Көп сөзді науқастар. Тым көп сөйлейтін науқастар медициналық қызметкерге көптеген қиындықтар туғызады. Науқасты тыңдауға жеткіліксіздігіне, не медициналық қзметкер оны «тыңдаудың қажеті жоқ»- деп санағанында науқас медициналық қызметкердің көңіл-күйін бұзып, онда шыдамсыздық, қозу белгілерін туғызуы мүмкін. Осындай жағдайлардан медициналық қызметкер сәтті шығып кету үшін көптеген пайдалы әдістерді қолданады. Науқасқа бес-он минут сөйлеу еркіндігін беру керек. Бұл медициналық қызметкерге науқастың сөйлеу мәнерін, жасырын қорқынышын, ойлау қабілетін, психоз белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Медициналық қызметкер өзіне керекті сұрақтар қойып, соған сәйкес жауап алуы тиіс. Керек болған жағдайларда медициналық қызметкер науқастың сөзін бұзуы да мүмкін.
Медициналық қызметкер ешқашан өзінің шыдамсыздығын көрсетпеуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |