Гүлтас сайынқызы



Pdf көрінісі
бет46/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Светлана Сайынқызы 
Папаша, мені уайымдамаңыз … 
Папаша, мына қыздарыңыз менің қолым тимейтінін пайдаланып, сізге 
деген тілегімді қалдырып қоя жаздады. Бірақ мен жазып үлгердім, аз да 
болса... 
Білесіз ғой маған жазу өте қиын… Неге десеңіз? Себебі бар … Біз 
екеуміз өте жақын болдық. Басқа қыздарыңыз ұрсатын шығар, ұрысса ұрса 
берсін. Бірақ ол солай болатын. Өзіңіз айтыңызшы. Сіз қашан болса да маған 
көмекке дайын болатынсыз. Егер төртеуміздің де күйіп бара жатқан 
шаруамыз болса, мен сенімді түрде айта аламын. Сіз маған келетін едіңіз. 
Дәл солай! Ол – солай … 
Папаша, мен сізге ұқсайтынмын, сіз оны өзің айтатынсыз: «Қызым 
маған ұқсаған, ашық, адамдармен тез тіл табыса алады. Қайда жіберсең де, 
елдің тілін тауып, жұмысты бітіріп келеді» дейтінсіз. Жұмыс өзінен өзі 
бітпейді, ол үшін елді разы ету керек. Ал оны түсінбей кейір қыздарыңыз 
маған ұрсады. Амал не, негізі, кішкентай кезімнен мен әпке, сіңлілерім таяқ 
жемесін деп, арқамды мен тосатынмын. Мамаша да: «қыздарымның ішінде 
таяқты көп жеген осы Света, сондықтан да жүрегі жұмсақ, мейірімді» дейді. 
Әрине, одан емес қой, бірақ ешкімге қиындық болмаса екен деп тұратыным 
өтірік емес.
Әке, біз бәріміз сізді қатты сағынып жүрміз. Қазір көбінде анамның 
қасында мен боламын. Себебі екі қызыңыз – Астанада, бір қызыңыз – 
Шымкентте. Анашыма да оңай емес, сыңарынан айырылған аққу сияқты. 
Кейде балаша жылап алады. Бұрын көп қуанушы еді, қазір үндемей, көп ой 
үстінде отырады. Сіз кеткелі бәріміз есейіп кеткендейміз. Немерелеріңіз де 
қатты сағынып жүр.
Папаша, сіз мені көп уайымдайтынсыз, жұмысымды да уайымдап, айта 
беретінсіз. Енді көкте жүріп қолдайсыз ғой. Мен Аллаға сенемін және сізге 
сенемін! Көп уайымдамаңыз, бәрі дұрыс, менің бауырларым, туыстарым, 
балапандарым және Мұханым бар емес пе?! 
Индира Сайынқызы 
Сағынышымды қабыл ал,ӘКЕ! 
Әке, күлгеніңізді, жүргеніңізді, даусыңызды сағындым. Сіздей мейірімді, 
ақкөңіл жан бұл өмірде көп емес шығар? Көп болса, күнде көріп, кездесіп 
тұрсаң, сізді осыншама сағынар ма едім?.. Жоқ, әрине, жоқ.


105 
Әке, бізге мынаны үйреніп ал деп ақыл айтқан жоқсыз, шешем екеуіңіз жай 
қарапайым тіршіліктеріңізбен ғана тәрбие бердіңіздер. Қазір міне, көз 
алдымнан балалық дәуренімнен бастап бүкіл өмірім өтіп жатыр. Анам 
екеуіңіздің ағайынмен, туыстармен қарым-қатынастарыңыз... Қандай жақсы! 
Анашым қай үйге барса да, дастарқанына араласып, шайды құйып, 
көмектесіп жүретін. Сол қасиетін біз де өнеге етіп алдық. Барған жерімізде 
көмектесіп жіберуге дайын тұрамыз. Ал әкем тазалықты ерекше ұнататын. 
Өзінің бойын қаншалықты таза ұстаса, үйдің ішін, ауланың таза болғанын 
жақсы көретін. Кейбір үйге барып келгенде. Жай ғана: «шәйнектерін таза 
ұстауға болады ғой» дейтін. Дастарқанның үстіне қарайтын ... Жаным 
әкетайым, сіздің өнегеңіз өте көп. Өмірге құштарлығыңыз қандай керемет 
еді. Сіз жабырқап, мұңайып, «енді жоқ, болмайды» деген кезіңізді де, 
сөзіңізді де көрген де, естіген де жоқпыз. Керісінше, «Нешауа, қызым, бәрі 
жақсы болады, қара да тұр, енді бәрі дұрыс болады» деп, қиындықты қырдан 
лақтырып, біздерге серпін, күш беретінсіз. Әкем екі сөйлемейтін еді. 
Шешеме: «Тоты, болды, менің аузымнан шықты ма болды. Сен не десең де, 
мен сөзімде тұрамын. Егер мен сөзімде тұрмасам, ертең елдің бетіне қалай 
қараймын?» дейтін еді. Иә, ол сөзінде тұратын. Кейде өзі үшін шығын болса 
да: «түк етпейді, Құдайдың көзі дұрыс болса, бәрі теңеседі» деп мәрттігін 
жасап жүретін. Кейде бір кісілердің кішкентай тарлығын көріп жатса: «Туу, 
несі кетеді, бар ғой, жоқ болса, өкпе жоқ. Баланы қуанта салуға болады ғой» 
деп, жан әкем үйге келген туыстардың балаларының бәріне ең құрғанда қой, 
қозы атап жататын. Кейін Алматыға көшкенде Жамбыл қаласында тұратын 
бауырларының еншісін берді. Ең кемі он қойдан берген болатын. Әкем де, 
анамыз да бергеннен алдарына жан салмаушы еді. Қазір бауыр-туыстары 
үлкен-үлкен ордалы әулет болды. Сонда әкем мен анамыздың мейірімін
бауырмалдығын көрген туыстардан «шіркін, ағамыз қандай еді? Қыздардың 
асқар тауы құлағандай болды ғой, көңілдерін аулайықшы, ағамыз бізге де 
керек еді ғой ...» деген сөзді естігің келеді екен...
Әкеме әкелікті мойындатқан мен және менің тетелес әпкем Света екеуміз 
екен. Шыныда да әкемді ат қылып арқасына отыратын да, қалаған 
ойыншықтарымызды алғызатын да Света екеуміз едік. Алдымыздағы екі 
әпкелеріміз Гүлтас пен Шарбану апамызға жақындау болды да, бала сияқты 
емес, қарындас сияқты еркеледі. 
Алтыншы сыныпта туылған күніме әкем велосипед сыйлаған, сондағы 
қуанғанымды көрсеңіздер. Менен бақытты адам болмады. Өйткені ондай 
велосипед ешкімде жоқ. Өзі қыздарға арналған қызыл түсті болатын... Әкем 
маған атқа отыруды, атты ерттеуді, т.б. ұлдардың атқаратын шаруаларын 
үйретті. Кейін оныншы сыныпты бітіргенде оқуға түсе алмай, көрші ауылда 
мектепте жұмыс істедім. Сонда әкем: «Қызым, саған мотоцикл әперсем
айдайсың ба?» – дегенде, «Әрине» – деп, қатты қуанып, әкемді құшақтадым. 
Әкем бір айтса, сөзінде тұратын. Келесі күні жұмыстан келсем, есік алдында 
қып-қызыл мотоцикл тұр. Бір-екі күнде оны да үйреніп алдым. Содан жақсы 
болды, күнде жұмысқа өзім барып, өзім келетін болдым. Күніге таңертең 


106 
тұрғанда әкем бензин құйып, толтырып қоятын. Соған үйреніп алған мен, 
ертесіне жұмысқа кешігіп келдім. Жарты жолға келгенде, мотоцикл тоқтап, 
жолда тұрып қалдым. Тастап кетуге қимай, сүйреп әрең үйге келдім, сондағы 
ыза болған түрімді әкем көріп, «Жарайды, қызым, мұны бір тәртіпке салып, 
ұрып алайық, содан соң өзі жүріп кетеді»– деді қалжындап: «Ашуыңды бас, 
адам тамақ жемесе қарны ашады, ал бұған бензин құймасаң бұл да 
жүрмейді» – деген болатын. Содан кейін жүрер алдында майын тексеріп 
тұратын болдым.
Әке, күн артынан күн өтіп, ай артынан ай өтіп, жыл артынан жыл өтіп, өмір 
өте береді екен... Сағыныш деген мұңлы дүние жаныңнан бір елі кетпей 
қояды екен. Қиналған кезде, жиналған кезде өзіңе жақын адамды іздейді 
екенсің. Мереке кезде де, биыл 23-ақпанда сені құттықтаушы едік қой деп, 
күйеубалаңыз екеуміз бір мұңайып алдық.
Солай, жан әкем, сағынышымды Астананың аппақ қарына шашып жібердім. 
Көктем келіп қар ерігенде Жер анаға сіңеді ғой, сонда менің сағынышым да 
сізге жететін шығар?.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет