Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет17/82
Дата22.12.2019
өлшемі1.26 Mb.
#447743
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82
5 сынып Көкжиек ҚМЖ

5-сынып. Мұғалім кітабы





Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

«Менің сүйікті жазушым» тақырыбына шағын мәтін құрау.




VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсырады.

7-8-сабақ



Сабақ тақырыбы:


Қожа — әдепті бала.



Білімділік:

Қазақ тілінде әртүрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы Б.Соқпақбаевтың шығармасындағы Қожа жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Қазақша ойын дәл жеткізуге үйрету арқылы коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация арқылы кітап оқуға бейімдеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде Қожа жайлы ақпараттар береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы Қожаны, оның мінез- құлқын, шығармадағы көріністерді сипаттай алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен қазақша өзінің сүйікті кейіпкері туралы тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.

Жаңа сөздер:

Кейіпкер, ықшам, жағымды, туу куәлігі, ес білгелі, қолайсыз, табанда өзгерту, істің турасы, келемеждеп айту.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, «Менің атым — Қожа» көркем суретті фильмі, тақырыпқа қатысты суреттер, желімқағаздар, суреттер, карточкалар, А4 парағы, түрлі- түсті қарындаштар мен фломастерлер.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, «Жүректен-жүрекке» тренингі, кластер, семантикалық карта, постер, «Аквариум» тәсілі, диалог, «Т-кестесі» тәсілі, «Баспалдақ» әдісі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» тре- нингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында тал- данады.

36


2-тақырып. Мектеп өмірі. Әдепті бала — арлы бала



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Өткен сабақты тек- серу


Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.


Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.



І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Менің атым — Қожа» көркем суретті филь- мінен үзінді көрсетеді. «Менің атым — Қожа» фильмін көрсетеді, сұрақтар қояды: — Балалар, біз қандай фильм көрдік? Сендерге бұл фильм ұнай ма? Осы фильмнің кейіп- керлері туралы не айтасыңдар?

Көркем суретті фильмді тамашалай ды, сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпа- ратты қабылдауға машықтандыру үшін

1-тапсырманы орындатады.



Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. «Сүйікті шығармам» сөзіне кластер жасайды.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мә- нерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым.

Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды.



Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, сөйлем құрайды.

Б) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексереді, түсіндіреді.

В) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 6-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Семантикалық картаны толтырады, түсіндіріп айтады.

4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А4 парағы мен түрлі- түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады.

А4 парағына шығарма кейіпкерлерінің суретін салады, по- стер жасайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақ- паратты қабылдауға машықтандыру үшін 8-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Суреттегі кейіпкерлер жай- лы айтады.

ІІІ. Ой толғаныс

«Аквариум» тәсілі бойынша «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында диалог құрғызады.

Тілдесім. Екеуара бірігіп, диалог құрады.

IV. Бекіту

Мұғалім оқушыларға «Т-кестесі» тәсілін пайдалану арқылы Қожа мен Жантасқа сипаттама бергізеді.

Қожа мен Жантасты сипаттайды.


37

Қожа

Жантас

Сабақ барысында алған білімдері, мағлұматтары, түсініктері

Сабақ барысында алған білімдері, мағлұматтары, түсініктері






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет