Әлеуметтік серіктестік



бет50/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77
бәскеге (1)

    Бұл бет үшін навигация:
  • «Кейс
«Дөңгелек үстел» әдісі – педагогика бойынша бұрын өтілген білімдерін бекітуге, оқу материалының жеткіліксіз тұстарын толықтыруға мүмкіндік беретін, педагогика бойынша проблемаларды өздігінен шешіп, талдау жасай алу қабілеттерін дамыта түсетін әрі пікірталас жүргізе білу мәдениетін қалыптастыратын оқыту тәсілі.
Бұл әдісті өзекті деп саналатын және әр түрлі көзқарас тудыратын тақырыптар бойынша семинар сабақтарында қолдануға болады. Әдістің ерекшелігі тақырыптық пікірталас пен топтық кеңес арасындағы үйлесімділік туғызып, «дөңгелек үстел» ұйымдастыру, яғни, «көзбе-көз» пікір алмасу. Қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы қарап отырады, ал оқытушы да осы топтың тең дәрежелі мүшесіндей үстелден орын алады.
Төменде осы әдісті қолданып өткізілетін сабақ үлгісі беріліп отыр. Сабақ төрт кезеңнен тұрады:
I кезең – дайындық: білім алушылар өз бетінше әдебиетпен танысады, қысқаша тезис құрастырады (сабаққа дейін 1-2 апта бұрын).

  1. кезең – мақсатты-ұйымдастырушылық: оқытушы тақырыпты, мақсатты, талқылауға шығарылған сұрақтарды хабарлайды, негізгі баяндамашылар, оппоненттер, эксперттер ретіндегі топтарды анықтайды, «дөңгелек үстелге» қатысушылардың ережелерімен таныстырады (уақыт 10-15 минут).

  2. кезең – «дөңгелек үстел»: сұрақтарды талқыға салу, өз шешімдерін, дәлелдерін келтіру; оппоненттердің ортаға салынған пікірлерді теріске шығаруы;

эксперттердің айтылған пікірлерін тіркеп отыруы және «дөңгелек үстелге» қатысушылардың белсенділік деңгейін анықтау (уақыт 30-40 минут).

  1. кезең – қорытынды: оқытушы талдау жасап, жалпы қорытындысын шығарады, топтардың жұмысына жалпы баға береді, алдағы уақытта талқыға салынатын сұрақтарды, мәселелерді айтып өтеді, ортақ келісімге келерлік шешімдер мен ұсыныстарды шығарады (уақыт 20 минут).

«Кейс әдісі» әдісі отандық жоғары оқу орындарында АҚШ, Канада бизнес- мектептерінің практикасынан алынып, қолданысқа еніп отыр. Бұл әдіс аналитикалық іскерліктерді, проблемалық міндеттерді шешудегі практикалық іс- әрекеттерді, ауызша және жазбаша дағдыларды қалыптастырады.
«Кейс» сөзі (ағылш. саsе – жағдаят) білім беруде екі мағынада қолданылады: оқу-әдістемелік материалдар жиынтығы және кейбір жағдаяттарды сипаттау. Жағдаят – белгілі бір проблемамен біріккен жағдайлар үйлесімділігі.
«Кейс-стади» әдісі оқытудың нақтылы жағдаяттарды қолдану және зерттеу тәсілі. Әдіс студенттердің өздігінен жұмыс істеуіне, белсенділігі мен бастамашылығын арттыруға және ақпаратты үйрену мен талдап қорытуға, аудитория алдында өз көзқарасын дәлелдеуге бағытталған.
Кейстер көлеміне қарай классикалық «үлкен» (20 беттен артық), орташа (5- 15 бет) және мини-кейстер (1-5 бет) деп ажыратылады. Осылардың ішінде ең тиімді қолданылатыны мини-кейстер, өйткені оларда тек қажет деп табылатын ақпараттар ғана жинақталады, шешім қабылдауға тиіс сұрақтар саны да көп болмайды.
Мазмұнына қарай «иллюстративті» (сипаттамалы) кейс, «жағдаяттық есеп» кейс, «мәселе», «шешім», «баға» кейстері болады.
«Иллюстративті» кейсте кәсіби қырынан толық, практикалық мысалдары жақсы таңдалған, теориялық ережелері жеке көрсетілген, сәтті, сәтсіз шешімдер, ғылымда анықталмаған, дәлелденбеген мәселелер сақталады. Мұндай кейс көлемі жағынан үлкен емес. Мысалы, «иллюстративті» кейсті педагогика пәні бойынша «Тәрбие әдістері», «Оқыту әдістері», «Мектеп жетекшісінің басқарушылық мәдениеті» және т.б. тақырыптар бойынша жинақтауға болады.
«Жағдаяттық есеп» кейсі бір ғана дұрыс жауабы бар бір есепті шешуге ұсынады және жалпылама нұсқаулық береді. Мысалы, оқу сабағын қалай жобалауға болады т.б. Кейбір «жағдаяттық есептерді» орындау барысында нормативті құжаттарды (ҚР МЖМБС, бағдарламалар, оқу әдебиеті және т.б.) басшылыққа алуға тура келеді.
«Мәселе» кейсі мәселені анықтау мен талдаудан тұрады, өйткені кейсте нақтылы мәселе көрсетілмейді. Оны талдау барысында мәселенің шығу себептерін анықтауға мүмкіндік туғызылады.
«Шешім» кейсі мәселені шешудің нақты жолдарын ұсынады. Білім алушылардың міндеті ұсынылған шешімді қабылдап, дәлелдеу немесе өз шешімінің нұсқасын ұсыну және оның тиімділігін көрсету.
«Баға» кейсі жұмыстың тиімділігін, іс-әрекетті және белгілі бір көрсеткіштерге лайық нәтижені бағалаудан тұрады.
«Кейс-стади» әдісін іскерлік ойынның құрамдас бөлігі деп қарауға болады және оны семинар сабақтарында қолданған дұрыс.
«Кейс-стади» әдісінің құрылымдық элементтері болып презентация, дидактикалық жетекшілік жасау жатады. Әрбір элементке жеке тоқталайық.
Тарих қатысушы тұлғалардан, ақпарат жинастырудан, кәсіпорындарға, мекемелерге барудан, зерттеу нәтижелерін рәсімдеуден тұрады.
Жағдаят презентациясы студенттер жұмысының шиеленіскен тұсынан хабарлар етеді: қосымша материалдар көмегімен жағдайды сипаттау, оқиғалар хронологиясын жазу және т.б. Эпилогта мәселені шешудің нұсқасы беріледі. Студенттер бойында оқиғаны, жағдайды зерттей түсу қажеттілігі, мәселені шешудің жаңа жолдарын іздестіру секілді сезімдерді тудыру оқу презентациясының басты құндылығы болып табылады.
Оқытушы дидактикалық жетекшілікті дайындайды: мақсатты айқындайды, жағдаят түрін ұсынады (ойдан шығарылған немесе шынайы), студенттерге сұрақтар әзірлейді, «жады картасын» өңдейді: а) студент нені біледі; б) студент нені білмейді; в) нені шешу керек; г) тапсырмалар мен оны өткізу мерзімін белгілейді.
Осындай сипаттамалардан соң «мәселе» кейсі әдісімен өткізілетін сабақ үлгісін ұсынамыз.
I кезең – студенттер сабақ тақырыбымен танысады, жағдаят не оқиғаны ойдан құрастырады, мекемелерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға барады, осы мәселемен айналысатын мамандармен кездеседі, презентация әзірлейді, пікірталас үшін сұрақтар құрастырады, үлестірмелі және иллюстративті материалдар дайындайды.

  1. кезең – студенттер өздерінің презентацияларын көрсетіп, өз ойларын, пікірлерін дәлелдейді.

  2. кезең – шағын топтардағы жұмыс: студенттер ұсынылған мәселені өзара талқылап, ортақ мәмілеге келеді.

  3. кезең – оқытушы жетекшілігімен жалпы топтық талқылау жүргізіледі. Талқылаудың ерекшелігі оқытушының ешбір студенттің ойын талдамауы, бағаламауымен сипатталады. Кез келген ой дұрыс деп саналады, қабылданады.

Әдістің «мықты» жақтары: студенттердің сабақта және одан тыс уақыттардағы белсенділіктері мен өз-өздерін дамытуларына себеп болады. Олардың шығармашылық, талдау жасау, ұйымдастыру қабілеттерінің арта түсуіне негіз болады. Әдістің «әлсіз» тұстары: студенттердің де, оқытушының да дайындығы үшін қосымша уақытты қажет етеді.
«Кейс- стади» әдісін қолданып өткізген іс-шаралар білім алушыларға өте ұнайды және оларды қызықтырады.
Оқытудың белсенді әдістері болашақ педагогтардың оқу іс-әрекетін ынталандыру тәсілдерімен күшейе түседі. Ары қарай жекелеген әдістемелік тәсілдерге тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет