қатысушы адамдар олардың пiкiрiнше iстiң мән-жайын анықтауға септiгiн тигiзуi мүмкiн дегеннiң бәрiне уәкiлеттi лауазымды адамның назарын аударуға құқылы.
      9. Қажет болған жағдайларда тексеру кезiнде тексерiлетiн объектiлер өлшенедi, олардың жоспарлары мен сызбалары жасалады, сондай-ақ суретке түсiрiледi және өзге де құралдармен түсiрiлiп алынады, ол туралы хаттамаға белгi жасалып, оған аталған материалдар қоса тiркеледi.
      10. Тексеру хаттамасының көшірмесі өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамға не оның өкіліне тапсырылады.
      Ескерту. 627-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       628-бап. Жеке адамның қолындағы заттар мен құжаттарды
               алып қою
      1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 618-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған құқық бұзушылық құралы не нысанасы болып табылатын құжаттар мен заттарды алып қоюды iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға уәкiлеттi лауазымды адамдар екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырады.
      Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиісті қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмағанда) құқық бұзушылық жасалған орында табылған құқық бұзушылық құралдары болатын не осы Кодекстің 618-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану кезінде құжаттар мен заттарды алып қою куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін айғақтап көрсететін техникалық құралдар қолданыла отырып жүргізілуі мүмкін.
      2. Заттар мен құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалып, оның көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға немесе оның өкiлiне тапсырылады не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
      3. Құжаттар мен заттарды алып қою туралы хаттамада (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып қойылған құжаттардың түрi мен реквизиттерi, алып қойылған заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде алып қойылған қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, оқ-дәрiлердiң саны мен түрi, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнаулы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер болады.
      4. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзiнен тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
      5. Алып қойылған заттар мен құжаттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн алып қоюды жүргiзген лауазымды адам белгiлейтiн орындарда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган
белгiлейтiн тәртiппен сақталады.
      6. Алып қойылған атыс қаруы мен өзге де қару, сондай-ақ оқ-дәрiлер, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлейтiн тәртiппен сақталады.
      7. Iс қаралғаннан кейiн шығарылған қаулыға сәйкес алып қойылған құжаттар мен заттар олардың иесiне қайтарылады немесе тәркiленедi, немесе сатылады, немесе сақталады, немесе белгiленген тәртiппен жойылады.
      Жол жүрісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша алып қойылған құжаттар іс бойынша қабылданған қаулы орындалғанға дейін сақталады.
      7-1. Жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулы бойынша алып қойылған жүргізуші куәлігі немесе көлік құралын жүргізуге құқық беретін жүргізуші куәлігінің орнына берілген куәлік, иесі жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырған жағдайда жүргізушіге қайтарылады.
      Жүргізуші емтиханға жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтихан тапсырмаған жағдайда, қаулы шығарған лауазымды адам Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында көзделген шараларды қолданады.
      Алып қойылған жүргізуші куәлігінің орнына жүргізушіге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша уақытша куәлік беріледі.
      8. Алып қойылған орден, медаль, Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның және басқа да мемлекеттердiң құрметтi атағының омырауға тағатын белгiсi олардың заңды иесiне қайтарылады, ал егер ол белгiсiз болса, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жiберiледi.
      Ескерту. 628-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.12.05 N 506 , 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      629-бап. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi
                кеменi жүргiзуден шеттету және мас күйiн
                куәландыру
      Ескерту. 629-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi жүргiзетiн жүргiзушi, кеме жүргiзушi, ол мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер болса, көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетiлiп, мас күйiн куәландыруға жатады.
      2. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетудi, мас күйiн куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi, тиiсiнше, жол полициясы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және көлiк бақылау органдарының көлiк құралын жүргiзушi адам құқық бұзушылық жасаған жағдайда - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары жүргiзедi.
      Жол полициясының лауазымды адамдарымен қатар мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер бар жүргiзушiнi көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге полицияның учаскелiк инспекторларының, одан басқа бұл жағдайда тәртiп бұзушылық фактiсiн құжатпен бекiтуге және жүргiзушi мен көлiк құралын таяу жердегi iшкi iстер органына жеткiзу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi iшкi iстер органдарының басқа да қызметкерлерiнiң құқығы бар.
      3. Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда ол медициналық куәландыруға медициналық мекемеге жiберiледi.
      4. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету туралы, мас күйiн куәландыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға белгi жасалады.
      5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткiзу үшiн көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетiлген күнi, уақыты, орны, негiздерi көрсетiледi. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.
      6. алып тасталды - 2006.01.20. N 123 Заңымен
      7. Мас күйiн куәландыру актiсi тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
      Ескерту. 629-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.12.05 N 506, 2006.01.20 N 123 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізілді); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      630-бап. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi
                кеменi ұстау, жеткiзу және пайдалануға тыйым
                салу
      Ескерту. 630-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Осы Кодекстің 283-285, 287, 289, 297, 298, 298-1, 302-306, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 451, 453, 457, 460, 461 (екінші, үшінші және 3-1-бөліктерінде), 463 (екiншi, үшiншi, 3-1, 3-2 және 3-3-бөлiктерiнде), 463-4 (үшінші – алтыншы бөліктерінде), 467, 470 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші бөліктерінде), 471 (бірінші, үшінші – он бірінші бөліктерінде), 514 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде)-баптарында аталған бұзушылықтар жасалған кезде, осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам көлік құралдарын, кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемені уақытша сақтау үшін оларды арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көліктік бақылау бекетіне іргелес жатқан алаңдарға, оның ішінде басқа көлік құралын (эвакуаторды), кемені немесе шағын көлемді кемені пайдалана отырып жеткізу арқылы ұстау себептері жойылғанға дейін ұстауға, жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы;
      осы Кодекстің 461 (бірінші, төртінші - сегізінші бөліктерінде), 463-4 (бірінші және екінші бөліктерінде), 468, 469-баптарында аталған бұзушылықтар жасалған кезде, осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам көлік құралын пайдалануға тыйым салу себептері жойылғанға дейін мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін алып қою арқылы көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға құқылы.
      осы Кодекстің 447-2, 447-4, 463 (екінші, үшінші және 3-1-бөліктерінде)-баптарында көрсетілген құқық бұзушылықтар жасалған кезде, осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам шетелдіктерге немесе шетелдік заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын, оларды уақытша сақтау үшін арнайы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көліктік бақылау бекетіне іргелес жатқан алаңдарға жеткізу арқылы, оның ішінде басқа көлік құралын (эвакуаторды) пайдалана отырып жеткізу арқылы әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалғанға дейін ұстауға, жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы.
      Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көліктік бақылау бекетіне іргелес жатқан алаңдарға жеткiзу (эвакуациялау) көлiк құралдарын жүргiзушiлер тоқтау немесе тоқтап тұру ережелерiн бұзған және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкiн.
      2. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi ұстауды, жеткiзудi және пайдалануға тыйым салуды жол полициясының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралын жүргiзушi адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда әскери автомобиль полициясының, өз өкiлеттiктерi шегiнде көлiк бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарды бұзған кезде) лауазымды адамдары жүргiзедi.
      3. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу туралы белгіленген нысандағы акт жасалып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi.
      Пайдалануға тыйым салынатын ақауы бар немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе мемлекеттiк немесе міндетті техникалық тексеруден өтпеген, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiлерi жоқ не жасырын, қолдан жасалған немесе ұлттық стандартқа сай емес нөмiрлiк белгiлерi бар көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi пайдалануға тыйым салынады.
      4. Ұсталған көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi сақтау жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын және коммуналдық меншiк болып табылатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 630-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.03 N 428 , 2003.07.03 N 464 , 2003.12.05 N 506 , 2004.12.09 N 10 , 2005.10.21 N 80 , 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      631-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды,
               тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi
               құжаттарды тексеру
      1. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексерудi осы Кодекстiң 636-бабына сәйкес заңды тұлғалардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы хаттамалар жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар жүргiзедi.
      2. Тексеру заңды тұлға өкiлiнiң және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзiледi.
      3. Тексеру жүргiзiлгенi туралы хаттама жасалады. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.
      4. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөнi, тиiстi заңды тұлға туралы, сондай-ақ оның өкiлiнің не өзге қызметкерiнің жеке басы туралы мәлiметтер, тексерiлген аумақтар мен үй-жайлар, тауарлар мен басқа да заттардың түрлерi, саны, өзге де сәйкестік белгiлерi, құжаттардың түрлерi мен деректемелері туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      5. Тексеру хаттамасында оны жүргiзу барысында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазбалар, құжаттарды көрсетудiң өзге де белгiленген әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото-, кино түсiрiлiмдерiнiң, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолдану нәтижесiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
      6. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, оның өкiлi не кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда заңды тұлғаның өзге қызметкерi, сондай-ақ куәгерлер қол қояды. Аталған заңды тұлғаның өкiлi немесе өзге қызметкерi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда онда тиiстi жазба жасалады.
      Ескерту. 631-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      632-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi
               алып қою
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарға, үй-жайларға, көлiк құралдарына, тауарларға, өзге де мүлiкке тексеру жүргiзу кезiнде табылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi, заттарды алып қоюды осы Кодекстiң 620-бабында аталған лауазымды адамдар, сондай-ақ осы Кодекстің 177-3, 177-4, 177-5, 317-1-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар уәкілетті лауазымды адамдар жүзеге асырады. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi алып қоюды, сондай-ақ оларды сақтауды ресiмдеу осы Кодекстiң 628-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 632-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
      632-1-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк
                 құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу
      1. Заңды тұлғаға тиесілі әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары не нысанасы болған тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы, оларға билік етуге (ал қажет болған жағдайларда пайдалануға да) тыйым салынғаны туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкiлiне хабарлана отырып, аталған тауарлардың, көлiк құралдарының және өзге де мүлiктiң тiзiмдемесi болып табылады және, егер осы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi алып қою мүмкiн болмаған және (немесе) олардың сақталуын алып қоймай қамтамасыз ету мүмкiн болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк тыйым салған лауазымды адам тағайындаған басқа да адамдардың жауапкершілікпен сақтауына берiлуi мүмкiн.
      2. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салуды, тауар, көлік құралы және өзге де мүлік иесi мен екі куәгердiң қатысуымен осы Кодекстiң 620-бабында, 636-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады.
      Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу олардың иесiнiң қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.
      3. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылады.
      4. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттама жасалады. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және иелiгiнде тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлкi бар адам туралы мәлiметтер, олардың тiзiмдемесi және бiрдейлендiру белгiлерi көрсетiледi, сондай-ақ фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданып тыйым салуды жүзеге асыру кезiнде алынған материалдар хаттамаға қоса тiркеледi.
      5. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк қажет болған жағдайларда буып-түйiледi және (немесе) оларға сүргiш салынады.
      6. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.
      7. Заңды тұлғаға тиесiлi тыйым салынған тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның не тыйым салынған мүлiктi сақтауды жүзеге асыратын адамның иелiктен айыруы немесе жасырып қалуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 632-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506, өзгеріс енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      633-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет