32. Жоғары қысымды газгенераторы станциясын пайдалану. Газгенераторларын пайдалануға енгізу
502. Монтаждау немесе түбегейлі жөндеуден кейін жоғары қысымды газгенераторын пайдалануға дайындау жөнінде мынадай негізгі операциялар орындалады:
жеткізуші және апарушы технологиялық құбырлар мен клапандарды қоса алғанда, газгенераторының жинақтылығын тексеру;
жергілікті және қашықтықтан өлшеу құрылғыларының жинақтылығын тексеру;
барлық гидравликалық клапандардың және көмір мен күл шлюзі бекітпелері конустарының жұмысқа қабілеттілігін функционалдық сынау және іске қосу;
редуктор мен масақтық тор жетегінің вариатор қорабындағы майдың деңгейін тексеру;
айналу жылдамдықтарының барлық диапозонында масақтық тордың айналу механизмінің бұрғылағышын орындау, бұл ретте масақтық тор кемінде бір толық айналымнан өтеді;
бужинағыштан үрлеуге қосымша бу беру сызығын жұмысқа дайындап, кәріз бұрандаларын жабу;
шахта мен алдын ала салқындату қалқаларының салқындату контурларын қорек сумен толтыру:
оқтын-оқтын үрлеу және салқындату контурының дренажы желілеріндегі бұрандаларды жабу:
шахта күмбезіндегі ауалықты жабу;
қоректі су беру құбырлары кәріз бұрандаларын жабу;
бұранданы бірте-бірте ашып, қоректі су беру құбырын қысымға қою;
газгенераторы жейдесі мен бужинағыштың бөлігін (пайдалану жөніндегі нұсқауда көрсетілген деңгейге дейін) сумен баяу толтыру;
ақаулық болған жағдайда олардың барлығы газгенераторын пайдалануға жібергенге дейін жойылады.
503. Газгенераторын бумен (буландыру) күйдіру іске қосатын ауаны қолдану кезінде.
Күйдіру алдында мыналарға:
1) шахта мен алдын ала салқындатудың (газгенераторы жейдесі) қаңқаларын салқындату контурларына су толтырылғанына:
2) бу жинағышта су деңгейінің қойылғандығына;
3) газгенераторына технологиялық ортаны беретін (сыртқы бу, оттегі және басқасы) құбырлар жүйесіндегі барлық клапандар жабылғанына;
4) газгенераторының барлық конустарының жабығына көз жеткізіледі.
504. Лайықты газгенераторының көмір шанақтарына 30 т көмір толтырылады. Газгенераторы шахтасына 6-8 порция көмір (көмір шлюзі) толтырылады.
505. (Байпастың негізгіге) буды жіберу газгенераторына беру сұлбасын жинау және газдандырудың сыртқы бу құбырлары мен жіберу ауасын қысыммен жұмыс істеуге қою қажет.
506. Бу газдандыру (жіберу желісіндегі шығынды өлшегіш) және жіберілетін ауаның санын өлшеу құралдарын пайдалануға енгізіледі.
507. Үрлейтін құбырдың құбыр жүйесіндегі сызықта клапанды қол сермердің бір айналымына үзу қажет.
508. Күл шлюзіне үрленетін буды беру және жабық қоқысты бекіту кезінде газгенераторын жүйеге қосып, күл шығаруды күйдірудің барлық уақытында үрлейді.
509. Сағатына 2,5 тонна мөлшерінде газгенераторына бу жіберуді ашу үшін газдандырылған отынның қыздыруы басталады.
510. 15 минуттан кейін сағатына 400 нм3 мөлшерінде ауаны газгенераторына жіберуді ашу және газдандыруға арналған сағатына 2 тоннаға дейін будың саны азайтылады. Газгенераторы 1,2-1,3 МПа қысым кезінде тұрақтандырылады.
511. Газгенераторына ауаның берілуі басталғаннан бастап 30 минуттан кейін құрамындағы көміртегі диоксиды мен оттегін бақылау үшін газдың бірінші сынауы алынады. Содан кейін газ әр 15 минут сайын талданады.
512. Газ құрамындағы көміртегі диоксиді (СО2) 4 % аса артқан кезде газгенераторының қуаттылығы берілетін ауаның сағатына 600 нм3/сағ артуы және бу берудің сағатына 1,5 т дейін төмендеуі арқылы артады.
513. Газ құрамындағы көміртегі диоксиды (СО2) 6 % аса артқан кезде берілетін ауаның саны сағатына 800 нм3 артады, ал бу беру сағатына 1,2 т. дейін төмендейді.
Газгенераторының бұл өнімділігі оттегімен пайдалануға ауыстырып қосуға дейін қамтамасыз етіледі.
514. Газ құрамындағы оттегі 2 % кем төмендеген кезде газгольдерге газ тастау клапаны ашылады және бас құбырға үрлейтін сызықтағы клапан жабылады. Газгенераторындағы қысым 1,2-1,3 МПа тұрақты сақталады.
515. Осы қысыммен газгенераторының қуаттылығы үрлеудегі ауа сағатына 1000 нм3 дейін артады және сағатына 1,5 т дейін бу беру арқылы ұлғаяды. Осы қуаттылық кезінде газгенератордың жұмысы кемінде 30 минуттай сақталады.
516. Газдағы көміртегі диоксидтің (СО2) құрамы 19 % кем болмаған кезде және оттегі құрамы 1 % төмендеген кезде жүйеге қосылады.
517. Үрлеу берілгеннен екі сағат өткеннен кейін әр сағат сайын айқасқан торлармен айналатын 30 минутта номиналді өтімділігінің үштен біріне жетек жұмысы іске қосылады.
518. Тазаланбаған шикі газ 2000С жоғары көтерілген кезде 551 тармақта көрсетілген операциялар орындалу үшін жоғары форсункаға айналымды аммиакты-фенольді судың берілуі ашылады.
Газдағы көміртек диоксидтің құрамы кемінде 19 % және оттегінің құрамы 1 % жеткенде газгенераторын оттегімен пайдалануға қайта қосуға дайын болады.
33. Газ генератордың оттегімен жұмыс істеуге ауысуы
519. Кемінде 30 минут жүйеде жұмыс істеген кезде газдың құрамында орнатылған қуаттылық пен СО2 кемінде 19 % және оттегі О2 барынша 1 % болған кезде газгенераторы оттегімен пайдалануға ауыстырылады.
520. Көмір шлюзін толтыру, оны қысымға қою және көмір шығарудың төменгі конустық клапаны ашық қалдырылады. Көмір шлюзін тиеумен автоматты басқару іске қосылады.
521. Газдандырудың сыртқы бу беру сызығына шығын өлшегішті пайдалануға енгізу және бу беру құбырындағы ысырманы баяу ашып, оны қысымға қояды.
522. Оттегін беру желісіне шығынды өлшегішті пайдалануға енгізіп және бу беру құбырындағы ысырманы баяу ашып, оны қысыммен жұмыс істеуге қосады.
523. Алдын ала салқандатқышқа айналымдық су бүрку құбырын қысымға қою және бүрку ортасының параметрлерін бақылау құралдары қосылады.
524. Негізгі сызықты қосу есебімен сағатына 400 нм3 мөлшерінде оттегін беріп, газгенераторының үрлеуіне берілетін сыртқы будың саны сағатына 4 т дейін көбейтіледі.
525. 10 минуттан кейін газ сынауын алып және газда СО2 кемінде 32 % және О2 барынша 0,8 % болған кезде шығаратын ауа құбырында клапандар жабылады және қысыммен ауаны пайдаланудан шығарылады. Бу берудің байпас (шығаратын) желісі жабылады.
526. Газгенераторына оттегі берілгеннен бастап 10 минуттан кейін талдау үшін аралығы 15 минут ішінде газдың екі түрі сынауға алынады. Газдағы СО2 құрамы 32 % аса және О2 кемінде 0,8 % болған кезде бұдан былай сынамалар бір сағаттан кейін алынады.
Ескерту: Газ талдауының нәтижесі қанағатсыз болған жағдайда тағы бір тексеру талдауы болады. Нәтижесі қайтадан қанағатсыз болған кезде құрамындағы көміртегі диоксиді мен оттегі газгенераторы сөндіріледі және пайдалану жөніндегі нұсқауға сәйкес күйдіру процесі қайта басталады.
527. Алдын ала салқындатқышта бүрку құбырындағы клапандар ашылады, алдын ала салқындатқыштан конденсантты бұру құбырындағы клапан ашылады және күл шлюзі камерасына бу беру жабылады.
Ескерту: Алдын ала салқындатқыштың бүркуіне және конденсантты бұрудың аммиак-фенол суын беріп және шығарылатын газдың температурасы 200 жоғарыға жеткен кезде ертерек жүзеге асырыла алады.
528. Егер жабдықтау герметикалық болса, барлық жүйелер қалыпты жұмыс істейді және газ талдаулары көміртегі диоксид пен оттегінің талап еткен құрамын береді, газдандырудың салыстырмалы көрсеткішінің (коэффициенттің) азаюы кезінде онда оттегінің беруін 15 минут аралықпен сағатына 200 нм3 /сағ кезінде ұлғайтуға болады, мұндай жағдайда газдану көрсеткіші айтарлықтай төмендейді. Осындай жұмыс барысында оттегінің шығыны сағатына 1000 нм3 дейін ұлғаяды.
529. Сағатына 1000 нм3 аса оттегі беретін газгенераторының қуаттылығы күлді түсіру процесі басталған уақытқа дейін ұлғайтылады.
530. Бужинағыштан меншік буды үрлеу жүйесінде болған кезде (газгенераторы мен бужинағыш күмбезі қысымдарының ∆Р-айырымы пайда болады), газгенераторы оттегіге аударғаннан 90 минуттан кейін күлді түсіру басталады.
531. Масақты торды іске қосу алдында күл шығаруды қайтадан босату және масақты тордың астындағы кеңістікті 5 минут бумен үрленеді.
532. Оттекті үрлеуге сағатына 1000 нм3 берген кезде төменгі (конфузорда орнатылғандар) бүріккіштерге аммиак-фенол суын беруді ашу және алдын ала пайдалану жөніндегі нұсқауда көрсетілген температураға дейін бүрку клапанын сақтандырғышқа реттеледі.
34. Газгенераторын пайдалану
533. Газгенераторы өнімділігінің азаюы мен артуы оған келіп түсетін оттегі санының өзгеруімен, газификаторға оттегін беруді толассыз ретке келтіру арқылы жүзеге асырылады. Сағатына 200 нм3 өзгеру 5 минуттың ішінде негізделген жылдамдық болып есептеледі. Өте жылдам өзгеру апаттық жағдайда ғана болады.
534. Газдандырудың салыстырмалы көрсеткішін (коэффициентін) ретке келтіргеннен кейін тазаланбаған газдағы көміртегі диоксидінің құрамы 30-35 % құрауы және оттегінің құрамы 0,8 % аспайды.
535. Газгенераторының тұрақты жұмысы орнатылған кезде газ талдаулары 2 сағат мерзімділікпен орындалады.
536. Газдандырудың салыстырмалы көрсеткіші (коэффициенті):
Будың саны кг
F=
Оттегінің саны нм3
газгенераторының жұмысы кезінде аса маңызды параметр деп есептеледі, бұдан оның жұмысының қауіпсіздігі мен үнемділігі тәуелді болады. Бу мен оттегінің арақатынасы қолмен немесе автоматты түрде ретке келтіріледі.
537. Газгенераторының оттегі жүктемесі ұлғайған кезде алдымен бу саны, содан соң оттегінің саны ұлғайтылады. Сонда бу саны газгенераторының ұлғайтылған қуаттылығына пропорционалды, содан соң берілетін оттегінің саны берілген арақатынастың тәуелділігінде автоматты түрде ұлғаяды.
538. Газгенераторының қуаттылығы төмендеген кезде алдымен оттегінің үрлеуіне берілетін санын, кейін бу санын азайтады.
539. Газгенераторының қалыпты жұмысының сипаттамасы:
газгенераторын пайдаланудың қалыпты жүрісінің көрсеткіштері оның жұмыс мәндерінің аралығындағы көрсеткіштер, өлшенген температуралар мен қысым болып табылады. Газгенераторының қалыпты жұмысы кезінде параметрлердің өзгертулерінің рұқсат етілген шектері 7-кестеде көрсетілген.
Қалыпты жұмыс диапозоны мынадай үлгімен жазылады:
7-кесте
Параметр
|
Төменгі шек
|
Жоғарғы шек
|
Шахтаның үстіңгі бөлшегіндегі газдың температурасы (отынды кептірудің үстіңгі аймағы), С
|
300
|
450
|
Шахтадан шыға берістегі газдың температурасы, С
|
180
|
350
|
Тазартылмаған газдың температурасы (алдын ала салқындатудың артында), С
|
150
|
240
|
Жойылатын күлдің температурасы, С
|
170
|
330
|
Газдандыру кезіндегі будың температурасы, С
|
290
|
350
|
Оттегінің температурасы, С
|
80
|
220
|
Араластырғыш құрылғының алдындағы будың температурасы, С
|
290
|
350
|
Араластырғыш құрылғының артындағы бу оттегі қоспасының температурасы, С
|
240
|
280
|
Көмір шлюздік камерасының температурасы,С
|
|
250 дейін
|
Қысымдар айырымы (Δ p-шахтадағы және салқындату контурындағы бу су қоспасы газдың қысымы), МПа
|
-0,04
|
-0,08
|
Газдандырудың теоретиялық салыстырмалы көрсеткіші, F
|
4
|
9
|
Газгенераторының қалыпты жұмыстарының келесі көрсеткіштері газгенераторынан шығатын тазаланбаған газ болып табылады. Көміртегі диоксидінің құрамы 32-35 % құрайды, айналатын масақ айналу қалпында болады және күлде жанатын заттардың құрамы 5 % аспайды.
540. Газдандырудың технологиялық процесіне:
қалыпты жұмыс істеу кезінде газгенераторға қысымның флюктуациялары әсер етеді, демек, технологиялық орталардың саны, сондай-ақ кертартпа көлем қалыптастыратын көмір партияларының сапасы мен пайдалану тәртібі, сондай-ақ пайдалану кезінде орындалатын жөндеулер күлді жою және көмір тиеу сұлбаларының жұмысындағы ақаулықтар әсер етеді. Осылайша, жоғарыда көрсетілген өзгертулер газгенераторының жұмысына, яғни газгенераторының жұмысы қалыпты шектен шығып, төтенше жағдайда жұмыс істеуіне айтарлықтай әсер етпейді.
541. Газгенераторды үнемді пайдаланудың тәсілі:
осы термин, отынның үйлесімді қолданатынын білдіреді (жанатын материалдардың қалдығы азайтылады), фенолды судың пайда болуының шектеулі, атап айтқанда бу аз мөлшерде қолданылады. Газдандырудың салыстырмалы көрсеткіші тазаланбаған газ өндірісі кезінде үнемділікті анықтайтын негізгі белгімен есептелінеді. Пайдалану кезінде газгенератордың операторы айналатын масақпен күлді жоюды жүйелі бақылау және газдандырудың салыстырмалы көрсеткішінің ең төменгі мәнді қамтамасыз етеді. Сол үшін тазаланбаған газды талдаудың нәтижелері жақсы индикатор болып саналады. Газдандырудың үйлесімді салыстырмалы көрсеткішінің мөлшері тазаланбаған газдағы көміртегі диоксидінің құрамы диапозонда 30-32 % дейін болады.
542. Айналмалы масақпен күлді жою:
күл газгенераторынан біркелкі және толассыз жойылады. Егер күлді толассыз жою мүмкін болмаса, онда күл жою сұлбасын (масақты тордың айналуы) барынша жиі қосу режимінде ұстау ұсынылады. Сондай-ақ, осы белгі күл шлюзді камераларды босату кезінде қолданылады. Құламалы күл температурасы айналмалы масақты тор күлін жоюдың қарқынды көрсеткіші болып табылады.
35. Газгенераторының тоқтауы
543. Газгенераторын пайдаланудан шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін газгенераторына көмір тиеу тоқтатылады.
544. Газгенераторынан газдың шығуы газгенераторына берілетін оттегі мөлшерінің азаю жолымен төмендегідей бірте-бірте азаяды:
әр 5 минутта оттегі мөлшері сағатына 200 нм3 азаяды;
берілетін оттегінің мөлшері азайғаннан кейін сандары газдандыру үшін газдандыру кезінде тұрақты арақатынас бу-оттекті сүйеуге болатындай будың берілуі азаяды.
545. Берілетін оттегінің мөлшері сағатына 800 нм3 дейін азайған кезде газгенераторы өнімділігінің төмендеуі барысында алдын ала салқындатқышта бүрку тоқталады.
546. Газгенераторы шығу өнімділігі берілетін оттегінің мөлшеріне лайықты сағатына 500 нм3, мөлшерге дейін азайған кезде, газдандыру кезінде бу-оттегінің арақатынасы 10 дейін, атап айтқанда сағатына 5 т бу өзгертіліп, алдын ала салқындатқыштан конденсат шығаруындағы клапан жабық болуы мен күлді жоюы тоқтатылады.
547. Оттегінің мөлшері сағатына 500 нм3 және бу сағатына 5 т газгенераторының жұмысы кезінде газгенераторына оттегін беру, содан соң газгенераторына бу жіберу қайта жабылады.
548. Газгенераторы оттегін жіберу жабылғаннан кейін 30 минут өткеннен кейін алдын ала сақтандырғыштан тазаланбаған газдың шығару құбырындағы клапан жабылады және газгенераторы газгольдер қысымнан босатылады.
549. Қысым тастау жылдамдығы:
10 минут ішінде 1,5 МПа дейін (газ) жылдамдықпен 0,1 МПа (газ);
5 минут ішінде 1,5 МПа азырақ (газ) жылдамдықпен 0,1 МПа (газ).
Қысымды лақтыру қандай болмасын жұлқынусыз, толассыз және біркелкі орындалады. Қажет болған жағдайда, газгенераторы қысымнан жылдам босатылады, бірақ ол кезде жұмыс қауіпсіздігі сақталады. Газгенераторы қысымнан босатылған кезде бу жинағышта өкпек қайнау мен шекті бу түзілуі болады. Сондықтан қысымның жүк түсіру жылдамдығы болады, бужинағыштағы судың деңгейі аз деңгейден төмен болмайды, ал газгенераторы мен бужинағыш қаңқасының арасындағы айырым рұқсат етілген 80 кПа шамадан аспайды.
550. Қысымды лақтыру аяқталғаннан кейін газгольдерге жүк түсіретін клапан жабылады, ал үрлейтін құбырдың құбырындағы клапан ашық болады. Сондай-ақ, технологиялық орталардың барлық кіру және шығу құбырлары қоректі судан басқа қысымнан босатылады. Бұл құбыр газгенераторы жейдесі салқындағаннан кейін ғана қысымнан босатылады, содан соң газгенераторының жейдесіне су беру тоқтатылады.
37. Газгенераторын орташа және түбегейлі жөндеуге дайындау
551. Газгенераторын атмосфералық қысымға дейін босатылған соң салғырттықты қамтамасыз ету үшін қажет азот шоғырлануын үрлейтін ортаны құрады. Азотты ең аз шоғырлануы-95 %. Азоттың аз шоғырлануы аз болған кезде (95 % аз) газгенераторы азотпен үрленбейді. Орташа шоғырлану кезінде газификаторға азот құбырындағы клапан ашық болады және газгенераторын үрлейтін құбыр арқылы 24 сағат ішінде азотпен үрленеді.
552. Газгенераторы азотпен үрленген соң, газгенератордың ішіндегі айналмалы масақпен ашық үстіңгі және астыңғы күл шлюз арқылы күлжою жүйесінде жойылады.
553. Технологиялық орталардың кіру және шығу құбырларын бітеп, айналмалы масақтың жетегі токсызданады, автоматика және басқару құралдарын қоса алғанда, көмір шлюз камерасының өлшеу құралдары ажыратылып, ал нұр шашушылар бөлектелген болады.
554. Шахта және алдын ала салқындатқыштың жоғарғы бөлшектері, көмір шлюз камерасының ішкі беттеріндегі ақаулық мүмкіншілігі үшін бөлектетіліп, ал алдын ала салқындатқышта шентемір бұқтырмасы жөнделеді.
555. Газгенераторының шахтасы мен алдын ала салқындатқыш тазаланады.
556. Жоғарыда көрсетілген процедуралар орындалғаннан кейін газификатор кез келген жөндеуге дайын болады.
37. Алдын ала салқындатуды тазарту үшін газгенераторын дайындау
557. Алдын ала салқындатуды тазарту алдында газгенераторы пайдаланудан шығарылуы және қысымнан жүгі түсірілген болады, оттегі құбыры бітелінеді және басқа кіру және шығу орталары құбырларының қысымнан жүгі түсіріледі.
Газгенераторы арқылы 16 сағат ішінде инерттік газ үрленеді.
558. Алдын ала салқындатудың қақпақтары бөлектелініп, алдын ала салқындату тазаланады және қақпақтар орындарына орнатылады.
38. Газгенераторына көмір толтырылған кезде төменгі көмір шлюзін жөндеу мақсатында көмірдің шлюзді камерасының жанына жылжыту үшін газгенераторын дайындау
559. Газгенераторын пайдаланудан шығару алдында көмір шанағы мен көмір шлюзді камерасы босатылады.
560. Жоғарыда көрсетілген процедураларға сәйкес газгенераторы өшіріліп, қысымнан босатылады және 16 сағат инерттік газбен үрленеді.
561. Оттегі құбыры бітеліп және технологиялық орталардың басқа кіру және шығу құбырлары қысымнан босатылады.
562. Күлдің шлюзді камераларының жоғарғы және төменгі конустары жабық болады.
563. Сәуле шашушылар бөлектетіліп, көмірдің шлюзді камерасының өлшеу құралдары, оның ішінде автоматика мен басқару ажыратылады.
564. Көмірдің шлюзді камерасы бөлектендіріледі.
565. Көмір шлюзді камерасы бөлектелгеннен кейін газгенераторының жоғарғы штуцері жабылады.
Жоғарыда көрсетілген әрекеттер орындалғаннан кейін көмір камерасы барлық жөндеу жұмыстарына дайын болады.
39. Газификатор көмірмен толтырылған кезде үстіңгі күл шлюзін ауыстыруға арналған газгенераторын дайындау
566. Айналмалы масақ тоқсыздандырылады.
567. Көмірдің шлюзді камерасының төменгі және жоғарғы клапандары жабылады.
568. Күлдің шлюзді камераларының конустарының басқару жүйесі ажыратылады және күл шлюзі камерасын түсіру мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті дайындық жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілген әрекеттердің орындалғаннан кейін газгенераторының үстінгі күл шлюзін ауыстыруға дайын болады.
40. Газгенераторы шахтасына көмір толтырылған кезде күл шлюзі камерасының астыңғы шлюзін ауыстыруға арналған газгенераторын дайындау
569. Газгенераторын пайдаланудан шығару алдында көмір шанағы мен көмір шлюзі камерасы босатылады.
570. Жоғарыда көрсетілген процедураларға сәйкес газгенераторы өшіріліп, қысымнан босатылады және 16 сағат инерттік газбен үрленеді.
571. Күлдің шлюзді камераларының жоғарғы және төменгі конустары жабық болады.
572. Күл шлюзі камерасының астыңғы шлюзін басқару жүйесі қысымнан жүгі түсіріледі.
Жоғарыда көрсетілген әрекеттер орындалғаннан кейін газгенераторы күл шлюзі камерасының астыңғы шлюзін ауыстыру үшін дайын болады.
41. Технологиялық жабдық пен құбырларға қызмет көрсету және жөндеу
573. Газгенераторы өндірісінің техникалық құрылғыларына қызмет көрсету (байқау, жөндеу және тазарту) ұйымның техникалық басшысы бекіткен және «Металлургия өнеркәсбінің кәсіпорындары мен ұйымдарына арналған жалпы қауіпсізді ережелері» ҚР ЕҚЕ О-016-2000 Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда миниистрлігінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 192 бұйрығымен бекітілген технологиялық нұсқаудың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
574. Техникалық құрылғылар ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестеде қарастырылған мерзімде байқауға және жөндеуге жатады.
575. Газгенераторы өндірісінде жөндеуге тиісті құрастырылған жөндеуіне нұсқаулармен кіру рұқсаттары рәсімделіп, жұмысты ұйымдастыру жобасы дайындалып немесе кәсіпорындағы қолданыстағы технологиялық жабдықтарды жөндеу нұсқауларына сәйкес техникалық құрылғылардың тізімдері құрастырылады.
576. (Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасымен келісілген тізім бойынша) күрделі жөндеуден немесе қайта құрудан кейін негізгі технологиялық жабдық төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі облыстық инспекцияның өкілі комиссияға қатысып қабылдағаннан кейін пайдалануға енгізіледі. Қабылдау нәтижелері актпен рәсімделеді.
577. Жарылыс заттары, сондай-ақ қышқылдары немесе сілтілері бар ыдыстар, аппараттар мен құбырлардың қабырғаларының жуандығы туралы журналға лайықты жазба жазылып, оқтын-оқтын тексеріледі. Мерзімділік, әдістер мен бақылау орындары ұйымның техникалық басшысы бекіткен нұсқаумен анықталады.
578. Барлық сақтандыратын арматура пайдалануға енгізу алдында істеу қысымына реттелуді және тығыздыққа сыналады.
Сақтандыратын клапандардың тексерілуі аппарат әр байқауға, тазартуға немесе жөндеуге тоқтаған ұйымның техникалық басшысы бекіткен нұсқауға сәйкес, бірақ жылына бір реттен сирек емес жүргізіледі.
Жарылыс қаупі бар және агрессиялық қауіпті орталарға арналған сақтандыратын клапандарды сынау кезінде (сақтандыратын клапандарды жөндеу мен тексеру актілерінде) олардың жұмыс істеу қысымының (ашу мен жабылудың) өздігінен жазатын тіркеуші құралдары арқылы тіркеу қарастырылады. Сақтандыратын клапанды сынаудың диаграммасы 3 жыл бойы сақталады.
579. Аппараттар мен құбырларға арналған ілмектік арматура оларды орнату алдында және әр жөндеуден кейін беріктік пен тығыздыққа гидравликалық сыналады. Сынау нәтижелері актімен рәсімделеді.
580. Ішкі байқау немесе жөндеу үшін ашуға жататын ыдыстар, аппараттар мен құбырлар жұмыс заттарынан босатылып, ілмектік құрылғыларымен және бұқтырмалармен қолданыстағы жабдықтардан сөндіріледі. Жұмыс заттары мен құрылым қасиетінің тәуелділігінде олар инерттік газбен үрленеді, буланып немесе сумен жуылып, ауамен үрленеді.
581. Жұмыс тәртібінде зиянды және жарылыс қаупі бар заттар техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды ашу, тазарту, байқау, жөндеу және сынау кезінде ұйымның жоспары мен газ шығу қаупі бар және қауіпті жұмыс жүргізу бойынша кіру рұқсаты дайындалады (2-қосымша) және жұмыстардың жауапты басшының қатысуымен жүргізіледі.
582. Жөндеуге арналған ыдыстар мен аппараттар жұмыс затынан босатылғаннан кейін барлық ілмектік арматура мен алынып-салынатын бұқтырмалардың қолданыстағы құбырларынан сөндіріледі.
Газгенераторы бумен үрлеу, ыдыстарды, аппараттарды және газ құбырларын ашу реті, сондай-ақ олардың ішін тазалау реті ұйымның техникалық басшысы бекіткен технологиялық нұсқаудың талаптарына сәйкес болады.
583. Резервтегі барлық технологиялық аппараттар ілмектік арматура мен металл бұқтырмаларының жұмыс істейтін аппараттарынан сөндіріледі.
584. Жөндеу жұмыстары:
жұмыс істеушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе;
техникалық құрылғыларды сөндіру шарттарының бұзылғаны анықталса;
уақыттардың талаптарына жұмыс өндірісі аймақтарының жай-күйінің, кіру рұқсаты мен қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі айқындалса;
жабдықты сөндіру сұлбаларын өзгертуді талап ететін жұмыс көлемі мен сипаттамасы немесе оларды қауіпсіз орындау шарттары өзгертілсе;
өндірістік жайда апаттық дабыл берілсе;
жарылыс қаупі бар заттардың әуедегі ортасына шекті рұқсат етілген концентрациялардан аса немесе төменгі концентраторлы жарылу шегі айқындалған кезде тоқтатылады.
585. Жұмыс істейтін аппараттарды, ыдыстар мен құбырларды сөндіру, сондай-ақ технологиялық өнімдерді жою, үрлеу және булау жөніндегі барлық жұмыстарды цехтың өндірістік персоналы орындайды.
___________________
Достарыңызбен бөлісу: |