Әлеуметтік серіктестік



бет49/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77
бәскеге (1)

«Іскерлік ойындар» әдісі – оқу-кәсіби міндеттердің ережелер бойынша ойын формасында шешілетін оқыту тәсілі. Білім алушылар кәсіби іс-әрекеттің үзінділерінен көрініс қоя отырып, түрлі рөлдер мен кәсіби іс-әрекет түрлерін орындайды.
Іскерлік ойынның міндетті бөліктері бар, олар:
-дидактикалық мақсаттың болуы: білімді жүйелеу мен нақтылау, іскерлік жүйесін қалыптастыруға ұмтылу, тұлғаның кәсіби деңгейдегі қасиеттерін қалыптастыру;
-оқу-кәсіптік ойын міндеттерінің болуы: ойынға қатысушы өзінің қандай міндетті шешу керектігін нақтылы білген дұрыс;
-ойын жағдаятының болуы: ойында қарама-қайшылық, тараптар «шекісуі», әр түрлі көзқарастар мен ойлар элементі болуы керек;
-ойынның бірлескен сипаты: ойынға қатысушылардың барлығы өздеріне бөлініп берілген рөлдері бойынша өзара қарым-қатынасқа түсулері керек;
-іскерлік ойынның бағытталушы жоспарының болуы: ойын барысын, қатысушылардың негізгі сөздері мен әрекеттерін оқытушы құрастыруы керек, алайда ойын барысында оған қатысушылардың суырып салма өнерлеріне шек қойылмайды;
-бірыңғай нәтижеге қол жеткізу: білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік жетістіктерге жету.
Ойынның негізгі шарттарына тоқталайық:
-ойынға қатысушылардың өзіне тиесілі рөлдерін өз еріктерімен таңдауы;
-ойыншылардың ортақ шешім қабылдаулары үшін диалогтік қарым- қатынасқа түсулері;
-ойынға мүмкін болар жағдайларға байланысты суырып салмалық өнер, модельдеу түрлерін енгізу;
-ойын ережесінің болуы («жазалау жолдары», шектеулер);
-ойынға сайыс, ынталандыру (мақтау, құп алу және т.б.) элементтерін енгізу;
-ойын іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау жүйесін қолдану;
-іскерлік ойынның жоғары серпінділігі, сабақтастығы, зор мәнге ие болуы маңызды.
«Іскерлік ойын» әдісін қолданып өткізілген семинар сабағының өткізу нұсқасын ұсынамыз. Сабақ алдын ала дайындықты қажет етеді және 5 түрлі кезеңді қамтиды.
Алдын-ала даярлық: ойынға қатысушылар дәрістің мазмұнын қайталайды, өз беттерімен әдебиеттерді қарастырып, мүмкін болар сұрақтарға жауаптар дайындайды.
I кезең – ұйымдастырушылық: ойын тақырыбы мен мақсатын түсіндіру, шағын топтар (4-5 адам) мен эксперттер тобын құру (2-3 адам), қатысушыларды ойын шарттарымен таныстыру (уақыты 10 минут).

  1. кезең – ойынға қатысушылар білімін өзектендіру: әр топ өздеріне қойылған екі сұраққа жауап береді, қалған шағын топтар оны толықтырады. Жауаптар мен толықтыруларды эксперттер үш деңгей бойынша бағалайды: іскерлік, шешендік және этикалық. Осының барлығы ойыншыларды өз рөліне енуіне, теориялық білімдерін еске түсірулеріне ынталандырады, жарыс рухын көтереді (уақыты 20-30 минут).

  2. кезең – топтардың өзіндік жұмыстары: кәсіби жағдаяттарды оқып, танысу, рөлдерді бөліп алу, сызбаларды құрастыру және т.б. (уақыты 20-30 минут).

  3. кезең – ойындық: топтар әзірлеген тапсырмаларын ойнап көрсетеді. Басқа топтың мүшелері олардың іс-әрекеттерін мақұлдап, толықтырады немесе қарсы пікір білдіреді. Эксперттер жарыссөзге шығады, топтардың қойылымдарын бағалайды, тіркейді және осының барлығы аз уақыт ішінде жүзеге асуы керек.

  4. - аналитикалық кезең. Эксперттер ойын барысын талдайды, сараптама жасайды, ойынға қатысушылар белсенділіктеріне баға береді, қателіктерін, кемшіліктерін айтады.

Іскерлік ойындардың бір нұсқасы «Мәселелендіру» деген блиц-ойыны. Блиц-ойының мақсаты – аналитикалық, жобалау, жоспарлау, құрылымдау,
ұйымдастырушылық, коммуникативтік, рефлексивтік іскерлік, дағдыларын және құзіреттіліктерін қалыптастыру.
Блиц-ойынды ұйымдастырудың үлгісін қарастырайық:
I кезең – блиц-ойынға ену кезеңі: тақырыпты, мақсатты жариялау, ойын ережелерімен, бағалау көрсеткіштерімен таныстыру (5 минут).

  1. кезең – тақырып бойынша ұғымдармен жұмыс өткізу (5 минут):

-мәселе – белгілі бір жағдайдағы адамдардың қажеттілігі туралы білімдері мен оны шешу жолдарын анықтай алмау арасындағы қарама-қайшылықтар;
-мәселені шешу – қажетті альтернативалар ішінен нақтылы іс-әрекет түрін таңдау немесе пікірлерді өндіру үдерісі.

  1. кезең – білім алушылардың жеке немесе топтық жұмысы: тақырып бойынша мәселелерді белгілеп, оларды шешу жолдарын анықтау (40 минут).

  2. кезең – көшбасшылар сөзі (10 минут)

  3. кезең – блиц-ойынды эксперттеу (10 минут)

  4. кезең – блиц-ойынның қорытындысын шығару (5 минут).

Блиц-ойынға қатысушыларды төмендегі ережелермен таныстыру керек:

  1. оқу регламентін сақтау (жеке жұмыс – 10 минут; топтық жұмыс – 30 минут);

  2. ойынға қатысушылар тобы ойын кезінде бір-бірімен сұхбаттаспауы керек;

  3. рөлдерде ойнау:

    • көшбасшы – топ іс-әрекетін ұйымдастырады;

    • баяндамашы – мәселелерді жүйелейді, ойын білдіреді және өз қорытындысын қорғап шығады;

    • дизайнер – баяндаманың негізгі ойларын визуалдайды, баяндамашыға баяндама жасауға көмектеседі;

    • оппоненттер – баяндамашы пікірімен келіспейді;

-эксперт – «көтерілген мәселенің» мазмұны мен іскерлік іс-әрекетке шынайы түрде санақ жүргізіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет