Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


қамтамасыз ету шараларына шағым беру



бет49/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54

               қамтамасыз ету шараларына шағым беру
      1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адам аталған шаралар қолданылғаннан бастап он күн iшiнде жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым бере алады.
      2. Өзiне қатысты iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi тиiстi хаттамалар мен өзге де материалдардың көшiрмелерi жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң талабы бойынша оған дереу тапсырылады.
      3. Шағым жазбаша нысанда берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс.
      4. Шағым қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым қабылданады.
      5. Жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға шағым беру аталған шараларды қолдануға сотқа қайталап шағым беру үшiн кедергi болмайды.
      6. Ұйғарымның көшiрмесi жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне дереу тапсырылады, ал бұл адамдар болмаған жағдайда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап бір тәулiк iшiнде жiберiледi.
      7. Лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiнен келтiрiлген зиянның заңдарда белгiленген ережелерге сәйкес орны толтырылуға тиiс.
      Ескерту. 633-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
37-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IС ҚОЗҒАУ
      634-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаудың
               дәлелдерi мен негiздемесi
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:
      1) уәкiлеттi лауазымды адамның осы баптың 2-1-бөлігінің ережелерін ескере отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы;
      2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;
      3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
      4) сертификатталған, арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының, сондай-ақ сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен автоматты режимде жұмыс істейтін және жолдағы жағдайды фото-, бейнетүсірілім арқылы көлік құралы қозғалысының жылдамдығы мен бағытын, жол жүрісіне басқа да қатысушылардың іс-қимылдарын айқындау арқылы автомобиль көлігі және жол жүрісі қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалуын тіркейтін бақылау аспаптарының көрсеткіштері себеп болып табылады.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiздеме болады.
      2-1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізілген тексерудің нәтижесі осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болып табылады.
      Осы бөліктің күші «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 3-бабының 3, 4-тармақтарында және 12-бабының 3-тармағында көзделген салаларда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде және салық қызметі органдары бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісінің анықталғаны туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған болып саналады.
      Ескерту. 634-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.29 N 270, 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      635-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2013.01.01 дейін 635-бабының мәтіні бойынша «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер болып есептеледі - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1. Осы Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманы оған уәкiлеттi лауазымды адам жасайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөнi; өзiне қатысты ic қозғалған адам туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), туған күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмiрi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшiн – атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмiрi және күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелері); әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң 2-бөлімінің осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың және жәбiрленушiлердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), мекенжайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемесi; егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және тіркеп жазу кезiнде пайдаланылса, метрологиялық салыстырып тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдың көрсеткіштері; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса берiледi.
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ іс бойынша iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам (адамның өкілі) қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайларда хаттамаға осы адамдар да қол қояды.
      5. Тиiстi түрде хабарланған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам болмаған немесе келмеген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның болмауы немесе келмеуi туралы белгi қоя отырып, оны толтырған адам қол қояды.
      6. Өзiне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі хаттамаға қол қойып қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны толтырған адам тиісті жазба жасайды.
      7. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескертпелер жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту уәждерiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тiркеледi. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
      8. Осы бөлiкте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн, оның көшiрмесi қолхат алынып, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге дереу тапсырылады.
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстің 634-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген негіздер бойынша өзіне қатысты іс қозғалған адам болмаған кезде жасалған жағдайда, ол өзіне қатысты іс қозғалған адамға хабарлана отырып, тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
      Ескерту. Жол жүрісінің қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты хаттама жасау кезінде сәйкестендіру нөмiрi ол бар болса, көрсетіледі.
      Ескерту. 635-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      636-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
                жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
      1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мыналардың құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар:
      1) мыналардың:
      iшкi iстер органдарының (79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 83-1, 85-3, 86, 86-1, 87-3, 87-4, 87-5, 96, 111, 111-1, 112 – 117, 135-1, 136, 136-1, 136-2, 136-3, 141-1, 143, 143-1, 147-1 (екінші бөлігі), 159, 162, 163 (үшінші және төртінші бөліктері), 163-2, 163-3, 163-4, 203, 234-1, 283 (бірінші және үшінші бөліктері), 298 (екiншi және 2-1-бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 306-2, 314, 317-1 (азаматтық және қызметтік қаруларға және олардың патрондарына, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 318-321, 324-1, 324-2, 328-2 (екінші бөлігі), 330, 330-1 (екінші бөлігі), 331, 332, 334 (үшінші бөлігі), 335, 336 (1-1, үшінші және төртінші бөліктері), 336-1 (үшiншi бөлiгi), 336-2 (үшiншi бөлiгi), 336-3 (екiншi бөлiгi), 336-4 (екiншi бөлiгi), 338 (бiрiншi бөлiгi), 338-1 (бірінші, екінші, оныншы және он бірінші бөліктері), 339, 340, 341 (екінші бөлігі), 341-1, 344, 354-1, 355-357, 357-1, 357-7 (екінші бөлігі), 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгi), 370 (екiншi бөлiгi), 371 (екiншi бөлiгi), 372, 373, 374 (бiрiншi-төртiншi бөлiктерi), 374-1, 380 (екінші бөлігі), 380-2, 388, 390 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 394-1, 396 (төртінші бөлігі), 461 (3-1-бөлігі), 463 (екінші, үшінші бөліктері), 463-3 (үшінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 464-2 (екінші бөлігі), 464-3 (екінші – төртінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктері), 468-1, 468-2, 469 (екінші және үшінші бөліктері), 471 (бірінші, екінші, төртінші – он бірінші бөліктері), 473 (үшінші бөлігі), 474, 474-1, 474-2, 475, 477 (үшінші бөлігі), 484 (бірінші және екінші бөліктер), 500 (екінші бөлігі), 501, 514 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 518, 521, 531-баптар);
      азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның (314, 355, 356-баптар);
      өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның (225-1 (газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 226 (үшінші – бесінші бөліктері), 228, 229, 231 (екінші бөлігі), 233, 317-1 (өрт және жарылу қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 355, 356-баптар);
      жекелеген жерлер комендатураларының (362, 363-баптар);
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi органдарының: әскери полицияның (әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылықтар туралы (461 (3-1-бөлiгi), 463-3 (үшінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктері), 468-1, 468-2, 469 (екінші және үшінші бөліктері), 471 (бірінші, төртінші – он бірінші бөліктері), 473 (үшінші бөлігі), 474-1, 475 (үшінші бөлігі), 484 (бірінші бөлігі)-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын басқаратын адамдар (әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерден басқа) жасаған барлық жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтар туралы);
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери жол полициясының (арнаулы мемлекеттік органдардың көлік құралдарын жүргізуші адамдар жасаған, осы Кодекстің 461 (3-1-бөлігі), 463-3 (бесінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468-2, 469, 477 (үшінші бөлігі)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы);
      әскери полиция органдарының (388, 389-1, 512-1 – 512-5-баптар);
      су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (124 (бiрiншi бөлiгi), 278 (бiрiншi бөлiгi), 356-баптар);
      ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның (317-1-бап (ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша));
      орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың 147-1 (екінші бөлігі), (283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерi), 298 (екiншi, 2-1 және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 306-2, 356, 357-1-баптар); 
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (122, 240-2, 246 (екiншi бөлiгi), 283 (бiрiншi бөлiгi) (бұл бұзушылықтар орман қорына кiрмейтiн аумақтарда жасалған кезде), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 306-1 (үшiншi бөлiгi), 306-3 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 317-1 (химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 356-баптар);
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдарының (124 (бұл құқық бұзушылықтар санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларды, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарды бұзу болмаған кезде), 317-1, 356-баптар);
      денсаулық сақтау органдарының (87-2, 317-1 (ойыншықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 322 (үшiншi және төртiншi бөлiктерi), 324, 326-328-баптар);
      мәдениет және ақпарат саласындағы уәкілетті органның (81 (бірінші бөлігі), 82, 130-баптар);
      туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның (158-3, 356, 357-3-баптар);
      ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның (168-3, 338 (бірінші бөлігі), 338-1-баптар);
      өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөнiндегi органдардың (308, 317-1 (химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша)-баптар);
      тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы органдардың (356 (үшінші бөлігі)-бап);
      биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органның (147-10-бап (екінші, алтыншы, жетінші, он үшінші (биоотын өндірісі бөлігінде) бөліктері);
      биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органның (147-10-бап (төртінші, бесінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші (биоотын айналымы бөлігінде), он төртінші бөліктері);
      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (310-1 (1-1 және екінші бөліктері), 357-1-баптар);
      ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (317-1 (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша);
      мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (231 (екінші бөлігі), 232, 233, 235 (екінші бөлігі), 235-1 (төртінші бөлігі), 237, 278 (бірінші бөлігі), 356, 357-1-баптар);
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Абзац 01.01.2015 дейін қолданыста болады - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен.
      санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының (85 (төртінші және бесінші бөліктері), 140 (екiншi бөлiгi), 161 (төртiншi және бесiншi бөлiктерi), 163 (үшінші және төртінші бөліктері), 222 (бiрiншi бөлiгi), 231 (екінші бөлігі), 233, 278 (бiрiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 315, 317-1 (тамақ өнімдеріне, ойыншықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 323 (екінші бөлігі), 324, 326-328, 356, 362, 494 (екiншi бөлiгi) баптар;
      ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның (317-1 (байланыс құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 492 (екiншi бөлiгi), 494 (екiншi бөлiгi), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктері), 496 (екiншi бөлiгi) - баптар);
      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның (356, 443 (бесінші бөлігі) және 484 (үшінші бөлігінде, әуе көлігінде бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптар);
      көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның (317-1 (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356, 357-1, 442, 445-баптар);
      көліктік бақылау органдарының (317-1 (көлік саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтар бойынша), 356, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 453 (екiншi бөлiгi), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерi), 471 (екінші бөлігі), 484 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда)-баптар);
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының (158 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаса), 168-3, 168-5, 168-8, 175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса), 176 (үшінші бөлігі), 177, 177-1, 177-2, 177-3, 177-4, 177-5, 179 (бірінші және екінші бөліктері), 179-1, 183, 184, 184-1 (үшінші және бесінші бөліктерді қоспағанда), 185-баптар);
      ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органның (356-бап);
      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (158, 167-1 (екінші және үшінші бөліктері), 168-1, 168-3, 184, 184-1 (үшінші және жетінші бөліктері), 190, 192, 200, 202, 356-баптар);
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Абзац 01.01.2015 дейін қолданыста болады - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен.
      акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың (163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және он үшінші бөліктері), 213 (төртінші – алтыншы бөліктері), 214, 357-1, 357-2-баптар);
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Абзац 01.01.2015 дейін қолданыста болады - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен.
      қаржы полициясы органдарының (136-3, 140 (екінші бөлігі), 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 151, 151-1, 154, 154-1, 155, 155-2, 156, 157, 158-4, 159 (үшінші және төртінші бөліктері), 162, 163 (үшінші, төртінші және жетінші бөліктері), 176 (бірінші бөлігі), 179 (бірінші және екінші бөліктері), 179-1, 200, 203, 211, 213 (бесінші және алтыншы бөліктері), 214, 217, 275-1, 306-2, 355, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-3, 357-5, 514 – 519, 521, 522, 529, 533 – 535, 537-1-баптар);
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Абзац 01.01.2015 дейін қолданыста болады - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен.
      салық қызметi органдарының (154, 155, 156, 157, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және он үшінші бөліктері), 203, 206-2, 208-1, 209, 213 (төртiншi – алтыншы бөлiктерi), 214, 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-5, 359, 361, 374 (бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 533 – 535-баптар);
      кеден органдарының (140 (екінші бөлігі), 400-1, 400-2, 405 (бірінші бөлігі), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 – 430, 433-баптар), сондай-ақ осы Кодекстің 323 (екінші бөлігі), 357-1, 461 (3-1-бөлігі) – баптарында көзделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);
      әдiлет органдарының (129, 145, 168-3, 175 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 353, 354, 354-2,  354-3, 356, 357-4, 357-5, 357-6, 376-баптар);
      заңдарға сәйкес лицензиарлар болып табылатын органдардың
(140 (екiншi бөлiгi), 192, 231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 302 (үшiншi бөлiгi), 342 (екiншi бөлiгi), 342-1 (бесінші бөліктің төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары), 343 (бiрiншi бөлiгi), 356, 356-1, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 357-3, 357-5, 477 (үшiншi бөлiгi)-баптар);
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы абзацқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның (147-6 (2-1-бөлiгi) 356-баптар);
      кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның (153, 356, 357-3-баптар);
      техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдарының (161 (төртінші бөлігі), 317 (екінші және үшінші бөліктері), 317-1, 317-2, 317-4 (екінші және үшінші бөліктері), 338-1 (үшінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктері), 356, 357-1, 496 (екінші бөлігі), 501-баптар);
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы абзац жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бiрiншi бөлiгi), 147-13, 219-8 (екінші және үшінші бөліктері),  223– 225, 225-1 (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356, 357-1-баптар);
      индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органның (317-1-бап (машиналар мен жабдықтар, химия өнімі, ойыншықтар қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар бойынша);
      сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның (158-бап (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржалары қызметкерлері жасаса), 168-3-бап);
      заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (157-1, 158 (Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу бөлігінде), 356, 357-1, 357-4, 376-баптар);
      мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның (147-11 (жетінші және тоғызыншы бөліктері), 147-12, 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі)-баптар);
      атом энергетикасы жөнiндегi органдардың (222, 315, 316, 317-1 (машиналар мен жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша)-баптар);
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің (298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 303 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 355, 388, 390 (екінші бөлігі), 391 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 393, 394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері)-баптар);
      мемлекеттiк құпияларды қорғау органдарының (344-бап (үшiншi бөлiгi) (мемлекеттiк құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн), 386-бап (үшiншi бөлiгі);
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (355, 362-1, 388-баптар);
      күзету iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң (135-1, 136, 160, 220, 323 (екінші бөлігі), 330, 331, 332, 333, 336 (1-1, үшінші және төртінші бөліктері), 355, 356-2, 362-1, 368, 369 (екінші бөлігі), 370, 371 (екінші бөлігі), 373, 388, 463 (1-1-бөлігі), 465, 472, 473, 529-баптар);
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (168-5, 168-8, 176 (үшінші бөлігі), 177-3, 177-4, 177-5, 184-1 (бесінші бөлігі), 309-5 (бірінші бөлігі), 356-баптар);
      мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдарының (87 (бесінші және алтыншы бөліктері), 87-2, 317-1 (химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356-баптар);
      білім беру саласындағы уәкілетті органның (87-2, 311-1 (жетінші бөлігі), 356, 357-1-баптар);
      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының (81 (екінші және үшінші бөліктері), 127 (екінші бөлігі), 163-6, 237-1, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерi), 309-2 (төртінші бөлігі), 309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 309-5 (екінші бөлігі), 342, 342-1 (бірінші, үшінші бөлік, бесінші бөліктің екінші, үшінші абзацтары), 343, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 346–352, 374-1, 375-баптар);
      атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (175-бап (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жеке сот орындаушылары жасаған кезде);
      медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау органдарының 85 (төртінші және бесінші бөліктері), 85-1 (екінші бөлігі), 85-2 (екінші бөлігі), 322 (бесінші бөлігі) - баптар);
      монополияға қарсы органның (147, 147-1 (екінші бөлігі)-баптар;
      діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (375-бап (екінші, алтыншы және тоғызыншы бөліктері (бұл бұзушылықтарды орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жасаған кезде);
      ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның (230-1, 230-2-баптар);
      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілiктi атқарушы органдарының (163-6, 226 (бірінші және екінші бөліктері) 349-баптар);
      түзеу мекемелерiнің немесе тергеу изоляторларының (367-бап);
      пошта байланысы саласындағы уәкілетті органның (168-3-бап) уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы бар;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (356-бап);
      2) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген мемлекеттік сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлерi (513 – 524, 528 – 531-баптар);
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң уәкiлеттi қызметкерлерi (158, 168-3, 179 (бірінші және екінші бөліктері), 179-1, 183, 187, 188 (екiншi бөлiгi), 356, 357-1, 357-5-баптар);
      4) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдерi уәкiлдiк берген лауазымды адамдар (514-2-бап). 
      2. Осы Кодекстiң 543 - 576-10-баптарында көрсетiлген органдардың қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Одан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:
      көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының (175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 451 (екінші бөлігі), 452, 453 (екінші және үшінші бөліктері), 454, 455 (үшінші бөлігі), 457, 477 (төртінші бөлігі), 478, 479, 480 (үшінші және төртінші бөліктері), 481 (автомобиль көлігінде және қалалық рельстік көлікте құқық бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптарында);
      орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (121, 125, 126, 250, 252, 282 - 298-1, 299, 302 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 304 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 305 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 306 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар);
      жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық аулау шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (298, 298-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар) құқығы бap.
      Ескерту. 636-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.12 N 240, 2003.03.28 N 398, 2003.06.03 N 428, 2003.07.03 N 464, 2003.07.10 N 483, 2003.12.05 N 506, 2004.05.06 N 551, 2004.07.06 N 572, 2004.12.09 N 10, 2005.04.13 N 40 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.07.08 N 67 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.10.21 N 80, 2005.11.22 N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-2-баптан қараңыз), 2006.01.10 N  116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.01.16 N 122 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2006.05.05 N 139, 2006.06.22 N 147, 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2006.07.07 N 181 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11 N 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2007.01.09 N 213, 2007.01.12 N 220 (2007.04.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2007.01.12 N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.01.12 N 224 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.06 N 276, 2007.07.21 N 299, 2007.07.21 N 307, 2007.07.26. N 311, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.21 N 304 (2008.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27 N 314 (2008.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.12.19 N 11 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.05.26 N 34 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 64-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.25 N 113-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 115-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.05.04 N 156-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз, 2009.05.08 жарияланды), 2009.05.04 N 157-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.04 N 166-IV, 2009.07.10. N 176-IV, 2009.07.10 N 177-IV, 2009.07.10 N 178-IV, 2009.07.11 N 184-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.16. N 186-IV, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды), 2009.12.04 N 215-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.08 N 225-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.04.08 № 266-IV, 2010.04.29 № 272-IV, 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 N 340-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.10.06 N 343-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.15 № 352-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.11 № 385-IV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.04.18 N 429-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), ҚР 2011.10.11 № 484-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.06 N 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 N 533-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 N 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 33-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 08.01.2013 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР 21.01.2013 N 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi); 29.01.2013 N 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 13.06.2013 N 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 04.07.2013 № 126-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 127-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 N 166-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      637-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет