iс қозғауы
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Прокурор осы Кодекстiң 80-87, 89-110-1, 111-2, 111-3, 151, 158-5, 334-1, 342-344, 346-352, 353, 356-1, 356-2, 357-3, 366, 375, 381-1, 388-1, 513, 516-1, 521-1, 531, 537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығарады.
2. Прокурор өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға құқылы.
3. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiндегi қаулысында осы Кодекстiң 635-бабында көзделген мәлiметтер болуы тиiс.
Ескерту. 637-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346, 2003.03.13 N 394 , 2003.12.05 N 506 , 2004.07.09 N 583 , 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.21 N 308 , 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 111-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 126-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
638-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
жасау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалу фактiсi анықталғаннан кейiн дереу, «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметті жүзеге асыру кезiнде – тергеу немесе тексеру нәтижелерi бойынша тиiстi шешiм қабылданғаннан кейiн, салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша – тиiстi тексеру аяқталғаннан кейiн, ал осы Кодекстің 710-1-бабында айқындалған тәртіппен айыппұл төленбеген жағдайда осы Кодекстің осы бабында белгіленген мерзім өткеннен кейін жасалады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлға жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген деректер анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, ал осы Кодекстiң 168, 168-6, 168-7, 169-баптарында, 172-2-бабының (бірінші және екінші бөліктерінде), 179-бабының (үшінші және төртінші бөліктерінде), 180, 182, 187, 188, 357-2 (бірінші бөлігі), 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 447-5, 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылық болып табылған кезде, екінші және үшінші, 3-1, 3-2 және 3-3-бөліктерінде) және 467-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам табылған кезден бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.
3. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.
3-1. 240 (бiрiншi бөлiгiнде), 250 (бiрiншi бөлiгiнде), 261, 265, 304 (екiншi бөлiгiнде)-баптарда көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерiн белгiлеу талап етiлген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерi белгiленген кезден бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке адамның анықталмауына байланысты атқарылмауы мүмкiн жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы материалдар бойынша дәлелдеме ретiнде сертификатталған, арнайы техникалық бақылау-өлшем құралдарының және аспаптарының деректерi пайдаланылған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушы болмағанда да жасалуы мүмкiн.
Ескерту. 638-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.12 N 240 , 2004.12.09 N 10 , 2006.01.20 N 123 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізілді), 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.01.09 N 213 , 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
639-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
жасалмайтын жағдайлар
1. Ескерту немесе айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде, егер айыппұл бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаса және тұлға (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлға) құқық бұзушылық жасау фактiсiн мойындаса және осы баптың 1-1, 1-2 және екінші бөлiктерінде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi. Айыппұл түрiнде жаза қолданылған кезде қатаң қаржылық есептiлiк құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi квитанция берудi соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам ескертудiң немесе төлем құжатының екiншi данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзiнiң келiсетiнiн растайды.
1-1. Осы Кодекстің 539-бабының үшінші бөлігінде, 639-бабының үшінші бөлігінде аталған жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігі саласында және автомобиль көлігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.
Айыппұл түріндегі жазаны оған уәкілетті лауазымды адам осы Кодекстің 710-бабында белгіленген тәртіппен қолданады және төлете алады.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, айыппұл арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралының немесе аспабының көрсетулері қоса беріліп, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде рәсімделеді, бұл туралы көлік құралының меншік иесі (иесі) тиісінше хабардар етіледі.
1-2. Салық қызметінің органдары олар бойынша істерді қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде, егер тұлға (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлға) әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса және қолданылған жазаға келiссе, сондай-ақ осы Кодекстің 710-1-бабына сәйкес айыппұл төлесе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.
2. Жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арыз жазған жағдайда осы Кодекстiң 80-113-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай-ақ қарайды. Хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу прокурор қаулысымен қозғалған жағдайларда да және судья (сот) тікелей сот талқылауы барысында осы Кодекстің 541-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтаған кезде жасалмайды.
3. Егер адам осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде белгіленген тәртіппен қолданылатын жазаға дау айтса не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жерде айыппұл төлеуге мүмкіндігі болмаса, осы Кодекстің 618-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қолданыла отырып, осы Кодекстің 635-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
Ескерту. 639-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізілді), 2007.06.29 N 270 , 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
640-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау
үшiн жiберу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлдiк берiлген судьяға, органға (лауазымды адамға) жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде жiберiледi.
2. Жасағаны үшiн жауаптылығы әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн дереу судьяға жiберiледi.
3. Хаттаманы құқығы жоқ адам жасаған, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген жағдайларда, сондай-ақ осы Кодекстiң 646-бабының 4) тармақшасында көзделген өзге де жағдайларда хаттаманың және басқа материалдардың кемшiлiктерi оларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) алған күннен бастап үш тәулiктен аспайтын мерзiмде жойылады. Түзетiлген хаттама және iстiң басқа материалдары оларға енгiзiлген өзгерiстерiмен қоса әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) кемшiлiктерi жойылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қайта жiберiледi.
Ескерту. 640-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.
641-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi
iстi қарауға бергенге дейiн қысқарту
Осы Кодекстiң 580, 581-баптарында көзделген мән-жайлардың тым болмаса бiреуi болған жағдайда iстi жүргiзiп жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қысқарту жөнiнде қаулы шығарады.
38-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕРДI ҚАРАУ
642-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi
қарайтын орын
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын лауазымды адамның (уәкілетті мемлекеттік органның) орналасқан жері бойынша қаралады.
2. Осы Кодекстiң 246, 247, 447, 447-1, 447-3, 461-487-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, соның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 295, 296, 298, 298-1, 335 және 336-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер олар жасалған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралуы мүмкiн.
4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе ата-аналарын ауыстыратын адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
Ескерту. 642-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
643-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарауға әзiрлеу
1. Судья, алқалы орган мүшесi, лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу кезiнде мына мәселелердi:
1) бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жататынын;
2) бұл iстi судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлардың болуын;
3) осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ iстiң өзге де материалдарының дұрыс ресiмделгенiн;
4) iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың, сондай-ақ адамды әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлардың болуын;
5) өтiнiштердiң және бас тартудың болуын;
6) осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдарға iс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланғанын анықтайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігі 1), 3) және 6) тармақшаларының талаптары осы Кодекстің 541-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қаралған сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерге қолданылмайды.
Ескерту. 643-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.29. N 270 Заңымен.
644-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды
адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi
қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлар
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарауға берiлген судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам, егер ол адам:
1) жауаптылыққа тартылып отырған адамның немесе жәбiрленушiнiң, олардың өкiлдерiнiң, қорғаушының туысы болса;
2) iстiң шешiлуiне жеке басы, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса, бұл iстi қарай алмайды.
Ескерту. 644-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
645-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды
адамның өздiгiнен бас тартуы және олардан
бас тарту
1. Осы Кодекстiң 644-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам өзiнiң бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.
2. Осы Кодекстiң 644-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор судьядан, алқалы органның мүшесiнен, лауазымды адамнан бас тартатындығын мәлiмдеуге құқылы.
3. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеме тиiстi соттың төрағасына, алқалы органның басшысына, жоғары тұрған лауазымды адамға берiледi.
4. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеменi соттың төрағасы, алқалы орган, жоғары тұрған лауазымды адам ол түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарайды.
5. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша мәлiмдеменi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
Ескерту. 644-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
646-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi
қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган
(лауазымды адам) қабылдайтын шешiм
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган (лауазымды адам) мынадай шешiм қабылдайды:
1) iстi қарайтын уақыт пен орын тағайындау туралы;
2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды сұрап алдыру туралы. Қажет болған жағдайда судья сараптама тағайындауға да құқылы;
3) iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы;
4) құқығы жоқ адамдар хаттама жасаған және iстiң басқа материалдарын ресiмдеген, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген не тапсырылған материалдар толық болмаған, iстi қарау кезiнде оны толықтыру мүмкiн емес жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) керi қайтару туралы;
5) егер бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жатпаса не судьядан, лауазымды адамнан бас тарту туралы ұйғарым шығарылса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын ведомстволық бағыныстылық бойынша қарауға беру туралы;
6) осы Кодекстiң 642-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы;
7) осы Кодекстiң 580-581-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде iс жүргiзудi қысқарту туралы.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1)-6) тармақшаларында көзделген шешiмдер ұйғарым түрiнде шығарылады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 7) тармақшасында көзделген шешiм қаулы түрiнде шығарылады.
3-1. Судья, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) іс жүргізуде бір адамға қатысты қозғалған екі немесе одан да көп істер барын анықтай отырып, осы істерді бірге қарау үшін бір іске біріктіруге құқылы.
4. Осы Кодекстiң 584-бабының төртiншi бөлiгiнде, 586-бабының алтыншы бөлiгiнде және 594-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жауаптылыққа тартылып отырған адамның, оның өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмей қалуына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға әзiрлеу кезiнде iстi қарайтын судья, орган (лауазымды адам) аталған адамдарды алып келу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
Ескерту. 646-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
647-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер iстi қарауға құқықты судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын алған күннен бастап он бес күн мерзiмде қаралады.
1-1. Сот талқылауы барысында анықталған процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы істі судья (сот) соттың бірінші, апелляциялық немесе қадағалау инстанциясындағы тікелей осы отырысында қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiштер түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстiң қаралу мерзiмiн iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол бiр айдан аспайтын, ал, салық мiндеттемесiн орындауға байланысты iстер бойынша, шағым беру мерзiмiнiң кезеңiне ұзартуы мүмкiн.
3. Жасалуы әкiмшiлiк қамауға, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкелiп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен iстiң басқа материалдары алынған күнi, ал әкiмшiлiк ұстауға ұшыраған адам жөнiнде - ол ұсталған кезден бастап қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей қаралады.
Ескерту. 647-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.06.29. N 270 Заңдарымен.
648-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарау тәртiбi
1. Алқалы орган отырысында төрағалық етушi судья немесе лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiскенде:
1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс қаралғалы жатқанын, кiм және осы Кодекстiң қай бабы негiзiнде жауапқа тартылып отырғанын хабарлайды;
2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылып отырған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысатын өзге де адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) iс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке тұлғаның заңды өкілдерінің немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының өкiлеттiктерiн тексереді;
4) iс жүргiзуге қатысушылардың келмей қалу себептерiн анықтайды және аталған адамдар жоқта iс қарау туралы не iс қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
5) қажет болған жағдайларда iс қарау кезiнде қатысуы мiндеттi адамды алып келу туралы ұйғарым шығарады, аудармашы тағайындайды;
6) iс қарауға қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
7) мәлiмделген бас тартуларды және өтiнiш жасауларды шешедi;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған жағдайда - өзге де материалдарды оқып бередi;
9) iс қарауды кейiнге қалдыру туралы: егер iс қараушы судьяның не лауазымды адамның, сондай-ақ алқалы орган мүшесiнiң өздiгiнен бас тартуы немесе одан бас тарту iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, бас тарту мәлiмделуiне; егер қорғаушыдан, уәкiлеттi өкiлден, сарапшыдан немесе аудармашыдан бас тарту iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, аталған бас тартуға; iстi қарауға қатысушы адамдардың келуi немесе iс бойынша қосымша материалдар сұрап алу қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ осы Кодекстiң 56-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда ұйғарым шығарады. Қажет болған жағдайда судья (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады;
10) осы Кодекстiң 646-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.
1-1. Төрағалық етуші тікелей сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтап, факті туралы жариялай отырып, осы баптың бірінші бөлігі 2), 4), 8) және 10) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, кінәлі адамға осы Кодекстің 513-бабында көзделген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.
Процеске қатысушы адамның тарапынан тікелей сот талқылауы барысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтау осы сот отырысының хаттамасында тіркеледі.
2. Алқалы органның отырысында төрағалық етушi судья немесе лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiсiп, iс бойынша өздерiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлға немесе заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысатын басқа адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды.
3. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да iс жүргiзу iс-әрекеттерi жүзеге асырылады.
Ескерту. 648-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.03.02. N 131, 2007.06.29. N 270, 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
649-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау
кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар
Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанын, осы адамның соны жасауға кiнәлiлiгiн, оның ол әкiмшiлiк жауаптылыққа жататынын, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлардың болуын, мүлiктiк залал келтiрiлгенiн анықтауға, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға мiндеттi.
650-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау
нәтижелерi бойынша шешiмдердiң түрлерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап, судья, орган (лауазымды адам) мына қаулылардың бiрiн шығарады:
1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;
2) iс жүргiзудi қысқарту туралы;
3) iстi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауына беру туралы, сондай-ақ осы Кодекстiң 642-бабында көзделген жағдайларда iстi көлiк құралы (кеме, соның iшiнде шағын көлемдi кеме) есепте тұрған жер бойынша қарауға беру туралы;
4) (алып тасталды - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен).
1-1. Көлік құралын жүргізушіні жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтиханды тапсыруға жіберген кезде жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілген адамға беріледі.
1-2. Өзіне қатысты іс қаралған адамның іс-әрекеттерінде осы Кодекстің басқа бабында немесе 2-бөлімі ерекше бөлімінің бабының бөлігінде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, сот құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкiмшiлiк жаза көздейтiн бабына немесе бабының бөлігіне өзгертуге құқылы.
2. Iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы:
1) осы Кодекстiң 580-бабында көзделген iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болған;
2) осы Кодекстiң 581-бабында көзделген әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар болған;
3) осы Кодекстiң 35-бабына сәйкес адамды тәртiптiк жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн iс материалдарын тиiстi органдарға беретiн жағдайларда шығарылады.
Ескерту. 650-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
651-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
Достарыңызбен бөлісу: |