Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет113/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

 
Әдебиеттер 
1. 
Мауленов Г. Основные характеристики преступности в Республике Казахстан. – Алматы, 1999. 
2. 
Сатыбалды Л. Формы вовлечения несовершеннолетних в преступную деятельность. – Алматы, 1999 
3. 
Джекебаев У. Соучастие в преступлении: криминологические и уголовно-правовые проблемы. – Алматы. 
ӘОЖ 697.41 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУЛЕР ЖӘНЕ 
ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР 
Асылхан Н.Д., Базильжанұлы Д. – ЮМ-20-1к1, 2 курс студенттері 
Елікбай М. – з.ғ.к., доцент 
Біздің елімізде жоғары заң күші бар және бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның
ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау 
мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны - азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу 
болып табылады. 
Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін 
жүргізуде оның принциптерін сақтап ұстануға тиіс [1]. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар 
арасындағы құқықтық дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешуге үлкен үлес қосады [2]. 
Сондай-ақ, оның азаматтьқ сот ісін жүргізудің принциптері жайлы білген, жалпы соттағы азаматтық істерді 
қарап және шешу тәртібін белгілейтін құқықтық іс жүргізу нормаларының құрамы жөнінде хабары болады. Азаматтық 
сот ісін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітіліп, нақты құқық туралы дауды сот отырысында шешуді, 
сот пен іске қатысушылардың іс жүргізу құқықтарын және іс жүргізу міндеттерін, қатынастарын белгілейді. Кезінде 
белгілі процессуалист-ғалым Н.А. Чечина былай деп айтқан: «Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы 
құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды». 
Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оны жетілдіру шаралары 
әрқашан оның принциптерін ескере жасалады. 
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің маңыздыларын соттың құқық қолдану тәжірибесінен байқауға 
болады. Сотта азаматтьқ істерді қарайтын және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтық сот ісін жүргізудің 
принциптерін басшылыққа алып қолданады [3]. Оларды қолдану арқылы азаматтық істер бойынша сот төрелігі дұрыс 
және уақтылы атқарылады. Егер сот қолданыстағы заң нормаларында белгілі қатынасты реттеу қарастырылмаған болса, 
онда мұндай жағдайда ұқсас қатынастарды рет-тейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған 
жағдайда оны реттеуге принциптерді қолданады. 
Осылай, азаматтық сот ісін жүргізудің жеке өзіне тиесілі принциптерін белгілеуге болады. Принциптер әрқашан 
құқықтың дамуына байланысты өзгеріп, ал оның мазмұны үнемі толыға, жаңара береді. Сол арқылы дамып жатқан 
қоғамдық қатынастарды реттеуге ат салысады. 
Теориялық және методологиялық негіздері. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін ғылыми
зерттеулермен айналысқан ғалымдар аз емес. Олардың қатарына еңбектерімен көпшілікке белгілі ғалымдар М.Г. 
Авдюков, З.Х. Баймолдина, А.Т. Боннер, Р.Е. Гукасян, М.А. Гурвич, П.Ф. Елисейкин, С.З. Зиманов, В.М. Семенов, А.К. 
Сулейменов және т.б. жатқызуға болады. 
Тақырыптың қазіргі кезең талабына сай өзектілігімен, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне тікелей 
байланысты жүзеге асуымен (жазылуымен) анықталады. 
Көптеген авторлардың ой пікірі бойынша құқық принциптері - бұл белгілі жинақтау жұмыстарының нәтижесі, 
ғалымдардың творчестволық сана тұжырымдамасы, олардың қалыптасқан қоғамдық өмірдегі болмыстарға көзқарастары 
болып табылатын негізгі ережелер, бастапқы идеялар [4]. 
Құқық ғылымында идея ұғымы жалпы құықтық, салалық және салааралық принциптермен тығыз байланыста. 
Сондықтан азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру туралы 
бастапқы идеялар деп түсінеміз. 
Осылай азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері дегеніміз - азаматтық іс жүргізудің демократиялық және 
қайырымдылық мәнін ашатын, оны құрайтын процессуалдық нормалар, сатылар және институттарды анықтайтын
сондай-ақ, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекет қойған мақсат пен міндеттерді орындауға 
азаматтық іс жүргізу қызметін бағыттайтын, азаматтық іс жүргізу құқығымен бекітілген бастапқы идеялар.Соттар 
азаматтық отбасалық, еңбек тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастардан, табиғи 
ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөнінде қатынастар мен басқа да құқықтық қатынастардан, оның 
ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі 
талап жөніндегі талап қарайды. 
Қазақстан мемлекеті, оның барлық органдары заңдылыққа негізделіп, қоғамның мүдделерін азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық тәртіпті қарауды қамтамасыз етеді.
Азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырудағы органдардың ішінде ерекше орын сот 
әділдігі органы ретінде сотқа беріледі. 


129 
Оның қызметі істің ақиқатын қамтамасыз ететін азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін 
түрінде. Сотпен субъективтік құқықтарды және заңмен қаралатын мүдделерді қарау азаматтық істерді қарау мен 
шешу арқылы жүргізіледі. Құқықтар мен мүдделерді қорғау актісі болып заңды және негізделген сот шешімі. Сот 
төрелігін жүзеге асыру үшін сотқа алдымен азаматтық істі қозғалғанға дейінгі орын алған фактімен мән-жайларды 
анықтау қажет, содан кейін оларға материалдық құқықтық (азаматтық, отбасылық, әкімшілік) нормалары қолданылады. 
Фактілік мән-жайларды анықтау соттық дәлелдерді жүзеге жүргізу арқылы жасалады. 
Соттық дәлелдемелер көмегімен істің фактісін мән-жайларды анықтап алып және қолдануда жататын 
материалдық нормаларға сүйене, сот ішкі наныммен көмегімен субъективтік құқықтар және міндеттер туралы шынайы 
қортындыға жетеді. 
Сот қызметі барысында нақты фактілердің бар немесе жоқ екендігін дәлелдеуі.
Сот дәлелдемесіне жатқызылатын, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар фактілерді тікелей немесе жанама түрде 
растайтын фактімен мәліметтер. 
Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән-жайларды дәлелдейтін дәлелдемелерді дұрыс 
зерттемеу барысында, көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидалары бұзылуда. Соның барысында, 
мұндай істер бойынша шығарылған мәлімдердің күші жойылуда. 
Дәлелдеме түсінігі дәлелдеме теориясында және дәлелдеме құқығында негізгі орын алады. Соттық қараудың көп 
көлемі дәлелдеу қызметіне беріледі. Соған байланысты, дәлелдемелер бойынша сұрақтар қарау және оны тәжірибеде 
азаматтық іс-жүргізуде оны пайдалануда ерекше маңызға ие болады. 
Қазіргі азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер құқығындағы өзектілігін жоғалтпаған 
мәселелердің бірі болып табылады. Дәлелдемелер жинау және оны сот процесінде ұсына беруден сот шешімі тікелей 
тәуелді деп атауға болады. 
Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-
жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде 
алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. 
Мақсаты болып дәлелдемелер мен дәлелдеудің мәнін түсіндіріп ашу, азаматтық іс жүргізу құқығындағы алатын 
орнын көрсету болып табылады. 
Мақаланың нәтижесін мынадай негізгі тұжырымдар мен ұсыныстармен қорытамыз: 

дәлелдеудің түсінігі мен міндетін көрсету; 

дәлелдемелерді ұсыну, оған жол беру және растығын қарастыру; 

дәлелдемелерді қамтамасыз ету; 

куәнің айғақтары, міндеттері мен құқықтары; 

жазбаша дәлелдемелер; 

заттай дәлелдемелер; 

сараптама тағайындау және оны жүргізудің тәртібі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет