100. Газ генераторлары мен олардың элементтерін дайындауды (дайындағанға дейін), жинақтау мен жөндеуді жұмысты сапалы орындауға арналған қажетті техникалық құралдары бар арнайы кәсіпорындар мен ұйымдар орындайды.
101. Газ генераторлары мен олардың қосалқы жабдықтарын дайындау, жинақтау және жөндеу тиісті жұмыстарды орындайтын (дайындаушы-кәсіпорын, жөндеу және жинақтау ұйымы, кәсіпорындардың жөндеу қызметтері және басқа да мамандандырылған ұйымдар) ұйымның жұмысы басталғанға дейін дайындалған технология бойынша жүргізіледі.
102. Дайындау, жинақтау және жөндеу алдында «Өнімнің кіріс бақылауы. Негізгі ережелерге» МЕМСТ 24297-87 сәйкес негізгі және дәнекерлеу материалдары мен жартылай дайын өнімдердің кіріс бақылауы жүргізіледі.
103. Газ генераторлық құрылғыларын дайындауда қолданылатын материалдар берілген пайдалану шарттарын (есептік қысым, төменгі шекті теріс және барынша шекті есептеу температурасы), ортаның құрамы мен сипатын (тоттану белсенділігі, жарылу қаупі, улануы және тағы басқа) және қоршаған ауа температурасының әсерін ескере отырып, есептік қызмет көрсету мерзімі ішінде олардың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
104. Газ генераторлық құрылғыларын дайындау, жинақтау және жөндеу үшін 1-қосымшада берілген негізгі материалдар қолданылады.
Белгіленген шектен тыс немесе 1-қосымшада көрсетілмеген параметрлермен жұмыс істеуге арналған газ генераторлық құрылғылары мен олардың элементтерін дайындау үшін 1-қосымшада көрсетілген материалдарды, сондай-ақ жаңа материалдарды пайдалану, металжүргізу, дәнекерлеу, аппарат құрастыру бойынша тиісті ғылыми-зерттеу ұйымдарының оң қорытындыларының негізінде рұқсат етіледі.
105. Ашық алаңда немесе жылынбайтын бөлмелерде орнатуға арналған газ генераторлық құрылғылары мен олардың элементтерін дайындау үшін материал таңдау кезінде осы аудан үшін сыртқы ауаның абсолюттік төменгі шекті температурасы ескеріледі.
106. Газ генераторлық құрылғылары мен олардың элементтерін дайындау кезінде пайдаланылатын үстемелеу материалдары тиісті стандарттардың (ұйымдардың стандарттарының) талаптарын қанағаттандырады.
Үстемелеу материалдары, флюстер және қорғау газдарын пайдалану ұйымның газ генераторлық құрылғыларын дайындау стандарты (техникалық шарттар) мен дәнекерлеу жөніндегі нұсқауға сәйкес жүргізіледі.
107. Жаңа үстемелеу материалдары, флюстер және қорғау газдарын пайдалану олардың технологиялығы расталып, дәнекерленген қосқыштардың тиісті қасиеттерінің барлық кешені тексерілгеннен (металл жігінің қасиетін қоса алғанда) және дәнекерлеу бойынша мамандандырылған ұйымның оң қорытындысынан кейін кәсіпорынның техникалық басшысы рұқсат береді.
108. Материалдар мен жартылай дайын өнімнің саны мен қасиеті тиісті стандарттарға және ұйым стандарттарының (техникалық шарттардың) талаптарын қанағаттандырады және жеткізуші-кәсіпорындардың сертификаттарымен расталады. Сертификатта сонымен қатар жеткізуші кәсіпорындағы жартылай дайын өнімнің жылумен өңдеу тәртібі көрсетіледі. Сертификат немесе маркалау болмаған немесе толық емес болған кезде газ генераторлық құрылғыларының дайындаушы-кәсіпорын материалды жеткізушінің сертификатын толықтыратын немесе ауыстыратын қорытындыларын хаттамаға рәсімдеп, қажетті сынаулардың барлығын өткізеді.
109. Газ генераторлық құрылғылары мен олардың қосалқы жабдықтарын дайындауға арналған ені 60 мм астам көміртегі немесе төменлегирленген болат ақау анықтағыштың ультрадыбыс немесе басқа да тең әдіспен табақтық бақылауға тартылады. Бақылау әдістері мен нормалары «Табақтық жалға беру. Ультрадыбыстық бақылау әдістері» МЕМСТ 22727-88 бойынша 1 класқа сәйкес болады.
110. Әрбір жіксіз және дәнекерлеген құбыр гидравликалық сынақтан өтеді. Гидросынақ кезінде сынама қысымның көлемі құбырдың нормативтік-техникалық құжаттамасында көрсетіледі. Жіксіз құбырлардың гидравликалық сынамасын өткізбеуге рұқсат етіледі, физикалық әдіспен (радиациялық, ультрадыбыс немесе тең бағалы) олар барлық беті бойынша бақылауға тартылса, бұл туралы сертификатта белгі болады.
111. Газ генераторлық құрылғылары мен олардың қосалқы жабдықтарын дайындауға арналған және 200 мм астам габариттік мөлшерлердің біреуі бар және ені 50 мм астам көміртегі төмен легирленген және орта легирленген болаттан жасалған шыңдалғылар ультрадыбыс немесе тең бағалы әдістермен данасы бойынша бақылауға алынады.
112. Болат құюлары жылумен өңдеу күйінде қолданылады. Құюдың механикалық қасиеттерін тексеру жылумен өңдеуден кейін жүргізіледі.
113. Өте төзімді берік шойыннан жасалған шойын құюлары жылумен өңдеп пайланылады.
114. Сомын мен бұрамасұқпалар (бұрандалар) түрлі маркалы болаттан жасалады, бір маркалы қаттылығы түрлі болаттан жасалған кезде сомынның қаттылығы бұрамасұқпаның (бұранданың) қаттылығынан төмен болады.
115. Сомындардың (бұрандалардың) материалы шентемірдің сызықты кеңеюінің коэффициентімен таңдалады. Сызықты кеңею коэффициентінің мәніндегі айырмашылығы 10 пайыздан аспайды. Сызықты кеңею коэффициенті түрлі болатты пайдалану (10 % аса) беріктікке негізделген есептік кездерінде рұқсат етіледі.
116. Егер нормативтік техникалық құжаттамамен ескерілген болса, аустениттік болаттардан жасалған бұрамасұқпаларда (бұрандаларда) перлит класының болаттарынан жасалған сомындарды пайдалануға рұқсат етіледі.
117. Салқын деформациямен бекіту бөлшектерін дайындау кезінде олар жылумен өңдеуге жіберіледі.
118. Айналдыру әдісімен жасалған бұранданы жылумен өңдеу қажеттілігі нормативтік техникалық құжаттамамен белгіленеді.
7. Газөткізгіштер, технологиялық құбырлар мен арматураларға қойылатын талаптар
119. Генератор газының газөткізгіштері газдың есептік қысымына байланысты:
төмен қысымды-газдың артық қысымымен 0,1 МПа дейін қоса алғанда;
орта қысымды-газдың артық қысымымен 0,1-0,3 МПа дейін;
жоғары қысымды-газдың артық қысымымен 0,3 МПа астам болып бөлінеді.
120. Кәсіпорындардың газөткізгіштері цехаралық және цехтық болып бөлінеді.
Цехаралық газөткізгіштертерге газ екі немесе одан да көп цехтарға жіберілетін және газөткізгіштердің ұзындығы 100 м асса, газ бір цехқа берілетін газ бөлулер жатады.
Цехтық газөткізгіштерге газ генераторы станциясындағы газөткізгіштер, цехаралық газөткізгіштертерден ұзындығы 100 м кем болатын газды бөлу жабдықтары, цехтық коллектор, цехтық коллектордан газ тұтыну агрегаттары мен газды құбырларына цехтың тиісті жабдығына бөлу құралдары жатады.
121. Жарылу қаупі, өрт шығу қаупі бар және зиянды заттарды тасымалдауға арналған құбырлар жылыту температурасынан тәуелсіз, сондай-ақ жапқыш арматура тасымалданатын ортаның жұмыс параметрлеріне сәйкес материалдардан дайындалады.
122. Газөткізгіш пен генератор газын тазарту жүйесі құрылғысының жұмысы газдың артық қысымы кезінде ғана жүргізіледі.
123. Газөткізгіштер тұрған аумақ еркін желдетілуі қамтамасыз етіліп, ашық алаңдарда орналастырылады. Газөткізгіштерді жабық бөлмелерде орналастыруға технологиялық үдерістің немесе қызмет көрсету шарттарымен қарастырылған кездерде ғана рұқсат етіледі.
124. Газ генераторы станцияларының және тұтынушы аумағындағы газөткізгіштер жерүстінде салынады. Цехтарда жеке пештерге қосу учаскелерінде газтұтыну құрылғылары мен агрегаттарына осы Нормативтердің 206 тармағының талаптарын сақтап, каналдарында газөткішті салуға рұқсат етіледі.
125. Газөткізгіштер мен газ құрылғыларының бөлшектерін өзара қосу, әдетте, дәнекерлену арқылы жүргізіледі. Шентемір қосқыштар тығындарды газөткізгіштердің шентемір жабдықтарына, арматураға және аппараттарға қосып орнату орындарында, ал жеке учаскелерде газ өткізгіштерді жинақтау немесе пайдалану шарттары болған кезде ғана рұқсат етіледі.
Бұрандалық қосуды пайдалану бақылау-өлшеу аспаптарын, сондай-ақ тек қана бұрандалық қосқыштармен дайындалған арматура мен жабдықтарды қосу үшін рұқсат етіледі.
126. Қолданыстағы газөткізгіштерге газөткізгіштер мен газ құрылғыларының жаңа учаскелерін қосу жөніндегі жұмыстар газқауіптілерге жатады және пайдалану қызмет көрсетуші тұлғаның немесе оның басшылығымен осы Нормативтердің 43 бөлімінің талаптарын сақтап орындалады.
127. Газөткізгіштерді салу кезінде дәнекерленген құбырдан жасағандай, бұру келтек штуцердің, люктердің келтек шырақтар мен тағы басқа құбырларына дәнекерленетін тұтас тартылған құбырлар жасаушы келтектен санағанда дәнекерленетін түйістерден 100 мм кем емес қашықтықта болады және құбырлардың пісірілетін жіктерінде орналаспайды.
128. Газөткізгіштердің:
0,005-ылғалмен қаныққан генератор газы үшін;
0,001-кептірілген генератор газы үшін еңісі болады.
Технологиялық аппараттарды апаттық ыдыспен қосатын құбырлардың осы ыдысқа қарай еңісі және бұру мен бұрылудың төменгі шекті саны болады. Апаттық құбырлар тұтастай ұзындығы бойынша аппараттағы өшіретін ысырмадан басқа жапқыш құрылғылары болмайды.
129. Тасымалдау мен қоршаған орта параметрлеріне қарамастан барлық құбырлар температуралық деформацияны толық өздігінен өтеуге есептеледі.
Газөткізгіштердің температуралық деформациясының өтеу мүмкіндігі болмаған кезде олардың өздігінен өтеу есебінен П-тәрізді немесе толқынды өтеуіштер орналастырылады.
Кептірілген газдың газөткізгіштерінің тік учаскелерінде орналастырылатын линзалық немесе дискілік өтеуіштерде әр толқынға тығынмен қысқа штуцер енгізіледі, ал ылғал газдың газөткізгіштерінде әр толқын конденсатты жіберуге арналған екі штуцермен жабдықталады.
П-тәрізді өтеуіштер диаметрі 500 мм дейін жіксіз құбырдан майысқан немесе 100 % дәнекерлеу жіктері тексеріліп, бақылау әдістерін бұзбайтын немесе қатты бүгілген бұрулар қолданылып, зауыт дайындаған құбырдан дәнекерленген болады. Газөткізгіштегі өтеуіштер, әдетте, шентемір қосқыштарынсыз орнатылады.
Өтеуіштің сызбаларында өтеуіштің алдын ала деформациясының көлемі туралы көрсетіледі. Өтеуіштердің алдын ала кергіші (немесе қысуы) қоршаған ауаның температурасын есепке алып, тікелей орнату алдында жүргізіледі және оларды орнату актісінде жазылады.
130. Жарылу, өрт шығу қаупі бар заттарды тасымалдауға арналған құбырдың шентемір қосқыштарында, сондай-ақ иілгіш (жең) металл құбырларын (ауасу, сусымалы материалдарға арналған құбыр және басқаларын) қосу орындарда ток өткізу маңдайшалары орнатылады.
131. Құбырларда өшіретін (жапқыш) арматураны орнату мен орналастыру жобамен анықталады және әр аппаратты, сондай-ақ барлық құбырды сенімді өшіру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
132. Өшіретін арматураны құдықта, науада және басқа тереңдеулерде орналастыру кезінде басқару штурвалдардың ұзын соташықтары, сондай-ақ арматураны жөндеу немесе ауыстыру үшін қауіпсіз қолжеткізуді қамтамасыз ету ескеріледі.
133. Газөткізгіштердің түрі мен сыртқы бетін тоттанудан қорғау жүйесін таңдауда төсем орнату шарттары ескеріліп және қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жобамен анықталады.
134. Үрлеу шырақтары газөткізгіштің соңында тығынның кезінде және газ жүрісінің тікелей ысырмаларының алдында ысырмаға дейін бұрудың ұзындығы 3 м кем болса, газды бұрудағы ысырмалардан басқа, сондай-ақ газөткізгіштер мен газ құрылғыларындағы жоғары нүктелерде орналастырылады, газөткізгіштердің сақиналы жүйесі кезінде шырақтар ысырманың екі жағында орналастырылады.
Егер соңғы шырақты инерттік газбен немесе бумен үрлеу қарастырылған болса, үрлеу шырақтары газөткізгіштердің жоғарғы трассасында орналастырылады.
135. Үрлеу шырақтарын кесу үрлеу көлемі 30 минуттан аспайтын уақытта бес есе алмасуды қамтамасыз ету есебінен, ерекшелік ретінде үрлеу ұзақтығы 1 сағатқа дейін ұзартылады диаметрі 1,5 м астам және ұзындығы 500 м астам жинағыштар таңдалады.
Үрлеу шырақтарының диаметрі 20 мм кем болмайды.
Үрлеу шырақтары шырақ шығатын жерде шатыр деңгейінен жоғары немесе газөткізгіштің қызмет көрсету алаңынан жоғары, улы емес газдарға-кемінде 4 м шығарылады. Егер газөткізгіш шатыржолдан немесе күнтартардан шыраққа дейін 20 м кем болса, онда газөткізгіштің шырағы улы газдарға және шырақ ауасына қатысты тығыздығы 0,8 және одан жоғары газдарға күнтартардан 10 м жақын емес орналасады.
Генератор газы үшін өткізгіштердегі үрлеу шырақтарының шығу тесіктері жер деңгейінен кемінде 10 м биіктікте болады.
136. Газөткізгіштерде және газ аппараттарында 1 класты герметикалық газ ортасы үшін қолданыстағы стандарттарға немесе ұйымның стандартына (техникалық шарттарға) сәйкес өшіру арматурасы қолданылады.
137. Газөткізгіштерде және аппараттарда шығару сүмбілері бар ысырмалар орнатылады.
Крандар тығындарының кран тығынының қалпын анықтайтын кертігі болады, ал крандар тұтқасының бұрылу шектегіші болады. Өзін-өзі майлайтын крандардың кранды ашуға көрсететін тілі болады.
138. Жапқыш арматураның материалын таңдау кезінде генератор газының қысымы мен температурасы бойынша оны пайдаланудың мынадай шарттары ескеріледі:
0,6 МПа дейінгі қысым мен температуралар диапазоны -35С-дан +150С дейінгі кезде-сұр шойын;
1,6 МПа дейінгі қысым мен температуралар диапазоны -35С-дан +150С дейінгі кезінде-көміртегі болат;
1,6 МПа дейінгі қысым мен температуралар диапазоны -40С-дан төмен болмаған кезде-шыңдау шойын;
1,6 МПа дейінгі қысым мен температуралар диапазоны -40С-дан төмен кезде-легирленген болат.
139. Дистанциялық басқаруы бар жапқыш арматура:
газөткізгіштерді кәсіпорын аумағына кірме ысырмаларында;
газды тұтынушыға бұру мен кірме ысырмаларында (құбырдың диаметрі 400 мм және одан астам болған кезінде);
диаметрі 600 мм және одан астам ысырмаларда;
арматураларды автоматты түрде басқару жүйесіне қосу кезінде (диспетчеризация, ТПАБЖ);
қауіпсіз жағдайлар жөніндегі арматураны дистанциялық қауіпсіз қажеттілігі кезінде (арматураны эстакадалар, алаңдарда +10 және одан да астам және тағы басқа белгілермен орналастыру кезінде) орнатылады.
400 мм және аса шартты өтумен жапқыш арматура механикалық жетекпен (тістегеріштік, бұрамдық, пневматикалық, гидравликалық, электр және басқа) қолданылады. Жетектің түрін таңдау нормативтік және технологиялық талаптармен анықталады.
Электр жетегі бар жапқыш арматураның қайталама қолмен басқаруы болады.
140. Газөткізгіштің жеке учаскелерін газ тұтыну агрегаттарды және газ аппараттарын қолданыстағы газөткізгіштерден, диск ысырмалардан кейін (газ жүрісі бойынша) толық өшіру үшін табақтық ысырмалар немесе тығындар орналастырылады.
Ғимараттар мен цехтардың ішіндегі газөткізгіштердің алдында дискілік ысырмасы жоқ түрлі табақтық ысырманы орнатуға тыйым салынады.
141. Газөткізгіштерде диаметрі 300 мм аса табақтық ысырмалар механикаландырылған жетекпен жабдықталады. Егер табақтық ысырмалар орнатылмаған болса, жөндеу, ұзақ тоқтау, тексеру және авариялық жағдайлар кезінде тығындарды пайдаланады.
Тығындар, әдетте, ысырманың шентемірлерінің арасында оның артында газ жүрісі бойынша орналастырылады.
142. Табақтық ысырмалардың және тығындардың диаметрі 2,0 м дейін жапқыш табақтары бүтін табақтан жасалады. Диаметрі үлкен болған кезде екі бөлшектен пісірілген табақтарды тиісті өңдеп және жік тығыздығын тексеріп қолдануға рұқсат етіледі.
143. Тығындардың және табақтық ысырмалардың жапқыш табақтары газөткізгіштің диаметрін есепке алып, тиісті газ қысымына есептеледі, қалыңдығы 4 мм кем болмайды.
Тығындардың шентемірінің шегінен шығып тұратын арты болады. Арттарында шартты қысым мен диаметр көлемі көрсетіліп, «З» әріппен таңба болады.
144. Өшіру құрылғылары басқару, байқау және жөндеу үшін оңай қолжеткізуге болатын болады.
145. Ашық алаңдарда немесе жағылмайтын бөлмелерде ылғал газдың газөткізгіштерінде өшіру және реттеу арматураларын орнату орындарында бу жіберу ескеріледі. Газөткізгіштерге бу кірмелері осы Нормативтердің 169 және 170 тармақтарының талаптарына сәйкес орындалады.
146. Ысырмаларға, дроссель құрылғыларына, өлшеу диафрагмаларына, толқынды және майлық қарымталауыштарға және 2 м және одан жоғары биіктікте орналасқан басқа арматура мен жабдықтарға қызмет көрсету үшін стационарлық алаңдар мен оларға басқыштар орнатылады.
147. Диаметрі 300 мм және одан жоғары газөткізгіште орнатылған, газөткізгіш арматураға қызмет көрсету үшін алаңдар газөткізгіштің екі жағынан орнатылады, ал диаметрі 300 мм кем газөткізгіште алаңдарды бір жағынан орнатуға рұқсат беріледі. Сонда алаңдардың ені жабдықтардың томпақ бөлшегінен 1 м кем болмауы, ал қоршаудың биіктігі-1,2 м болады.
148. Жабдықтарға тұрақты қызмет көрсету алаңдарына арналған басқыштар көлбеу бұрышы 45°, ал жабдықтарға кезеңдік қызмет көрсету алаңдарына-60° болады.
149. Ұзындығы 6-12 м жабдықтарға тұрақты қызмет көрсету алаңдарына қол жеткізу үшін алаңның қарама-қарсы жақтарында орналасқан екі басқыш ескеріледі, сол екеуінің біреуі белдік болады. Алаңның ұзындығы 12 м астам болса, екі басқышта белдік болады.
Цехтардың ғимаратында орналасқан жабдықтарға кезеңдік қызмет көрсету алаңдарына қол жеткізу үшін биіктігі 3 м аспайтын тік басқыштар құрылғысы рұқсат етіледі.
Цехаралық газөткізгіштерде және цехтарға бұруларда көп қабатты алаңдарды салған кезде алаңдар арасында тік басқыштар құрылғысы рұқсат етіледі, басқыштардың биіктігі 3 м аспайды.
150. Генератор газының тазартылмаған немесе нашар тазартылған цехаралық газөткізгіштер барлық ұзындығы бойынша әр 150-200 мм, сонымен қатар конденсаталастатқыш орнатылған орындар бу беру құрылғыларымен жабдықталады. Газөткізгішке берілетін, будың есептік қысымы 1,2 МПа аспайды.
151. Газөткізгішке буды кезеңдік беру үшін онда жапқыш арматурамен штуцерлер қарастырылады. Газөткізгіштің штуцерінде шұраны орналастыруға рұқсат етілмейді. Булану кезінде штуцерлер икемді түтікпен немесе металл құбырымен қосылады. Булану аяқталған соң, түтік немесе құбыр ағытылып, ал газөткізгіштің штуцерінде тығын орнатылады.
Газөткізгішке бу беру үшін тұрақты (алынбайтын) газөткізгіштер кері клапандармен және будың қысымы төмендеу туралы газ шаруашылығының диспетчер орнына дауыс және жарық сигналдарын беретін, сигнал беру құрылғысымен жабдықталады.
152. Тұрақты қызмет көрсетуді талап ететін арматуралар мен аспаптар орналасқан жерлер жарықтандырылады.
153. Газ шаруашылығының нысандарына қатысы жоқ үй-жайлар мен құрылғыларды цехаралық газөткізгіштердің астына орналастыруға жол берілмейді.
154. Жарылу, өрт шығу қаупі бар заттары бар құбырларда, ол заттарды толық жойғанға дейін жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Құбырлар инерттік газ немесе су буымен үрленеді.
155. Газ генераторы өндірісінің барлық коммуникациялары (құбырлар мен арматуралар) жыл сайын комиссиялық тексерістен өтеді. Тексеру актісін ұйымның техникалық басшысы бекітеді.
8. Төмен және жоғары қысымды газөткізгіштер
156. Атмосфералық қысымның газ генератор станциясының ішкі газ байланысы және генератор газын тұтынушыға беру төмен қысымды газөткізгіштермен жүзеге асырылады.
157. Төмен қысымды газөткізгіштер үшін құбырлардың мысалы, диаметрі 1000 мм және одан астам атмосфералық газ генераторы станциясының монтаждау түйістері дәнекерленеді, әдетте, құрсау арқылы орындалады.
158. Жік құбырларынан жасалған газөткізгіштерді салу кезінде бойлық жіктер газөткізгіштің жоғарғы бөлшегінде орналасады. Сонда бойлық дәнекерлеу жіктері құбырларының түйісуі кезінде бір-біріне кемінде 100 мм ығысады.
159. Газөткізгіштер конденсат пен шайырдың ағындарын қамтамасыз ететін, еңіспен салынады, ал тазартылмаған газдың газөткізгіштері сол еңіспен салынады және тазартуға арналған люктер мен шаң қаптары болады.
160. Диаметрі 300 мм және одан жоғары төмен және орта қысымды газөткізгіштер газ жүрісі бойынша тікелей ысырманың артынан люктермен жабдықталады, сақиналанған газөткізгіш қақпақтарға екі жағынан ысырма салынады.
Диаметрі 1200 мм және одан жоғары газөткізгіштің тұйық учаскесінің қақпағы екіден аз болмайды (учаскенің басы мен аяғында).
161. Сыртқы газөткізгіштерде шырақтар тікелей ысырмалардың алдында (газ жүрісі бойынша) және әр газөткізгіштің аяғында әр тармақта орналастырылады.
162. Бірнеше газөткізгіштерді, сонымен қатар газөткізгіштерді су, бу және ауа құбырларымен бірге төсеу кезінде олардың арасындағы қашықтық әр құбырды байқау мен жөндеуге еркін қолжеткізуді қамтамасыз етеді. Құбырларды газөткізгішке бекітуге тыйым салынады.
163. Электр кабельдері газөткізгіштерден 1 м алыс салынады.
164. Өтеуіштердің линзаларынан және газөткізгіштің төмен нүктесінде, бірақ әр 150-200 м сайын жинаққа конденсатты бұру жиі болмайды.
Конденсат жинақтарын өшіру, конденсатты газөткізгіштен жинаққа бұратын құбырда тазарту немесе жөндеу мүмкіндігі үшін өшіру құрылғысы болады.
Сыртқы газөткізгіштердің конденсат жинақтары отқа төзімділіктің III деңгейінен төмен орналаспайды және Г санатына жатқызылады. Қысқы уақытта онда оң температура болады. Жылыту жарылыстың болмауы қамтамасыз етіледі.
Конденсатты газөткізгіштен жинаққа бұратын құбырдың бойында бу құбыры (бу серігі) салынады және бірге оқшаулауланады.
Үй-жайларда орналастырылатын, конденсат жинақтарының сыртқа шығарылған шырағы болады. Жинақтардан су құю имек құбыры арқылы жүзеге асырылады.
Конденсат жинағындағы сужапқының көлемі газөткізгіштегі жұмыс қысымына + 500 мм.су.ст. тең болады.
165. Тасымалдау газдың климаттық жағдайы мен температураға байланысты газөткізгіштер жылу оқшаулағышпен және онсыз да салынады.
Барлық жағдайда газөткізгіштегі конденсаттың қатып қалу мүмкіндігі болмайды.
166. Газөткізгіштің ішкі бетіне тоттануға қарсы жабын жағу ұсынылады; сыртқы бетіне тоттануға қарсы жабын гидравликалық сынама өткеннен кейін, бірақ жылу оқшаулағышты жапқанға дейін жағылады.
167. Қысыммен жұмыс істейтін және генератор газын тұтынушыға тасымалдау газ генераторы станциясының ішкі газ байланысы жоғары қысымды газөткізгіштермен жүзеге асырылады.
168. 4 МПа (40 кгc/cм2) және одан жоғары қысыммен жұмыс істейтін агрегаттар мен аппараттарды өшіру үшін негізгі коллекторлардан әр бұруда екі жапқыш органнан (ысырмалар, шұралар) орнатылады.
9. Генераторлық газдың цехаралық газөткізгіштерін төсеу
169. Газөткізгіштерді төсеу осы Нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жерүсті газөткізгіштері жанбайтын құрылымдарда, тіректерде, эстакадаларда, галереяларда немесе ғимараттардың (құрылыстардың) қабырғалары мен шатырларында орналастырылады. Газөткізгіштерді төсеуге қысымы 0,6 МПа дейін өндірістік ғимараттардың шатырлары отқа төзімділіктің I, II және IIIa дәрежесі В, Г және Д санаттары бойынша рұқсат етіледі. Газ қысымы 0,6 МПа жоғары болған кезде газ қысымы 0,6 МПа жоғары жұмыс істейтін, газтұтыну агрегаттары орналасқан цехтардың ғана ғимараттарының қабырғалары мен шатырлары бойынша газөткізгіштерді төсеуге рұқсат етіледі. А санатты ғимараттардың қабырғалары мен шатырлары бойынша осы ғимаратта орналасқан өндіріске жататын газөткізгіштерді ғана төсеуге рұқсат етіледі.
Газ өткізгіштерге толқынды компенсаторларды орнату кезінде компенсатордың толқыны мен қабырға арасындағы қашықтық 300 мм кем болмайды.
170. Ғимараттың сыртқы қабырғасы бойынша салынған газөткізгіштер, қажет болған жағдайда олардың мұздануын болдырмау үшін шатырдан ағатын судан қорғалады.
171. Ғимараттың қабырғасы бойынша салынған газөткізгіштер терезе мен есік ойықтарымен қиылыспайды.
172. Газөткізгіштердің тіректік құрылымдары металдан немесе темірбетоннан жасалады.
173. Металл тіректерінің барлық элементтерін, сонымен қатар газөткізгіштің қабырғаларына дәнекерленетін бөлшектерді (мысалы, қатаңдық қыр) дәнекерлеу тұтас дәнекерленетін жіктермен орындалады.
174. Газөткізгіштер ершіктерге тығыз салынады. Бұл ретте, олардың температуралық деформацияларын есепке алып, газөткізгіштердің көлденең дәнекерлейтін түйістері тірек жиегінен кемінде 50 мм орналасады, ал бойлық жік тіректен жоғары және көрінетін жағынан орналасады. Егер көлденең дәнекерлейтін түйістерден тірекке дейінгі көрсетілген қашықтықтықты ұстау мүмкін болмаса, барлық периметр бойынша дәнекерленген царганың төсемін қолдануға рұқсат етіледі.
175. Ілеспе құбырлардың және қызмет көрсету алаңдардың тіректерін бекіту үшін кронштейіндерді дәнекерлеу төмен және жоғары қысымды газөткізгіштерге жүргізуге рұқсат етіледі. Бұл ретте, дәнекерлеу сақиналы қатаңдық қырына немесе қалыңдығы кемінде 6 мм газөткізгіштердің қабырғаларына жүргізіледі.
Жоғары қысымды газөткізгіштерге оларды салу кезінде тірек ершіктерін жермен қосу элементтері мен бұл газөткізгіштердің бөлшектері болып табылатын ашу кронштейндерін, сонымен қатар газөткізгішке арналған кабельдер мен серпін сымдарын бекітуге арналған кронштейндерді дәнекерлеуге рұқсат етіледі.
176. Газөткізгіштермен тез тұтанатын сұйықтардың құбырларын және бірінші санатты бу құбырларын (коксохимиялық өндірісінің химия цехтарының құбырларынан басқа) бірге төсеуге жол берілмейді.
177. Кәсіпорын аумағында цехаралық газөткізгіштерді төсеу жерүстінде жоғары және төмен тіректерінде орындалады. Цехаралық газөткізгіштерді орналастыру және газ қысымы 1,2 МПа дейін көлденең төменгі шекті қашықтықты қоса жерүсті газөткізгіштерден ғимараттар мен құрылыстарға дейін қолданыстағы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес орындалады.
Газөткізгіштерді электр коммуникацияларымен бірге төсеу, сондай-ақ газөткізгіштер мен электр беру желілерінің (бұдан әрі-ЭБЖ) арасындағы қашықтық ЭҚЕ талаптарына сәйкес қарастырылады.
178. Жүргінші галереяларына газөткізгіштерді төсеуге рұқсат етілмейді.
179. Конвейерлік галереялар үстінен газөткізгішті төсеуге, астыңғы газөткізгіштен кемінде 0,5 м қашықтықта және барлық ұзындығы бойынша газөткізгішке қолжеткізуді қамтамасыз ету кезінде рұқсат етіледі.
Конвейерлік галереялар бойынша қысымға тәуелсіз, сұйытылған газдың газөткізгіштерін төсеуге рұқсат етілмейді.
180. Теміржол көпірлері мен эстакадаларға газөткізгіштерді төсеуге рұқсат етілмейді.
181. Газ қысымы 0,6 МПа дейінгі газөткізгіштер жанбайтын (темірбетон, металл және тас) автомобиль және жүргінші көпірлеріне төсеуге рұқсат етіледі. Адамдар өту үшін олар панель жиегінен көлденеңінен кемінде 1 м қашықтықта ашық орналастырылады және қызмет көрсету үшін қолжеткізуге оңай болады. Көпірдің көтергіш элементтері газөткізгіштерден қосымша жүктемеге тиісті тексеріледі. Көпірлердің каналдарында газөткізгіштерді төсеуге жол берілмейді.
Металл және темірбетон көпірлері бойынша салынған газөткізгіштер осы Нормативтердің талаптарына сәйкес әр 250 м сайын жермен қосылады.
182. Көпірдің шегінде арматураны және шентемір қосылуларын орналастыруға жол берілмейді.
183. Жерүсті газөткізгіштерінен кәсіпорынның аумағындағы ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі көлденеңінен төменгі шекті (жарыққа) қашықтық төменде көрсетілген көлемдерден кем қабылданбайды, м:
3-кесте
А және Б санатты өндірістік және қойма ғимараттарына дейін:
|
қысымы 0,6 МПа дейін газөткізгіштер үшін
|
5
|
қысымы 0,6-дан жоғары 1,2 МПа дейін газөткізгіштер үшін
|
10
|
В, Г, Д санатты өндірістік және қойма ғимараттарына дейін:
|
қысымы 0,6 МПа дейін газөткізгіштер үшін
|
2
|
қысымы 0,6 жоғары 1,2 МПа дейін газөткізгіштер үшін
|
5
|
тез тұтанатын және жанармай материалдарының ашық қоймаларына дейін:
|
қысымы 0,3 МПа дейін газөткізгіштер үшін
|
20
|
қысымы 0,3 жоғары 1,2 МПа дейін газөткізгіштер үшін
|
40
|
теміржол немесе трамвай жолының жақын жердегі рельсіне дейін:
|
қысымы 1,2 МПа дейін газөткізгіштер үшін
|
3
|
тығыздалған жағдайда және теміржол жолдарына жергілікті жақындаған кезде
|
2
|
автомобиль жолына дейін (жиектеме тасқа, кюветтің сыртқы жиегіне немесе жол үйіндісінің табанына)
|
1,5
|
жерасты инженерлік желісіне дейін (суқұбыры, канализация, жылу желісі, телефон канализациясы, элект кабель блоктары), газөткізгіш тірегі фундаментінің жиегінен санағанда
|
1
|
ашық тарату құрылғысының және ашық қосалқы станцияның қоршауына дейін
|
10
|
ерітілген металл мен қоқысты шығару орнына және ашық от көзіне дейін
|
10
|
қызу мүмкіндігі бар учаскелерде газөткізгіштерді жанбайтын жабындармен қорғау кезінде
|
5
|
Ауа ЭБЖ сымдарына дейінгі қашықтық ЭҚЕ талаптарына сәйкес анықталады.
184. Тығыздалған жағдайларда жерүсті газөткізгіштер жолдарын жерасты коммуникациялар жолдарымен жоспарда үйлестіруге рұқсат етіледі. Оларды газөткізгіштер тірегінің теле іргетастарына жіберу, суөткізгіш, канализация және жылу реттегіш құбырлары, іргетас кесігінен екі жағына 2,5 м томпақ қораптарға салынады, ал іргетастың асты көрсетілген құбырлардан кемінде 1 м болмайды.
Сондай-ақ пайда болатын ақырғы газөткізгіштен көлденеңінен (жарықта) тоннельдің желдеткіш шахталарын 10 м қашықтықта орналастыру жағдайында газөткізгіштер тірегін түрлі бағытталған тоннельдерде, ал ағу желдеткіш шахталары конденсат аластатқыштың құрылғысынан-көлденеңінен кемінде 20 м орнатуға рұқсат етіледі.
185. Жерасты газөткізгіштері ауа ЭБЖ газөткізгіштермен қиылысу кезінде осы желілерден төмен болады.
186. Цехтың жеке газтұтыну агрегаттарын (пештерді, қазандарды және тағы басқа) цехаралық газөткізгіштерге өз еркімен кірмемен қосу қарастырылмайды.
Цехаралық газөткізгіштерге жеке ірі тұтынушылардың коллекторларын (үй пештерін, ауажылыту аппараттарының топтарын және тағы басқа) қосуға рұқсат етіледі.
Бір ғимаратта орналасқан тұтынушыларды басқа ғимаратта орналасқан цехтық коллектордан газбен жабдықтауға ғимараттар жақын орналасқан болса, ал олардың әрқайсысын дербес газбен жабдықтауды жүзеге асыру қиындықтармен байланысты болған жағдайлардан басқа жағдайда тыйым салынады.
187. Цехтық газ коллекторлары ғимараттың сыртында шатыр үстінде немесе бөлек тұрған тіректерге салынады. Коллекторлардың диаметрі 500 мм және одан кем болғанда оларды ғимараттың ішіне төсеуге рұқсат етіледі.
188. Газ коллекторларын ғимараттың шатырының үстіне төсеу кезінде астыңғы коллектордың құрылуынан жабынға дейінгі қашықтық 0,5 м кем болмайды және астыңғы өтеуіш толқынның құрылуынан 0,3 м кем болмайды. Қажет болған жағдайда коллектор бойымен адамдар өту үшін жанбайтын материалдардан көпіршелер, ал арматураға қызмет көрсету жерлерінде-алаңдар мен басқыштар орнатылады. Коллекторға қолжеткізу үшін жабынға апаратын басқыштардың біреуі белдеулі болады.
Ғимарат шатырының үстіне коллекторларды төсеу кезінде көлденеңінен (жарықта) коллектор мен жарық аэрациондық күнтартар арасындағы төменгі шекті қашықтық 1,5 м кем болмайды. Коллекторлар ғимараттың аэрациясын және оның жарықтығын нашарлатпайды.
Газөткізгіштермен жарықаэрациондық күнтартарды көлденеңінен қиылысу ерекше жағдайларда рұқсат етіледі. Газөткізгіш жарықаэрациондық күнтартар арасынан өткен кезде газөткізгіштерден күнтартардың шетжақ бөлшегіне дейін екі жағы бойынша жарықта 0,8 м кем болмайды.
189. Ғимараттың қабырғалары бойынша цехтық коллекторларды төсеу кезінде астыңғы газөткізгіштің құрылуынан жер (еден) деңгейіне дейін 3 м кем болмайды.
Қажет болған жағдайда егер ол технологиялық талаптарда ескерілсе, цехтық коллекторларды 3 м төмен төсеуге рұқсат етіледі.
190. Ғимараттың сыртында цехтық коллекторларды төсеу кезінде жеке тұрған тіректерде көлденеңінен (жарықта) коллектор мен цехтың қабырғасының арасындағы қашықтық осы Нормативтерде көрсетілген қашықтықтың жартысына тең, бірақ 2 м кем қабылданбайды.
191. Ғимарат қабырғаларының арасынан газөткізгіштер өткен кезде олар қорапта орындалады. Газөткізгіш пен қораптың арасындағы саңылау шетжағынан тығыздалады.
Газөткізгіш пен шатырдың арасынан газды бұруды шатыр арқылы төсеу кезінде сақиналы саңылау болады, сонда жабында сақиналы томпақ, ал газөткізгіште-конусты шатыр болады.
192. Газөткізгіштердің кірмелері жанармай газдары қолданылатын пештер, қазандар және агрегаттар орналасқан тікелей бөлмелерде орындалады.
Кірме құрылғылары, сондай-ақ газөткізгіштердің жарылу қаупі бар қоймалары мен жанармай материалдары ООП және А тұрмыстық бөлмелері, электртаратушы құрылғылары мен қосалқы станцияларының бөлмелері және қарқынды тоттанумен бүлінген газөткізгіштің бөлмелері арқылы төсеуге рұқсат етілмейді.
193. Осы газдар пайдаланылмайтын бөлмелер арқылы генератор газының газөткізгіштерін төсеуге рұқсат етілмейді.
194. Бөлмелерде газөткізгіштер қызмет көрсету, байқау және жөндеу үшін ыңғайлы орындарда салынады. Цехтық көлікпен зақымданатын жерлерде газөткізгіштерді төсеуге рұқсат етілмейді. Газөткізгіштермен желдеткіш шахталардың, ауа арналары мен түтіндіктердің қиылысуына, сондай-ақ газөткізгіштердің тұйық, нашар желдетілетін бөлмелерінде орналастыруға жол берілмейді.
Цехтың ішінде салынған электр таратушы құрылғылар мен қосалқы станциялардың бөлмелерінің, тұрақты қызмет көрсететін персоналы жоқ, желдеткіш жабдықтар мен бөлмелерге арналған үй-жайлардың төбе мен қабырғаларының сыртында цехтық газөткізгіштерді төсеуге рұқсат етіледі, сонда газөткізгіштерде шентемір қосулары мен арматуралар болмайды, ал газөткізгіштің дәнекерлейтін жіктері бақылаудың бұзылмайтын әдістерімен кезеңдік тексеріледі.
195. Үнемі персонал болатын цехтардың негізгі жұмыс алаңдарының астында цехтық коллекторларды төсеуге жол берілмейді.
Жеке агрегаттарға технологиялық жағдайлар бойынша басқа тәсілмен газ жіберуге болмайтын негізгі жұмыс алаңдарының астында газ жіберулерін төсеуге рұқсат етіледі, бұл ретте мынадай талаптар орындалады:
газөткізгіште шентемір қосулары, арматуралар және басқа газ ағуының ықтимал көздері болмайды;
апаттық жағдайда газөткізгіштің қызып кетуі мен оған сұйық металл мен қождың түсу мүмкіндігі болмайтындай етіп орналастырылады;
газөткізгіштің барлық дәнекерлейтін жіктері бақылаудың бұзылмайтын әдістерімен кезеңдік тексеріледі.
196. Есеппен қаңқалардың беріктігін тексеру кезінде газөткізгіштерді пештердің, қазандардың және басқа агрегаттардың қаңқаларына бекітуге жол беріледі; газөткізгіштер ыстық жану өнімдерінің немесе тоттануға белсенді сұйықтардың әсерінде болатын немесе қыздырылған немесе сұйық металдармен жанасу жерлерінде салынбайды.
Оттегі құбырына дейінгі жарықтағы қашықтық төменде көрсетілген шамадан кем болмайды:
4-кесте
Оттегінің қысымы 1,6 МПа дейін
және диаметрі 50 мм дейінгі кезде
|
Төрт сыртқы диаметр
Оттегі өткізгіш, (мм)
|
диаметрі 50-ден 250 мм дейінгі жағдайда
|
250
|
диаметрі 250 мм астам жағдайда
|
300
|
Оттегінің қысымы 1,6-дан жоғары 4,0 МПа дейін (диаметрден тәуелсіз)
|
350
|
Импульстық газ сымдарынан газөткізгішке дейінгі қашықтық реттелмейді.
197. Цехтық газөткізгіштермен оттегі өткізгіштерді және басқа құбырлармен қиылысу немесе жергілікті жақындасу кезінде жарықта 100 мм дейін үзілуді қысқартуға рұқсат етіледі.
198. Параллель салынған цехтық газөткізгіштер мен күштік кабельдердің арасындағы қашықтық 1 м кем болмайды.
Кем қашықтық, яғни жақындасу кезінде және кабельдер қиылысқан кезде жақындасудың барлық учаскесінде әр жағынан қосу 0,5 м механикалық зақымданудан (металл құбырларымен, қаптамалармен және тағы басқа) қорғалады.
Параллель салынған газөткізгіштердің (қорғалған және қорғалмаған) немесе кабельдер арасындағы қашықтық 250 мм кем болмайды, ал қиылысу жерлерінде-100 мм кем болмайды.
Газөткізгіштерге қызмет көрсету жерлерінен бастап оқшауландырмау сымдарына дейін қашықтық 3,0 м кем болмайды.
199. Тура жылу әсер аймағында газөткізгіштерді төсеу кезінде газөткізгіштердің қауіпті қызуын болдырмайтын жылу қорғағыш қарастырылады.
200. Диаметрі 100 мм дейін газөткізгіштердің бұрылыстары майысқан немесе штамп ретінде орындалады. Диаметрі 100 мм астам газөткізгіштердің бұрылыстары дәнекерленген немесе қатты майысқан болады.
201. Жаңадан салынып жатқан цехтарда газ тұтынушы агрегаттарды жерүсті газөткізгіштері арқылы жалғастырылғандай орналастырылады.
Бұл талап жағудың технологиялық жағдайлары немесе құрылымдық ерекшеліктері бойынша еден деңгейінен төмен болатын, сондай-ақ жерүсті газөткізгішті қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда агрегаттарға қолданылмайды.
202. Пештерге және басқа агрегаттарға газды жеткізу учаскелерінде кокс пен табиғи газдың газөткізгіштері, сондай-ақ олардың қоспасы үй газымен талаптарды сақтау кезінде каналдарда салынуға рұқсат етіледі:
каналдар өткізбейтін, ұзындығы төменгі шекті болады және берік алынбалы жанбайтын төсем жабылады;
диаметрі 300 мм аса газөткізгіштер үшін каналдың қабырғасы мен түбіне дейінгі жарықтағы саңылау 400 мм аз болмайды, ал диаметрі 300 мм және аз газөткізгіштер үшін-газөткізгіштер диаметрінен аз болмайды;
каналдарда салынған газөткізгіштердің жапқыш арматуралары (конденсатты газөткізгіштен бұру үшін арматураға ғана), сондай-ақ шентемір және бұранда қосулары болмайды. Мұндай газөткізгіштерде дәнекерленетін жіктердің саны төменгі шекті болады;
құбырларды дәнекерлеуде және арматурасыз жинақтау кезінде каналдарда газөткізгіштермен бірге газтұтыну агрегаттарына және инерттік газ құбырларына ауаөткізгішті төсеуге рұқсат етіледі;
газөткізгіштер салынған каналдар басқа каналдармен қиылыспайды. Қиылысуға мәжбүр болған кезде герметикалық маңдайшалар жасалынып, ал газөткізгіш қорапқа салынады. Қораптың соңдары екі жағынан 300 мм маңдайшалардың шегіне шығарылады;
каналдар табиғи желдеткішке арналған құрылғылармен жабдықталады;
каналдарға тоттануға белсенді сұйықтардың түсу мүмкіндігін болдырмау қарастырылады.
203. Цехтық газөткізгіштердегі арматура:
цехтарға (бөлімшеге) газдың барлық кіруі цехаралық газөткізгіштерден цехқа (бөлімшеге) дейінгі қашықтық 100 м аспаған жағдайлардан басқа жағдайларда цехқа кіру ысырмасы цех ғимаратының ішіндегіндей сыртында орналастырылады;
газды бұруда цехтық коллектордан агрегаттарға, бұл ретте екі дисктік ысырмалар арасында шырақпен орнатылады, сонда егер ысырмалардың біріншісі төбеде орналасып, ал екіншісі ғимараттың ішінде, онда екі шырақ: біріншісі тікелей ысырманың алдында (газ жүрісі бойынша), ал екіншісі-екінші ысырманың алдында орнатылады. Екінші ысырманың артында табақ ысырма немесе тығын орнатылады;
егер тікелей газтұтыну агрегаттындағы екінші ысырмаға қолжеткізу қиын болса, осы агрегатты жедел өшіру үшін 2) тармақшада көрсетілген газөткізгіште жүзеге асырылады;
көпаймақтық пештерде-әр аймақтағы газөткізгіште;
газөткізгіште әр жанарғы алдында орнатылады.
Цехтардың ғимараттарының ішінде газөткізгіштерде түрлі үлгідегі дискілік ысырма жоқ табақтық ысырмаларды орнатуға жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |