To learn English well is important for our specialty (Ағылшын тілін жақсы үйреніп, білудің біздің мамандығымыз үшін маңызы зор).
It is important to learn English for our future specialty (Біздің болашақ мамандығымыз үшін ағылшын тілін үйренудің маңызы зор).
Еск ер т у. Егер ісәрекет жалпы мағынаны, түсінікті білдірсе, заттанған тұйық етістіктің орнына герундий келуі мүмкін. Ал белгілі бір нақты ісәрекетке қатысты айтылғанда, заттанған тұйық етістік (инфинитив) қолданылады.
She said: «Please, do explain him the situation». It was unfair not to tell him the truth. (Ол айтты. Оған түсіндіріңізші. Оған шындықты айтпау әділетсіздік).
It isn’t easy to do sums without calculator. Есептеуішсіз есеп шығару оңай емес).
(Бұл жерде белгілі бір ісәрекет жайлы әңгіме болып отырғандықтан, герундий емес, заттанған тұйық етістік келеді. Бірақ та «It isn’t easy to do sums without calculator» деген сөйлемдегі инфинитивті герундиймен ауыстыруға болады. «Doing sums without calculator is’t easy» (бұл сөйлемдегі ісәрекет жалпы мағынасында айтылып тұр, сондықтан бұл сөйлемде герундийді не инфинитивті қолдануға болады).
Толықтауыш қызметін атқарғанда заттанған тұйық етістіктің зат есімнен айырмашылығы бар: ол ешуақытта шылау сөзбен (предлогпен) келмейді. Тура толықтауыш қызметін атқарғанда
тиянақты етістікпен тікелей байланысып (қатар) тұрады және кейде күрделі баяндауыштың құрамдас бір бөлігі болып есеп теледі. Мына екі сөйлемді салыстырып көрейік:
I would like to invite you to my birthday party (Мен сізді туған күн кешіме шақырғым келеді).
She began to study Biology (Ол биологияны зерттей бастады).
Анықтауыш қызметін атқарғанда инфинитив мынадай жағ дайларда қолданылады:
а) абстрактілі зат есімдерден кейін келеді және заттанған тұйық етістік олардың мағынасын нақтылап тұрады.
He had no force to finish the work (Оның жұмысын (аяқтауға) аяқтайтын күші қалмады).
There was inevitable evidence to persuade the others (Бас қалардың көзін жеткізетіндей бұлтартпас дәлел бар еді).
ә) нақты зат есімдерден кейін келіп, олардың не үшін қажет тілігін, керек екенін анықтап көрсетіп тұрады.
I need some experiments to study the ecology (Экологияны зерттеу үшін маған тәжірибе жасау қажет).
Can you give me a paper to write a letter? (Сіз маған хат жазатын қағаз бересіз бе?)
б) есімдіктерден кейін келгенде де, олардың не үшін қажет екенін анықтап тұрады.
He had nothing to prove it (Онда мұны дәлелдейтін ештеңе жоқ).
I want somebody to help me (Маған жәрдемдесетін біреу болса деймін).
Осы келтірілген мысалдарда нақты зат есім мен есімдіктен кейін тұрған заттанған етістік ырықсыз етіс мағынасында бол ғанмен, негіз етіс формасында келіп тұр. Егер «to be» етістігі зат есімнің не есімдіктің алдында келсе, заттанған етістік ырықсыз етіс формасында келуі мүмкін, бірақ әдетте заттанған етістік негіз етіс формасында келеді.
There is a letter to be sent (Жіберілетін хат бар).
Here is a text for you to translate (Мұнда сіз аударатын мәтін бар).
в) сын есімнен кейін келеді.
Адамның эмоциялық көңілкүйін білдіретін сын есімдерден кейін міндетті түрде заттанған етістік келеді.
My grandparents were glad to see us (Менің атаәжем бізді көріп қуанып қалды).
We are sorry to inform you that we can’t accept your sugges tion (Сіздің ұсынысыңызды қабылдай алмайтынымызды сізге жеткізу бізге өкінішті).
Адамның қасиетін, мінезқұлық ерекшеліктерін білдіретін сын есімдерден кейін «of» шылауы мен зат есім заттанған етістік пен бірге тіркесіп келеді.
How clever of you to do such difficult sums (Осындай қиын есепті шығара алатын сіз қандай ақылдысыз).
It is kind of her to transfer money to Charity Fund (Қайы рымдылық қорына ақша аударған ол қандай қайырымды).
Көптеген басқа да сын есімдерден кейін заттанған етістік
«for» шылауы мен зат есім не есімдікпен бірге тіркесіп келеді. The task was difficult to solve (Бұл мәселені шешу қиын болды). The current of this river is fast to swim (Шомылуға бұл өзеннің ағысы қатты).
It isn’t easy problem for us to solve (Бұл мәселені шешу бізге оңай дүние емес).
г) кейде «too» күшейтпелі сөзімен тіркесіп келген сын есім не үстеуден кейін «for» шылауымен келген зат есім не есімдіктен кейін заттанған етістік келуі мүмкін.
The tea is too hot to drink (Шәй іше (алмастай) алмайтындай өте ыстық).
He is too little to read and write (Ол жазып не оқи алмастай өте жас).
His speech was too fast to write ( Ол жазып ала алмастай етіп тым тез сөйледі).
The dog ran too fast to catch (Ит ұстай алмастай өте қатты жүгірді).
д) «enough» сөзімен тіркесіп келген сын есіммен не үстеуден кейін келеді.
He is clever enough to make a right decision (Ол дұрыс шешім қабылдай алатындай ақылды).
I believe he has enough courage to make the right and fair decision (Оның дұрыс және әділ шешім жасай алатындай айбыны бар деп ойлаймын).
4) пысықтауыш қызметін атқарғанда заттанған етістік мынадай мағыналарда жұмсалады:
а) мақсатты білдіреді.
We go to the river to swim (Біз суға шомылу үшін өзенге барамыз).
The teacher wrote examples to explain the new grammar rules (Жаңа грамматикалық ережелерді түсіндіру үшін оқытушы мысалдар жазды).
ә) ісәрекеттің себебін білдіреді.
I go to the library to prepare for my talk (Баяндамаға дайындалу үшін мен кітапханаға барамын).
I came to his place to clear up the case (Жағдайды анықтау үшін мен оның үйіне бардым).
«Only» сөзімен тіркесіп келген себепсалдар мағынаны білді ретін заттанған етістік айтушының сол ісәрекетке наразылығын не құптамауын білдіреді.
He went into the water only to be sure that it was narrow (Ол тек судың таяз екенін білу үшін ғана суға түсті).
She watched the children only not to allow them anything (Ол балаларды тек оларға ештеңе істеуге рұқсат бермеу үшін ғана бақылады).
Достарыңызбен бөлісу: |