Ғылым және жоғары білім министрлігі


BilimLand онлайн оқу платформалары



бет32/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

BilimLand онлайн оқу платформалары
Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс
Мұғалім "Чат" бөліміне кіріп, сынып оқушыларына хабарлама жаза алады. Одан бөлек, белгілі бір оқушыны таңдап, "Жеке хабарлама" батырмасын басу арқылы жеке хабарлама жібере алады. Сол жақ мәзірдегі "Оқушымен байланыс" бөлімшесінде жеке оқушыны таңдап, кері байланыс жасауға болады. Ал оқушы мұғаліммен байланысу үшін сабақ кестесінен сол мұғалім сабақ беретін пәнді таңдап, "Чат" бөліміне кіру арқылы хабарлама жазады. Сондай-ақ, сол жақ мәзірдегі "Мұғаліммен байланыс" батырмасын басып, қажет мұғалімді таңдап, жеке хабарлама жібереді немесе жаңа хабарлама батырмасын басып, мұғалімді таңдау арқылы жеке хабарлама жазу мүмкіндігі бар.




MicrosoftTeams — бұл онлайн кездесулер, ортақ чаттар, басқа да қосымшалар, сондай-ақ, файлдармен бөлісу және бірлескен жұмысты қамтитын корпоративтік платформа. Платформа Zoom, GoogleDocs, Slack, Trello және басқа құралдарды алмастыра алады. Сонымен қатар, жұмыста қолданған қосымшалардың көпшілігін MicrosoftTeams-ке біріктіруге болады.
Mektep.EDUS және ok.edus.kz платформасы. Оқушы мұғалімдердің сабағын, тапсырмаларын осы жерден көре алады. Бұл жүйеге мектеп берген логин мен парольді енгізу арқылы кіреді. Жүйеге қосылған соң "Тапсырмалар" бөліміне кіріп, қажет сабақты таңдап, үй тапсырмасын орындағаннан кейін оны файл немесе мәтін түрінде мұғалімге жіберуге болады.
Оpiq.kz. Оқушы мұғалім берген тапсырмаға кірген соң тапсырмалар туралы деректерді, оқу материалдарына сілтемелерді және орындауға арналған тапсырмалар тізімін көреді. Тапсырманы орындаған соң тапсырмалар бетінде жауаптарды сақтау қажет. Оқушы "Өз материалыңды қосу" сілтемесіне өтіп қажетті файлдарды жүктейді. Бұл файлдар мұғалімге көрініп тұрады. Тапсырма орындалып, жауаптар сақталған соң “Жұмысты ұсыну" бармасын басу керек. "Нәтижелер" бетінде әртүрлі пәндер бойынша мұғалімдер тексерген барлық жұмыс пайда болады. Осы жерде нәтижелерді көруге, сыныптың орташа нәтижесімен пән бойынша өзінің орташа балын салыстыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет