IV. Қосымша парақша
Қосымша парақшаны тұтынушы үшін анық және түсінікті терминдерді пайдалана отырып дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы негізінде құрастыру қажет. Дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы секілді қысқартылған терминдерді пайдалануға рұқсат етілмейді, себебі парақшада орын шектеулі емес.
Қосымша парақшада өндіріс кезінде пайдаланылған барлық жасушалы жүйелердің қасиеттерін сипаттау және, егер маңызды болса, СХП нұсқауларына сәйкес мынадай сөз тіркестерін пайдалануды қоса алғанда: <[рекомбинантты ДНҚ технологиясы бойынша] ХХХ жасушалардан алынды>, рекомбинантты ДНҚ технологиясын пайдалану қажет.
Қосымша парақшаға қолдану, жұмыс істеу және жою бойынша нұсқаулыққа қатысты тұтынушы үшін толық нұсқауды қосу қажет.
«мкг» қысқартудың орнына «микрограммдар» сөзін толығымен көрсету керек.
Егер вакцина адъювантты немесе адсорбентті қамтитын болса, парақшада мынадай немесе эквивалентті нұсқауды келтіру керек: <Вакцинаға [адъювант, адсорбент] ретінде [X] зат қосылды. [Адъюванттар, адсорбенттер] – бұл вакцинаның қорғаныс әрекетін жылдамдату, жақсарту және (немесе) ұзарту мақсатында кейбір вакциналардың құрамына қосылатын зат>.
V. Үлгілердің тізбесі 1. Көп құрамдас бөлікті вакциналардың жалпы қабылданған атауларының үлгілері
Дифтерияның, сіреспенің және көкжөтелдің алдын алуға арналған вакцина (адсорбцияланған).
Дифтерияның, сіреспенің және көкжөтелдің алдын алуға арналған вакцина (жасушасыз, субъдара) (адсорбцияланған).
Дифтерияның, сіреспенің және көкжөтелдің (жасушасыз, субъдара) және В гепатиттің (рДНҚ) алдын алуға арналған вакцина (адсорбцияланған).
А гепатитінің (инактивтелген) дәне В гепатитінің (рДНҚ) алдын алуға арналған вакцина (адсорбцияланған).
Дифтерияның, сіреспенің және көкжөтелдің (жасушасыз, субъдара) және конъюгирленген b типті Haemophilus алдын алуға арналған вакцина (адсорбцияланған).
Дифтерияның, сіреспенің және көкжөтелдің (жасушасыз, субъдара), В гепатитінің (рДНҚ) және полиомелиттің (инактивтелген) алдын алуға арналған вакцина (адсорбцияланған).
Дифтерияның, сіреспенің және көкжөтелдің (жасушасыз, субъдара), В гепатитінің (рДНҚ), полиомелиттің (инактивтелген) және конъюгирленген b типті Haemophilus алдын алуға арналған вакцина (адсорбцияланған).
2. Дәрілік препараттың жалпы сипаттамасының 2-тарауын («Сапалық және сандық құрам») ұсыну үлгілері
Дифтерияның, сіреспенің және көкжөтелдің (жасушасыз, субъдара) және В гепатиттің (рДНҚ) алдын алуға арналған вакцина (адсорбцияланған)
1 доза (0,5 мл) қамтиды:
Дифтериялық анатоксин1
|
кемінде x МЕ
|
Сіреспе анатоксині1
|
кемінде x МЕ
|
Bordetella pertussis1 <штамм (тип) агглютиноген> (инактивтелген)
|
кемінде x МЕ
|
B гепатитінің жоғарғы антигені2,3
|
x мкг
|
_____________________________________________________
1Гидратталған алюминий гидроксидінде абсорбцияланған (x мг Al).
2Рекомбинантты ДНҚ технологиясы бойынша ашытқы жасушаларынан (Saccharomyces cerevisiae) алынған.
3Алюминий фосфатында адсорбцияланған (x мг Al).
Қосымша заттардың толық тізбесі 6.1-тарауда берілген.
A гепатитінің (инактивтелген) және В гепатитінің (рДНҚ) алдын алуға арналған вакцина (адсорбцияланған)
1 доза (1 мл) қамтиды:
A гепатитінің вирусы <тип> (инактивтелген)1, 2
|
x ИФА-бірлік
|
B гепатитінің жоғарғы антигені3, 4
|
x мкг
|
_____________________________________________________
1Адамның диплоидты жасушаларынан алынған (MRC-5).
2Гидратталған алюминий гидроксидінде абсорбцияланған (x мг Al).
3Рекомбинантты ДНҚ технологиясы бойынша ашытқы жасушаларынан (Saccharomyces cerevisiae) алынған.
4 Алюминий фосфатында адсорбцияланған (x мг Al).
Қосымша заттардың толық тізбесі 6.1-тарауда берілген.
Конъюгирленген b типті Haemophilus және В гепатитінің (рДНҚ) алдын алуға арналған вакцина
1 доза (0,5 мл) қамтиды:
Полисахарид b типті Haemophilus типа b
(полирибозилрибитолфосфат)
|
x мкг
|
В серотоптың Neisseria meningitidis коъюгирленген <штамм>
сыртқы мембрананың ақуыздық кешені – тасымалдаушы ретінде
|
y–z мкг
|
B гепатитінің жоғарғы антигені1, 2
|
x мкг
|
_____________________________________________________
1Рекомбинантты ДНҚ технологиясы бойынша ашытқы жасушаларынан (Saccharomyces cerevisiae) алынған.
2 Алюминий фосфатында адсорбцияланған (x мг Al).
Қосымша заттардың толық тізбесі 6.1-тарауда берілген.
Ротавирусты инфекцияның алдын алуға арналған вакцина
Қайта қалпына келтірілгеннен кейін 1 доза (2,5 мл) қамтиды:
1 серотипті резустың/адамның ротавирусының реассортанты
(тірі, аттенуацияланған)
|
x 105 ТҚБ1
|
2 серотипті резустың/адамның ротавирусының реассортанты (тірі, аттенуацияланған)
|
x 105 ТҚБ1
|
42 серотипті резустың/адамның ротавирусының реассортанты
(тірі, аттенуацияланған)
|
x 105 ТҚБ1
|
3 3 сертипі резусының роравирусы (тірі, аттенуацияланған)
|
x 105 ТҚБ1
|
_____________________________________________________
1Түйін қалыптастыратын бірліктер.
Қосымша заттардың толық тізбесі 6.1-тарауда берілген.
Дифтерияның, сіреспенің және көкжөтелдің (жасушасыз, субъдара), В гепатитінің (рДНҚ), полиомелиттің (инактивтелген) және конъюгирленген b типті Haemophilus алдын алуға арналған вакцина (адсорбцияланған)
Қайта қалпына келтірілгеннен кейін 1 доза (0,5 мл) қамтиды:
Бастапқыда суспензия түрінде:
Дифтериялық анатоксин1
|
кемінде x МЕ
|
Сіреспе анатоксині1
|
кемінде x МЕ
|
Bordetella pertussis антигендері <штамм (агглютиноген типі)>
|
|
Көкжөтел анатоксині1
|
x мкг
|
Филаментті гемагглютин1
|
x мкг
|
Пертактин1
|
x мкг
|
B гепатитінің жоғарғы антигені2, 3
|
x мкг
|
Полиовирус (инактивтелген)
|
|
тип 1 «штамм»
|
x D-антиген-бірлік
|
тип 2 «штамм»
|
x D-антиген-бірлік
|
тип 3 <штамм>
|
x D-антиген-бірлік
|
Бастапқыда ұнтақ түрінде:
Полисахарид b типті Haemophilus
(полирибозилрибитолфосфат)3
|
x мкг
|
сіреспе анатоксинімен конъюгирленген –
ақуыз-таратушы ретінде
|
y–z мкг
|
___________________________________________________________
1Гидратталған алюминий гидроксидінде абсорбцияланған (x миллиграмм Al).
2Рекомбинантты ДНҚ технологиясы бойынша ашытқы жасушаларынан (Saccharomyces cerevisiae) алынған.
3 Алюминий фосфатында адсорбцияланған (x миллиграмм Al).
Қосымша заттардың толық тізбесі 6.1-тарауда берілген.
B гепатитінің алдын алуға арналған вакцина (рДНҚ)
1 доза (1,0 мл) қамтиды:
B гепатитінің жоғарғы антигені
(S ақуызды мономерлері, пре-S1 және пре-S2)1, 2 x мкг
_____________________________________________________
1Рекомбинантты ДНҚ технологиясы бойынша тышқандардың (C127I) жасушаларынан алынған.
2Гидратталған алюминий оксидінде абсорбцияланған (x мг Al).
Қосымша заттардың толық тізбесі 6.1-тарауда берілген.
Қызылшаның, эпидемиялық паротиттің және қызамықтың алдын алуға арналған вакцина (тірі)
Қайта қалпына келтірілгеннен кейін 1 доза (0,5 мл) қамтиды:
Қызылша вирусы1 <штамм> (тірі, аттенуацияланған)
|
кемінде 1103 ИДКК502
|
Эпидемиялық паротиттің вирусы1 «штамм»
(тірі, аттенуацияланған)
|
кемінде 1103 ИДКК502
|
Қызамық вирусы1 «штамм»
(тірі, аттенуацияланған)
|
кемінде 1103 ИДКК502
|
_____________________________________________________
1«Өндірісте пайдаланылған жасушалық жүйе» жасушаларынан алынған.
2Жасушалық дақылдың 50 % індет жұқтыруы тиіс вирустың статистикалық анықталатын саны.
Қосымша заттардың толық тізбесі 6.1-тарауда берілген.
Пневмококті инфекцияның алдын алуға арналған полисахаридті вакцина (гептавалентті, адсорбцияланған)
1 доза (0,5 мл) содержит:
Streptococcus pneumoniae, серотип 4, полисахарид1
|
x мкг
|
Streptococcus pneumoniae, серотип 6B, полисахарид1
|
x мкг
|
Streptococcus pneumoniae, серотип 9V, полисахарид1
|
x мкг
|
Streptococcus pneumoniae, серотип 14, полисахарид1
|
x мкг
|
Streptococcus pneumoniae, серотип 18C, олигосахарид1
|
x мкг
|
Streptococcus pneumoniae, серотип 19F, полисахарид1
|
x мкг
|
Streptococcus pneumoniae, серотип 23F, полисахарид1
|
x мкг
|
______________________________________________________
1Тасымалдаушы ретінде CRM197 ақуызымен конъюгирленген (дозасына барлығы y–z мкг) және гидратталған алюминий гидроксидінде адсорбцияланған (дозасына барлығы 0,5 мг Al).
Қосымша заттардың толық тізбесі 6.1-тарауда берілген.
3. Дәрілік препараттың жалпы сипаттамасының («Бастапқы қаптаманың (контейнердің) сипаттамасы және құрамы») тарауында мәліметтерді көрсету үлгілері
Үлгі 1.
<Қаптамада 5 немес 10 данадан инемен немесе инесіз тығыздағышы бар піспекті (хлорбутилкаучук) шприцке алдын ала толтырылған (І типті шыны) 0,5 мл суспензия.>.
<Сатылымда қаптамалардың барлық көлемдері табылмауы мүмкін>.
Үлгі 2.
<Қаптамада 1 данадан инесі бар жиынтықта тығыздағышы бар піспекті сауыттағы (І типті шыны) 1 мл суспензия.>.
Үлгі 3.
<Қаптамада 1 данадан екі камералы, тығыздағышы бар піспекті (хлорбутилкаучуктардың қоспасы), қалпақты ұштығы бар (бромбутилкаучук) және бұрмалы тығыздағышы бар (бромбутилкаучук) шпирцке алдын ала толтырылған 0,5 мл суспензия және 0,5 мл ерітінді.>.
Үлгі 4.
<Қаптамада 1 данадан тығыздағышы бар (бромбутилкаучук) сауыттағы (І типті шыны) 10 мл (20 0,5 мл доза) суспензия.>.
Дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа және медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттың жалпы сипаттамасына қойылатын талаптарға
Достарыңызбен бөлісу: |