Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет8/10
Дата16.06.2016
өлшемі1.28 Mb.
#141146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Пәннің аталуы

М 8в. Құрылыстағы сметалық іс

Қысқартылған атауы

ҚСІ

Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Лекция, практикалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Мамбеталиева У.Д.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс тілдерінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Лекция-15, практикалық сабақ -15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер /сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: -экономикалық теория; құрылыс өндірісінің технологиясы; құрылыс процестерінің технологиясы; үймереттер мен ғимараттарды жобалаудың негіздері; құрылыс және жинақтау жұмыстар өндірісіне қажетті құрылыс машиналар мен жабдықтары; құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен басқару; озат технологиялар мен әрлеу жұмысын өндірудің тәсілдері; кәзіргі үймереттер мен ғимараттардың жаңа конструкциялық шешімдері; жаңа құрылыс материалдары.

Білім беру мақсаттары / құзіреттлігі

Тәжірибе қызметінде пайда болатын инженерлік сұрақтарды дұрыс шешуді; құрылыс-жинақтау ұйымдарда және басқа өндіріс орындарда аз шығын мен үлкен дәрежеге жетуді; өндірістің шығындарын негіздеп білуді; сметалық құнды негіздеп анықтауға және өндірістің құнын төмендетуді, баға құрудың өзгешіліктерін қолданып білуді үйрету.

Мазмұны

Құрылыста баға түзудің өзгешеліктері. Құрылыстың сметалық құны. Құрылыс жинақтау жұмыстарының сметалық құны. Материалдар мен бұйымдардың, конструкциялардың сметалық шығындары. Негізгі еңбек ақының сметалық шығындары. Құрылыс машиналар мен механизмдерді, жабдықтарды пайдаланудың сметалық шығындары. Баға түзудің сметалық нормалар мен мөлшерлеу жүйесі. Бірлік бағалар мен элементтік сметалық нормалар. Құрылыс жұмыстарының бірыңғай бірлік бағалары. Іріленген сметалық нормалар мен прейскуранттар. Құрылыс жұмыстарының көлемін есептеудің ережелері мен әдістемесі. Құрылыс жұмыстарының көлемін есептеудің ережелері мен әдістемесі. Сметалық құжаттардың түрлері мен құрамы. Оқшаулап шектелген сметалар мен есептер. Объектілік сметалар. Құрылыстың құнының жинақ есебі. Құрылыстың құнын ағымды баға деңгейінде анықтау. Құрылыстың келісім бағасы. Жобалау-сметалық құжаттарды келістіру және экспертизадан өткізу. Техникалық экономикалық көрсеткіштерін анықтау

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Жол құрылыс өндірістердің, үймереттер мен ғимараттар құрылысының сметалық құнын анықтауды; жаңа жол (қайта құрудың техникалық қайта жабдықтаудың) құрылыстың қажетті шығындардың шамасын анықтауды; үстеме (қосымша) шығындарды анықтаудың жаңа ережелерін; тауар – ақша қатынастың механизмдерін және осы қатынастарды жетілдіру жолдарын қолданудың; кұрделі құрылыстағы құн заңын білу.

Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)





Пәннің аталуы

М 19б. Жөндеу-құрылыс жұмыстарының технологиясы

Қысқартылған атауы

ЖҚЖТ

Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Лекция, практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Иманалиев Қ.Е., Шертаев Б.Т.

Доцент / оқытушы:

т.ғ.к., аға оқытушы; т.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс тілдерінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіби пән, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Лекция-15, практикалық - 30, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер /сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: үйлер мен ғимараттар сәулеті; құрылыс процестерінің технологиясы; үйлер мен ғимараттарды тұрғызу технологиясы; құрылыс машиналары және жабдықтар; үйлер мен ғимараттардың инженерлік жүйелері; құрылыс экономикасы; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы; қоршаған ортаны қорғау; тіршілік қауіпсіздігі.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Құрылыс технологиясы мен оны ұйымдастырудың, жөндеу мен жоспарлаудың теориялық негіздерін білетін және оны іс жүзінде қолдана алатын білікті мамандарды – құрылыс өндірісін ұйымдастырушыларды дайындау

Мазмұны

Үйлер мен ғимараттарды пайдаланудың мөлшерлік мерзімдері және классификациясы. Үйлер мен ғимараттардың инженерлік жабдықтары және олардың қызмет ету мерзімдері. Үймереттер мен олардың конструкцияларының тозуы. Негізгі жөндеу-құрылыс жұмыстарының тізбегі және классификациясы. Үйлерді жөндеу мен бақылау кезеңділігі. Үйлерді күрделі жөндеу барысындағы техникалық құжаттар. Техникалық құжаттар құрамы. Жобалық құжаттарды жасауға қойылатын талаптар. Техникалық құжаттарды жасау реті мен принциптері. Үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізуді ұйымдастыру. Жұмыстар өндірісін ұйымдастыру тәсілдері. Құрылысты ұйымдастыру және жұмыстарды жүргізу жобалары. Ағымдағы және профиактикалық алдын-ала жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру. Жөндеу барысында пайдаланылатын машиналар мен механизмдер. Арту-түсіру жұмыстарына пайдаланылатын машиналар, механизмдер және жабдықтар. Жөндеу-құрылыс жұмыстарының өндірісі. Құрылыс конструкциялары мен инженерлік жабдықтарды демонтаждау. Жабындарды, аралық жабындарды, едендерді, қабырғаларды, аралық қабырғаларды, ошақтар мен құбырларды бұзу. Іргетас табанындағы ғимарат сілемдерін силикаттау, смолалау, электрлі силикаттау, цементтеу, термиялық бекіту әдістерімен күшейту. Үйлер мен ғимараттарды қадаларға отырғызу. Топырақтарды бекіту барысында қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар. Жабдықтар, сапаны бақылау және қабылдау. Іргетастарды жөндеу және күшейту. Іргетастарды ауыстыру. Іргетас табандарын кеңейту. Аралық жабындарды жөндеу және күшейту. Ағаш, темірбетонды, біртұтас аралық жабындарды жөндеу және күшейту. Жабындарды жөндеу және күшейту. Аралық қабырғаларды жөндеу және орнату. Баспалдақтарды жөндеу және орнату. Ошақтарды жөндеу. Әлеу жұмыстары. Ішкі сылақ жұмыстары. Сырлау және желімдеу жұмыстары. Едендерді жөндеу және орнату. Қасбеттерді жөндеу. Машиналар, механизмдер, құрал-саймандар.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Жөндеу-құрылыс өндірісін дайындауды, ұйымдастыруды, өндірісті ұйымдастыруды жобалауды, инженерлік ізденістер мен құрылысты жобалауды, құрылыс өндірісіндегі жөндеу жұмыстарының негіздерін, ұйымдастыру-технологиялық жобалау барысындағы шешімдерді, кешендер мен жеке ғимараттар бойынша жөндеу- құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және күнтізбекті жоспарлауды, өндірісті материалды-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздерін игеру.

Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)





4 курс

7, 8 семестр


Пәннің аталуы

Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Қысқартылған атауы

ҚӨҰ

Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Лекция, практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

7

Оқытушының Т.А.Ә.

Иманалиев Қ.Е., Шертаев Б.Т.

Доцент / оқытушы:

т.ғ.к., аға оқытушы; т.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс тілдерінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіби пән, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Лекция-15, практикалық - 15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер /сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: үйлер мен ғимараттар сәулеті; құрылыс процестерінің технологиясы; үйлер мен ғимараттарды тұрғызу технологиясы; құрылыс машиналары және жабдықтар; үйлер мен ғимараттардың инженерлік жүйелері; құрылыс экономикасы; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы; қоршаған ортаны қорғау; тіршілік қауіпсіздігі.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Құрылыс өндірісін дайындауды ұйымдастыру, құрылыс өндірісін ұйымдастыруды жобалау, инженерлік ізденістер мен құрылысты жобалау, құрылыс өндірісін тасқынды жобалау негіздерін, ұйымдастыру-технологиялық жобалау барысындағы моделдеу, құрылыс өндірісін сеттік жоспарлау, кешендер мен жеке ғимараттар құрылысын ұйымдастыру және күнтізбекті жоспарлау, құрылыстың бас жоспарларын жобалау және есептеу, құрылыс өндірісін материалды-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздерін игереді.

Мазмұны

Құрылыстағы келісім-шарт жасау жүйесі. Құрылысты ұйымдастырудың мердігерлік тәсілі және оның маңызы. Жобаның ұйымдастыру құрылымы және оның сыртқы ортасы. Жобаларды басқарудың ұйымдастыру құрылымын қалыптастырудың және жасаудың жалпы тізбегі. Жобаны ұйымдастырды моделдеудің заманауи әдістері мен тәсілдері. Құрылысты ұйымдастыруды жұмыс құжаттары сатысында жобалау. Құрылысты ұйымдастыру (ҚҰЖ) және жұмыстарды жүргізу жобалары (ЖЖЖ). Олардың тағайыны, бастапқы мәліметтер, жасау реттері, келісу және бекіту. Мөлшерлік базалары. Техникалық құжатармен қамтамасыз ету. Құрылыс алаңын бөлу және жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру құжаттары. Құрылысқа техникалық дайындық. Құрылыс алаңының инженерлік жабдықталуы. Технологиялық дайындық. Құрылыс мерзімі мөлшерлерінің сақталуын бақылау. Жинақтау ведомостылары мен материалды-техникалық ресурстарды тұтыну кестелерін жасау. қабылдаушыларға бекіту жүйесі. Тасымалдауды автомобиль көліктерімен ұйымдастыру. Құрылыс машиналарын пайдалануды ұйымдастыру. Құрылыс машиналары паркіне қойылатын талаптар. Құрылыстағы машиналарды пайдаланудың негізгі көрсеткіштері мен мөлшерлері. Машиналардың жылдық және сменалық жұмыс тәртібі. Құрылыс машиналары паркінің өндірістік қуатын анықтау әдістері. Құрылыс машиналары паркін пайдалануды ұйымдастыру түрлері. Материалдық ресурстар қажеттілігін есептеу әдістері. Нарықтық қатынас кезінде материалдық ресурстарды сатып алуды ұйымдастыру. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін есептеу әдістері. Ұстамдар мен кірісті жоспарлау. Қаржылық ресурстар қажеттілігін есептеудің бастапқы мәліметтері. Амортизациялық шығыстардың есебі. Шығыстар сметасын жасау. Қаржылық жоспарлау мен ұстамдарды жоспарлау. Кірісті жоспарлау.

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Жобалау барысындағы моделдеу, құрылыс өндірісін сеттік жоспарлау, кешендер мен жеке ғимараттар құрылысын ұйымдастыру және күнтізбекті жоспарлау, құрылыстың бас жоспарларын жобалау және есептеу, құрылыс өндірісін материалды-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру әдістерін игеру.

Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)




Пәннің аталуы

Үйлер мен ғимараттарды жобалаудағы компьтерлік есептер

Қысқартылған атауы

ҮмҒЖКЕ

Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

практикалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

7

Оқытушының Т.А.Ә.

Ерімбетов Б.Т.

Доцент / оқытушы:

Т.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс тілдерінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

практикалық сабақ-30, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер /сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: жоғарғы математика, инженерлік графика, құрылыс конструкциалары, темірбетон конструкциаларын жобалау, темір конструкциаларын жобалау пәндерін жақсы игерген болуы қажет. Студенттердің «AutoCad» ПЖ жұмыс істеу тәжірибесі болуы қажет.

Білім беру мақсаттары / құзіреттлігі

Бұл пәнді оқу мақсаты: студеннтер құрылыс конструкциаларын жобалау процесстерінде қазіргі заман талаптарына сай келетін программалық жүйелерді қолдануды үйрену. Студенттер бұл пәнді игеру кезінде қазіргі заман талаптарына сай келетін программалық жүйелердің түрлерін, яғны ЛИРА ПЖ, МОНОМАХ ПЖ, SCAD ПЖ мумкіншіліктерімен танысады

Мазмұны

Үйлер мен ғимараттар конструкциаларын жобалауда ЛИРА ПЖ мүмкіншіліктерін қолдану. Конструкциаларды жобалауда ЛИРА ПЖ қолдану. Негізгі элементтер әдісі МКЭ – ЛИРА ПЖ теориялық негізі. Есептік схемаларды қүру принциптері. Есептік схемалардағы элементтердің шектік шарттары. Элементтердің қатаңдық көрсеткіштері.кушсалмақтардың есептік үйлесуі. Статикалық және динамикалық әсерлерге есептеу. ЛИР ВИЗОР жүйесінің мүмкіншіліктері. ЛИРА ПЖ графикалық ортасының мүмкіншіліктері. Есептеу нәтижелерін бақылау және қорыту. Құжаттандыру. ЛИР-АРМ жүйесі. Темірбетон конструкциаларын есептеу және жобалау. ЛИР-АРМ жүйесі. Темірбетон конструкциаларының арматураларын есептеу және тексеру. Стерженді элементтерді арматуралау. Берілген арматураларды тексеру. Пластиналы элементтерді арматуралау. ЛИР-АРМ жүйесінде стерженді элементтерді конструкциалау. ЛИР-СТК жүйесі. Болат конструкциаларды есептеу және жобалау. ЛИР-СТК жүйесі. Элементтердің көтеру қабілеттерін тексеру. Есептеу алгоритмі. Елементтер қимасын таңдау. Есептеу нәтижелерін бақылау.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Үйлер мен ғимараттарды жобалауда компьютерлерді колдану білімін толық игере отырып, құрылыс конструкцияларының сызбаларын компьютерде орындауда тәжірибелер жинауды үйрену.

Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)





Пәннің аталуы

Ғиматтарды жаңғырту технологиясы

Қысқартылған атауы

ҒЖТ

Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практикалық сабақ, КЖ, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

7

Оқытушының Т.А.Ә.

Алдияров Ж.А.

Доцент / оқытушы:

Т.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс тілдерінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіби пән, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс – 15сағ., практикалық сабақ-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер /сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

«Құрылыс өндірісінің технологиясы II», «Құрылыс өндірісінің технологиясы III».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Қазіргі заманғы әдістер және тәсілдермен ғимараттар мен имараттарды жаңғырту технологияларын теориялық негізде игеру теориялық негізге және ғимаратты жаңғырту бойынша жұмыстарды орындауды тәжірибе жүзінде іске асыруды үйрету

Мазмұны

Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жаңғыртудың әлеуметтік, қала кұрылысы және сәулеттік мәселелерді шешудегі рөлі. Ғимараттың қызмет ету мерзімі және оның нақты тозуы. Жаңғырту кезінде жұмыс өндірісінің ерекшеліктері. Жаңғырту құрылысын ұйымдастыру жобасының құрамы. Жаңғырту кұрылысын ұйымдастыру жобасын жасау үшін бастапқы материалдар. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуды орындауға жоба жасау. Жаңғырту бойынша жұмыстардың мерзімдік жоспары. Жаңғырту жағдайында кұрылыстық бас жоспар. Дайындық кезеңіндегі жұмыстың құрамы және шаралары. Жаңгырту кезінде қамтамасыздандыратын-қосымша және қызмет көрсету ұймереттерін қалыптастыру. Материалды-техникалық қамтамасыздандыру. Жұмыс сапасы. Жаңғырту жағдайында жер жұмыстарының өндірісі. Қысылған жағдайда қазаншұңқыр мен ұзынорларды өңдеу технологиясы. Қазаншұңқыр мен ұзынорлардың қабырғаларын бекіту. Негіздер мен іргетастарды күшейту әдістері. Инъекция тәсілімен топырақты бекіту және құрылыс конструкцияларын күшейту. Таспалы және жеке іргетастардың жүк көтеру қабілетін жоғарлату. Нөлдік цикл жұмыстары өндірісінің кезіндегі техника қауіпсіздігі. Жалпы мағлұматтар. Бұзылатын конструкциялардың жіктелуі. Жұмыс өндірісіне дайындық. Бұзудың құралдары мен тәсілдерін таңдау. Ғимараттар мен имараттарды жасау технологиясы. Жинақтау және бөліп ажырату процестерінде өндірістік ғимараттардың конструкцияларының тұрақтылығымен қамтамасыз ету. Жинақтау және бөліп ажырату механикаландыру құралдары. Жинақтау және бөліп ажырату жұмыстарының өндірісі кезінде техника қауіпсіздігі. Металл ұстындарын, арқалықтарын және басқа аралық конструкцияларды күшейту технологиясы. Темірбетон конструкцияларын күшейтудің негізгі әдістері. Тас конструкцияларын күшейту әдістері. Күшейтілген конструкцияларды қабылдау. Техника қауіпсіздігі. Қалып жұмыстарының өндірісі. Арматура жұмыстарының өндірісі. Бетон қоспаларын жеткізу және бөлу. Қысымдап бетондау және бетон қоспаларын торкреттеу. Қысқы мерзімде бетон жұмыстарының өндірісі. Қысылған жағдайда түсірме кұдық тәсілімен жерасты имараттарын тұрғызу. Жаңғырту жағдайында жерасты коммуникацияларын көрінбейтін тәсілімен төсеу. Жерасты коммуникацияларын жабық тәсілмен тосеу. Техника қауіпсіздігі.

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Ғимараттар мен имараттарды жаңғыртудың мерзімдік жоспарлауды;
ғимараттарды жаңғырту жағдайында құрылыстық бас жоспарды жобалау
ерекшеліктерін; өнеркәсіптік кәсіпорындарды, тұрғын және қоғамдық
ғимараттарды жаңғыртуды ұйымдастыруды; жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ғимараттарын жаңғырту ерекшеліктерін; құрылыс жинақтау жұмыстары өндірісін; үйді бөлшектеуді; кұрылыс конструкцияларын кұшейту технологиясын, сонымен қатар гимараттарды жаңғырту кезінде жұмыс өндірісінің арнайы тәсілдерін білу.

Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет