Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері


Өлшеу және автоматтандыру құралдарына қойылатын



бет6/10
Дата12.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#131109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

19. Өлшеу және автоматтандыру құралдарына қойылатын

жалпы талаптар

274. Технологиялық процестерді, оның ішінде автоматтандырылған (ТҚ АБЖ) басқару жүйесін пайдалану кезінде:

энергетикалық жабдықтың техникалық жай-күйін бақылауды;

технологиялық параметрлерді автоматты реттеуді;

технологиялық жабдықты автоматты қорғауды;

берілген алгоритмдер бойынша жабдықты автоматты басқаруды;

технологиялық және апаттық белгі берулерді;

реттеуші және жапқыш арматураларды дистанциялық басқаруды қамтамасыз етеді.

275. Технологиялық жабдық іске қосылып тұрған кезде өлшеу құралдары, бақылау және ақпараттар беру, автоматты реттеу, технологиялық қорғау мен сигнал беру, логикалық және дистанциялық басқару, техникалық диагностикалау құралдары мен бағдарламалық-техникалық кешендері үнемі жұмыс күйінде болады (жобалау көлемінде) және берілген қызметтер мен жұмыс сапасының орындалуы қамтамасыз етіледі.

276. Технологиялық процестерді басқару жүйелері қызмет көрсетуге, жөндеуге және баптауға төменгі шекті еңбек шығынын қамтамасыз ететін техникалық жүйелерді пайдаланылып, нормативтік-технологиялық құжаттарда белгіленген көлемде орындалады.

277. Басқару жүйесінің электр қорегін тұтынушылар тобы жүзеге асырады және технологиялық объектілерді электрмен жабдықтау санаттарына сәйкес болады:

технологиялық қорғау және олардың бергіштері;

дистанциялық басқару мен блоктау құрылғылары;

технологиялық бақылаудың аспаптары және олардың бергіштері;

апаттық ескерту сигналын беру құрылғысы;

өртті айқындау мен сөндіру жүйелері;

есептеу техникасының құралдары және олардың бергіштері.

278. Есептеу техникасының құралдарынан басқа барлық топтардың тұтынушылары технологиялық принцип бойынша топтамаларға бөлінеді.

279. Топтама, топтарға бөлу зақымдалған учаскелерді талғамды өшіруін және негізгі жабдықты тоқтатпай электр қоректену желі элементтерін жөндеуді қамтамасыз ететін өздігімен қорғау аппараттары арқылы іске асырылады.

280. Сигнал берудің іс-әрекеті тұтынушы топтардың бірі сияқты кірменің біреуі қоректенудің толық жоғалған кезінде қамтамасыз етіледі.

281. Резервтік электр қоректенудің автоматты түрде қосылу құралдарының, басқару құрылғыларының, сигнал беру құрылғыларының жарамдығы қоректену кернеуі бар кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес тексеріледі.

282. Қоршаған ауаның температурасы, ылғал, дірілдеу, радиация, сыртқы электр және магнит өрістерінің кернеулігі, импульстық қатты күштеніс, радио-және импульстық бөгет, электростатикалық разрядтардың қарқындылық, сондай-ақ басқару жүйесінің техникалық құралдарын (ТҚ АБЖ) орнату орындарындағы шаңдылық стандарттар мен техникалық жағдайларда рұқсат етілетін мәннен аспайды.

283. ООП және А бөлмелерінде басқару қалқандары мен пульттерді орналастыру ЭҚЕ 7.3 тарауының талаптарына сәйкес орындалады.

284. Бақылау мен басқару жүйесінің техникалық құралдары (ТҚ АБЖ) орналасқан басқару қалқандарының бөлмелерінде температура мен салыстырмалы ылғалдылығы 25°С және 40-80 % аспайды. Ауаның кондиционирлеу жүйесінің жарамсыздығымен қарастырылған апаттық режімдерде көрсетілген параметрлер 35°С және 90 % сәйкес болады.

285. Басқару қалқандарының бөлмелерінде өртке қарсы суөткізгіштерді төсеуге және өрт крандарын орнатуға рұқсат етілмейді.

286. Бақылау-өлшеу аспаптары бақылауға, қызмет көрсетуге ыңғайлы жерлерде орналастырылады және зақымданудан сақтандырылады. Аспаптарды ауыстыру үшін өшіру құрылғылары ескеріледі.

287. Газ генераторы бөлімшелерінің ғимараттарында алғашқы аспаптар ретінде жарылуға қауіпсіз жасалған шығын мен жанармай газдарының қысымын бергіш қолданылады.

288. Газ генераторы станциясының басқару қалқанында жанармай газының шығынын, температурасын және қысымын екінші реттік өлшеу аспаптары орнатылады.

289. Бұл бөлмелерге газ қысымынан тәуелсіз жанармай газдарының импульстық құбыр сымдарын кіргізуге жол берілмейді.

290. Бергіштерде ауа мен жанармай заттарының жарылуға қауіпті қоспаларын болдырмау үшін оларды орнатуда таратушы мембраналар пайдаланылады.

291. Радиоактивті изотоптарды пайдалану техникалық процестерді бақылаудың басқа әдістерін қолдану мүмкін болмағанда жол беріледі. Сонда қолданыстағы «Радиоактивті заттармен және иондау сәулелену көздерімен жұмыс істеудің негізгі санитарлық ережелеріне» сәйкес осы аспаптарды пайдалану тәртіптері мен әдістері туралы нұсқау кәсіпорынның техникалық басшысымен өндіріліп бекітіледі.

292. Жабдықтың бетінен және басқа жерлердегі шаң сору құрылғыларымен немесе жергілікті нұсқаудың белгіленген кестесі бойынша ылғал жинау арқылы жойылады.

293. Шкаф түріндегі қалқан ЭҚЕ 7.3 тарауының талаптарына сәйкес болады.

294. Панельдерде орнатылған аппаратураларда, пульттерде және алғашқы түрлендіргіштерде, жапқыш арматураларда және қысқыштар жинауларда олардың мақсаты туралы жазбалар болады.

295. Қалқандардың, ауыспалы қораптардың, орындау механизмдерінің, барлық қысқыштар мен оларға келетін кабельдердің, сымдар және кабульдердің талсымының, сондай-ақ құбыр қосқыш (импульстік) сызықтарының таңбасы болады.

296. Алғашқы түрлендіргіштердің және орындау механизмдерінің қоршау құрылғылары оларға қызмет көрсету үшін алаңдармен жабдықталады.

297. Басқару құралдарына кабель сызығының күштік және өлшеу төсемдері өртке қарсы талаптарға және ЭҚЕ сәйкес болады.

298. Кабель сызығының күштік және өлшеу оқшаулағышын тексеру көлемі мен кезеңдігі БҚ 34.45-51.300-97 сәйкес болады.

299. Бір кабельде өлшеу тізбектерін күштік және басқару тізбектерімен қосуға жол берілмейді.

300. Импульстық сызықтар тығыз болады. Жабдықты күрделі жөндеуден кейін барлық импульстық сызықтар үрленеді. Жанармай газдары түсу мүмкіндігі бар сызықтар бұдан басқа жергілікті нұсқауда белгіленген кезеңдікпен үрленеді.

301. Пайдалану кезінде таңдаулы құрылғылардағы алғашқы жапқыш органдар жабдық жұмыс істеген кезде импульстық сызықтарды өшіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

302. Басқару жүйесінде пайдаланылатын және қашықтықтан басқару қозғалтқышымен жабдықталған реттеуші және жапқыш органдар пайдалану кезінде тығыздық, шығын сипаттамалары мен люфтар бойынша техникалық талаптарды қанағаттандырады. Жабу кезінде тығыздық қолмен «жабуға дейін» дистанциялық және автоматты басқарудың жүйесінің әсерімен қамтамасыз етіледі.

303. Басқару құралдарының техникалық қызмет көрсетуі, ағымдағы және күрделі жөндеуі зауыт нұсқаулары немесе нормативтердің негізінде құрастырылып, кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша техникалық қызмет көрсету мен жөндеу мерзімі және құрамы ұйымдастырылады.

304. Кәсіпорында кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен технологиялық қорғау тағайын шаманың картасы құрастырылады, тағайын шаманың картасын қайта қарау жыл сайын жүргізіледі.

305. Жинақтау немесе қайта құрудан кейін технологиялық қорғауларды пайдалануға енгізу кәсіпорынның техникалық басшысының өкімі бойынша орындалады.

306. Тұрақты пайдалануға енгізілген технологиялық қорғаулар олар орнатылған жабдықтың барлық жұмыс уақытында қосылып тұрады.

307. Жарамды технологиялық қорғауларды жұмыстан шығаруға жол берілмейді.

308. Қорғауларды жұмыстан мынадай жағдайларда шығаруға рұқсат етіледі:

жабдық ауыспалы режімде жұмыс істеген кезде қорғауды өшіру негізгі жабдықты пайдалану бойынша нұсқамамен анықталғанда;

кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен, кестеге сәйкес кезеңдік тексеру үшін;

қорғаудың жарамсыздығы айқын болған кезінде.

Цехтың ауысым бастығының өкімі бойынша және жедел құжаттамада жазбаша түрде рәсімделіп өшіріледі.

309. Қорғаулар қосылған тізбектерде жөндеу және баптау жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

310. Технологиялық жабдықтың қорын автоматты қосу құрылғыларын және қорғауды жүзеге асыру операцияларын технологиялық цех персоналы және осы құрылғыларға қызмет көрсететін персонал жабдықты іске қосу алдында және егерде тоқтату кезінде қорғау тізбектерінде жөндеу жұмыстары жүргізілген болса тексереді.

311. Жабдыққа әсер ете отырып қорғауды сынама қорғау жұмыстарына қатысы бар, жабдықтағы барлық жұмыс аяқталған соң жүргізіледі.

312. Технологиялық қорғау құралдарының (алғашқы өлшеу түрлендіргіштер, өлшеу аспаптары, қысқыш жинаулары, кілттер мен ауыстырып қосқыш, импульстық сызықтың жапқыш арматурасы және тағы басқа) сыртқы ерекше (қызыл түс және тағы басқа) белгілері бар.

313. Қорғау панельдерінің екі жағында және онда орнатылған аппаратурада олардың мақсатын білдіретін жазбалар болады. Аспаптардың шкалаларында қорғаулардың жұмыс істеу қондырғыларының белгілері бар.

314. Қондырғылардың мәнін, жұмыс істеу уақытының тоқтатылуын қамтитын қорғау жұмыстарының алгоритмдерін жабдықты дайындаушы-зауыт анықтайды. Жабдықты қайта құру немесе дайындаушы-зауыттың мәліметтері болмаған жағдайда қондырғылар мен оларды пайдалану уақыты сынау қорытындысының негізінде анықталады.

315. Қондырғыларды өзгерту үшін құрылғылар (өздері жазатын аспаптардан басқасы) пломбыланады. Пломбыларды бұл туралы жедел журналға жазып, қорғау құралдарына қызмет көрсететін жұмыскерлерге ғана алуға рұқсат етіледі. Пломбыларды алу қорғау құралдарын өшіру кезінде ғана рұқсат етіледі.

316. Жабдықты өшіруге әсер ететін технологиялық қорғаулар олардың алғашқы іске қосылу себебін бекітетін құралдармен жабдықталады.

317. Алғашқы себебін бекітетін құралдар-қорғаудың іске қосылуы, оқиғаларды тіркеушілерді қоса алғанда, қорғалатын жабдықтың барлық жұмыс уақытында пайдаланылады.

318. Қорғаудың істеп кетуінің барлық жағдайлары, сондай-ақ олардың жұмыс істемеуі ескеріледі, ал жарамсыздықтың себептері мен түрлері талданады.

319. Пайдалануға шығарылған реттеудің әр контуры бойынша жөндеуден немесе істен шыққан аппаратураны ауыстырғаннан кейін оны баптауды қалпына келтіру үшін кәсіпорында қажетті мәліметтер болады.

320. Жарамды автоматты реттеуіштерді өшіруге пайдалану жөніндегі нұсқауда көрсетілген жағдайларда ғана жол беріледі.

321. Басқарудың технологиялық алгоритмдерін баптау және түзетуден кейін логикалық басқару құралдарын пайдалануға енгізу кәсіпорынның техникалық басшысының өкімі бойынша жүргізіледі.

322. Жұмыс істеп жатқан жабдықта логикалық басқару құралдарының орындау (сыртқы) тізбектерінде жөндеу және баптау жұмыстарының өндірісіне жол берілмейді.

323. Логикалық басқару құралдарының шкафтарында олардан орындаушы тізбектерді өшіру кезінде баптау жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі. Логикалық басқару құралдарына орындаушы тізбектерді қосуға тоқтатылған жабдықта ғана рұқсат етіледі.

324. Логикалық басқару құралдарының технологиялық алгоритмдерінің пайдалануға енгізілген барлық өзгерістері кәсіпорынның техникалық басшысымен бекітіледі.

325. Егер жобамен ескерілген реттеушілер, логикалық басқару құралдары, ТҚ АБЖ қызметтері технологиялық жабдықты меңгеру үшін белгіленген мерзімде пайдалануға енгізілмесе, енгізуге бас тартудың себептері көрсетіліп, негізделген техникалық шешімдер рәсімделеді және жобалық ұйымның тапсырмасы жобаны өңдеуге жіберіледі.

Автоматика, өлшеу және қорғау құрылғылары осы Нормативтерге және «Электрқондырғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының ережелеріне» сәйкес болады және оған сәйкес пайдаланылады.




20. Өлшеу, автоматика және қорғау құрылғыларына қызмет көрсету

326. Автоматиканы, БӨП және қорғау бергіштерінің алғашқы (жапқыш) шұраларын қосуды және өшіруді технологиялық жабдыққа қызмет көрсететін персонал жүзеге асырады. Автоматика, БӨП және қорғау бергіштерінің алдында орнатылған екінші рет шұраларға қызмет көрсету, технологиялық жабдықтарда орналасқан, автоматты бақылау құрылғыларын байқау, аспаптар панельдерінің ішкі байқауын технологиялық жабдыққа қызмет көрсететін персоналдың рұқсатымен ООП және А қызметінің персоналы жүзеге асырады.

Бергіштерді құбырдан (ыдыстардан) өшіру иінтіректі пайдаланусыз импульстық сызықтағы алғашқы шұраны жабады. Егер бергіштің импульстық сызықтары түрлі таңдаулы құрылғыларға қосылған болса, бұл құрылғылардағы барлық алғашқы шұралар жабық болады.

327. Егер импульстық сызықтар қосылған жөндеуге жататын құбыр немесе ыдыс қысымда болса, онда импульстық сызықтардың жапқыш шұралары жабық болады, оларға тыйым салатын «Ашпаңдар-адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакаттар немесе қауіпсіздік белгілері ілінеді.

Өшірілген импульстық сызықта қысымның болмауы оны атмосфераға қосу мен үрлеу құрылғыларының көмегімен тексеріледі.

328. Құбыр мен ыдыстардағы импульстық сызықтарды кірекесу, өлшеу диафрагмалардың шентемірлерін, арматураларды талдау, жылу, бу гильзаларын орналастыру ООП және А қызметі өкілінің қатысуымен жабдық бекітілген цехтың персоналы жүргізеді. Көрсетілген жұмыстар құбырлар мен ыдыстардан қысымды алып тастаған соң және құрғатқыштардың ашық дренаждарда жүргізіледі.

329. Су мен будың импульстық сызықтарын үрлеу арнайы үрлеу құрылғылары немесе «бекітілген» үрлеу сызықтары болмаған кезде технологиялық цехтың персоналының рұқсатымен кемінде екі адам операция мен қауіпсіздік шарасының технологиялық дәйектілігін көрсетіп, жергілікті нұсқауға сәйкес орындалады.

330. Технологиялық жабдықта апаттық жағдай пайда болған кезде үрлеу тоқтатылады, үрлеу құрылғыларының арматурасы жабық болады.

331. Алғашқы шұраларды жапқаннан кейін ғана манометрлер мен бергіштер ауыстырылады. Манометрлер мен бергіштердің кезінде салмалы сомындарды біртіндеп бұрады.

332. Өлшеу мен бергіштердің өзегі мен электродтарының және шанақтардағы көмір деңгейінің дабыл беру құрылымы бұл құрылғыларға қызмет көрсету кезінде шанақта қандай да болсын жұмыс істеу қажеттілігін жояды.

333. Қысымы 0,1 МПа (1 кгс/см2) астам газөткізгіштерге бақылау-өлшеу аспаптарын металды құбырлармен қосады. Газдың қысымы 0,1 МПа (1 кгс/см2) дейін болғанда бұл аспаптардың ұзындығы 1 м аспайтын, қамытпен бекітілген резеңкелі құбырлармен қосуға рұқсат етіледі. Аспаптарда қайтару өшіру құрылғылары қарастырылады.

334. БӨП, автоматика, қорғау бергіштерін алып тастау кезінде бергіштен өшірілген импульстық сызықтарға тығын орнатылады.

335. Импульстық сызықтардағы жұмыстар оларды орындау кезінде бұзғыш ортаның кездейсоқ лақтырындылары болуы мүмкін жеке қорғау құралдары пайдаланылып жүргізіледі.

336. Жедел құжаттама, бақылау-өлшеу аспаптарының тіркеу диаграммалары, жедел-ақпарат кешені АБЖ құрастыратын, шығыс құжаттары қатаң түрде есепке алу құжаттарына жатады және:

егер мерзімді ұлғайту туралы нұсқау келіп түспесе, тіркеу аспаптарының көрсеткіштері жазбаларымен тасушылар-3 ай;

егер мерзімді ұлғайту туралы нұсқау келіп түспесе, жедел-ақпарат кешені АБЖ құрастыратын шығыс құжаттары-3 ай белгіленген тәртіпте сақтауға жатады.



21. Метрологиялық қамтамасыз ету

337. Кәсіпорын орындайтын метрологиялық қамтамасыз ету бойынша шаралар кешеніне:

мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өлшеу құралдарын (ӨҚ) уақытында тексерге ұсыну;

тексеруге жатпайтын ӨҚ үлгілеу бойынша жұмыс жүргізу;

өлшеуді орындаудың аттестатталған әдісін (ӨОӘ) пайдалану;

пайдаланатын ӨҚ дұрыстық сипаттамаларының технологиялық параметрлердің өлшеу дұрыстығына және жобалау құжаттамалардың метрологиялық сараптамасы талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;

қызмет көрсету, ӨҚ жөндеу, метрологиялық бақылау және қадағалау кіреді.

338. Метрологиялық қамтамасыз ету, бақылау және қадағалау бойынша жұмыстарды орындау оларды орындауымен осы қызметтің жұмыстарын атқаратын кәсіпорынның немесе бөлімшенің метрологиялық қызметі жүзеге асырады.

339. Өлшеу құралдарымен жабдықтау жобалау-нормативтік құжаттамаға және жеткізу техникалық жағдайларға сәйкес болады. Өлшеу құралдарымен жабдықтау көлемі жабдықтың техникалық жай-күйін және оның жұмыс тәртібінің бақылануын; өңделген, шығындалған және жіберілген ресурстардың, электр қуаты мен жылудың түсу мен шығынын есепке алуды; қауіпсіз еңбек жағдайлары мен санитарлық нормалардың сақталуын бақылауды; қоршаған ортаның қорғалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

340. Барлық ӨҚ, сондай-ақ ақпараттық-өлшеу жүйелері (АӨЖ) жарамды жай-күйде болады және өлшеуді орындауға үнемі дайын болады.

341. Өнеркәсіптік пайдалануға енгізгенге дейін, сондай-ақ негізгі жабдықты пайдалану процесінде АӨЖ өлшеу каналдары, оның ішінде ТҚ АБЖ тексеріледі және калибрленеді.

342. Тексерілмеген немесе калибрленбеген АӨЖ, оның ішінде ТҚ АБЖ құрамына енетін жұмыста қолдануға жол берілмейді.

343. Тексеру мен калибрлеуді жүргізу кезінде үлгі ретінде пайдаланылатын барлық ӨҚ, сондай-ақ қоршаған ортаның параметрлерін бақылауға, еңбек, электр, жылу қуатын, отын қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жататын ӨҚ тексеруге жатады.

344. Өлшеу құралдары кәсіпорын құрастырған және оларды тексеретін ҰлТСАР органы бекіткен кестеге сәйкес уақытында тексеруге беріледі.

345. ӨҚ тексерудің қорытындылары белгіленген форма бойынша растау таңбасымен және тексеру туралы куәлікпен куәландырылады.

346. Тексеруге жатпайтын, бірақ баптау, жөндеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде жабдықтың сенімді және ұтымды жұмысын бақылау үшін кәсіпорында пайдаланылатын барлық ӨҚ калибрлеуге жатады.

347. ӨҚ калибрлеуді кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен калибрлеу кестесіне сәйкес кәсіпорынның метрологиялық қызметі жүргізеді.

348. Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің ӨҚ калибрлеу бойынша жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі болмаған кезде калибрлеу жоғары ұйымның метрологиялық қызметінің немесе белгіленген тәртіпте тіркелген басқа кәсіпорынның базалық ұйымы орындайды.

349. ӨҚ калибрлеу кезеңдегі технологиялық бөлімшелердің келісімі бойынша кәсіпорынның метрологиялық қызметі белгіленеді және кәсіпорынның техникалық басшысы бекітіледі.

ӨҚ калибрлеуінің қорытындысы төлқұжатқа белгі қойылып, ӨҚ қойылатын калибрлік белгімен немесе калибрлеу туралы куәлікпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарындағы жазбамен куәландырылады.

350. Кәсіпорындарда технологиялық параметрлерді өлшеу жобаға сәйкес іске асырылады.

351. ӨҚ және олардың нақты сипаттамаларын таңдау газ генераторы станцияларын жобалау сатысында технологиялық параметрлерді және ӨОӘ өлшеу нақтылығына талаптарды белгілейтін қолданыстағы мемлекеттік және салалық нормативтік құжаттардың негізінде іске асырылады.

352. Жұмыс жобасының құрамындағы жобалау құжаттамасы жобалау салалық құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымның метрологиялық қызметі немесе кәсіпорынның метрологиялық қызметі орындайтын метрологиялық сараптамадан өтеді.

353. Газ генераторы станциясын пайдалану процесінде технологиялық параметрлердің қосымша (жобада ескерілмеген) өлшеулерін ұйымдастыру қажет болған жағдайда ӨҚ таңдау технологиялық параметрлерді және ӨОӘ өлшеу нақтылығына талаптарды белгілейтін қолданыстағы мемлекеттік және салалық нормативтік құжаттарға сәйкес іске асырылады.

354. ӨҚ жедел қызмет көрсетуді кәсіпорын басшылығының шешімімен анықталған бөлімшенің кезекшісі немесе жедел-жөндеу персоналы жүргізеді.

355. ӨҚ жедел қызмет көрсету және жөндеуді кәсіпорынның метрологиялық қызметінің қызметін орындайтын, бөлімшенің техникалық персоналы іске асырады.

356. Температураны өлшеу бергіштерінің қорғау гильзаларының шығынын өлшеу үшін таңдаулы құрылғыларда алғашқы жапқыш органдарын жөндеу, тарыту және басқа құрылғыларды ашу және орнатуды технологиялық жабдықты жөндейтін персонал, ал қабылдауды-кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жұмыстарын орындайтын персонал орындайды.

357. ӨҚ орнатылған, жабдыққа қызмет көрсететін персонал олардың сақталуына және сыртқы элементтердің тазалығы үшін жауапты болады. ӨҚ жұмысындағы барлық бұзушылық туралы кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жұмысын орындайтын бөлімшеге хабарланады.

358. Олардың қалыпты жазылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыспен байланысты емес тіркеу аспаптарын ашу кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жұмысын орындайтын бөлімшенің персоналына ғана, ал жеткізуші немесе тұтынушымен есептесу үшін пайдаланылатын ӨҚ-олардың өкілдерімен бірге рұқсат етіледі.

359. Тексеруге жататын ӨҚ жай-күйі мен қолданылуын мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалау метрологиялық ережелер мен нормаларды сақтай отыра ҰлТСАР жүзеге асырады.

360. Тексеруге жатпайтын ӨҚ жай-күйі мен қолданылуын метрологиялық бақылау және қадағалау метрологиялық ережелер мен нормаларды сақтай отырып, кәсіпорынның метрологиялық қызметі калибрлеуді жүзеге асырады.


22. Жылутехникалық бақылау

361. Жылутехникалық бақылау, автореттеу және дабыл берудің көлемі БҚ 34.35.101-88 негізінде орындалады. Газ генераторы станциясының жобалауында қабылданған техникалық шешімдер ЭҚЕ және басқа автоматтандыру құралдарын қауіпсіз пайдалану нормаларының талаптарына сәйкес болады.

362. Бақылау-өлшеу аспаптары бақылауға, қызмет көрсетуге ыңғайлы және зақымданудан қорғалатын жерлерде орналастырылады. Аспаптарды ауыстыру үшін өшіру құрылғылары қарастырылады.

363. Газ генераторы бөлімшелерінің ғимараттарында алғашқы аспаптар ретінде жарылу қауіпсіз жасалған шығын мен жанармай газдарының қысымын бергіш қолданылады.

Жанармай газдарының қауіпсіз жарылу бергіштері болмаған кезде оларды газ генераторы бөлімшесі ғимаратының сыртына орналастырған жағдайда жалпы мақсатты көрсетілген бергіштерді пайдалануға жол беріледі. Жоғарғы бөлшектегі шкафтардың шырағы, ал астыңғы бөлшегінде желдету үшін тесік болады. Бергіштерді ашық өлшеу орындарының жанында шкафтарда және арнайы бөлмелерде орналастыруға болады.

364. Газ генераторы станциясының басқару қалқанында жанармай газының шығынын, температурасын және қысымын екінші реттік өлшеу аспаптары орнатылады. Бұл бөлмелерге газ қысымынан тәуелсіз жанармай газдарының импульстық құбыр сымдарын кіргізуге жол берілмейді.

365. Радиоактивті изотоптарды пайдалану техникалық процестерді бақылаудың басқа әдістерін қолдану мүмкін болмағанда жол беріледі.

Сонда қолданыстағы «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға» сәйкес осы аспаптарды пайдалану тәртіптері мен әдістері туралы нұсқама кәсіпорынның техникалық басшысымен өндіріліп бекітіледі.

366. БӨП қалқандары мен жабдықтардың немесе ғимараттың құрылыс құрылымдарының арасынан өтудің ені кемінде 0,8 м болады.

23. Жылыту, желдету, сумен жабдықтау және канализация жүйелері

367. Жылыту, желдету, сумен жабдықтау және канализация жүйелерін жобалау ҚНжәнеЕ 2.04.01-85, «Ішкі суөткізгіш және канализация» ҚР ҚНжәнеЕ 4.02-05-2001, «Жылыту, желдету және ауаны баптау» ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02-2001, «Сумен жабдықтау. Сыртқы желі және құрылыс» МЕМСТ 21.408-93, «Құрылыс үшін жобалау құжаттамасының жүйесі. Технологиялық процестерді автоматтандырудың жұмыс құжаттамасын орындау ережелерінің» талаптарына сәйкес орындалады.

368. Бақылау, реттеу, басқару және дабыл беру көлемдері ҚР ҚНжәнеЕ 4.02-05-2001 «Жылыту, желдету және ауаны баптау» талаптарына сәйкес жобада қарастырылады.

369. Автоматтандыру құралдарын жинақтау «Автоматтандыру жүйелерінің» ҚНжәнеЕ 3.05.07-85 талаптарына сәйкес жүргізіледі.




24. Штаттық жылутехникалық бақылау мен төмен қысымды газ генераторлық станциясы автоматикасының көлемі

370. Жұмыс істейтін газ генераторы құрылғысы мен газды тазарту жүйесінің өлшеу сұлбасында мынадай параметрлерді:

отынның саны мен сапасын;

(газ құюда) газ генераторынан кейін алдын ала салқындатқыштан кейін және тазарту жүйесінен кейін газ температурасын;

газ генераторынан кейін газдың шығынын, оның жылушығару қабілеттілігі мен құрамын;

тазарту жүйесінің аппараттарында, газ үрлеудің алдында және кейін газ генераторының артында (қысым) газ сиретуді;

үрлеу желдеткішінің артында ауаның температурасын, қысымы және шығынын;

араластырғыштың алдында будың температурасын, қысымы және шығынын;

газ генераторының алдында бу ауа және бу оттегі қоспаларының температурасы мен қысымын;

бужинағышта (салқындатқыш қаптамада) бу су қоспасының қысымын;

газ генераторы, газды тазарту бөлмелерінде ауа ортасын жарылу қауіпі бар заттардан бақылануын бақылауы қажет.

371. Автоматтық реттеу жүйелері:

бу ауа және бу оттегі қоспаларының температурасын реттеу;

газ генераторының өнімділігін реттеу;

газ генераторына отынды беруді реттеу.


25. Штаттық жылутехникалық бақылау мен жоғары қысымды газ генераторлық станциясы автоматикасының көлемі

372. Жоғары қысыммен жұмыс істейтін газ генераторы құрылғысы мен газды тазарту жүйесінің өлшеу сұлбасында мынадай параметрлерді:

отынның саны мен сапасын;

(алдын ала салқындатудың алдында) газ генераторынан кейін, алдын ала салқындатқыштан кейін және салқындатудың әр сатысының алдында және соңында газ температурасын;

көмір және күл шлюздік камераларындағы, шахтаның күмбезіндегі, бужинағыштағы қысымды, жинақ коллекторындағы және тазарту жүйесінің соңындағы газды;

араластырғыштың алдындағы ауа мен оттегінің температурасын, қысымын және шығынын;

араластырғыштың алдындағы буландырғыштан сыртқы қыздырылған будың және қаныққан будың температурасын, қысымын және шығынын;

салқындатқыштарға фенолдық су, техникалық айналым су бүркілген, қоректік судың температурасын, қысымын және шығынын бақылау қажет.

373. Айналым фенолдық су мен шайыр шаруашылығының температурасын, қысымын және шығынын өлшеу көлемі жобамен анықталады.

374. Күлқожжою жүйесіндегі температура, қысым және шығынды өлшеу көлемі жобамен анықталады.

375. Жоғары қысымды газ генераторы жеке жұмыс элементтері үшін керек-жарақтармен (арматурамен) және таратушы жүйесінің құрамында гидравликалық агрегаты бар газ генераторы жұмысын басқарудың гидравликалық жүйесімен басқарылады. Жүйе екі технологиялық контурға бөлінеді-газдағыштағы көмірді өңдеудің (тиеудің) технологиялық процесі және газдағыштан күлді жою процесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет