Тест өткізу арқылы кері байланысты бағалау, бекіту.
Компьютерлік тестілер қолдану арқылы білімдерін тексеру (компьютер тапсырманың орындалу пайызын, қателерді және бағаларды көрсетеді). Интернеттегі әр түрлі тестілерді қолдануға болады.
Қазіргі кезде тестік әдістің көмегімен оқушылар білімі жиі сараланады. Тестің саналылығы оның құру жүйесіне тәуелді және оған енетін тапсырмалардың күрделілігі мен байланысты. Тест тәсілін қолдануды жүзеге асыру үшін жан-жақты ойластырып методикалық нұсқаулар,әдістемелер болуы қажет. Компьютер көмегімен тестік бақылау өткізуге болады. Компьютер бір мерзімде топтың ,не сыныптың білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Онлайн білім беру әлемінде оқушыларға асинхронды немесе
синхронды жүйеде кері байланыс беру жолдары.
Синхронды оқыту – виртуалды сыныпқа ұқсас, бір уақытта оқумен айналысатын оқушылар тобын қамтиды. Оқытудың бұл түрінде оқушы мен оқытушы бір уақытта бір жерде болады. Ол үшін топтық сөйлесулер, веб-семинарлар, бейне конференциялар сияқты мультимедиялық компоненттер қолданылады.
Асинхронды оқыту – қажетті онлайн-ресурстармен өздігінен оқуға негізделген оқушыға бағытталған оқытуды қамтиды. Бұл жағдайда электронды пошта, электронды курстар, онлайн форумдар, аудио-бейне жазбалар сияқты технологиялар қолданылады.
Синхронды, асинхронды немесе коммуникациялық тәсілдердің жиынтығына сүйенетін мұғалім оқушыларға білім беру тәжірибесінен көп нәрсе алу үшін анық, жиі және тиімді қарым-қатынас жасауы керек.
8-дәріс. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылауға арналған заманауи кешендер.
Бағалау жүйесі – мектеп оқушыларының қызметінің нәтижелерін ағымдағы және қорытынды бағалауды, педагогтар мен мектептің қызметін бағалауды, білім беру жүйесі қызметінің нәтижелерін бағалауды қамтитын күрделі және көпфункционалды жүйе. Осыған сәйкес бағалау жүйесі атқаруы керек:
1. Бағалау қызметінің мақсаттарын белгілеу: а) нәтижеге жетуге бағыттау; б) білім берудің барлық аталған нәтижелерін (пәндік, метапәндік және жеке тұлғалық) бағалауға кешенді көзқарасты қамтамасыз ету; в) жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу туралы алынған ақпараттың негізінде білім беру жүйесін реттеу мүмкіндігін, басқаша айтқанда, әр сыныпта, мектепте білім беру процестерін жақсарту және жетілдіру үшін педагогикалық шаралар қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету
2. Критерийлерді, рәсімдерді, бағалау құралдарын және оның нәтижелерін ұсыну нысандарын белгілеу.
3. Бағалау жүйесін қолдану шарттары мен шекараларын белгілеу.
Бағалауға критериалды-бағдарланған тәсілдер негізінде білім алушылардың білім беру нәтижелерін бақылау жүйесі мен сапасын бағалау өзекті болып табылады. Критериалды-бағдарланған тәсілдерді қолдану білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың обьективтілігі мен қолжетімділігі деңгейін едәуір көтереді. Заманауи мектепте білім алушылардың білім беру қызметін бағалауға критериалды тәсілдер қажет, осындай тәсілдер кері байланысты жүзеге асыруға көмектеседі, білім беру процесінің барлық қатысушыларына өлшенетін критерилер және оқыту нәтижесін көруге мүмкіндік береді.
Бағалау жүйесінің маңызды сипаты, ол тек ғана бағалауды қою кезінде ғана қолданылмайды, толығымен мұғалімдер, білім алушылар және ата-аналар арасындағы білім беру процесінің жетістігі себептері бойынша бақылау диагностикалық байланысты жүзеге асырады. Білім беру жетістігін бағалау кезінде бағалау жүйесі осындай балалардың оқу жетістігін обьективті көрсетіп ғана қоймау керек және білім алушылардың білім беру процесін одан әрі қолдау үшін негіз болу керек. Бағалау жүйесі оқыту жетістігін өлшеу мен оқыту мәселелері диагностикасы болып табылады, оқытудың стратегиясы мен тактикасы бойынша түбегейлі шешім қабылдау, күтілетін нәтижелерді бағалау түрі мен білім мазмұнын жетілдіру ретінде білім беру процесі сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Білім беру жетістіктерін бағалау кезінде алынған нәтижелер арақатысы мен оқыту кезіндегі жоспарланған мақсаттарға жетудің маңызы зор
Оқу жетістіктерін бағалауға арналған платформалар - Kahoot, Flippity, Nearpod.
Kahoot - әлеуметтік оқыту үшін әзірленген сайт. Сайтты Skype немесе Google Hangouts сияқты ортақ экранды пайдалану құралдары арқылы пайдалануға болады. Kahoot әр түрлі веб-браузерлер мен мобильді құрылғылар арқылы веб интерфейс арқылы ойнатуға болады. 2017 қыркүйек айында Kahoot мобильді платформада қосымша ретінде іске қосылды.
Достарыңызбен бөлісу: |