Әлеуметтік серіктестік



бет51/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   77
бәскеге (1)

«Таза үстел». Студенттер семинар сабағында оқулықсыз, конспектісіз жұмыс істеу керек деген сөз. Бұл тәсіл студенттердің сабаққа мұқият дайындалуын талап етеді және студент те жауапты еш жерден көре алмайтынын,
келесі сұрақ жауабын оқи алмайтынын анық білетін болады. Бұл тәсілді қолдану барысында студенттердің ес, жады, ойлау қабілеттері артып, коммуникативтік, өзін-өзі бағалау қасиеттері мен білім сапасы арта түседі.
«Ойлы (ақылды) сұрақ». Студент баяндамашы рөлінде сөз сөйлейді, қалғандары оны тыңдай отыра, «ойлы (ақылды)» сұрақтар әзірлейді. Үздік сұрақтар ретінде себеп-салдарлық, проблемалық сұрақтар қабылданады.
«Жаңғырық». Проблеманы талқылау шеңбер бойымен жүреді: бір студент проблеманы туындатады, қалғандары оны жан-жақты қарастырады, тереңдетеді, бірақ, ең алғашқы тезисті ғана толықтырады. Оқытушы талқыланған проблеманың қорытындысын шығарады. Бұл әдістемелік тәсіл студенттердің ойлау жүйелерін дамытып, назарларын жинақтап, сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.
«Тек фактілер». Белгілі бір тақырып бойынша студенттер «фактілер карточкасын жасайды. Әрбір карточкада студенттің басқа қатысушылармен бөліскісі келетін ақпаратының не фактісінің бір үзігі болуы керек. Қатысушыларға бір карточкадан (мөлшері 3х5) таратылып беріледі. Әрбір студент жекелеген немесе таңдалынып алған фактіні алады (сонда екі не үш студент бір ақпаратты алуы тиіс). Студент карточкадағы ақпаратты оқып шығу үшін бірнеше минут уақыт алады. Әрқайсысында карточкада жазылған ақпаратпен танысуға, оны қалғандарына, мүмкіндігінше, шағын топқа түгелдей таныстыруға және олардың карточкасында жазылған фактілермен танысу үшін он минут уақыт жеткілікті.
Осы тәсілді қолдану барысында студенттер педагогикалық практикаға еріктілер ретінде қатысқан жұмыстары барысында байқаған, кездескен қиыншылықтарды талдауға мүмкіндік алды. Оларды тиімді шешудің жолдарын бірлесе талқылау ойластырылды.
Болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін зерттеуде шығармашылық тапсырмаларды орындау білім алушылардың кәсіби қызығушылығын, мотивациясын арттырады. Өзін-өзі жетілдіру, дамытуды жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп, болашақ педагогтар өздерінің қалаулары бойынша, болашақ кәсібінің профессиограммасын түзіп, кәсіби міндеттерін анықтау, мақсат қою, алдағы іс-әрекетін жоспарлау арқылы бәсекеге қабілетті маманға лайық шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Соған қарай, практикалық- эксперименттік жұмыстың осы кезеңінде болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың нақтыланған деңгейі көрініс берді. Бағдарлама аясындағы түрлі технологиялардың негізінде дамыту деңгейін біртіндеп күрделендіруге себеп болды.
Болашақ педагог-психологтардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға арналған практикалық жұмыс бұл бағытта университетпен бірлесе жұмыс жасайтын әлеуметтік серіктестік мекемелері анықталып, онда студенттердің алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыруына мүмкіндіктер жасалды. (Қосымша К). Серіктес мекемелер ретінде Алматы қаласы №92 М.Ганди атындағы мамандандырылған лицей, «Нұр бағдар» мемлекеттік психологиялық орталығы, №1 педагогикалық колледж алынып, олармен ЖОО, болашақ педагог,
жұмыс берушілердің міндеттерін нақтылай көрсетілген екі жақты келісімшарттар жасалынды. (Қосымша Қ, Л, М). Экспериментке қатысушы студенттермен сауалнама жүргізіліп, педагогика және психология институты жанынан «Кемел» ресурстық еріктілер орталығы құрылды. Практикалық – эксперименттік жұмыстың барлық құжаттары институт басшылығымен бекітілді. Болашақ педагог-еріктілерден құралған ресурстық орталық бағдарламасының аясында мақсатты түрдегі жұмыс оқу жылы ішінде бекітілген келісім - шарттарда көрсетілген міндеттер бойынша орындалды. Оларда жұмыс берушілердің талаптары мен болашақ педагогтардың ерікті түрде орындайтын міндеттері нақтыланды. Келісім шарттар болашақ педагогтардың өздерінің ерікті түрде таңдауына орай, мектеп, колледж, психологиялық орталықтарға арнайы құрастырылды .
Сонымен, біз әзірлеген әдістемелер еріктілермен жұмыстың барлық кезеңдердің әрқайсысына әсер етуді көздейді, сондай – ақ олар болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігін дамытуға елеулі үлес қосады деп санаймыз.
Педагогтарды көп деңгейлі дайындауға көшу жағдайында еңбек нарығына қажетті бәсекеге қабілетті маман даярлау Қазақстанның білім саласын реформалаудың негізгі мақсаттарының бірі болғандықтан, әлеуметтік серіктестік мамандарды кәсіби даярлауда ЖОО мен әлеуметтік институттардың еріктілік, өзара тиімділік, өзара қолдау, өзара келісім, өзара жауапкершілікпен сипатталатын, өркениетті қарым – қатынасының, бірлесуінің жүйесі. Бұл жағдайда білім алушылардың таңдаған мамандықтары бойынша алған теориялық білімдерінің практикаға терең пайдалану мүмкіндіктері молаяды, кәсіби шешімдер қабылдауға машықтану, кәсіби тұлғалық сапаларының дамуы мәселелері тиімді шешіледі.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет