Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері


Генераторлық газды тазарту жүйесіне қойылатын жалпы талаптар



бет4/10
Дата12.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#131109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

11. Генераторлық газды тазарту жүйесіне қойылатын жалпы талаптар


204. Генераторлық газдың сипаттамасы, оның химиялық құрамы мен жылу шығару қабілеті, газ тәрізді және қатты қоспалардың саны газ тұтынушы ұйымның стандарттарымен (техникалық шарттарымен) анықталады.

Ұйымның стандарттарына (техникалық шарттарына), қоспалардың саны мен сипаттамасына, газдың жану лимиттелген шарттарына немесе технологиялық процесте қатысуына байланысты экологиялық қауіпсіздік талаптарын негізге ала отырып, қатты отынды және тазарту жүйесін газдандыру үшін жобалау кезінде жабдықты таңдау жүргізіледі.

205. Тазарту технологиясын және жабдықты таңдау генераторлық газ өндірісінің қалдықсыздығымен, циркуляция мен процестің жетілдірілген компонентері жүйесіне қайтаруды барынша шекті пайдаланумен немесе оларды тауар өнімдеріне айналдырумен анықталады.

206. Тығыз қабаттағы қатты отынды қарсы толымды газдандыру конденсияланған көмірсутегілерден газды тазартуды талап етеді. Сонда конденсияланған сұйық көмірсутегілерден газды тазартуға қойылатын талаптар айтарлықтай жоғары болады. Олар газдың мақсаты, көліктік газөткізгіштердің ұзындығымен, сондай-ақ күкірт тазартуға берумен және газды одан әрі каталитикалық өңдеумен анықталады. Нәтижесінде, генераторлық газ шайырдан толық босатылады.

207. Газдан шайырды ұстау тәсілдері оның булары конденсацияға және газ фазасынан конденсаттың бөлінуіне негізделген.

Отынды жылумен жіктеу сұйық өнімдердің бу конденсациялары 350°С жоғары қайнайтын құрама бөлшер үшін 20-25°С дейін жеңіл фракциялар үшін кең температуралық шекте өтеді. Конденсация кезінде газда өлшенген шайырдың ұсақ тамшылары пайда болады, олардың жартысы аса іріге бірігеді және ауырлық күшінің әсерімен тұнбаланады. Шайырдың өлшенген тамшыларының басқа бөлшегі газ фазасында тұман түрінде қалады. Тазартудың аса тиімді тәсілі электр сүзгіште тазарту болып табылады, шайырды ұстау дәрежесі 99 % жеткен және одан жоғары 1000 нм3 болған жағдайда сағатына 0,4-0,5 кВт-газды тазартуға электр қуатының шығыны жұмсалады.

208. Газ генератор станцияларының тазарту жүйесінде электрсүзгішті пайдалану мынадай факторлармен шектеледі:

қатты отынды газдандырудың жаңа процестеріндегі технологиялық сұлбаларда, көбінесе жоғары қысым кезінде жүзеге асырылатын электр сүзгіштер осы қысым бойынша тұрақты жұмыс істей алатын игерілген конструкциялардың болмауына байланысты шекті түрде қолданылады;

электр сүзгіштерді пайдалану мүмкіндігі бар газ қысымының шектік көлемі жұмыс қабілеттілігі мен тұрақты конструкциялардың болуымен анықталады;

электр сүзгіштер жоғары жарылыс шығу қауіптілігімен ерекшеленеді және пайдаланудың ерекше (оң қысым, оттегінің жоқтығы және тағы басқа) тәртібін талап етеді.

209. Қатты отынды газдандырудың технологиялық сұлбаларында қысыммен жүзеге асырылатын конденсациялық шайыр мен суды бөлуді жеңілдететін тазарту процесінде газдан шайырды тұндыру сатылы жуу және газды салқындату арқылы жүргізіледі. Сонда алдын ала салқындатқыштар (салқындатқыштар), бу және суды пайдаға асырғыштар, жуу колонналары (скрубберлер), тамшыұстағыштар және тағы басқалар пайдалану жабдығы болып табылады.

210. Салқын газ және қатты отынды газдандырудың газ генераторы станцияларының технологиялық сұлбаларында атмосфералық қысым немесе атмосфералықтан жоғары болмашы қысым, газдан шайырды бөлу тазарту процесінде алдын ала салқындатқыштарды, электр сүзгіштерді, скрубберлерді, тамшы ұстағыштарды және тағы басқаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

211. Ыстық газдың газ генераторы станцияларының технологиялық сұлбаларында шайырды газдан тазарту құрғақ ұстағыш және шаң шығару мен полимерленген шайырларды жою құрылғылары, циклон, жоғары температуралық электр сүзгіштерін пайдалану арқылы жүргізіледі.

212. Генератор газын тазарту жүйесінің аппараттары (алдын ала салқындатқыштар, электр сүзгіштер, пайдаға асырғыштар, скрубберлер мен тамшы ұстағыштардан басқа салқындатқыштар) ашық алаңдарда орнатылады.

Салқындатқыштар (алдын ала салқындатқыштар) тікелей газ генераторларында қосқыш келте құбырдың ықтимал төменгі шекті ұзындығымен қосылып, газ генераторы ғимаратында орналастырылады.

213. Генератор газын тазарту жүйесінің кейбір аппараттары арасындағы жарықтағы қашықтығы (салқындатқыштар, скрубберлер, электр сүзгіштер және басқалар) 2 м кем болмайды.

Жарықтағы құрылғалардың қашықтығы м кем болмайды:

5-кесте



газды тазарту жүйесіне қатысты ғимаратқа дейін

5

газды тазарту жүйесіне қатысы жоқ ғимаратқа дейін

25

теміржол жолдарының жақындағы рельсіне дейін

10

домендік цех автожолының өту жиегіне дейін

5

жалпы зауыттық автомоболь жолдарына дейін

10

конвейерлік галереяларға дейін

10

сондай-ақ, тығыздалған жағдайларда галерея жабдығы кезінде тұрақты жұмыс істейтін қосылу-сору желдеткіші

5


газ тазарту жүйесіне қатысты емес құбырлардың жер үсті жолдарына дейін

5

214. Генераторлық газды тазарту жүйесінің аппараттары орналасқан алаң асфальтталады немесе бетондалады.

215. Скрубберлер мен электрсүзгілер қызмет көрсететін алаңдарда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін электр кабельдерінің, газ және оттегі құбырларының тұрақты таратқыш, сондай-ақ кернеуі 12 В электр желілері қарастырылады.

216. Газ үрлеу, ортадантепкіш шайыртазалағыштар, шайыр сорғылары, электр сүзгіштердің қосалқы станциясының түрлендіргіш бөлмелері қосылу-сору желдеткішімен жабдықталады.

Қосылу-сору желдеткіші желдетілетін бөлмелерде санитарлық нормалар мен «ҚСЖ. Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар» МЕМСТ 12.1.005-88 сәйкес ауа мен температураның тазалығын қамтамасыз етеді.

Газ жоғарылатушы машиналардың тығыздамаларынан құрама газ аққан кезде дербес жергілікті күштеп сорғышты жасайды.

Электрсүзгіштің түрлендіргіш қосалқы станцияларында ауаны беру бөлменің үстіңгі аймағына түрлендіргіштерде, ал сору-түрлендіргіштен төмен жүзеге асырылады. Бөлмедегі ауаның температурасы + 16° төмен болмайды.

217. Скрубберлер, электр сүзгіштер, тамшы- және шаңұстағыштар, ауаөткізгіштер мен газөткізгіштер тоқтаған кезде олардың үрлеу мен желдету үшін шырақтары болады.

Газтазарту аппараттары мен газөткізгіштердің шырақтары аппараттар мен газөткізгіштердің ең жоғарғы нүктелерінде орналасады және ғимараттың ыстық жерлерімен жанаспайды.

Шырақтар 20 м және одан аз қашықтықта орналасқан ең жоғары ғимараттың төбесінің шатыржолынан 4 м жоғары шығарылады және оған атмосфералық тұнбалардың түсуінен қорғалады.




12. Электрсүзгіштер


218. Тұрақты оң қысымды қамтамасыз ету кезінде газды тазарту үшін электрсүзгіштерді қолдануға рұқсат етіледі.

Бағытталған процестің режімінде жұмыс істейтін газ генераторларынан басқа механикаландырылған газ генераторлары оң қысыммен пайдаланылады.

219. Электрсүзгіштердің жанбайтын материалдан жасалған жеңіл құрылымды күркесі болады.

Электрсүзгіштердің үстіңгі жағына қызмет көрсету үшін кемінде екі металдан жасалған басқыштары болады. Электрсүзгіштердің жанына скрубберлерді орналастырған кезде олардың алаңдары әр қабатта қосылады және екі кіретін жері болады. Бұл ретте әр аппараттың жер деңгейіне дейін бір-бірден басқыштары болады.

220. Газдың жұмыс қысымы 40 кПа (0,4 кгс/см2) жоғары генераторлық газбен жұмыс істеуге арналған электрсүзгіштер арнайы шлюздерден ұсталған заттарды (ылғал, шайыр және басқа) жойып, тиісті газ тығыздығында орындалады.

221. Газдың жұмыс қысымы 40 кПа (0,4 кгс/см2) төмен генераторлық газбен жұмыс істейтін электрсүзгіштер гидрожапқышпен жұмыс істей алады және дымқыл болып табылады.

Дымқыл электрсүзгіштерге осы Нормативтердің мынадай талаптары қолданылады:

электрсүзгіштер үшін астыңғы конусты бөлшегінен су ағызу жоғары қысымды электрсүзгіштер үшін биіктігі кемінде 5 м және төмен қысымды электрсүзгіштер үшін кемінде 3 м гидрожапқымен бір құбырмен іске асыруға болады;

қалтқы құрылғыны электрсүзгіштің ішінде де, сыртында да орналастыруға рұқсат етіледі.

222. Әр электрсүзгішті өшіру үшін жартылай тазартылған (алдын ала салқындатқыштан кейін) және тазартылған газдардың газөткізгіштері жағынан жылжымалы шпинделі бар дисктік ысырма орнатылады. Дискілік ысырмада электрсүзгіш жағынан табақ тығындарды орнату үшін құрылғы болады.

223. Электрсүзгіштер төмендегілерді қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталады:

газ қысымы 0,5 кПа төмен болған кезде коронирленген электродтардан жоғары кернеу автоматты түрде алып тасталады;

коронирленген электродтарды қоректендіретін агрегаттардан кернеуді автоматты түрде алып тастамай, оқшаулағыш қораптардың есіктерін ашуға мүмкіндік бермейтін автоблоктау;

электрсүзгіштерді кезеңдік жууды автоматты басқару немесе су мен газ беру кернеуін қосуды (өшіруді) блоктау.

224. Қаңқа мен ток өткізуден басқа электрсүзгіштердің барлық бөлшектері жерге қосылады. Ток өткізуші бөлшектерге қолжеткізуге мүмкін беретін люктерінде ескерту жазбалары жасалады және электрсүзгіштерді жөндеуге өшіргеннен кейін ток өткізуші бөлшектерді қаңқаға жермен қосу үшін құрылғылар қарастырылады.

225. Қышқылдық тоттанудан қорғау үшін электрсүзгіш қаңқасының ішкі беті, түбі және штуцерлер тоттануға қарсы материалдармен жабылады.

Шөктіргіш электродтар химия және гальникалық әсерге қарсы төзімді қышқылтөзімділік материалдан жасалынады.

226. Электрсүзгіштер газ кіру штуцеріне қарсы және электрсүзгіш төбесінде орнатылатын газтаратушы құрылғы мен жарылу клапандарына, коронирленген электродтардың үстіңгі және астыңғы жақтауларына қолжеткізу үшін басқыштар болады. Басқыштар жарықта кемінде 600 мм немесе 500х600 мм қимамен болады.

Коронирленген электродтардың жақтауларына қолжеткізуге арналған басқыштардың біреуі электрсүзгіштерін байқау мен жөндеу кезінде, сондай-ақ ұзақ уақытқа тоқтатылғанда олардың жақтауларын жермен қосуға арналған құрылғысы болады.

227. Электрсүзгіштердің шентемір қосулары шайырланған немесе графитпен өңделген асбестік баумен тығыздалады. Құрғақ асбестен жасалған төселгішті пайдалануға жол берілмейді.

228. Электрсүзгіштің түбінде шайырдың ағуын қамтамасыз ететін еңіс болады.

229. Электрсүзгіштен шайыр ағатын бекітпеде шайыр бағанасының көлемі электрсүзгіштегі жұмыс қысымынан 250 мм аспайды.

Бекітпе бумен қыздырылып және шығу келтекті тазартуға мүмкіндік береді.

230. Электрсүзгіштердің бу жейделері мен ирек түтіктерінің қысымы будың барынша шекті бір жарым жұмыс қысымына тең сумен сыналады.

231. Электрсүзгіштердің коронирленген электродтарына ток жіберу оқшаулағыштары және электрсүзгіштердің ішінде орналасқан оқшаулағыштар температураның айқын тербелісіне қарсы тұрақты материалдан жасалады.

Оқшаулағыштар арқылы ток жіберу жерлері және оқшаулағыштарды электрсүзгіштің қақпағына қосу газды өткізбейді.

Өту оқшаулағыштардың құрылғылары бұзылған кезде газдың сыртқа шығуын болдырмайды.

232. Электрсүзгіш үрлеу үшін бу немесе инерттік газ жіберумен жабдықталады.

233. Электрсүзгіштің үрлеу шырақтары газды:

құбыр арасындағы аралықтан екі диаметрлік қарама-қарсы нүктелерден;

электрсүзгіштің үстіңгі бөлшегінен және газдың шығу штуцерінен;

егер ол газдың астында болса, оқшаулағыш қораптан бұрылады.

Үрлеу шырақтарының диаметрі 150 мм кем болмайды.


13. Скрубберлер мен тамшыұстағыштар


234. Скрубберлер мен тамшыұстағыштардағы су су бекітпелері арқылы жіберіледі. Бекітпелердің құрылымы оларды өшірмей тазалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Су бекітпелерінің биіктігі кестеге сәйкес қабылданады:

6-кесте


Газдың барынша шекті жұмыс қысымы, мм.су бағ.

Су бекітпесінің биіктігі

300 дейін

300-1000


1000 аса

Р+50 мм.су бағ., бірақ кемінде 250 мм

1,5Р


Р+500 мм

(Р-газдың барынша шекті жұмыс қысымы мм су бағ.)

Бекітпеде тұрақты су деңгейін ұстау үшін өшіру құрылғысының су жіберу мен ағын құбыры болады.

235. Газды салқындату мен тазарту аппараттарының (тікқұбырлар, тамшыұстағыштар, скрубберлер) люктері мен үрлеу үшін бу жіберулері болады. Шашырату бүріккіштері бар аппараттар люктерінің мөлшері бүріккіштерді ыңғайлы ауыстыруды қамтамасыз ететін болады немесе бүркі құрылымы осы операцияны сыртынан жасауға мүмкіндік береді. Басқа аппараттардың люктерінің өлшемі кемінде 500500 мм болады.




14. Генераторлық газды құрғақ тазарту


236. Шайыр отында жұмыс істейтін ыстық газдың газ генераторы станцияларын пайдалану үшін шаң, күйе және шайырдың ұсталынған және тура ағатын циклондарын құрғақ күйінде құрғақ бекітпелері бар шлюз жинақтағыштар арқылы жоюға рұқсат етіледі. Сонда циклондар, шлюздік жинақтағыштар, ағулар мен басқа құрылғыларды қоса алғанда генератор газының барлық күрежолының беті жылу оқшаулаумен жабылады. Оқшаулаудың түрі мен қалыңдығын жобалау ұйымы анықтайды.

237. Циклондар (шаңұстағыштар) сақтандыратын клапандармен жабдықталады және газ генеторын үрлеу мен жағу үшін шырақтары болады.




15. Төмен қысымды генераторлық газды тазарту жүйесіне қойылатын талаптар

238. Газды салқындату мен тазартудың әр аппараттарының үстіңгі бөлшегінде үшсатылы скрубберлерде оның екінші және үшінші сатыларында, сондай-ақ ауа-және газөткізгіштің шетжағында мембрандық сақтандыратын клапандар орнатылады.

Сақтандыратын клапандары орналастырылған, газ коллекторларының шетжағы ғимараттан шығарылады. Сақтандыратын клапандар құрылғыларға жерден немесе еденнен кемінде 2 м биіктікте орнатылады.

239. Газөткізгіштерде және тазарту жүйесінің құрылғыларында орнатылған, сақтандыратын клапандар мембрана үзілген кезде клапандардың саңылауларын жабатын лақтырылмалы қақпақтары болады. Тазартылмаған газдың сыртқы газөткізгіштерінде және газ генераторларының үрлеу қораптарында мембранасыз лақтырылмалы қақпақтармен сақтандыратын клапандар орналастырылады.

Диаметрі кемінде 500 мм газөткізгіштер мен аппараттарда орналастырылатын сақтандыратын клапандар газөткізгіштер немесе аппараттардың диаметріндей болады, ал диаметрі 500 мм және одан астам газөткізгіштер мен аппараттарда-диаметрі кемінде 500 мм болады.

Клапан мен қақпақ қаңқасының өңделген бетінде жарық, қаяу, қоқыс қоспалары болмайды және бір-біріне тығыз іргелес орнатылады.

240. Сақтандыратын клапандардың мембраналары 1,2 кг/см2 үзілетін қысымға есептегенде тазартылмаған және салқындатылмаған газдың газөткізгіштері, тамшыұстағыштар, шайыртазалағыштар, электрсүзгіштері және скрубберлер үшін жез, мыс және алюминийден, ал тазартылған газдың газөткізгіштері және ауаөткізгіштері үшін сол сияқты ақ қаңылтырдан дайындалады.

Мембранасы бар сақтандыратын клапандар мембрана үзілетін, шекті (сындық) қысымға сыналады. Материалдың бір партиясынан жасалған мембрананың әр мөлшеріне бір сынақ жүргізуге рұқсат етіледі.

Сынақтар ұйым стандартының талаптарына (техникалық шарттарына) сәйкес қысыммен жүргізіледі. Әр клапанға дайындаушы-зауыттың ТББ қол қойған сынау актілері болады. Мембрананың жұмыс бөлшегінде мембрананың бұзылуына әкеп соғатын шекті қысым ойылып немесе майлы бояумен жазылады.

Әр клапан клапан қақпағының жабылу тығыздығына тексеріледі.

241. Бүріккішті булау мен үрлеу үшін газды тазарту құрылғыларына (тікқұбырлар, скрубберлер, шаңұстағыштар және тағы басқалар) бу жіберіледі.

242. Ысырмалар, дисктік және сақтандыратын клапандар мен люктерге қызмет көрсету үшін астынан биіктігі кемінде 18 см тұтас қаптамамен, биіктігі кемінде 1 м сүйеніштермен қоршалып, басқыштармен металды алаңдар жасалады.

Биіктігі 4 м астам тік сатының 2 м биіктіктен диаметрі 0,8 м сақиналы қоршаулары болады.


16. Орта және жоғары қысымды генератордық газды тазарту жүйесіне қойылатын талаптар

243. Барлық аппараттардың құрылғылары (алдын ала салқындатқыштар, салқындатқыштар, суды пайдаға асырулар мен тамшыұстағыштар) қолданыстағы қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылғысы мен қауіпсіз пайдалану талаптарына және осы Нормативтерге сәйкес болады.

244. Аппараттардың төлқұжаттарында нормаларда және стандарттарда қарастырылған сенімділік көрсеткіштері көрсетіледі.

245. Аппараттардың газөткізгіштермен дәнекерленетін қосқыштары бұзылмайтын әдістермен (ультрадыбыс дефектоскопиясы, өткіш сәулеленумен жарықтың өтуі немесе басқа тең бағалы әдістер) 100 % бақылауға жатады.

Бұзылмайтын бақылаудың әдістерін таңдау және басқа құбыр санаттарын бақылау көлемі жобалық құжаттамамен анықталады және олардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болады.

246. Барлық технологиялық жүйе герметикалық болады.

247. Аппараттардың жылу алмасу элементтерінің құрылымы генераторлық газ бен салқындату ортасының өзара ену мүмкіндігін болдырмайды. Жылу алмасу элементтерінің құрылғысына, оны дайындауға және сенімділігіне, сынау тәртібіне, жай-күйі мен пайдаланылуын бақылауға қойылатын талаптар тиісті нормативтік құжаттармен және нұсқаулармен анықталады.

248. Технологиялық жабдықты тазарту бойынша кезеңдік регламентпен белгіленген жұмыстарды өткізу үшін жобалау құжаттамасында жабдықтың ішінде адамдар болмайтындай гидравликалық, механикалық немесе химиялық тазарту құралдары қарастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет