Пәннің аталуы
| М 18а. ¬½ðûëûñ ¼íäiðiñiíiº òåõíîëîãèÿñû-1 |
Қысқартылған атауы
|
ҚӨТ - 1
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Лекциялық, практикалық сабақтар , ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
5
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Мураталин Н.Қ., Досалиев Қ.С.
|
Доцент/оқытушы:
|
Т.ғ.к., доцент; аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Лекциялық сабақ-15, практикалық сабақ-30, КЖ, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Всего – 135 часов
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: «Геодезия I», «Құрылыс материалдары I» «Сәулет I», «Құрылыс конструкциялары I», «Құрылыс машиналары және қондырғылар», «Геотехника I».
|
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
|
Құрылыс процестерінің теориялық негіздерін, жаппы ережелерді, жалпы құрылыс жұмыстары өндірісінің қазіргі заманғы әдістерін және тәсілдерін игеру
|
Мазмұны
|
Құрылыс өнімі, оның ерекше өзгешеліктері. Құрылыс процестері мен жұмыстары, олардың мазмұны және құрамы. Техникалық мөлшерлеу: мәні және мазмұны. Құрылыс процестерінің технологиялық жобалануы.
Құрылыс процестерін вариантты жобалау. Технологиялық карта - құрылыс процестері технологиясының негізгі құжаты. Технологиялық картаның мазмұны және құрылымы. Жасау принциптері. Құрылыс алаңын инженерлік дайындау. Құрылыс жұктері және оларды тасымалдау. Құрылыста пайдаланылатын көлік құралдарының түрлері. Арту-түсіру жұмыстарын орындауда механикаландыру тәсілдері және құралдары. Жер ғимараттарының түрлері. Топырақты өңдеу күрделігіне байланысты жіктелуі. Жер ғимараттарын жергілікке бөлу. Топырақты механикалық әдіспен өңдеу. Қадаларды батыру технологиясы. Толтырылған қадаларды жасау технологиясы. Ростверк жасау технологиясы. Сапалық бақылау. Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері. Тұтас құймалы бетон және темірбетон технологиясы. Тұтас құймалы және темірбетон технологиясы бойынша негізгі ережелер. Бетондау процестерінің кешенді құрамы. Қазіргі замандағы қалыптар түрлері. Қалыптарды жүйелерін пайдаланудың халықаралық тәжірбиесі. Конструкцияларды арматуралау. Құрылыс конструкцияларын тасымалдау, қоймалау және қабылдау. Жинақтауға конструкция элементтерін дайындау. Уақытша бекітудің жеке және топтық бекіту құралдары. Металл конструкцияларын жинақтау. Металл конструкциялары элементтерінің жинақтық қосылыстарын жасау технологиясы. Сапалық бақылау. Тас қалау технологиясы. Тас қалаудың міндеті және түрлері. Тас қалаудың жіктестіру ережелері. Қалауға арналған құрал-жабдықтар жинағы. Тас қалаушылардың жұмыс орнымен және еңбегін ұйымдастыру. Дұрыс пішінді тастардан қалауды орындау. Төбе жабындарын орнату кезінде кешенді процестердің құрамы. Қазіргі заманғы материалдардан төбе жабындарын жасау технологиясы. Сапалық бақылау. Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері. Әрлеу жабуларын жасау технологиясы. Әрлеу жабуларының міндеті және түрлері. Беттерді май құрамдарымен әрлеу. Қазіргі заманғы материалдармен үймереттің қасбетін әрлеу ерекшеліктері. Беттерді оралмалы материалдармен желімдеу. Қазіргі заманғы еден жабындарының түрлері. Әр түрлі материалдардан еден жасау кезінде жұмыстарды орындау технологиясы. Сапалық бақылау. Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Жалпы құрылыс жұмыстарына технологиялық карталарды жобалауды; құрылыс жұмыстары процестерінің және операциялардың құрамын, құрылыс процестері мен жұмыстарының еңбек сыйымдылықтарын анықтауды игеру.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
Пәннің аталуы
|
М 17а. Құрылыс конструкциялары-I
|
Қысқартылған атауы
|
ҚК-І
|
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Лекциялар, практикалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
5
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Оразбаев Ж.И., Сахи К., Чалабаев Б.М.
|
Доцент / оқытушы:
|
Т.ғ.к., доцент; т.ғ.к., профессор; т.ғ.к., профессор
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Лекция-15, практикалық сабақ-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 90 сағат
|
Кредиттер /сынақ бірліктері
|
2
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: математика I; физика; инженерлік графика I, II; инженерлік механика, I, II,; құрылыс материалдары I, II; сәулет I, II
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Темірбетоннан, тастан, металл, ағаш және пластмасстан жасалған құрылыс конструкцияларының әртүрлі кернеулі жағдайдағы жұмысы, оларды құрылғылау және есептеу тәсілдері жөнінде студентерге білім беру
|
Мазмұны
|
Құрылыс болаттары: жалпы сипаттамасы, химиялық құрамы және құрылымының ерекшеліктері, механикалық қасиеттері, дәнекерленуі, коррозияға тұрақтылығы, химиялық құрамы мен өндіру тәсілінің болат қасиеттеріне тигізетін әсері. Ортадан жүктелген элементтердің жұмысы және беріктікке есептеу. Ортадан тыс жүктелген элементтер қималарын серпімді және серпімді -пластикалық кезеңдері бойынша беріктікке есептеу, пластикалық топса. Ортадан сығылған элементтердің орнықтылығын жоғалтуы: орнықтылығын жоғалту формалары; критикалық кернеулер, есептік үзындық, иілгіштік, орнықтылығын тексеру, бойлық иілу коэффициенті, шартты иілгіштік. Ортасынан тыс сығылған және сығыла - майысқан элементтердің орнықтылығын жоғалтуы; иілгіштігінің, салыстырмалы эксцентриситеттің, қимасы түрінің әсері. Дәнекерленген торлар мен қаңқалар. Жоғары беріктіктегі сымдар және олардан жасалган бұйымдар: арқандар мен шоғырлар. Арматура түйістері. Темірбетонның негізгі физико- механикалық қасиеттері. Арматураның бетонмен ілінісуі. Жүктелген темірбетон элементтер қимасының кернеулі- деформациялық жағдайының үш сатысы. Иілуден қирау сипаты. Темірбетон элементердің тік және қиғаш қимасы бойынша беріктік есебі. Тас конструкцияларға арналған материалдар. Қаланған тастардың физико - механикалық қасиеттері. Қалаудың сығылу, созылу, майысу беріктігіне әсер ететін негізгі факторлар. Ерітіндінің таспен ілінісуі. Қаланған тастардың деформациялық қасиеттері. Ортадан және ортадан тыс сығылған элементердің есебін бойлық иілу және жүктеменің ұзақ мерзімді әсерін ескере отырып, шектік жағдайдың екі тобы бойынша жүргізу. Беріктік шарты. Иілетін элементтердің беріктік есебі. Конструкциялық пластмассалардың негізгі түрлері, олардың қасиеттері. Тұтас қималы конструкция элементтерін есептеу. Ортасынан созылуға, сығылуға, көлденең майысуға, қиғаш майысуға, сығыла - майысуға, созыла - майысуға есептеу. Шегелер жұмысының ерекшеліктері,. Металл тісті пластиналы, желімдеп жапсырылған болат стержінді, желімді қосылыстар. Құрамалы элементтерді байланыстырғыштарының берілгіштігін ескере отырып есептеу.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Материалдардың негізгі физико- механикалық қасиеттерін; құрылыс конструкцияларын шектік жағдай тәсілі бойынша есептеудің негізгі ережелерін; конструктивтік элементтердің кернеулі жағдай түрін анықтауды; нормативтік, инструктивтік және техникалық әдебиеттерді сауатты пайдалануды; конструкция есебін шектік жағдай бойынша жүргізуді игеру.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
Пәннің аталуы
|
М 14а. Геотехника-1
|
Қысқартылған атауы
|
ГТ-1
|
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Лекциялар, лабораториялық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
5
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Ибрагимов Қ., Бровко И.
|
Доцент / оқытушы:
|
т.ғ.к, доцент
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Лекция-15, зертханалық сабақ-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30,
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 90 сағат
|
Кредиттер /сынақ бірліктері
|
2
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: математика I, сәулет I, инженерлік механика, беріктік теориясы, қүрылыс конструкциялары
|
Білім беру мақсаттары /құзіреттілігі
|
Инженерлі геология төңірегіндегі инженерлі -құрылыс жұмыстарын теориялық және практикалық негізін білу, топырақ механикасының негізі, топырақтың ыдырау теориясы, іргетас құрылысы және жерасты құрылысы, іргетастың құрылу әдісін таңдау және жер асты ғимаратының топырақ негізінің табиғаттылығының бұзылмауы.
|
Мазмұны
|
Жердің пайда болу гипотезалары. Жердің физикалық қасиеті және құрылысы. Жер қыртысының құрылысы. Жер гравитациясы және жылу тәртібі. Геосфералар, олардың өзара әрекеті. Минералдар және олардың жыныс түзгіштік маңызы. Негізгі жыныс түзгіш минералдардың сипаты: пайда болуы, химиялық құрамы, құрылысы, физикалық қасиеті. Тау жыныстары. Пайда болуы жағынан тау жыныстарының жіктемесі. Теңіз және континенталь шөгінділердің жиналу және қалыптасу жағдайы. Тұнба жыныстардың жіктемесі. Тұнба жыныстардың негізгі ерекшеліктері. Қалдық жыныстардың түзілу жағдайы және жіктемесі. Бөлшектердің қысқаша сипаты. Химиялық және органогенді жыныстардың түзілу жагдайы, олардың қүрамы және қасиеті. Тереңдік формасы - қабат және линза. Қабат элементтері. Тұнбаның жынысқа айналу процесі. Қүрылым және тереңдік формасы және қасиеті. Құрылым және текстура ерекшеліктері. Эндогенді процестер - Жердің ішкі динамика процесі. Магматизм туралы түсінік. Сейсмикалық құбылыстар. Жер сілкінісі мен сейсмикалық толқын түрлері. Жер сілкінісі күшін бағалау. Жер сілкінісі топырақ сілемдері, ғимараттар мен үймереттер түрақтылығына әсері есебінің принциптері. Метаморфизм. Метаморфизм типтері. Экзогенді процестер - Жердің ішкі динамикасының процесі. 6. Гидрогеологияның негіздері. жер асты сулары туралы мәліметтер. Тау жыныстарындағы су түрлері. Жер асты сулары туралы түсінік және олардың халық шаруашылығында қолданылуы. Құрылыс және геологиялық процестер мен құбылыстардың дамуындағы жер асты суларының рөлі; бетон мен металға қатысты жер асты суларының агрессивтілігі. Сүзудің негізгі заңы. Сүзу коэффициенті, су қозғалысының жылдамдығы және қысым гардиенті туралы түсінік. Тегіс және радиалды тасқын туралы жалпы түсінік. Көлденең және еңіс су өтпейтін бір текті қабаттардағы қысымсыз судың тегіс тасқын өнімділігі. Қысымды және қысымсыз сулардағы бұрғыларға судың келуі. Жалғыз және бірлескен ағындалар туралы түсінік. Топырақ сүзгілерінің коэффициентін анықтау. Өзара бірлескен бұрғылар. Дренаждар. Топырақ құрамы мен қасиеті. Топырақтың геохронологиясы және петрографиясы. Топырақтың физикалық қасиеттерін зерттеудің негізгі әдісі.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Құрылыстың инженерлі - геологиялық жағдайын бағалау. Тау жыныстарына жасына, құрамына қарай баға беру ( петрография), бұзылуы, шөгілуі және т.б. Түрлі эгзогендік және гравитациялық процестердің ескере отып, сулы ылғалды режимнің негізін гидротехникалық есеп бойынша орындауды игеру.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
Пәннің аталуы
|
М 21б. Үйлер мен ғимараттарды тексеру және сынау
|
Қысқартылған атауы
|
ҮмҒТС
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Лекциялар, лабораториялық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
5
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Оразбаев Ж.И., Бровко И.С.
|
Доцент/оқытушы:
|
Т.ғ.к., доцент; т.ғ.д., доцент
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, таңдау компоненті
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Лекция-15, лабораториялық сабақ-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 90 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
2
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Жоғарғы математика; Электротехника; Материалдар кедергісі; Құрылыс механикасы; Құрылыс материалдары; Азаматттық және өндірістік архитектура
|
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
|
Студенттерді экспериментті жобалаудың оптималüдық принциптерімен таныстыру және оларды конструкциялардың жұмыс істеуімен есептік схемаларының арасындағы сәйкестігін дұрыс тағайындауын үйрету; студенттерді ғимараттарды тексеру және сынау негіздерімен танысытырып, эксплуатациядағы ғимараттардың және олардың конструкцияларын жұмыс істеуінен баға беруін үйрету; студенттерді қазіргі таңдағы өлшеу және тексеру приборларымен пайдалана білуін және осы приборларды дұрыс орналастыруын үйрету. Студенттерге конструкцияларды сынау сõемаларын дұрыс қабылдауды, сынау барысында алынған мәндерді және сынау жүктемесінің мәндерін тағаéындауды, есептеу теõникасын паéдаланып анықтауды үйрету.
|
Мазмұны
|
Құрылыстағы метрологиялык жұмыс бөлімінің кызметі. Өлшеу кұралдарын тексеру. Мемлекеттік стандарттын сынақ өткізу системасы. Сапа тексеру және мемлекеттік кабылдау. Сынау кезіндегі әсер ететін күшсалмактарды қоздыратын әдістер мен құралдар. Деформацияларды және орын ауыстыруларды анықтауға арналған тәсілдер және аспаптар. Динамикалық процестерді зерттеп анықтауға арналған әдістер және құралдар. Виброметр және акселометр негізінің теориясы. Виброөлшегіш аспаптарын градуиовкалау принциптері. Динамикалык процестерді зерттеуге арналған аспаптары. Экспериментальдык зерттеудің метрологиялық камтамасыз етуі. Өлшеу ауыткулары. Кездейсоқ және системалык ауытку, сезімділік және өлшеу диапозоны. Ұксастық теориясы және өлшемдердің негізгі түсініктемесі. Құрылыс конструкцияларын киратпай сынау әдістері. Механикалық, аккустикалық, ультрадыбыстық, резонанстық, физикалық және қиратпай тексерудің комплекстік әдістері. Конструкциялар және материалдар дефектоскопиялык қиратпай сынау әдістері, кұралдары және аспаптары. Ғимараттарды қарап тексеру /зерттеу/ әдістер және зерттеуді өткізу ерекшіліктері. Ғимарттарға әсер ететін күштер. Монтаждық, техникалық және сырткы жүктемелерден, одан баска уакытша жүктемелерден туындайтын кернеулерді аныктау әдістері. Ғимараттарға жүктемелердің әсер ету схемасы және оларды түсіру тәсілдері. Конструкцияларды кеңістік жұмысы және олардың қосылған жерлерінің қатандығы, ондағы максимальды бұрыштык, бойлық жылжуларға баға беру. Ғимараттарды және конструкцияларды динамикалык күшке накты сынау.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Ғимараттарды сынау тәсілдерінің негіздерін білу негізінен ескі үйлерді реконструкция жасағанда, зауыттарда жасалынған өнім сапасын анықтағанда және де эксплуатапциядағы үйлерді тексеру білу.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
Достарыңызбен бөлісу: |