Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


депутаты не Қазақстан Республикасы



бет53/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54

               депутаты не Қазақстан Республикасы
               Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе
               мүшелерiне, судьяға, Қазақстан Республикасының
               Бас прокурорына қатысты әкiмшiлiк құқық
               бұзушылық туралы iстi қарауы
      1. Iстi қарау әкiмшiлiк жауаптылықтан артықшылықтары мен қорғанышы бар адамдардың iстерiн жүргiзу ерекшелiктерiмен қоса, жалпы ережелер бойынша жүргiзiледi.
      2. Егер iстi судья қарағанға дейiн Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 4-тармағында, 71-бабының 5-тармағында, 79-бабының 2-тармағында, 83-бабының 3-тармағында аталған мемлекеттiк органдар алып келуге келiсiм беруден бас тартылған болса немесе мұндай келiсiм сұралмаса, судья осы Кодекстiң 686-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес белгiленген тәртiппен алып келуге келiсiм беру туралы ұсыным жасап, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшелерiне, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шарасы ретiнде алып келудi қолдануға құқылы.
      692-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан дипломатиялық
               қорғанышы бар адамдар
      1. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жауаптылықтан қорғанышты Қазақстан Республикасында мына адамдар пайдаланады:
      1) шет мемлекеттер дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық қызметкер мүшелерi және егер олар өздерiмен бiрге тұрып жатса және Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, олардың отбасы мүшелерi;
      2) егер бұл қызметкерлер және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзара келiсiм негiзiнде дипломатиялық өкiлдiктердiң қызмет көрсетушi қызметiнiң қызметкерлерi мен олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, консулдықтардың басшылары және, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, олардың қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған әрекеттерiне қатысты консулдықтың басқа да лауазымды адамдары;
      3) егер бұл қызметкерлер және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзара келiсiм негiзiнде дипломатиялық өкiлдiктердiң әкiмшiлiк-техникалық қызмет қызметкерлерi және олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi;
      4) дипломатиялық курьерлер;
      5) шет мемлекеттердiң басшылары мен өкiлдерi, парламенттiк және үкiметтiк делегациялардың мүшелерi және, өзара келiсiм негiзiнде, - Қазақстанға халықаралық келiссөздерге, халықаралық конференцияларға және кеңестерге қатысуға немесе басқа да ресми тапсырмалармен келетiн шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлерi не осындай мақсаттармен Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтiп бара жатқандар және егер отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, аталған адамдарға ерiп жүрген отбасы мүшелерi;
      6) Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң басшылары, мүшелерi және қызметкерлерi, осы ұйымдардың лауазымды адамдары халықаралық шарттар немесе жалпы танылған халықаралық ғұрыптар негiзiнде;
      7) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтiп бара жатқан үшiншi бiр елдегi шет мемлекеттер дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, дипломатиялық өкiлдiктiң қызметкер мүшелерi және аталған адамдарға ерiп жүрген немесе оларға қосылу немесе өз елiне қайту үшiн бөлек бара жатқан отбасы мүшелерi;
      8) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4)-7) тармақшаларында аталған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар шет мемлекет қорғаныш беруден бас тартқан жағдайда ғана сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жауапқа тартылуы мүмкiн. Мұндай бас тарту туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы дипломатиялық жолмен шешiледi. Аталған адамдарға қорғаныш беруден тиiстi шет мемлекеттiң бас тартуы болмаған кезде оларға қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу қозғала алмайды, ал қозғалғаны қысқартылуға тиiс.
      3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң ережелерi осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдарға қолданылмайды, бұған сол адамдар жасаған құқық бұзушылық олардың өз қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты болған және Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталмаған жағдайлар қосылмайды.
      693-бап. Дипломатиялық қорғанышты пайдаланатын
               адамдарды тексеру, әкiмшiлiк ұстау және
               алып келу
      Осы Кодекстiң 692-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4)-7) тармақшаларында тiзiп келтiрiлген адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзге де адамдар жеке басына ешкiм тиiспеушiлiктi пайдаланады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн олардың жеке басын тексеруге, ұстауға немесе алып келуге болмайды. Олардың жанында болған заттарға да тексеру жүргiзуге болмайды.
      694-бап. Айғақ беруден дипломатиялық қорғаныш
      1. Осы Кодекстің 692-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1), 3)-6) тармақшаларында тiзiп келтiрiлген адамдардың, сондай-ақ өзге де адамдардың Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес куә, жәбiрленушi ретiнде айғақ беруiне болмайды, ал мұндай айғақ беруге келiскен жағдайда бұл үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) келуге мiндеттi емес. Сұрау үшiн аталған адамдарға тапсырылған шақыруда олардың келмегенi үшiн мәжбүрлеу шараларымен қорқыту болмауға тиiс.
      2. Егер бұл адамдар әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында жәбiрленушiлер, куәлар ретiнде айғақ берiп, ал iстi қарауға келмей қалса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) олардың айғақтарын оқып бере алады.
      3. Осы Кодекстiң 692-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында аталған адамдар өздерiнiң қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты мәселелерден басқа, куәлар және жәбiрленушiлер ретiнде айғақ беруден бас тарта алмайды. Консулдық лауазымды адамдар куәгерлiк айғақ беруден бас тартқан жағдайда оларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қамтамасыз ету шараларын қолдануға болмайды.
      4. Дипломатиялық қорғанышты пайдаланатын адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) өздерiнiң қызмет мiндеттерiн атқаруға қатысты хат-хабарды және басқа да құжаттарды табыс етуге мiндеттi емес.
      695-бап. Үй-жайлардың және құжаттардың дипломатиялық
               қорғанышы
      1. Дипломатиялық өкiлдiк басшысының резиденциясы, дипломатиялық өкiлдiк орналасқан үй-жай, дипломатиялық қызмет мүшелерiнiң және олардың отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-жайлары, олардағы мүлiк және жүрiс-тұрыс құралдары ешкiм тиiспейтiн болып табылады. Бұл үй-жайларға кiрудi, оларды қарауды, сондай-ақ жүрiс-тұрыс құралдарын тексерудi дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оның орнындағы адамның келiсiмiмен ғана жүргiзуге болады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген қорғаныш өзара келiсiм негiзiнде, егер бұл қызметкер мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, дипломатиялық өкiлдiк қызметкерiне қызмет көрсетушi қызметкерлердiң және олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-жайларына да қолданылады.
      3. Консулдық орналасқан үй-жай және консулдық басшысының резиденциясы өзара келiсiм негiзiнде ешкiмнiң тиiспеушiлiгiн пайдаланады. Бұл үй-жайларға кiру, оларды қарау тек тиiстi шет мемлекеттiң консулдығы немесе дипломатиялық өкiлдiгi басшыларының өтiнiшiмен немесе олардың келiсуiмен ғана орын алуы мүмкiн.
      4. Дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдықтардың мұрағаттары, ресми алысқан жазбалары және басқа да құжаттары ешкiм тиiспейтiн болып табылады. Оларды дипломатиялық өкiлдiк, консулдық басшысының келiсiмiнсiз қарауға және алып қоюға болмайды. Дипломатиялық пошта ашылмауға және кiдiртiлмеуге тиiс.
      5. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған үй-жайларға кiруге, оларға тексеру жүргiзуге, сондай-ақ осы баптың төртiншi бөлiгiнде аталған құжаттарды тексеруге және алуға дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдықтар басшыларының келiсiмiн прокурор Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы сұрайды.
      6. Аталған жағдайларда тексеру прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
5-бөлiм. ӘКIМШIЛIК ЖАЗА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
43-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
      696-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
               қаулының заңды күшiне енуi
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы, егер оған шағым берiлмесе немесе наразылық келтiрiлмесе, шағым беру үшiн белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн;
      2) шағым, наразылық бойынша ұйғарым шығарылғаннан кейiн дереу, сондай-ақ осы Кодекстiң 664-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейiн заңды күшiне енедi.
      697-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының
               мiндеттiлiгi
      1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы барлық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, лауазымды адамдардың, жеке тұлғалардың және олардың бiрлестiктерiнiң, заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы ол заңды күшiне енген сәттен бастап орындалуға жатады.
      3. Арнаулы құқықтан айыру және әкiмшiлiк қамау түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылар олар шығарылған сәттен бастап орындалуға жатады.
      Ескерту. 697-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
       698-бап. Қаулыны орындауға жолдау
      Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға жолдау қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жүктеледi. Қаулы оны орындайтын уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) ол заңды күшiне енген күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi. Арнаулы құқықтан айыру және әкiмшiлiк қамау түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылар оларды орындайтын уәкiлеттi органдарға олар шығарылғаннан кейiн дереу жiберiледi.
      699-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау
      1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодексте белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органдар орындайды.
      2. Бiр адам жөнiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы бiрнеше қаулы шығарылған жағдайда әр қаулы дербес орындалады.
      3. Адамның әкiмшiлiк жазадан жалтаруы ол жазаны заңдарға сәйкес мәжбүрлеу тәртiбiмен орындауға әкеп соғады.
      700-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны
               орындауға байланысты мәселелердi шешу
      1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) осы қаулыны орындаумен байланысты мәселелердi шешу және оның орындалуын бақылау жүктеледi.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейiнге қалдыру, созу, тоқтата тұру немесе қысқарту, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға салынған айыппұлды оның ата-анасынан немесе олардың орнындағы адамдардан өндiрiп алу туралы мәселелердi қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) тиiстi мәселенi шешу үшiн негiз пайда болған күннен бастап үш күн мерзiмде қарайды.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған мәселелердiң шешiлуiне мүдделi адамдарға олардың қаралатын орны мен уақыты хабарланады. Бұл орайда мүдделi адамдардың дәлелдi себептерсiз келмей қалуы тиiстi мәселелердi шешу үшiн кедергi болмайды. Әкiмшiлiк қамауды өтеуден жалтару туралы мәселенi қарау кезiнде әкiмшiлiк қамауға алынған адамның қатысуы мiндеттi болып табылады.
      4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған мәселелер бойынша шешiм қаулы түрiнде қабылданады.
      5. Жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне өздерiне қатысты шығарылған қаулының көшiрмесi дереу, сондай-ақ өзінің өтiнiшi бойынша жәбiрленушiге оның қолхатымен тапсырылады. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi, бұл туралы iсте тиiстi жазба жасалады.
      5-1. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.10. N 174-IV Заңымен.
      Ескерту. 700-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.09. N 10 , 2009.07.10. N 174-IV, 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      701-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын
                кейiнге қалдыру және созу
      Әкiмшiлiк қамау, арнаулы құқықтан айыру немесе айыппұл салу (әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл өндiрiп алуды қоспағанда) түрінде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын заңда белгiленген мерзiмде мүмкiн етпейтiн мән-жайлар болған кезде қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) өзi жөнiнде қаулы шығарылған адамның арызы бойынша қаулының орындалуын бiр айға дейiнгi мерзiмге кейiн қалдыра алады. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) айыппұл төлеудi үш айға дейiнгi мерзiмге созуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағытына қатысушы тұлғаға салық берешегін төлеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған жағдайда мұндай тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарған салық органы мұндай тұлғаның айыппұл түрінде 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім шығарған күн аралығында жиналып қалған салық берешегіне қатысты өз қаулысының орындалу мерзімін осындай шешімде көрсетілген мерзімге кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды.
      Екінші деңгейдегі банкке және (немесе) бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдау жүргізу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі бар болған кезде, олардың өтініштері бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны судья, қаулыны шығарған орган (лауазымды адам) екінші деңгейдегі банкке және (немесе) бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдауды тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кейінге қалдыруы мүмкін.
      Ескерту. 701-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (2010.06.19 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      702-бап. Әкiмшiлiк жазаның орындалуынан босату
      Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам):
      1) әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған;
      2) егер әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңның немесе оның жекелеген ережелерінің немесе әрекетті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде саралау соған байланысты болатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы осы істе қолданылуға жататын өзге де нормативтік құқықтық актінің оларды Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп тануы салдарынан күші жойылған;
      3) әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қайтыс болған немесе ол заңда белгiленген тәртiппен өлдi деп хабарланған;
      4) осы Кодекстің 703-бабында белгіленген салық салу саласында әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескіру мерзімі өткен жағдайларда әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқартып, әкімшілік жазадан босатады;
      5) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқартып, әкiмшiлiк жазадан босатады.
      Ескерту. 702-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (2010.06.19 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 32-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      703-бап. Салық салу саласында әкімшілік жаза қолдану
                туралы қаулыны орындаудың ескіруі
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1. Салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, егер ол заңды күшіне енген күннен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, орындауға жатпайды.
      2. Қаулының орындалуы осы Кодекстiң 659-бабына сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi шағым немесе наразылық қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
      3. Егер әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам оны орындаудан жалтарса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген ескiру мерзiмiнiң өтуi үзiледi. Бұл жағдайда ескiру мерзiмiн есептеу ол адам табылған күннен бастап қайта жалғастырылады.
      4. Осы Кодекстiң 701-бабына сәйкес қаулының орындалуы кейiнге қалдырылған жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi кейiнге қалдыру мерзiмi бiткенге дейiн тоқтатыла тұрады, ал қаулының орындалуы созылған кезде ескiру мерзiмiнiң өтуi ұзарту мерзiмiне ұзартылады.
      Ескерту. 703-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.12.05 N 506, 2004.12.13 N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      704-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау
                 жөнінде іс жүргізудің аяқталуы
      1. Жаза толық жүргізілген қаулыны орындаған орган әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны жүргізілген жаза туралы белгі соғып, қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) қайтарады.
      2. Орындау жүргізілмеген немесе орындау толық жүргізілмеген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны шығарған, хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.
      Ескерту. 704-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      705-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны
               орындауға байланысты әрекеттерге шағым жасау
      1. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөнiндегi әрекеттер жүзеге асырылатын күннен бастап он күн iшiнде қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) шағым бере алады.
      2. Шағым жазбаша түрде берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс.
      3. Шағым берген адамға оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланады. Бұл орайда шағым берген адамның келмей қалуы оның қаралуына кедергi болмайды.
      4. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
      5. Ұйғарымның көшiрмесi әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне дереу тапсырылады, ал аталған адамдар болмаған жағдайларда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап үш күн мерзiмде жiберiледi.
      6. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөнiндегi лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi мен Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген ережелерге сәйкес өтелуге тиiс.
      Ескерту. 705-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
44-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАЗАНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIН ОРЫНДАУ
ТӘРТIБI
      706-бап. Ескерту жасау туралы қаулының орындалуы
      Ескерту түрiндегi әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстiң 652-бабына сәйкес қаулының көшiрмесiн тапсыру немесе жiберу жолымен қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды.
      707-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындау
      1. Айыппұлды әкімшілік жауапқа тартылған адам қаулының заңды күшіне енген күнінен бастап отыз күннен кешіктірмей төлеуге тиіс.
      Айыппұлды осы Кодекстiң 701-бабында көзделген кейiнге қалдыру жағдайында әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап төлеуге тиiс.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды жеке немесе заңды тұлға, айыппұл салу туралы қаулыны шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген судьяға немесе органға (лауазымды адамға) жазбаша нысанда кейіннен хабарлай отырып, белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке енгізеді немесе аударады.
      Ескерту. 707-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді -  2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      708-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа,
                жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл
                салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1. Алып тасталды - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстап қалу үшiн ол жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл алты айдан аспайтын мерзiмде ұсталады. Айыппұлды өндiрiп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
      3. Жауапқа тартылған адам жұмыстан шығып кеткен не оның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл ұстау мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босаған немесе жазаны орындауға мүмкiндiк бермеуге әкеп соғатын оқиға болған күннен бастап он күн мерзiмде, жауапқа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), айыппұлды өндiрiп алудың мүмкiн еместiгi себептерiн көрсетiп, сондай-ақ ұстау жүргiзiлгенi (егер ол жүргiзiлсе) туралы белгi соғылған қаулыны айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарған сотқа, уәкілетті органға қайтарады.
      4. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс істемесе немесе айыппұлды жалақысынан немесе басқа да себептер бойынша өзге де табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы сот, қаулы шығарған уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушысына жібереді.
      5. Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.
      Ескерту. 708-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      709-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет