Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет19/82
Дата22.12.2019
өлшемі1.26 Mb.
#447743
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
5 сынып Көкжиек ҚМЖ

5-сынып. Мұғалім кітабы

10-11-сабақ



Сабақ тақырыбы:


Қожа мектепте.



Білімділік:

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлем үлгілерін қолдану негізінде оқушыларды көркем шығарма жайлы толық ақпарат бере білуге машықтандыру.

Дамытушылық:

Сөйлесім әрекеті негізінде оқушылардың қазақша тілін дамыту.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында достық қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде көркем шығарманың жайында ақпараттар береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): көркем шығармадағы көріністерді сипаттайды, сынып- тастарымен жаңа тақырып аясында тілдік қарым-қатынасқа түседі.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): қазақ тілінде жаңа тақырыпқа байланысты сұхбат құрады, мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Желбіреген, бауырмал, сырланған, мұнтаздай, сенім, бетпе-бет, атып түрегелу, шайып жіберу.

Сабақта қолданылатын мате- риалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, «Менің атым Қожа» көркем суретті фильмі, тақырыпқа қатысты суреттер, А4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер, cмайликтер, өзара бағалау парағы.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, диалог, «Автор орындығы» тәсілі, диалог, «Блум» стратегиясы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан мектеп өміріне қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді. Көрген слайдтарын сипаттап берулерін сұрайды.

Слайдтарды сипаттайды.

40


2-тақырып. Мектеп өмірі. Әдепті бала — арлы бала



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайта- латады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Өз мектебінің өмірі жайлы мәтін құрап жазады.

Ә) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтан- дыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Оқылым.

Мәтінді оқиды, мазмұнын айтады.



3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мә- нерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым.

Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды, мазмұндап айтады.



Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Досымен бірге диалог құрады.

Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сұрақтарға жауап жазады.

4) Сергіту сәті. Әр топқа А4 парағын, түрлі-түсті қарын- даштар мен фломастерлер таратады. «Менің атым Қожа» шығармасынан оқулықта берілген үзінді бойынша («Орыс тілі» сабағында) диафильм жасауларын сұрайды.

Диафильм жасайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақ- паратты қабылдауға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сурет бойынша диалог құрайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Мұғалім оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін «Автор орындығы» тәсілін пайдаланады. Қатар бойынша үш топқа бөледі. Топтық жұмысты орындатады.

«Автор орындығы» тәсілі бойынша топтың әр мүшесі кезекпен алдында айтылған сөзге сөз қосып жалғастыра береді.

Соңында әр топ тақырыпқа қатысты толық бір мәтін құрап айтады.

І топ — мектеп; ІІ топ — Қожа; ІІІ топ — Жанар.


IV. Бекіту

Жеке жұмыс. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап іздейді,

«Блум» стратегиясы бойынша Қожа мен Жантастың бейнелеріне талдау жасайды.



V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.

VI. Үйге тапсырма


Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау.






VII. Рефлексия

Мұғалім оқушыларға смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смай- ликтерді көрсету арқылы білдіреді.


41



Оқушының аты- жөні

Баға

1

Айдын

5

2

Ару

5






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет