3. Газ генераторы станцияларының құрылғыларына жанармайды дайындау және беру жүйесіне қойылатын талаптар
31. Газ генераторы станцияларын жобалаудан және жабдықтарды таңдаудан бұрын мамандандырылған ұйымдар жанармайды газдандыруға ұсынылған қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу қажет.
Жанармайдың қоқыстану және қорыту сипаттамалары, олардың бірігу қасиетіне бейімділігі зерттеледі.
32. Қатты қабаттың газ генераторлары газданған жанармай фракциялық құрамына сезімтал. Газданған жанармайдың кесек көлемінде үлкен айырмашылық болмайды.
33. Атмосфералық газ генераторлары үшін жанармайдың тиімді фракциялық құрамы 12 % аспайтын ұсақ болған кезде, 25-50 мм кесек көлемі бойынша классы болып табылады. Фракциялық құрамы 15 % аспайтын ұсақ болған кезде, 50-100 мм кесек көлемі бойынша келесі класты газдандыруы да мүмкін.
34. Қысыммен істейтін газ генераторлары үшін жанармайдың тиімді фракциялық құрамы 5 мм кем емес 3 % аспайтын барынша шекті фракция болған кезде, 5-25 мм кесек көлемі бойынша классы болып табылады.
35. Газ генераторы станциясын жобалау кезінде, бөлгеннен кейін көмірді елеудің тиімді тәсілдерін пайдалану анықталуы керек.
36. Көмір қабылдау шұңқырларының шанақтары мен вагондарын төңкерулердің қабылдау шанақтары көз мөлшерлері 300х300 мм берік бекітілген торлармен жабылуы керек.
Көмір қабылдау шұңқырларының шанақтарын бойлай ені 0,6 м кем емес және биіктігі вагондардың тиектері ыңғайлы және қауіпсіз ашылып, жабылатын арнайы көпіршелер салынуы керек.
Вагондардың тиектерін көмір қабылдау шұңқырларының торларынан тікелей жабылуына рұқсат етілмейді.
Шанақтың периметрі бойынша биіктігі 1000 мм сүйеніш қоршаулары болған кезде ашық шанақтарға рұқсат етіледі.
37. Вагондарды төгуге берілетін вагондарды ауыстыру кезінде автоматты түрде дыбысты және жарық белгілері берілу керек.
38. Вагондарды төгу вагондарды дірілдеткішпен механикалық тазартуға арналған құрылғымен жабдықталады.
39. Вагондарды төгуден кейін тиелген вагондарды тоқтату тежегіш табанмен жүргізіледі.
40. Теміржол вагондарынан жүктерді түсіру кезінде олардың жылжуы туралы бұйрықты көмірді түсіру жөніндегі жетекші береді.
41. Қабылдау шанақтарының ғимаратына локомотивтердің кіруіне рұқсат етілмейді. Вагондарды тұйықтың соңына беру қажет болған жағдайда локомотивтердің маневрлік жұмыстары 2 вагоннан немесе платформадан қалқа болған кезде ғана жүргізіледі.
42. Қабылдау шанақтарын көмір қалдықтарынан үстінен ғана тазартуға рұқсат етіледі.
43. Жұмыскерлерді шанаққа түсіру алдында вагон төгудің жетектері мен қоректендіргіштердің электрлік сұлбалары ажыратылуы керек. Коммутациялық аппараттардың саптарында және жергілікті басқару орындарында: «Қоспаңыз, адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген плакат ілінуі тиіс. Плакатты тек жұмыс аяқталғаннан кейін ғана алуға болады.
44. Көмір шанақтарын тазалау рұқсат бойынша жүргізіледі.
45. Ұсатқыш агрегаттар мен жарғыштар, сондай-ақ көмірді аударыстыру орындары олардың арасынан тозаң кірмейтін және аспирациялық жүйелерге қосылған арнайы жабындармен жабдықталады.
46. Ленталық конвейерлердің галереялар мен эстакадаларында негізгі даңғыл жолдың және қоймадан жанармай беру даңғыл жолының аударыстыру тораптарында және жүк түсіру құрылғыларының жерасты бөлігінде жылдың суық мезгілінде ауаның температурасы 10С төмен болмауы керек, ал ұсатқыш құрылғы мен жарғыш бөлмелерде 15С төмен болмауы керек.
Жүк түсіру құрылғыларының жерүсті бөлігінде ауаның температурасы (вагондарды төгу ғимараты мен вагондардың үздіксіз қозғалысының құрылғыларынан басқа) 5С төмен болмауы керек.
Жылыту құрылғылары жоқ жанармайды қоймаға беру конвейерлерінде аязға төзімді лента қолданылады.
47. Ұсатқыш және араластырғыш машиналардың астында тікелей орналасқан конвейерлер барлық ұзындығы бойынша тозаңнан қорғау жабындарымен жабдықталады. Жабынды аударыстыру орындарында аспирациялық құрылғыларға қосу қажет.
48. Ағысты жабатын шиберлер қызмет көрсетуге жетерлік болуы керек. Шиберлердің ашылуы мен жабылуы механикаландырылған және автоматтандырылған болуы керек.
Ағыс құрылымы мен оларды дайындаған материал олардың бітелуін болдырмайтын көмірдің қалыпты шығуын қамтамасыз етуі керек. Көмірден қолмен тазарту үшін олар жүрмей қалған кезде сүйенішпен қоршалған ыңғайлы алаңдар салынуы керек.
49. Аударыстыру тораптарының көмір шанақтарының арқалықтарындағы және осы сияқты қабылдау құрылғыларының ойықтары (люктері) мөлшері 300300 мм аспайтын металл торлармен, ал адамдар өтетін жерлер бұдан басқа қақпақпен жабылады.
50. Цехтың барлық бөлімшелері мен учаскелерінде телефон байланысы, орталық басқару болмаған жағдайда, сондай-ақ екі жақты дыбысты немесе жарық сигнализациясы «Металлургиялық және коксохимиялық кәсіпорындар мен өндірістердің газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережесі» ҚЕ 11-401-01 талаптарына сәйкес болуы қажет.
51. Шанақтар мен басқа да ыдыстарда көмірдің өздігінен жануының алдын алу үшін оларды түсіру кезінде нақты реттілікті сақтау қажет. Ыдыстарды тазарту ұйымның техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша жүйелі түрде жүзеге асырылуы керек.
52. Ашық қатарларда көмірдің жануы кезінде өрттің ошағын (ұяларын) грейферлермен немесе скреперлермен күреу қажет, ошақтарды шашыранды су ағысымен салқындатуға рұқсат етіледі. Шанақтарда немесе жабық қоймаларда көмірдің тұтану кезінде өртті өшіріп, олар дереу түсіріледі.
Шанақтардан тұтанған көмірді түсіру кезінде пневматикалық құлау жүйесін қосуға болмайды.
Жанып жатқан көмірді шашыраған сумен немесе бумен өшіру керек. Өздігінен жанатын көмірді өшіргеннен және салқындатылғаннан кейін дереу пайдалану керек.
53. Көмірді жібіту үшін локомотивтердің секцияларға кіруіне рұқсат етілмейді.
54. Генераторлық газды жібітуде пайдалану кезінде және жібіту гаражын жазғы маусымға тоқтату кезінде барлық газ торлары сөндіргішпен өшіріледі.
55. Көмірді жібітуге арналған гараждың секцияларына оның жұмысы кезінде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді.
56. Жібітуге арналған гараждың секцияларында оны пайдалану кезіндегі жөндеу жұмыстары жұмыстарды ұйымдастыру бойынша және рұқсат бойынша жүргізіледі.
57. Генератор станциясында жанармайды алдын ала кептіру жүйесі болған жағдайда:
кептіру құрылғыларының жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жобада қарастырылған бақылау-өлшеу аппаратурасы болады;
кептіру құрылғыларының кептіру жолдарын байқау және ішкі құрылғыларын тазарту рұқсат бойынша жүргізіледі;
кептіру құрылғыларының тозаң ұстағыштары (циклондар, батарейлі циклондар), сондай-ақ газ жолы жобаға сәйкес жарылу клапандарымен жабдықталады. Клапанды газдың жарылуы кезінде жұмыс орындарына, өткелдер мен коммуникацияларға түсу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орнатылады.
Тозаң ұстағыштар (циклондар) бөлмелерден тыс орнатылады;
технологиялық нұсқауда қарастырылған нормадан тыс бу, газ қоспасында оттегі болған жағдайда газ кептіру құрылғыларын пайдалануға рұқсат етілмейді.
Көмірдің әрбір маркасына технологиялық нұсқауда жарылу қаупі бар газдарды түзе отырып, көмір тозаңының термолық жайылуын болдырмайтын кептіру агентінің шекті температурасы (түтін газдарының ауамен қоспалары) белгініп көрсетіледі;
газ кептіру құрылғыларының жарылу клапандарының жай-күйін тексеруді қызмет көрсетуші тұлға ай сайын тексеріс қорытындыларын журналға енгізе отырып жүргізеді;
бақылау-өлшеу аппаратурасы жарамсыз болған жағдайда және газ бен тозаңұстағыштар жолының сақтандыратын клапандары жарамсыз болған жағдайда кептіру құрылғыларын іске қосуға рұқсат етілмейді.
58. Ұсатқыш пен жарғышқа жанармай беру алдында оның металдан, жоңқалар мен басқа да заттардан механикалық түрде тазартылуы жүзеге асырылады. Жұмыс істейтін конвейерлерде металл ұстағыштар үнемі іске қосылған және олармен блоктаулы болады.
Металл ұстағыш жүйесі жұмыс істемеген жағдайда жанармай беру жолын пайдалануға тыйым салынады.
Ұстап алынған бөгде заттардан механикалық тазарту жүйесі үнемі пайдалануда болады.
59. Аударыстыру, ұсатқыш және жанармай беру жолының басқа механизмдерінің тораптарын тығыздау, конвейерлердің ленталары мен барабандарын тазартуға арналған құрылғылар, соқалы лақтырындылардың жұмыс элементтері, сондай-ақ аспирациялық құрылғылар мен шаң басу құралдары (пневмо-, гидро- және шаңнан тазарту) жарамды күйде болады және кемінде аптасына бір рет тексеріледі.
60. Жанармай беру жүйесі ғимаратының құрылымында, бөлменің ішінде және жабдығында шаң жиналмауы керек. Жанармай беру механизмі санитарлық нормаларға сәйкес бөлменің ауасын тазартуды қамтамасыз ететін жабдықтармен мұқият толтырылады және жабдықталады.
61. Жабдықтан көмір шаңын жинау ауысымына кемінде бір рет жүргізіледі, бұл ретте шаңның ауада қалуына жол берілмейді.
Барлық жанармай бөлмелерінде көмір шаңдарын жинау және жою ауысым сайын жүргізіледі, конвейерлік галереяларда кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледік.
Гидрожинауды бөлмелерде 5С төмен температурада, сондай-ақ бөлмелердің ішіндегі қаптаулар мен тігістердің бітеулері бұзылған жағдайда жүргізуге рұқсат етілмейді.
4. Атмосфералық және механикаландырылған газ генераторларын құрылымдық және аппараттық ресімдеу
62. Тиеу қораптарында қызмет көрсету аймағы газ генераторларын тиеу кезінде бөлінетін шаң мен газды соруын қамтамасыз ететін сорып шығаратын желдеткішпен жабдықталады. Ауа алғыш құрылғылар жанбайтын материалдардан жасалады және газ генераторларының қызмет көрсетуіне бөгет жасамауы қарастырылады.
Сорып шығаратын желдеткіш сорылатын шаңды ұстауға арналған фильтрмен жабдықталады.
63. Қысымы 500 Па жоғары үрлемелі жұмыс істейтін газ генераторларының металдан жасалған қаптамасы болады.
Үрлеусіз немесе қысымы 500 немесе 500 Па төмен үрлемелі жұмыс істейтін газ генераторлары тігістерді сөге отырып немесе сыртқы сылағы бар төсемдерді салу кезінде металл қаптамасыз болуы мүмкін.
64. Салқын газдың газ генераторлық станцияларындағы газ генераторлары газ құюларының (газ өткізетін келте құбырлар, құбырлар) және тазаланбаған газдың коллекторларының механикалық тазарту немесе гидравликалық жуу үшін аспаптары болады, бұл ретте фустарды лақтыру гидравликалық бекітуші тетіктермен ескеріледі.
65. Газ генераторлары газ құюларының білтелері болады. Білтелерді өшіру құрылғылары шайыр мен шаң газдары кезінде сенімді жұмыс істейді. Газ генераторларының білтелері газ құюға үстінен жалғануы және төбеден 2 м жоғары шығарылады.
Білтелер атмосфералық тұнбалардың түсуінен қорғалады және қорғау құрылғысы газды жоғарыға лақтыруға бөгет жасамауы қарастырылады. Білтелер ғимараттың жанатын бөлімдерімен жанаспауы керек.
66. Газ генераторлары қақпақтары мен қаңқаларының үстінгі температурасы 45°С аспайды.
Газ генераторының қақпағы мен шахтасында газдандыру аймағын, жанармай және оның тұнбасы мен көсеу қабатының қалындығын өлшеу үшін тесік болады. Барлық көсеу тесіктер бу бүркеулерімен жабдықталады және тығынмен жабылады. Тесіктердің орналасуы газ генераторларының қабырғаларын қоқыстан тазартуға мүмкіндік береді және штанга әр тесіктен оттық тордың басына жетеді.
Штангалар газ генераторлық станцияның бөлмелерінде, газ генераторының шахтасында қыздырылғаннан кейін оларды тез салқындату үшін көсеу тесіктеріне қызмет көрсету алаңдарында сумен астау орнатылады.
67. Газ генераторының шахтасында іші отқа төзімді бетонмен футерленген және болтпен жабылып бекітілетін мөлшері кемінде 400600 мм болатын люктер болады.
68. Газ генераторының үрлеу қораптарының гидравликалық бекітуші тетігінің қоқыспен қоқымдалудан сақтандыратын бекітуші тетік қорғау күнқағары болады.
Үрлемелі қораптың астыңғы бөлігінде қорапты қоқыстан бір мезгілде тазартуға арналған конденсатты және клапанды түсіру үшін бұру аспабы болады.
69. Механикаландырылған газ генераторларының күл тостағанын монтаждау кезінде тұғырықты көлденең орнату мен газ генераторы шахтасының және тұғырыққа қатысты алжапқыштың ортаға дәл келтірілуі қамтамасыз етіледі.
70. Газ генераторы тиеу қорабының қақпағы мен шошағы тұғырыққа нық тұтасады.
Қораптарға жанармай тиеу алдында жел өткізу үшін оларға бу жіберіледі.
Шошақ иінтірегі контржүгінің тайып кетуге қарсы аспабы болуы керек.
Тиеу қорабы шошағының пневматикалық немесе гидравликалық жетегі болуы керек.
Тиеу қораптары монтаждаудан кейін қосылысты сабындап, сығылған ауада шошақ ашық және қақпа жабық кезде сырттай бақыланады және тығыздыққа тексеріледі. Сынау кезіндегі барынша шекті ауа қысымы газ генераторының су бекітуші тетіктің биіктігімен анықталады.
71. Бу, су жейдесі қабырғаларының ортасындағы қашықтық кемінде 400 мм болады және газ генераторлары жөндеуге ұзақ тоқтатылған кезде кезеңді жел өткізу және су құюды іске асыру үшін бекітуші тетік арматурасы бар дренажды сызықпен жабдықталады. Жел өткізу мен су құю дренаж багы арқылы іске асырылады. Жел өткізетін штуцердің диаметрі кемінде Ду50 мм болады. Диаметрі 3 м және одан да астам газ генераторларының бу, су жейдесінде кемінде екі жел өткізетін штуцер орнатылады.
Жел өткізетін штуцердің орналасуы газ генераторының жұмысы кезінде оларға қызмет көрсету қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
72. Әр газ генераторында айналып жүретін құбырлармен бу, су жейдесімен қосылған бу жинағыш болады. Айналып жүретін құбырларда бекітуші тетікті орнатуға тыйым салынады.
Бу жинағыштар, бу, су жейдесі және айналып жүретін құбырлар жылу оқшаулаумен жабылады.
73. Барлық бу жинағышта екі сақтандырғыш клапан орнатылады. Олардың әрқайсысы бақылау ретінде таңдалады. Сақтандырғыш бақылау клапаны қысыммен есептеледі, Р=1,05Ржұм, Р=1,08Ржұм–жұмыс. Сақтандырғыш клапандарды таңдау дайындаушы-зауыт есебіне негізделеді.
Сақтандырғыш клапандардан буды бөлу жұмыскерлердің күюін болдырмайтын орында жүзеге асырылады. Сақтандырғыш клапандардан буды бұрып жіберетін құбырларда тиек құрылғыларын орнатуға тыйым салынады.
Сақтандырғыш клапандардан буды бұрып жіберетін құбырлардың диаметрі 2-кестеге сәйкес жылу бу, су жейдесінің өнімділігіне байланысты қабылданады.
2-кесте
Бу, су жейдесінің жылу өнімділігі, сағ/Ккал
|
14-ке де-йін
|
15-тен
40-қа дейін
|
40-тан
80-ге дейін
|
80-нен 150-ге дейін
|
150-ден
240-қа дейін
|
240-тан 450-ге дейін
|
Шартты диаметрі, мм
|
25
|
38
|
50
|
65
|
76
|
100
|
74. Әрбір бужинағышта дәлділік классы 1,5-тен төмен болмайтын өлшеу шегі 1,6 кг/см2 манометр орнатылады.
Бу жинағыш барабанның бу және су көлемдерінен келіп, түтіктерге қосылып, тікелей жұмыс істейтін екі сукөрсеткіш аспаппен жабдықталады. Барабандағы судың орта деңгейі барабанның геометриялық белдігінен 120 мм төмен болады. Жоғарғы және төменгі жұмыс көлемдері орта деңгейден 50 мм жоғары және төмен орналасады. Газ генераторы қаптамасының салқындату контурында су деңгейін ұстау деңгейлік реттеуішпен жүргізіледі.
75. Су, бу жейделері қоректік судың сапасы абсолюттік сілтілік есепке алынбай, жалпы тұзқұрамы (құрғақ қалдығы) бойынша реттеледі. Құрғақ қалдықтың шекті мәні 3000 мг/кг аспайды.
Толықтырудың қысқа мерзімді апат көзі ретінде ауызсудың су құбыры қызмет етеді.
76. Әр газ генераторына ауаны жеткізуде ысырма, кері клапан және табиғи тарту күшінің клапаны орнатылады.
Егер қызмет көрсетуші тұлғаның генератордың үрлемелі қорабындағы сақтандырғыш клапанға қолы жетсе, табиғи тарту күшінің клапаны орнатылмауы мүмкін.
77. Үрлемеге бу беру үшін ауа арқылы үрлеуді және вентильдің ысырмаларын басқару газдандыру үдерісін басқаратын газ генераторларының негізгі жұмыс алаңында шоғырланады. Бұл ретте су, бу қоспасының температурасын бақылау міндетті болып табылады.
78. Үрлемелі қораптардың ысырмалары мен газ генераторларының тостағандарына су жіберу вентильдері газ генераторларынан кемінде 1,5 м жақын орналасады.
79. Газ генераторлары тостағандарының айналуы үшін жеке жетектері орнатылады.
Күлді алып тастаудың жетекті механизмінің газ генераторынан қоқысты жою кезінде шамадан артық жүк тиеу жағдайларында оның автоматты түрде қосылуын қамтамасыз ететін сақтандыратын құрылғысы болады.
80. Ысырмаларға, кесу және сақтандырғыш клапандары мен люктерге қызмет көрсету үшін тұтас сыртқы жолағының биіктігі Н-140 мм кемінде 1 м сүйеніштермен қоршалған басқыштары бар металл алаңдар жасалады.
Биіктігі 4 м астам тік басқыштардың 2 м биіктігінен диаметрі 0,8 м айналмалы қоршауы болады.
81. Газ беруде үзіліс болдырмайтын технология шарттары бойынша тұтынушылар үшін газ өндіретін газ генераторлық станциясында үрлеудің резерві ретінде бу инжекторы орнатылады.
82. Бу, ауа қоспасының газ генераторына берілетін ауаны өлшеу үшін көрсеткіш үрлеу құбырына енгізу орнынан санағанда кемінде алты диаметрлік ауа үрлеуді тарту құбыры бірдей қашықтықта орналастырылады.
83. Газ үрлеу қаңқасының астыңғы бөлігінде гидравликалық кептелуге шайырды бұру аспабы қарастырылады.
5. Қысыммен жұмыс істейтін газ генераторлары
84. Газ генераторы мен оның негізгі бөлшектерінің құрылымы техникалық жағдайларда қабылданған газ генераторының қауіпсіз жұмыс ресурсы ішінде пайдалану қауіпсіздігін, сондай-ақ металды техникалық куәландыру, тазарту, жуу, жөндеу және пайдаланудың бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
85. Қысыммен жұмыс істейтін газ генераторларының негізгі бөлшегі:
шахтаның қаңқасы-газ және бу, су қоспасының бір мезгілдегі тұрақты қысым әсерімен жұмыс істейтін цилиндрлік екі қабатты ыдыс;
алдын ала салқындатқыш-газ бен бу, су қоспасының (сулы тазаланбаған газ) тұрақты қысым әсерімен жұмыс істейтін цилиндрлік екі қабатты ыдыс;
көмір және күл шлюздері-газдың циклдік қысым әсерімен жұмыс істейтін цилиндрлік ыдыс;
күл шлюзінен қысымды беруді кеңейту резервуары-циклдік қысым әсерімен жұмыс істейтін цилиндрлік екі қабатты ыдыс; күл шлюздік камерасының технологиялық ортасы (бу, генераторлық газ және күл);
бу жинағыш-бу, су қоспасының тұрақты қысым әсерімен жұмыс істейтін цилиндрлік ыдыс болып табылады.
86. Генератордың шахтасының ішкі беті мен масақты торларын тексеру және жөндеу үшін бұрыштық шлюзбен қосылатын үстіңгі қылта мойнақ қолданылады. Газ генераторы шахтасының қаңқасына бұрандалы қосылыстармен бекітілетін бұрыштық шлюз ажыратылғаннан кейін арнайы бағытталатын рельстердің жанына сырғанау мүмкіндігі болады.
87. Масақты торлар олардың ақауын анықтау және жөндеу үшін алмалы-салмалы ыстыққа төзімді металдан жасалады.
88. Газ генераторының қаңқасын салқындату контурындағы (бу, су жейдесіндегі) және алдын ала салқындатқыштың үстіңгі бөлшегіндегі қысым газ генераторы жұмысының барлық кезеңінде оның ішіндегі газ қысымына тең болады.
Ішкі бет пен ішкі элементтерді тексеру және жөндеу, сондай-ақ ақаулықты бақылау мүмкіндігі үшін бу жинағыштың шетінде дөңгелек немесе сопақ екі шиен болады; дөңгелек шиеннің диаметрі 400 мм кем болмайды, ал сопақ шиеннің мөлшері 300х400 мм кем болмайды. Ішкі сепарациялық құрылғылар алынатындай болып орындалады.
Ішкі құрылғыларды бекіту үшін бу жинағышта дәнекерленетін элементтерді орналастыруға рұқсат етіледі. Дайындаушы-кәсіпорын жинақтау және пайдалану жөніндегі нұсқауда бұл құрылғыларды алу және орналастыру тәртібін көрсетеді.
89. Бу, су контуры бу жинағышта 2 дана және 2 дана алдын ала салқындатқыштың үстіңгі бөлігінде орналасқан төрт сақтандырғыш клапанмен жабдықталады.
Бу жинағыштың екі сақтандандыратын клапандарының біреуі бақылау ретінде таңдалады. Сақтандырғыш бақылау клапаны Р=1,05Ржұм, жұмысы-Р=1,08Ржұм қысыммен есептеледі. Сақтандырғыш клапандарды таңдау зауыт есебіне негізделеді. Клапандарды реттеу «Бу және су жылыту қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану ережелерінің» нұсқамаларына сәйкес жүргізіледі.
90. Бу жинағыш барабанның бу мен су көлемдерінен келетін, түтіктерге жалғанып, тікелей жұмыс істейтін екі су көрсеткіш аспаптарымен жабдықталады. Бу жинағыштағы судың орташа деңгейі барабанның геометриялық белдігінен 120 (150) мм төмен болады.
91. Газ генераторының бу, су контуры газ генераторы ұзақ уақытқа жөндеуге тоқтаған кезде кезеңдік жел өткізу мен су құю үшін жапқыш арматурасы бар құрғатқыш сызықпен жабдықталады. Жел өткізу мен су құю кеңейткіш арқылы құрғатқыш бакқа жіберіледі.
92. Сақтандырғыштар қосқыш келтеқұбырынан төменгі шекті ұзындықпен тұтасып, шахта ғимаратынан барынша шекте жақын орналастырылады. Қосқыш келтеқұбырдың төменгі шекті ұзындығы құрылымдық ерекшеліктермен (дәнекерлеуші бекіту бұйымдарымен, ООП алғашқы көрсеткіштерінің кірекесулермен және басқаларымен) шектеледі.
Шайыр отындарды газдандыру кезінде қосу келтеқұбырының ішкі бетін жиналған шайыр мен күйе шөгінділерінен кезендік тазарту құрылғысы қарастырылады.
93. Шанақ тиеушіге (дымқыл көмір шанағы мен көмір шлюзінің арасындағы аралық құрылғы) және күл шлюз камерасына газдандыру жұмысын бастау және тоқтату кезінде жарылу қаупі бар қоспалардың пайда болуын болдырмау үшін бейтарап газ-азот беріледі.
94. Шахтаға көмір беру және газ генераторынан күл, қоқыс қалдықтарын тазарту гидравликалық жүйенің конустық ысырмасымен автоматты түрде басқарылады. Шлюз ыдыстарын (көмір және күл) толтыру деңгейі (төменгі шекті және барынша шекті деңгейлер) қысымды көтеру немесе түсіру бойынша және шлюздерге тиеу немесе түсіру ысырмаларының кезеңдік жұмыстары үшін импульстар жіберілетін радиозотоптық гамма-сәуле-шығарғыштармен бақыланады.
95. Көмір шлюзінде қысымды көтерудің технологиялық ортасы дымқыл тазартылмаған газдың жинақтық коллекторынан берілетін газ болып табылады, күл шлюзінде қысымның көтерілу ортасы үрлеу қоспасы болып табылады.
96. Газдандыру жұмысы оттекті бу үрлеу кезінде бу-оттегі немесе буауалық үрлеу кезінде бу-ауа үрлеу қоспасы құрамының ара-қатысымен реттеледі.
Үрлеу қоспасының түзілуі газ генераторы қаңқасынан тыс орналасқан құрылғыда-араластырғышта жүргізіледі.
97. Газ генераторында пайда болатын күл, қоқыс қалдықтары шахтадан легирленген ыстыққа төзімді болаттан жасалған айналмалы масақты тормен күл шлюзінен алынып тасталады.
98. Шахта құрылыстарының салқындату контурын және алдын ала салқындатуды толықтыру деаэрирлік қоректі сумен жүргізіледі. Судың сапасы абсолюттік сілтілігі есептелмей, құрамындағы жалпы тұздың мөлшері (құрғақ қалдық) бойынша нормаланады. Құрғақ қалдықтың шекті мәні 3000 мг/кг аспайды.
99. 102 тармақта атап көрсетілген барлық газ генераторлары ыдыстарының беттері араластырғыштарды, технологиялық құбырлар мен басқаларын қоса алғанда, минералды мақта мен алюминдік қаптамадан дайындалған маттарды пайдаланып, жылу оқшаулағышпен жабылады. Жылу оқшаулағыш бетінің (қаптамасының) температурасы 45С аспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |