Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»



бет52/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76
АШМ

Бақылау сұрақтары:
1.Шаруашылықта су пайдалану жоспарына не кіреді?
2.Суару жұмыстарын сапалы жүргізу принциптері?
3.Суарудың негізгі сапалы әдістеріне не жатады?


Дәріс № 14.
Тақырыбы: «Суармалы жерлердегі дренаждар жүйесі»
14.1 Суарылатын территориялық су балансы.
14.2 Дренаждардың түрлері және оларды қолдану шарттары.
14.3 Суармалы жерлерде ыза су режимін бақылау


1. Суарылатын территориялық су балансы. Жақсартылатын территориядан дренаждар арқылы ағызылып жіберілетін судың аумағы жағдайы қаралып отырған жерге жақынырақ, жұмыс істеп тұрған, коллекторлы-дренаждық жүйенің жұмысын үйрену негізінде анықталады. Ал енді бұндай мүмкіншілік болмаса — суарылатын территорияның су балансы талдау негізінде анықталады.
Суарылатын территорияның су балансы осы территорияға есептелген мезгілде келетін судың аумағынан және осы мезгілде оның сыртына ағып кететін судың аумағынан құралады, яғни балансы қаралып отырғап территорияда белгілі мерзімде су қорының жалпы өзгерісін бейнелейді. Су балансы барлық мелиорациялық аудандар және олардың бөліктері үшін жасалады.
2.Дренаждардың түрлері және оларды қолдану шарттары. Минералды ыза суларының тереңдігі өте қиын тереңдіктен кем болғанда, олардың табиғи жағдайда қайтуы жеткіліксіз, ал сорлану және батпақтануды болдырмау үшін қолданылатын агротехникалық және гидромелиоративтік шаралардың ыза су деңгейінің төмендеуін белгілі мөлшерде қамтамасыз өте алмаған жағдайда, олардың қайтуын жасаңды дренаждар салу арқылы ұлғайтады.
Суару жүйесіндегі дренаждар деп суарылатын массивтегі топырақ-грунтты суды жинап және оны ағызып жіберетін гидротехникалық құрылыстар жинағын айтады (дрендер, коллекторлар, скважиналар, насос станциялары).
Суарылатын жерлерде дренаждар ыза судың деңгейін төмендету, сорланған топырақтарды тұщылау және олардың қайтадан сорлануын болдырмау үшін жүргізіледі.
Суару жүйесіндегі дренаждар көлденең, тік және құрастырылған түрлерге бөлінеді. Көлденең дренаж ашық және жабық болады.
Ашық дренаж терең каналдардан, ал жабық дренаж жерге көмілген трубалардан жасалады. Бұл трубалар топырақтағы ыза суды қабылдап және оны су көздеріне жіберетін коллекторларға ағызады.
Суарылатын территорияда орналасуына қарай дрендер жүйесі, ішінара алдағы және жағадағыларға бөлінеді.
Жүйелі дренаж—барлық территорияға біркелкі орналастырылған көлденең дрендердің жүйесі. Бір коллекторға қосылатын алғашқы дрендер біріне-бірі параллелді орналастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет