Электр қауіпсіздігі Жоспар


Электр тогының түрі және жиілігі



бет10/27
Дата14.12.2023
өлшемі153.18 Kb.
#486548
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
f61dbbe17d5d170

4 Электр тогының түрі және жиілігі
Тұрақты ток өндірістік жиілікті ауыспалы токқа қарағанда аз қауіпті, оның бастапқы мәні 3-4 есе жоғары (1 кестені қара). Бірақта бұл 250...300 В дейінгі кішігірім кернеу үшін дұрыс, ол кезде терінің жоғарғы қатпарының электрлік тесілуі әлі басталмайды. 400…600 В диапазонында тұрақты және ауыспалы токтың қауіптілігі біршама бірдей. Кернеуді одан әрі үлкейткен сайын тұрақты токтың қауіптілігі өсе түседі, ол электрлік әсермен түсіндіруге болады.
10 нан 500 Гц дейінгі жиіліктегі токтар іс жүзінде бірдей қауіпті. 1…2 кГц жиілік кезінде токтың қауіптілігі біраз төмендейді, ал 400…500 кГц кезінде токтың биологиялық әсері тіпті байқалмайды. Бірақ та бұл жағдайларда электр доғасынан да, адам денесі арқылы өтетін токтан да, токтан күю қаупі сақталады.
5 Адамның физиологиялық жағдайы
Токтың әсер етуін ауру және әлсіз адамдарға қарағанда, дені сау және физикалық тұрғыдан мықты адамдар жеңіл қабылдайтындығы байқалған. Жүйке жүйесінің қозу, депрессия және мас жағдайында адамдар электр тогына өте сезімтал.
«Көңіл бөлу факторы» маңызды рөл атқарады. Егерде адам ток әсеріне дайын болса, онда қауіптілік дәрежесі біраз төмендейді.
6 Адам денесі арқылы токтың жолы
Өмірлік маңызды ағзалар - жүрек, өкпе, бас немесе жұлын миы арқылы ток өткенде зақымдану қаупі өте жоғары.
Егерде ток тікелей бұл органдар арқылы өтпесе, онда ол оларға рефлекторлы әсер етеді, яғни орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, ол аз қауіпті.
Көп жағдайларда адам денесі арқылы өтетін ток тізбегі «оң қол - аяқтар» жолы бойынша пайда болады. Мұндай Рк жол өте қауіпті: адам жүрегі арқылы жалпы токтың 6,7% өтетінін, «аяқ-аяқ» жолымен тек-0,4% өтетіні анықталған.
7 Сыртқы ортаның жағдайы
Электр тогымен адамдардың зақымдану қаупінің дәрежесі бойынша бөлмелердің өндірістік жіктелімі.
Терінің кедергісі, оның ток өткізетін заттармен ластанған кезінде де азаяды.
Жекеленген өндірістік бөлмелерде адам организміне шу және діріл, қысым және қоршаған ауаның құрамы кері әсер етеді. Нәтижесінде бұл факторлар жүйелік реакцияның тежеулеуін, қызметкерлердің әрекеттерінің қателігіне алып келу мүмкіндігін туғызатын көңілдің алаңдауын тудырады және сәтсіз оқиғалардың пайда болуына алып келеді.
Электр жабдықтарына қойылатын талаптар көбінесе ол орнатылған бөлмеге тәуелді. Адамдарды электр тогымен зақымдау қаупі бойынша өндірістік бөлмелер жоғарғы қауіпті, өте қауіпті және жоғарғы қауіпсіз бөлмелер болып бөлінеді.
Жоғарғы қауіпті бөлмелер деп салыстырмалы ылғалдылығы ұзақ уақыт 75% асатын немесе ток өткізетін полы немесе ток өткізетін шаңы бар немесе температурасы ұзақ уақыт бойы +30ºС асып тұратын, немесе жерлендірілген үлкен металл құрастырма орнатылған және бір жағынан бір мезетте адамның ғимараттардың, технологиялық аппараттардың, механизмдердің және т.б. жермен жанасқан металл құрастырмаларына, екінші жағынан электр жабдықтардың корпусына жанасатын бөлмелерді айтады. Мұндай бөлмелерге ұсталық, механикалық, шаберханалық өндірістік бөлімшелер және жеке бөліктер, жылытылмайтын қоймалық бөлмелер және т.б. жатады. Жоғарғы қауіпті бөлмелерде қолданылатын электр инструменттің және алып жүретін электр шамшырақтардың кернеуі 42 В аспауы керек.
Өте қауіпті бөлмелердің жоғарғы ылғалдылығы (өндірістік жағдай бойынша олардың ылғалдылығы 100% жуық) немесе оқшаулағышқа және ток жүретін бөлікке тұрақты немесе ұзақ уақыт бұза әсер ететін химиялық белсенді ортасы бар. Өндірістік бөлменің жоғарғы қауіптілік нышанын анықтайтын екі фактордың бір уақытта әсері де мүмкін. Өте қауіпті бөлмелер болып сіңдіретін, гальвандық, газдыгенераторлы бөлімшелер мен бөлімдер, жуынатын, кір жуатын жерлер және т.б. есептеледі. Оларда 42 В кернеуден аспайтын, міндетті түрде жеке қорғаныс құралдарын (Диэлектрлік қолғап, кілемше және т.б.) қолдана отырып электр аспаптармен жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Жоғарғы қауіпсіз бөлмелер деп оларда бөлмелердің ерекше және жоғарғы қауіптілігін анықтайтын факторлар болмайтын барлық бөлмелер табылады. Бұлар қызметтік және тұрмыстық бөлмелер, жылытылатын қоймалар және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет