Грамматикасы


Ырықсыз етістің жасалу жолы



бет58/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Ырықсыз етістің жасалу жолы


Ырықсыз етіс белгілі бір шақ, жақ формасына жіктелген «to be» көмекші етістігі формасы мен негізгі етістіктің көсемше (етістіктің 3­ші формасы) түрі арқылы жасалады. Яғни, шаққа, жаққа көмекші етістік қызметін атқаратын «to be» етістігі жіктеледі де, негізгі етістік өзгермейді. Ырықсыз етістің сұраулы сөйлем формасында көмекші етістік бастауыштың алдында тұрады. Ал егер сөйлемде екі көмекші етістік болса, онда олардың біріншісі бастауыштың алдына шығады. Ырықсыз етістің болымсыз түрінде көмекші етістіктен кейін болымсыздықты білдіретін
«not» сөзі келеді.


Еск ер т у. Ырықсыз етісті қазақ тіліне аударғанда қазақ тілінің грамматикалық ережесіне сай, оны сөзбе­сөз ырықсыз етіс формасында емес, сөйлемнің мағынасына қарай негіз етіс формасында аударуға бо­ лады, өйткені қазақ тілінде бастауышсыз сөйлем бола береді. (Осы ереже ескеріле отырып, төменде келтірілген кейбір мысалдардың аудармасы негіз етіс түрінде де берілді.) Мысалы, ағылшын тіліндегі «I was given a letter» деген сөйлемді «Маған хат берілді» немесе «Маған хат берді» десек, бұл екі аударма да қазақ тілінің грамматикасына сай келеді, яғни
қазақ тілінде бұл сөйлемнің екі нұсқадағы аудармасы да дұрыс болады. Әрине, аударма жасағанда сөйлемнің мағынасына нұқсан келмейтіндей етіп, айтушының айтпақ ойына, контекске байланысты негіз етіс немесе ырықсыз етіс формасындағы аударманы таңдағаны дұрыс.

Ырықсыз етістің шақ формалары

Ырықсыз етістің белгісіздік осы шақ формасы


Болымды сөйлем түрі
Жекеше түрі:
1­ші жақ. I am given a letter (Маған хат береді) (Сөзбе­сөз аудармасы: Маған хат беріледі).
2­шi жақ. He (she) is given a letter (Оған хат береді/Оған хат беріледі).
3­ші жақ. The letter is not given (Хатты бермейді/Хат беріл­ мейді).
Көпше түрі:
1­ші жақ. We are given a letter (Бізге хат береді/Бізге хат беріледі).
2­шi жақ. You are given a letter (Сізге хат береді/Сізге хат бері­ леді).
3­ші жақ. They are given a letter (Оларға хат береді/Оларға хат беріледі).
Сұраулы сөйлем түрі
Жекеше түрі:
1­ші жақ. Am I given a letter? (Маған хатты бере ме?/Маған хат беріле ме?)
2­шi жақ. Are you given a letter? (Сізге хатты бере ме?/Сізге хат беріле ме?)
3­ші жақ. Is he given a letter? (Оған хатты бере ме?/Оған хат беріле ме?)
Көпше түрі:
1­ші жақ. Are we given a letter? (Бізге хатты бере ме?/Бізге хат беріле ме?)
2­шi жақ. Are you given a letter? (Сіздерге хатты бере ме?/ Сіздерге хат беріле ме?)
3­ші жақ. Are they given a letter? (Оларға хатты бере ме?/ Оларға хат беріле ме?)
Болымсыз сөйлем түрі
Жекеше түрі:
1­ші жақ. I am not given a letter. (Маған хатты бермейді/Маған хат берілмейді.
2­шi жақ. You are not given a letter (Сізге хатты бермейді/Сізге хат берілмейді).
3­ші жақ. He (she) is not given a letter (Оған хатты бермейді/ Оған хат берілмейді).
It (the letter) is not given (Хатты бермейді/Хат берілмейді). Көпше түрі:
1­ші жақ. We are not given a letter. (Бізге хатты бермейді./Бізге хат берілмейді ).
2­шi жақ. You are not given a letter.( Сіздерге хатты бермейді./ Сіздерге хат берілмейді).
3­ші жақ. They are not given a letter. (Оларға хатты бермейді./ Оларға хат берілмейді).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет