Алған білімдерін практикалық есептерді шығаруда пайдалана білу
Курстың жаңашылдығы:
басты ерекшелігі әрбір мазмұн біткеннен кейін берілген жаттығу тапсырмалары типтік үлгіде берілген, жазбаша жұмыс үлгісіндегі есептер мен тест тапсырмалары қамтылған.
Өзектілігі: Математиканың алдында тұрған негізгі талап-оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,сонымен қатар математика пәнінде күнделікті өмірде кездесетін есептерді шығаруға үйрету, математикалық модель құра білу, тез есептеу мәселелерін назардан тыс қалдырмау.Оқушыда эмоционалды интеллект ретінде сыни ойлап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын дамыту. Математикаға байланысты кәсіп таңдауға баулу. Мәтін есептерді тура талқылауды керек ететін арифметикалық тәсілді жақсы меңгергенде мәтін есептерге жылдам, әрі дұрыс теңдеу құра алады. Есептің мағынасын, есепте берілген іс-әрекеттерді толығымен түсінуге, есептің шартын жазуға қалыптасуымыз керек.Содан кейін шығару тәсілдерін бекіткен дұрыс болады.Сонымен қатар математика пәнінен алынған білімді өмірде жиі қолдануға тура келетіндіктен,өмірмен байланысты есептерді шығару-танымдылық пен қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. «Есепті жеңу-ой жеңісі, жігерлік жеңісі» болып табылады.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар. Оқушылардың курсты оқу барысында білуі тиіс:
-математикалық эмоционалды интеллект және сыни ойлаутуралы негізгі түсініктер;
-математикалық элементтердің атаулары;
- есептерді, мәтіндік есептерді шығаруға қойылатын талаптар, негізгі ұғымдар мен схемалар;
- тез есептеу тәсілдері түсінігін беру;
- арифметикалық амалдарға байланысты қолданбалы есептер;
- қарама-қарсы қозғалыс және бірін-бірі қуып жетуге байланысты формулалар қарастырылады және соған байланысты есептер;
- бірігіп жұмыс атқару есептері