Сандық анықтау
Ұсақталған шикізаттың 1 г (нақты салмақ) сыйымдылығы 150 мл шлифі бар колбаға салып, 1% концентрлі HCl бар 90% C2H5OH қосады немесе 10% H2SO4 (гликозидтердің гидролизі үшін), колба кері тоңазытқышқа қосылады, сулы моншада 1 сағат қызады, бөлме температурасына дейін салқындатылады, қағаз сүзгісі арқылы сыйымдылығы 100 мл өлшеуіш колбаға сүзіледі. Экстракция жоғарыда көрсетілген тәсілмен тағы 2 рет қайталанады, сол сүзгі арқылы сол өлшеуіш колбаға сүзіледі, сүзгі 90% C2H5OH жуылады және сүзінді көлемін сол этанолмен белгіге жеткізеді (А ерітіндісі).
Сыйымдылығы 25 мл өлшеуіш колбаға 2 мл ерітінді А құйып, 1 мл 1 % AlCI3 бар 95 %-дық спирт ерітіндісін құяды, ерітіндінің көлемін сол еріткішпен белгіге дейін жеткізеді. 20 минуттан кейін ерітіндінің оптикалық тығыздығын спектрофотометрде толқын ұзындығы 430 нм болатын аймақта, қалыңдығы 10 мм болатын кюветте өлшенеді.
Салыстыру ерітіндісі ретінде 90% C2H5OH сыйымдылығы 25 мл өлшеуіш колбадағы белгіге дейін жеткізілген 2 мл А ерітіндісінен тұратын ерітінді қолданылады [45].
Құрамындағы флавоноидтардың санын (%) 2 формула бойынша табады:
,
мұндағы,
D – толқын ұзындығы 430 нм сыналатын ерітіндінің оптикалық тығыздығы;
764,6 – 430нм-де 1% алюминий хлоридінің қатысында кверцетин кешенінің жұтылу көрсеткіші;
W – шикізатты кептіру кезіндегі жоғалған масса, %
m – шикізат салмағы, г
↕
Төмендегі 10 кестеде өсімдік шикізатына жүргізілген талдаулардың нәтижелері көрсетілген:
↕
Кесте 10 – Дәрілік қырмызыгүлдің гүліне атқарылған жұмыстар
↕
№
|
Жұмыс атауы
|
Calendula officinalis, %
|
1
|
Ылғалдылықты анықтау
|
4,31
|
2
|
Флавоноидтарды анықтау
|
0,1828
|
Достарыңызбен бөлісу: |