Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет18/82
Дата22.12.2019
өлшемі1.26 Mb.
#447743
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82
5 сынып Көкжиек ҚМЖ

5-сынып. Мұғалім кітабы





Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

V. Бағалау

Формативті бағалау. Баспалдақтың суреті салынған парақ таратады. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Баспалдақ» әдісі бойынша өзін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім күннің шапақтары салынған карточка таратады.

Күннің шапақтарына сабақта не үйренгендерін жазады.

9-10-сабақ



Сабақ тақырыбы:


Жанар — ақылды қыз.



Білімділік:

Қазақ тілінде әртүрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы Б.Соқпақбаевтың шығармасындағы Жанар жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтік минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін қалыптас- тыру.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация арқылы кітап оқуға бейімдеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде шығарманың кейіпкері Жанар жайлы ақпараттар береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы Жанарды, оның мінез-құлқын, шығармадағы көріністерді сипаттай алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен қазақша өзінің сүйікті кей- іпкері туралы тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.

Жаңа сөздер:

Сырт бейнесі, қосауыз мылтық, үңірею, шеке, тап-тақыр, құлпыру, жайнау.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, «Менің атым Қожа» көркем суретті фильмі, тақырыпқа қатысты суреттер, плакат, маркерлер, суреттер, кесте.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, «Мен жұлдызбын» тренингі, ассоциограмма, диаграмма,

«Сөзтізбек» ойыны, «Кубизм» әдісі, «Броундық қозғалыс» әдісі «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.



Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Оқушылармен амандасып, түгендеу. Оқушыларды екі қатарға тұрғызып, «Мен жұлдызбын» тренин- гін өткізеді.

Оқушылар екі қатарға тұрады. Өздеріне ұнайтын танымал тұлғалар (актерлер, жазушылар, т. б.) кейпінде бір-бірімен сәлемдеседі.

38


2-тақырып. Мектеп өмірі. Әдепті бала — арлы бала



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Өткен сабақты тек- серу

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақ- тарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «Жанар» сөзіне ассоциограм- ма құрғызады.

Әр оқушы тақтада ілулі тұрған плакатқа маркер- мен өз ойын жазады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтан- дыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Қожаның портретін диаграммаға түсіреді.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым.

Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды, тақырып қояды.



Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтан- дыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтіннен қатыстық сын есімдерді тауып, сөйлем құрайды.

Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қа- былдауға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Жанар туралы қосымша мәлімет жи- найды, сұрақтарға жауап береді, диаграмманы толтырады, келбетін, мінезін сипаттап айтады.

4) Сергіту сәті. Топтық жұмыс. «Сөзтізбек» ойынын ұйымдастырады. Қатар бойынша үш топқа бөледі. Әр топқа бір сөзден береді.

«Сөзтізбек» ойынының шартын орындайды: әр оқушы берілген сөзге бір сөз қоса отыра, «Жа- нар ақылды қыз» тақырыбына мәтін құрайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сау- атты жазуға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орындатады.

Жазылым. «Кубизм» әдісін пайдаланып, Қожа мен Жанар туралы жазады.

ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 8-тапсырманы орын- датады.

Жазылым. Синквейн дайындайды.

IV. Бекіту

Топтық жұмыс. «Броундық қозғалыс» әдісі. Оқу- шыларға «Жанар — ақылды қыз» деген тақырып береді.

Аталған тақырыпқа қатысты сыныпты аралап ақпарат жинайды. Басқалармен ой бөліседі. Мәтін құрайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім кері байланыс әдісімен кесте таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кестеге толтырады.


39


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет