Экономика сериясы Серия экономическая Жылына 4 рет шығады Выходит 4 раза в год Бас редактор: Б. А. Алибекова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Радакция алқасы



бет17/21
Дата14.07.2016
өлшемі2.84 Mb.
#199521
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Н.Утепов



БАНКТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫН ЖОСПАРЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Банктік істің даму шегі бойынша стратегиялық жоспарлау жетістіктердің негізгі факторларынын бірі болып табылады. Кейде стратегиялық жоспарлау жылдық бюджеттің құрастырылуы және мақсатты емес, оған жету құралы болып табылады. Негізінен бұл жаңа заңдылық және құқықтық актілерінің пайда болу жағдайында менеджмент қиын және жаңа міндеттерді шешу қажеттілігімен жүйеседі. Бұндай жағдайда банк басқарудың тиімділігін арттыруға қажетті құқықтар алуға бағытталады. Бұл шаралар қажет етілетін нәтижелерге қол жеткізбейді, бірінші бұл тәжірибе қателіктер әдісіне негізделеді. Керісінше, іс-әрекеттер бағдарламасы және банк стратегиясы белгіленген мерзім уақытында қабылданатын өзара байланысқан шешімдерді өңдеуден кейін ғана анықталуы тиіс. Мұндай жағдай және бәсекелес ортада өмір сүру ынтасы банк қызметінің процесінде жаңа бағытты қалыптастырады. Сондықтан, қазіргі уақытта банк дамудың ішкі мүмкіндік тиімділігін ашатын жаңа механизмдер іздейді. Себебі, банктің бәсекеге қабілетттік факторлар жүйесіне оның ішкі бәсекелестік ерекшелігі жатады, бұл бәсекелестік банкіге нарықтағы тұрақтылық жағдайын қамтамасыз ете алады.

Коммерциялық банк несиелік ұйымды дамыту стратегиясы сапасында өзінің мәселелерін шешуді іске асырады. Ең алдымен банк стратегиясы жүйесін құру процесін түсінуге қажетті білім қажет.

Біріншіден, банк ілімі ретінде банктің негізгі стратегиясын анықтау қажет, яғни банктің қызмет бірлік бағытын, болашақтағы мақсатын, нақты қызметі түрлерін, банкің қызметін жоспарлауда мәселелерді шешудегі жүйелі бағытын талдау қажет. Басқаша айтқанда банктің даму стратегиясы әртүрлі болуы мүмкін:


  • іскерлік айналымның императивті факторлары, яғни заңдылық және макроэкономикалық орта;

  • іскерлік айналымнын диспозитивті факторлары, яғни сыртқы және банктің ішкі толық ортасы.

Екіншіден, даму стратегиясы және жоспарлау қызметтері үздіксіз,

себебі, бизнестің жаңа түрлерін жобалау кезінде банк қызметінің сәйкес ортасын ескеру қажет, ал бұл өз кезегінде қызметтердің альтернативті бейнесін көрсетеді.

Үшіншіден, банк дамуының стратегиясын қалыптастыруда қажетті

функционалдық қажетті құжаттау (жоспар, іс-әрекет, бағдарламалар, тәртіптер, нұсқаулар) банктің нақты стратегиясын басқаруды өңдеуде бірлік принципті қажет етеді.

Төртіншіден, банктің даму стратегиясын басқаруды өңдеуде бірлік

принципті қажет етеді.

Бесіншіден, банктің даму стратегиясын басқару және өңдеудің

жауапкершілік деңгейінің болуы, ол банктегі қабылданатын шешімге байланысты болуы тиіс.

Банк стратегиясын қалыптастыру жүйесі келесілер болып табылады:


  • қалыптастырудың сыртқы жағдайын талдау;

  • мақсаттар мен міндеттерді талдау;

  • ішкі талдау;

  • альтернативті стратегияларды қалыптастыру және бағалау;

  • стратегияны таңдау;

  • іс-әрекеттер жоспарын өңдеу және оларды өткізу;

  • нәтижелерді бағалау.

Банктің даму стратегиясының мақсаттары мен сипатын одан әрі

көрсету үшін белгіленген анықтамалар өзінің мазмұны бойынша бұл баптың мақсаттары мен міндеттеріне жауап беруі тиіс.

Жоспарлау – кім және қашан істейтіні алдын-ала қабылданған шешім, яғни банкті басқарудың барлық деңгейіндегі қызметтері. Бірақ, жоспарлау көлемі және сипаты билік деңгейіне байланысты болады. Сонымен қатар жоғары тұрған басшылардың болжаған жоспарлары мен әрекеттерімен сипатталады.

Жоспар болашақтағы жағдайлар кез-келген түріне іс-әрекеттердің кезектілігі, сондықтан топтастыру келесідей бөлінеді:



  • мақсат немесе негізгі стратегия;

  • іс-әрекеттер курсы немесе саясат;

  • міндеттер;

  • даму стратегиясы; тәртіптер бағдарламалар.

Негізгі стратегия негізгі мақсаттарға жетуге ресурстарды және

қызметтерді бөлу бағдарламасының жоспары.

Банктің қызметтерінің курсы – шешім қабылдау кезінде іс-әрекеттердің және ойлаудың көмегімен немесе басқаратын түсініктер мен жалпы жағдайды көрсететін жоспары. Қызметтер курсы банктегі деңгей көлеміне сәйкес болады. Қабылданған курс қабылдануды және олардың мақсаттарға сәйкестігін қарастырады.

Банк саясаты – банк критерийлері деңгейіне сапалық негіз алған шешім қабылдау кезіндегі жоспар.

Міндет – банк қызметіне бағытталған рубеждерді анықтайды.

Банктің даму стратегиясы берілген ресурстарды пайдалану, бөлу, алу іске асырылатын мақсаттар мен шаралар, несиелік ұйымдардың мақсаттары бойынша шешімдерді өңдеу нәтижесінің жоспары болып табылады. Даму стратегиясы – стандартты емес жағдайда мәселелерді шешудегі жүйелік бағыттарды қабылдау.

Жоспар тиімділігі мақсаттарды іске асыруы енгізетін салымдардың мөлшерімен анықталады.

Процедуралар болашақ қызметтердегі әдістерді анықтаудағы жоспарлау. Процедуралардағы негізгі талап етілетін қызметтерді жүйелік кезектілігі тәржіліктер – басқа жоспарларға сәйкес бірнеше бағыттардан қажетті іс-әрекет таңдалып алынады. Тәртіп белгіленген жағдайда нақты іс-әрекетті талап етеді. Тәртіп белгілі бір уақыт кезектілігін қалыптастырмайды, себебі тек қана іс-әрекетті бағыттайды. Егер курс мақсаты жеке іс-әрекеттер мүмкін сапасында сәйкес бағыттарды берсе, оларды қолдаунда еркін іс-әрекеттерден тұрады. Бағдарлама мақсаттар тәртіптер жиынтығын көрсетеді, сонымен қатар болжаған шараларды орындауда қажетті элементтерден тұрады.

Бюджет – сандық сипаты нәтижесінде күтілетін жоспар.

Тәртіп – құжаттардың жағдайлары; формалар, іс-әрекеттер кезектілігін жалпы сипаттайтын жоспар болып табылады, сонымен қатар банк қызметкерлеріне технологиялық қаржылық бөлімшелер қызметтерінің арнайы бағыттары және өндірістік қызмет саласында банк қызметкерлерінің қызметінің кезектілігін анықтайды [1, 167 б.].

Банктің дамуының кез-келген стратегиясы (одан әрі бизнес стратегия) кешенді және жоспарлар жүйесімен сипатталады.

Банктің жүйелік стратегиясын басқару және өңдеуді жоспарлау немесе банктің бизнес-стратегиясының әртүрлілігі бірлік стратегия ретінде бағыттарды іздеумен сипатталады. Сондықтан да келесі бағыт тиімді болады: ішкі микро орталар және сыртқы макро және микро орталар күнделігін тұтынылуымен байланыста банктің қалыптасуы. Мысал ретінде маңызды стратегиялар жиынтығын келтіруге болады. Сондықтан банктің бизнес-стратегиясы шегінде сәйкес ішкі жағдайлар және несиелік ұйымдардың процестер есебімен байланысты бағытты таңдаған дұрыс болады, сонымен қатар банк қызметінің пайдаланушылардың банктің тұрақтылығы жағдайы қызықтырғандықтан олардың ойларымен де санасу қажет. Осы жұмыстағы бөлімдердегі көрсетілген мәселелері бойынша кез-келген басқарма жұмысын (жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау) тек қана бір бағытта таңдап шешуге болмайды, өзінің экономикалық табиғаты бойынша қаржылық делдал болып табылатын банк үшін, нақты жағдайлар тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау және оларды қанағаттандыруды қалыптастыру қажет [2, 96 б.].

Банктің бизнес стратегиясын жоспарлау – болашақта банктің қабылданған деңгейлерге жету мақсатында, үнемі өзгеріп отыратын ортаға тез бейімделу бойынша функционалды-технологиялық процедураларды өңдеу және болжау, мақсаттарды іске асырудағы міндеттер мен қызметтерді өңдеу болып табылады. Функционалды-технологиялық процедуралар – банкке қойылған міндеттерге жетуді қамтамасыз етуге бизнес-стратегияны басқару бойынша іс-әрекеттер жиынтығы.

Банктің бизнес-стратегиясын жоспарлау келесілерден құралады:



  • қолда бар міндеттерді бағалау (нарық, бәсекелестер, тұтытынушылар қәжеттіліктері, банктің мықты және әлсіз жақтары);

  • негізгі мақсаттар және міндеттер (белгіленген мерзімге мақсаттарға жету деңгейі);

  • жоспарды және ұсыныстарды қарастыру (жоспардың ішкі немесе сыртқы ортада орындалуы);

  • бағытты таңдау (қойылған мақсатқа жетудің тиімді жолын таңдау);

  • қойылған мақсаттармен таңдалған бағытты салыстыру (таңдалған бағыттың қайсысы аз шығын жұмсап, жоғары пайдаға иеленуге жәрдемдесетін талдау жасау);

  • қосымша жоспарларды қалыптастыру (ресурстар мөлшерін анықтау);

  • жоспарларды сандық түрде көрсету (ағымдағы шығындары, капиталдық шығындарды, сату көлемі және тарифтері).

Осы жағдайда несиелік ұйымның мақсаттары мен міндеттері – екі

негізгі кезеңді талдау негізінде жүргізіледі: 1-ші банктің бизнес стратегиясын талдау, яғни сыртқы ортаны зерттеу; 2-ші кезең – жоспарды және бағыттарды таңдау, бұл кезең стратегиялық және ағымдық басқару кезеңіндегі мақсатты көрсеткіштер негізінде пайда болады.

Бизнес стратегияны жоспарлау операциялардың келесі кезектілігінде жүргізіледі:


  1. Банктің микро және макро ортасын зерттеу, яғни банктің бизнес стратегиясының ортасын анықтайтын банк қызметінің ұйымдастырушылық және ресурстық экономикалық, қыржылық, құқықтық жағдайлары.

  2. Жағдайлық талдау.

  3. Мақсаттар мен міндеттерді қалыптасыру.

  4. Бакнтің ерекше мақсаттары мен міндеттерін жоспарлау.

  5. Банктің бағдарламасын өңдеу.

  6. Несиелік ұйымның жалпы стратегиясын есепке ала отырып банкті басқарудың барлық деңгейіндегі стратегияларды өңдеу.

  7. Мүмкін және есепке ала отырып қойылған мақсаттарға жету жолын анықтау.

  8. Қаржылық мақсаттарды қалыптастыру.

  9. Басқарудың барлық деңгейінде банкті басқарудың мәліметтік басқару топтарын жоспарлау.

  10. Банк құрылымының жобасын құру.

  11. Банктің кадрлық саясатын жоспарлау.

  12. Функционалды-технологиялық құжаттарды қалыптастыру.

  13. Банктің нақты мәліметтерді өңдеу және технологиялық бақылау жасау.

  14. Бюджетті жоспарлау.

  15. Банктің бизнес-стратегиясы жоспарларын қайта қарастыру.

Банктің бизнес-стратегиясының өткізу негізі оның мақсаттары

міндеттерін анықтау болып табылады. Банк даму стратегиясын басқару немесе өткізу ортасының маңызы, мақсаттар мен міндеттерге жетуге ортаға байланысты әсер етуі өңделетін стратегиялар жүйелігіне тәуелді болып келеді, одан кейн банк менеджментінің мақсаттары мен міндеттері оларды қалыптастыру жолымен іске асырылады. Банктің стратегиялық мақсаттарын қалыптастыру процесінде оның ішкі қалыптасуы сыртқы орта талаптарына байланысты анықталады, яғни банктің ішкі жағдайын және процесті сыртқы талаптармен қажеттіліктерге байланысты өңделеді. Осыған сәйкес кез-келген бизнес-стратегияны жоспарлауда талаптар анықталады:



  1. Банк тұтынушыларына инвестициялық қызықтырушы өнімдер мен қызметтердің бәсекелестік қабілеттіліктен тұтынушыларға банктік қызметтерді жоғары тиімділікпен ұсыну: ресурстар бойынша жоғарғы сый-ақылар, комиссиондық операциялар және кассалық қызмет көрсету бойынша төменгі тариф нормалары болып табылады. Мысалы ретінде басқарудың дивизиондық құрылымын пайдаланатын инвестициялық банкіні жатқызуға болады.

  2. Тұтынушыларға ұсынылатын банктік қызметтердің сапасы бойынша бәсекелестік қәбілеттілігі. Тұтынушыларға жеке және кешенді қызмет көрсету, тұтынушылардың жеке қажеттіліктерін анықтау тұтынушының барлық мәселелерін банк ішінде шешу. Мысал ретінде өзінің негізгі стратегиясын макро және микро ортаға байланысты құрастыратын банкті атауға болады.

  3. Бәсекелес ортада сапаның стандартты деңгейімен банктің қызметтердің ассортименті бойынша бәсекелестік ерекшелігі. Басқарудың стандартты функционалды құрылымымен ауқымды филиалдар мен бөлімшелер бар банк.

  4. Банктік қызметтерді таңдау шектеулігімен төменгі деңгейде маманданған банктің бәсекелестік ерекшеліктері. Банк үшін қызметті көрсетудің жоғары тиімділігі қызмет бірлігіне шығындардың үлес салмағын төмендетумен сипатталады. Мысал ретінде жер, ипотекалық банктерді атап көрсетуге болады.

Бизнес-стратегияларды жоспарлауда банк үшін бәсекелстік ерекшеліктерді таңдау туралы шешім стратегиялық жоспарлау деңгейінде қабылданады.
Пайдаланған әдебиеттер


  1. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша Несие Банктер» Оқулық. Алматы: "Экономика", 2005

  2. Давлетова М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане: учебная пособие. Алматы: Экономика, 2001 ж.



А.Изтелеуова
ӘЛЕМНІҢ ЭКОНОМИКАСЫ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРІНДЕ ФИСКАЛДЫ САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ
Экономиканың жедел даму процессі мемлекеттің экономикалық қызметін тиімді жүзеге асыруға жағдай жасаумен байланысты. Бұл ең алдымен фискалды саясатты жетілдіруді талап етеді.

Қазіргі таңда фискалды саясат тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып отыр, өйткені республика экономикасы тұрақты болып саналғандығымен әлі де өте көп өзгертулерді қажет етеді, мемлекеттің ұстанып отырған фискалды саясатына біздің елде тұратын әрбір адамның өмірі және тұтастай алған мемлекет те тәуелді. Үкімет осыны есепке ала отырып қажет емес мемлекеттік шығындарды қысқарту негізінде, шаруашылық субъектілеріне салынатын салық көлемдерін қысқартуы қажет, осылайша олар кәсіпкерліктің өркендеп дамуына ықпал етеді.

Сондықтан да фискалды саясат аясындағы маңызды мәселелер әлі де болса шешуді қажет етеді. Фискалды саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруды реттейтін заңдылықтар мен нормативті-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру, сонымен қатар осы салада арнайы ғылыми зерттеулер қажет. Ал осы зерттеулердің нәтижелері республикада фискалды саясатты жетілдіруге негіз болуы керек.

Сонымен қатар әлемнің экономикасы дамыған елдерінің фискалды саясат саласындағы тәжірибелерін зерттеу мен олардың біздің ел үшін экономикалық қызметті мемлекеттік реттеуге қолайлы тұстарын отандық тәжірибеге ендіру Қазақстан үшін объективті қажеттілікті туындатады.

Осы аталған мәселелер фискалды саясаттың қолданыстағы тәртібін талдауға, оны жетілдіру жолдарын іздеуге осы тақырыптың өзектілігін тағы да негіздейді.

Фискалды саясат - бұл экономикалық қызметті мемлекеттік шығындарды, салықтарды және мемлекеттік бюджет жағдайын өндірістің нақты көлемі мен тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және инфляция мен экономикалық өсуді жеделдету мақсатында мемлекеттік реттеу жүйесі болып табылады

Фискалдық саясат мақсаты ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.

Мемлекеттің фискалдық саясаты қаржы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады және мемлекеттің қаржы ресурстарын бюджетке шоғырландыруға және шағындарды реттеуге бағытталған әрекеттері. Фискалдық саясатты Үкімет, ал ақша- несие саясатын Ұлттық банк жүзеге асырады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының фискалдық саясатын жетілдірілу үстінде және шаруашылық субъектілерінің экономикалық белсенділігін арттыруға, өндіріс көлемін ұлғайтуға, мемлекеттің бюджеттік қаражатын оңтайлы және тиімді пайдалануға бағытталған. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты инфляцияны шектеуге бағытталған, ақша массасының көлемі, ұлттық валютаның бағамы, бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы реттеледі [ 1, 325 б. ].

30 жылдарға дейін Батыс елдерінде фискалды саясат ұлттық экономикаға әсер ету құралы ретінде қолданылмады. 1929-1933жж аралығындағы дағдарысқа дейін фискалды саясаттың мәні бюджеттің балансын қалыптастыру мақсатында кірістер мен шығыстарды салыстыруға келіп тірелді. 1932 жылы бюджеттің үлкен емес жетіспеушілігін жабу мақсатында АҚШта салықтарды көтеру акциясы жүргізілді, ал ол өз кезегінде дағдарысты тереңдете түсті, «Фискалды саясат пайдалы деп саналғанымен, қарапайым іске келіп тірелді- үкіметтік күрделі салымдарды жақсы уақыттан нашар уақытқа ауыстырды».

Қазіргі таңда Қазақстанның экономикасындағы басты мәселелердің бірі фискалды саясатты жетілдіру және оны тиімді пайдалану мәселелері болып отыр. Осыған байланысты маңызды мәнге ие болады, басқа елдердің фискалды саясат төңірегіндегі теориялық және тәжірибелік тәжірибелерін зерттеу өзекті мәселеге айналып отыр. Кез келген елде экономикалық ойдың тұтас саласы бар - басқа елдердің тәжірибесін өз елін өркендету мақсатында пайдалануды зерттейтін шет елдердің экономикасы.

Америка құрама штаттарындағы 30-шы жылдардағы дағдарыс пен депрессиядан кейін бюджет пен фискалды саясаттың мемлекеттегі экономиканың жағдайына әсер етуші күшті факторға айналды. Қазіргі таңда шаруашылық саясатында федералды бюджет қаржылық тұрақтылық құралы және экономикалық өсуді ынталандырушы құрал ретінде жоғарғы белсенділікпен толықтыруда. Инфляциялық тенденцияны ырықтау қажет болған кезде салықтарды көтеру мен мемлекеттік шығындарды қысқартудағы жалпы әдістемесі бір қалыпты жағдайға айналды және керісінше, шаруашылық құлдыраумен күресу үшін салықтарды төмендету мен шығындарды көтеру жүзеге асырылды.

«Ұлттық экономиканың өсуі мен әлемдік шаруашылық байланысының күрделенуі осы қарапайым схемамен белгіленген тәсілдерді жетілдіру мен күрделендіруге әкелді. Бірақ қазіргі таңда нарықтық белсенділіктің дамуының жеңісін тек қана үкіметтік қаржыға ғана емес, сонымен қатар фискалды шаралармен жеке сектор шығындарына да әсер ететін координацияланған және өлшенген несие - ақша тетіктерінің үйлесімділігіне әкеледі».

Сонымен нарықтық экономиканы реттеудің ақырғы нәтижелілігін көтеру үшін фискалды және ақша–несие саясатының үйлесімділігін пайдалану, атап айтқанда: нарықта мемлекеттік сатып алуды өтімділікті ұлғайту бойынша Орталық несие мекемесінің шараларымен келісу, ал ақшаның номиналды санын – салық салудың өсуімен немесе мемлекеттік шығындарды қысқартумен келісу арқылы жүргізу қажет. Аралас саясатты пайдалану қажеттілігі бірнеше альтернативті мақсаттарға бірденен жету қажет болған жағдайда да пайда болады. Тұрақтандырушы саясат бір немесе бірнеше комплементарлы мақсатқа жетуге бағытталғанда, фискалды және монетарлы саясаттар бір бағытта болуы мүмкін – екеуі де экапансиондық, немесе рестриктивті – осыған байланысты олардың үйлесімді әрекеттерінің тиімділігі арта түседі. Бірақ бір уақытта екі мақсатқа жету қажет болған жағдайда – бір саясаттың рестриктивті нұсқасын, екінші саясаттың экспансиондық нұсқасымен үйлестіру қажет болады

[ 2, 175 б. ].

Енді фискалды саясат пен монетарлы саясатты осы байланысын тәжірибеде пайдалану мен қарастырудың мысалын сипаттап көрейік.

Монетарлық талдау монетарлық саясаттың шығару мен бағаға әсер ететін тікелей түрін қамтамасыз етеді. Бірақ монетаристе фискалды саясатты тұтасымен басқаруға мүмкіндік бар ма деген сұрақ туындайды?. Ол мүмкіншілік бар, өйткені фискалды саясат пайыз ставкасына әсер ете алады және ол өте маңызды. Бұл жағдай қалай жүзеге асады.

Тауар мен қызметтерге мемлекеттік шығындар өскен кезде нақты өнім шығару мен бағада қандай өзгерістер болады?. Біз нақты жалпы ішкі өнім мен баға деңгейінің және номиналды жалпы ішкі өнімнің өсетінін білеміз.

Сонымен қатар ақшаға деген сұранысты талдай отырып номиналды жалпы ішкі өнімнің өсуі ақша сұранысының қисығын оңға жылжытады. Ақша ұсынысының қисығы өзгеріссіз болған кезде, пайыз ставкасы өсуі керек. Осылайша кеңейтілетін фискалды саясат пайыздық ставканы ұлғайтады. Егер де үкімет өзінің құралдарын, яғни мемлекеттік шығындар мен салықтарды қарама қарсы бағытта пайдаланатын болса, осы процес керісінше жүзеге асады. Төмендейтін өнім шығару мен бағаның төмендейтін деңгейі ақшаға деген сұраныс қисығын солға жылжытады. Ақша ұсынысының тіркелген қисығымен ақша нарығындағы тепе теңдік төменгі пайыздық ставкаға әкеледі. Осылайша:«Монетарлы саясат пайыздық ставкаға әсер ететін жалғыз саясат емес, фискалды саясат та пайыздық ставкаға әсер етеді. Атап айтқанда: мемлекеттік шығындардағы өзгерістер немесе салық ставкасын төмендету пайыз ставкасын жоғары көтереді, осы уақытта рестриктивті фискалды саясат пайыздық ставканы төменге жылжытады» .

Фискалды саясаттың пайыздық ставкаға әсер етуі оның M*V=P*Y теңдеуінің ауыспалыларында мемлекеттік шығындардың да, салықтардың да болмауына қарамастан монетарлы саясат құрамында өмір сүруіне мүмкіндік береді. Кейнсиандықтар кеңейтетін деп атайтын кез келген фискалды саясат – жоғарғы мемлекеттік шығындар мен төменгі салықтар – пайыздық ставканы көтереді. Ал пайыздың өсіп жатқан ставкасы ақша айналымының жылдамдығын көтереді, өйткені адамдар альтернативті қайнар көздерден алатын пайыз өскен кезде өз қолдарында аз нақты ақшаны ұстауға ұмтылады. Ақша айналымы жылдамдығы термині арқылы M*V=P*Y теңдігінде біз фискалды саясаттың монетарлы саясат шеңберіндегі қызметі туралы айтамыз. Айырбас теңдеуі ақша айналысының жылдамдығы жеткілікті жоғары болғандықтан мемлекеттік шығындар өсетінін (егер де М тіркелген болса да), бұл кезде номиналды жалпы ішкі өнімнің өсетіндігін сипаттайды [ 3, 624 б. ].

Керісінше тежегіш фискалды саясаттың салықтарды көтеру мен мемлекеттік шығындарды төмендетуі сияқты құралдары сұраныс болған ақша санын азайтады және пайыздық ставканы төмендетеді. Ақша айналысы жылдамдығының құлдырауы кірісті азайтады (ақша айналыс теңдеуі бойынша) өйткені экономикаға ұсынылған ақша айналысының жылдамдығы аз болады.

Мемлекеттік бюджеттің теңгерімділік мәселесі американдық үкіметтің алдында ұзақ уақыт бойы тұр және осы сұрақты шешудегі фискалды саясат құралдарының рөлі зор.

Үкіметтің басты мақсаты бюджетті ұзақ уақыт бойы теңдестіру болған жағдайда үкімет фискалды саясатты пайдаланды деп есептеп көрейік. Егер де жеке шығындар қайсібір себептер салдарынан төмендесе, мультипликатор жалпы ішкі өнім қисығын төменге жылжытады. ­Өйткені фирмалар мен үй шаруашылығынан түсетін салықтық түсімдер жалпы ішкі өнімнің төмендеуі салдарынан төмендейді, бюджеттік теңгерімділік жоғалады және нәтижесінде жетіспеушілік пайда болады. Қажетті тепе теңдікті қайтару үшін үкімет жүргізетін саясатына байланысты не мемлекеттік шығындарды төмендетуі немесе салықтарды көбейтуі қажет.

Бюджетті теңдестіруге ұмтылу рецессия процесін созуы да, қиындауы да мүмкін, сонымен қатар бум жағдайында тиімді фискалды саясатты жеткіліксіз етуі мүмкін.

Сондықтан да тиімді фискалды саясат монетарлы саясат құралдарының жұмысына да тәуелді болады, қайсібір құралдың мақсаты мен жұмысына байланысты әрбір саясат әртүрлі қызмет етеді, яғни теңестірілген бюджет бір монетарлық саясатқа, жетіспеушілік пен артық көлем келесісіне тән болуы мүмкін. Бұл тұжырымды сипаттап көрейік. Мысалы, Конгресс пен президент теңестірілген бюджет жағдайында жиынтық сұраныс пен ұсыныс қисықтары толық жұмыспен қамту деңгейінде қиылысады деп есептейді делік. Бұл жағдайда теңестірілген бюджет тиімді фискалды саясаттың нәтижесі болып табылады.

Енді монетарлы саясат керісінше әрекет етеді деп есептеп көрейік, яғни жиынтық сұраныс қисығын солға – төмен қозғалтады және рецессиялық алшақтықты құрайды деп есептелік. Егер де фискалды органдар нақты жалпы ішкі өнімді табиғи деңгейге дейін қалпына келтіргілері келетін болса, онда олар жиынтық сұраныс қисығын бастапқы орнына әкелуілері қажет. Осы жағдайға қол жеткізу үшін олар сонымен қатар шығындарды ұлғайту немесе бюджеттік жетіспеушілікті ұлғайта отырып салықтарды азайту керек. Осылайша тежегіш монетарлы саясатқа сәйкес фискалды саясатты теңестірілген бюджеттен бюджеттік жетіспеушілікке дейін өзгертеді.

Жиынтық сұраныс үшін осы сияқты мақсат фискалды саясаттың кез келген өзгерісінің сәйкес монетарлы саясатты өзгертетіндігін көрсетеді. Мысалы мемлекеттік шығындарды азайту арқылы бюджеттік жетіспеушілікті азайтты деп есептелік. Бұл кезде билік органдары нақты жалпы ішкі өнімнің тқмендеуін қаламайды, ал монетарлы саясат жиынтық сұраныс қисығын бастапқы қалпына келтіру үшін экспансиондық болуы қажет. Шын мәнінде бұл АҚШ үкіметінің іздеп отырған аралас саясатындағы өзгерісі болып табылады.

AD-AS терминдері арқылы аралас экономикалық саясатты қарастырып көрелік. Экономика рестриктивті саясатты жүргізу алдында деп есептейік, яғни ФРС тің үкіметке несиесінің пайызын өтеу мақсатында салықтарды ұлғайтуы мен мемлекеттік шығындарды қысқартуы жүзеге асты[ 4, 257 б. ].

Мемлекеттік шығындардың азаюы мен салықтардың көтерілуі жиынтық ұсыныс қисығын солға жылжытады, осыған байланысты жаңа тепе-теңдік қалыптасады. Сонымен қатар жиынтық сұраныс қисығы солға жылжиды және жаңадан қалыптасқан бағада игіліктер нарығыныың артық көлемі қалыптасады.

Сонымен қатар ФРС мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігін жаба отырып ақша нарығындағы интервенция арқылы фискалды саясатпен тікелей немесе жанама түрде байланыста болады. Бюджеттік қарызды жабу үшін ақша базасы ФРС арқылы екі жолмен жүзеге асуы мүмкін. Ішкі қарызды монетизациялау үкіметке несие беру, сонымен қатар ФРС-тің қазыналық вексельдерін сатып алу нәтижесінде пайда болады. Бірінші жағдайда несиені бергеннен кейін және мемлекет тауар мен қызметтерді сатып алу үшін қаражаттарды шығындау барысында ақша базасы коммерциялық банктерге салымдар түрінде түседі, өйткені үкіметтік төлемдерді алушылар өздерінің банк шоттарына салады, ал коммерциялық банктер өз кезегінде ФРС шоттарында резервациялайды. Екінші жағдайда орталық банк арқылы қазыналық вексельдерді ашық нарықта сатып алу және оларды қайта есепке алу жанама түрде қарызды монетизациялауға әкеліп соқтырады. Осы екі процедура да сеньораж деген атауға ие, ол орта ғасырда ірі жер иеленушілер өз ақшаларын шығару құқығына ие болғанда қалған өздері шығарған ақшаны құртуды сипаттайды.

Осы уақытқа дейін біз аралас экономикалық саясат шараларының нәтижелерінде ақшаға деген жиынтық сұраныс қисығының өзгеруін қарастырдық. Бірақ мемлекет тарапынан жиынтық ұсынысқа әсер ету мүмкіндігін естен шығармау қажет. Бұндай саясат ұсыныс саясаты деген атауға ие. Мысалы, рестриктивті фискалды саясатты жүргізу (салықтарды ұлғайту) өндірісті интенсификациялау мен жеке инвестициялардың өсуіне деген ынтаны төмендетеді. Ұзақ мерзімді кезеңде осындай саясат жиынтық ұсыныс қисығын солға жылжытады. Сонымен қатар жиынтық ұсыныстың азаюына өндірістің жағдайына шектеулер қою да әсер етеді. Олар мысалы, қоршаған ортаны қорғауды, еңбекті қорғауды қамтамасыз ету және де өндірістік шығындарды ұлғайтуға әсер ететін барлық жағдайлар. Жиынтық ұсыныстың қисығын оңға жылжытуға төмендегі жағдайлар әсер етеді: ғылыми зерттеулер мен жетілдірулерді қаржыландыру, жұмыссыздарды еңбекпен қамтамасыз ету, кадрларды қайта дайындау және т.б.

Қорыта келгенде мынадай тұжырым жасауға болады. Фискалды саясат жыл соңында аралас экономикалық саясаттың тиімділігі туралы қорытынды қолайлы көрсеткіштерге жеткізгендігі мәлім болды: «Монетарлы және фискалды саясаттардың біріккен жұмысы маңызды экономикалық көрсеткіштерге әкелді: бюджеттік шығындарды федералды деңгейде шектеу ұлттық жинақты ұстап тұруға және Федералды Резерв жүйесіне басқаша жағдайда мүмкін болмаған төменгі пайыз ставкасын сақтауға мүмкіндік берді. Бағаның салыстырмалы тұрақтылығын дамытуды қолдайтын осындай аралас саясат анық баға сигналына, ресурстарды тиімдірек пайдалануға, кәсіпкерлікке жоғарғы инвестиция салуға және еңбек өнімділігінің икемді өсуі мен жұмысшылардың нақты жалақысына қолайлы жағдай жасады. Өндірістік потенциалды кеңейтуге ұмтылу, өз кезегінде инфляцияны жиынтық сұраныс жылдам өскенде де, ал еңбек нарығы құлдырағанда да төменгі деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді».

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде АҚШ пен ФРС жүргізген монетарлы және фискалды саясаттардың қосындысы экономикалық дамуға негіз болады және дамушы елдердің экономикасына мысал бола алады.

Осы жұмыста біз АҚШ үкімет жүргізіп отырған фискалды саясат пен монетарлы саясаттың арасындағы байланысты қарастырдық және оның экономиканың дамуына тигізетін әсері анықталды. Тәжірибелік мысалдар негізінде несие ақша және фискалды саясаттардың үйлесімді әрекеттері арқылы экономикалық жүйегі бөлшекті және тұтас бақылау жасауға болатындығы анықталды және сонымен қатар ресурстарды тиімді пайдалануға, кәсіпкерлікке көлемді инвестицияларды жасауға, еңбек өнімділігінің икемді өсуіне, жұмысшылардың нақты жалақысына қолайлы әсер етеді.

Германияның бірігуі Еуропаның экономикалық саясатын күрт өзгертті. Жаңа Германия Францияның кіші серіктесі болудан қалып қоймай, сонымен қатар маңызды еуропалық қана емес, әлемдік державаға айналды. Біріккеннен кейін Германияның бюджеттік жүйесі мемлекеттік құқық қатынасының субъектілерінің қаржылық ресурстарын қордалай отырып, оларды өндірістік және өндірістік емес сфераларға қабылданған критерийларға сәйкес қайта бөлуді қаматамасыз етті. Объективті себептерге байланысты өндірістік сфераға қайта бөлінген қаражаттар салалық сипатта болса, бірқатар аймақтарда әлеуметтік сфераларды қаржыландыру тұтасымен бюджеттік трансферттік төлемдерге тәуелді болды.

Германияның фискалды саясаты экономиканың маңызды өсуіне септігін тигізеді. Бірақ салықтарды төмендету федаралды бюджеттің шығын бөлігін азайтады. Мемлекеттік және жергілікті үкімет бюджеттің кіріс бөлігін шығын бөлігін қысқарту арқылы қалпына келтіруге ұмтылады. Негізінен мұндай қысқартулар инфрақұрылымды реформалауға және одан әрі дамытуға бағытталған жобаларға кері салдарын тигізуі мүмкін. Кез келген жағдайда да саясаткерлерде басқа шара жоқ, өйткені олардың фискалды саясатты жасаудағы бостандық дәрежесі Германияның бюджеті туралы заңмен қатаң шектелген. Бұл жердегі фундаментальды сұрақ федералды деңгейдегі фискалды саясаттың макроэкономикалық процестерді тұрақтандыру құралы болып қалуында болып отыр [ 5, 345 б. ].

Шығындардың аз ғана саны циклдылыққа қарсы сұранысты басқаруды түзету үшін өзгертіледі және ол белгілі деңгей емес, тек қана нарық арқылы еркін таңдалып алына алатын өзгеріс болып табылады. Ақырында қаржы саясатына араласу өзінің табиғаты бойынша өсетін циклдылыққа қарсы тұруға негізделген.

Икемді өзгеруге жататын мемлекеттік шығындар бабының бірі - мемлекеттік инвестициялар. Экономикалық белсенділік деңгейіне болатын әсерлер тек қана күтілуі мүмкін, әсер ететін көлем өте үлкен болуы қажет. Тағы бір қосымша мәселе күрделі шығындардың таңдап әсер етуі болып табылады. Оларға құрылыс секторы мен оған қызмет көрсететін салаларды айтуға болады, олар мемлекеттің қабылдаған инвестициялық шешімдеріне тәуелді болады.

Персонал шығындары немесе персоналға жұмсалатын шығындар, іскерлік процеске араласу үшін маңызды деңгейде қолайлы емес. Мемлекеттік секторға жалақы төлеу тенденциясы тұтас экономикамен тығыз байланысты, осының салдарынан мемлекеттік секторда реттеу жеке секторға қарағанда төмен болады, себебі өнімділік пен жүзеге асырылатын жұмыстың қауіпсіздік деңгейіндегі өзгерістердің болуы.

Трансферттік төлемдер түзілген тұрақтандырушыларға байланысты бірқалыпты тенденцияға ие, олар жұмыссыздық бойынша әлеуметтік сақтандыру мен зейнеткерлік сақтандыру жүйелеріне енген.

Түзілген тұрақтандырушылар мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінде маңызды роль атқарады. Салықтық түсімдер мен әлеуметтік сақтандыру бойынша салымдар түріндегі аударымдар қабылданатын экономикалық саясатқа тәуелділікте өзгереді. Экономиканың құлдырауы, сонымен қатар кірістің өсуінің төмендеуі мемлекеттік бюджет кірісінің салықтық түсімдер түріндегі бөлігін жоғалтады.

Үкімет әрекетінің циклдық бағытта орнығуы бақылаудың операциялық нүктесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Осы мақсаттың маңызды индикаторлары болып өнімнің потенциалды өндірісіндегі өзгерістер болып табылады. Осы концепцияда мемлекеттік шығындарға деген циклдық қатынас өткен жылғы кезеңмен салыстыру арқылы анықталады. Егер де үкімет шығындары мен кірістері өткен жылмен салыстырғанда тұрақты болып қалатын болса, онда қаржы саясаты іскерлік белсенділікке оң да теріс те әсер етпейді. Керісінше өткен жылмен салыстырғанда кіріс және шығын бөліктерінде болған өзгеріс үкімет тарапынан белсенді араласуды сипаттайды.

Сонымен қатар бірқатар елдерде, мысалы, Австралияда, Ұлыбританияда, Германияда, Данияда және Щвецияда жылдық бюджет мемлекеттік шығындардың орта мерзімді жоспарлары негізінде жасалынады

Қазақстанның фискалды саясаты келесі тәртіптерге негізделуі қажет: үкімет қарызды шығындарды жабу үшін емес, экономиканың нақты секторларын қаржыландыру үшін алулары керек; жалпы ішкі өнім қатысындағы мемлекеттік қарыздардың көлемі тұрақты және қолайлы болуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер




  1. Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана. – Алматы: Каржы-Каражат, 1995.

  2. Сейдахметова Ф.С. Налоги в Казахстане: Учебное пособие. – Алматы, 2002.

  3. Елубаева Ж. М. Бюджетная система Республики Казахстан: теория и направления развития. – Алматы,2004

  4. Интыкбаева С.Ж. Фискальная политика и её роль в обеспечении устойчивого развития экономики Казахстана.– Алматы, Каржы-Каражат, 2002.

  5. Большаков С. В. Финансовая политика государства и предприятия. Курс лекций. – М.: Книжный мир, 2002



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет