Интровертті науқастар -өзінің психологиялық ішкі жан дүниесінде т ұйық, медициналық қызметкермен еркін тіл табыса алмайды, диагностикаға қажетті мәліметтерді дәрігерден жасырады.
Науқастың ашулануы мен жылауы. Науқастарды ашуға алып келетін себептер болуы мүмкін: денсаулығының нашарлауы, өмір сүру салтын өзгертуі, өзін көмексіз деп сезінуі. Кейде өз ашуын медициналық қызметкерге бағыттайды, медициналық қызметкер процедураны орындауға кешіккенде, қозғыш болған жағдайда. Егер медициналық қызметкер өзі кінәлі болса, өз қателігін тез жөндеуі керек.
Науқастың ашуына медициналық қызметкердің қалыпты қарауы дұрыс болады. Науқас тынышталғаннан кейін, медициналық қызметкер өз қадамын жасайды. Бірақ, эмоциональді конфликтті шешу көп жағдайда іске аса бермейді, себебі науқас өз ашуымен күресу үшін уақытты қажет етеді.
Ашу секілді жылау - эмоциялық көріністің маңызды бір түрі болып табылады. Науқас жылай бастаса медициналық қызметкер науқастың жылап алуына мүмкіндік береді. Бұл жағдайға медициналық қызметкер қалыпты қарауға тиіс. Науқас тыныштанып, өз-өзіне келгенше күте тұруы керек. Науқасты медициналық қызметкер жігерлендіреді. Науқас мұндай қарым-қатынаста өзін-өзі қолға алып, сұхбатты жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |