Гуманитарлық білім” факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет27/30
Дата14.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#136023
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

ОБСӨЖ №27



1.Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік – этникалық қауымдастық- саясат субъектісі
2.Сабақтың жоспары:

1. Әлеуметтік- этникалық қауымдастықтың түрі туралы түсінік.

2. Этнос, ұлыс, ұлт- саясат субъектілері.

3. Қазақстандағы ұлттық қатынас мәселелері.


3.Теориялық мәліметтер:

1. Әлеуметтік – этникалық қауымдастықтар мен олардың өзара қарым- қатынастарын реттеу, дамыту мәселесі қоғам өміріндегі күрделі құбылыс. Оның себебі әлемде 3 мыңнан астам ұлттар, халықтар мен ұлыстар өмір сүреді. Әлеуметтік- этникалық қауымдастықтың әртүрлі сатысында тұрған-дары бар олардың арасында азаттық пен бостандыққа қол жеткізгендері де, оған жете алмай тәуелді болып отырғандары да жоқ емес. Қазіргі кезде дүние жүзі халықтарының 90 пайыздан астамы көп ұлтты мемлекеттер құрамында өмір сүруде. Әлем халықтары 225 мемлекетке топтасқан. Олар-дың ішінде 180- нен астамы БҰҰ-ның мүшесі, ал 187-сі егеменділік құқы бар ел болып табылады. Бұлардың қатарында 38-і дамыған ірі мемлекеттерге тәуелді болып келді 1600 халық дамушы елдерде тұрады, шамамен алғанда 100 ұлт дамыған капиталистік елдерді мекендеген. Ал ТМД елдері 17- ге жуық ұлттар, халықтар, ұлттық және этникалық топтардан тұрады. Дүниежүзіндегі 320- дан астам халықтың әрқайсысының саны бір миллион адамнан асады. Неміс ғалымдарының есептеуінше әлемде бүгінгі күндері 5661 түрлі тіл бар көрінеді. Оның 1400 қолданыстан қалған не жойылу алдында тұрған тілдер болса, ал 4200 өз алдына дербес тіл ретінде танылған. Жоғарыда келтірілген мысалдар саясаттың субъектісі ретіндегі әлеуметтік- этникалық қауымдастықтың дамуы жайындағы мәселелерге айрықша назар аударуды талап ететіндігін көрсетеді. Қауымдастықтың нәсілдік түрі тиісінше адамдарды бет- әлпеті, өңіне қарай біріктіреді, ал көз жанары, түсіне қарай тағы да басқа бір қасиеттерін орайластырады. Сөйтіп, адамдар нәсілдік және жағырапиялық орта ерекшелігіне сәйкес алдымен тайпалық, ұлттық қауымдастыққа топтасады. Осыған байланысты, адамдардың әрбір тобы олардың қауымдастығының әлеуметтік- этникалық түрі деп аталады.

Адамдар өміріндегі аса қажетті өзара араласу мен қауымдастықтың тұтастық белгісі- тіл ортақтастығы болып табылады. Тіл- халықтың жан жүрегі, оның этникалық сана- сезімінің қасиетті мұрасы. Тіл- адамдар арасындағы өзара қарым- қатынас байланысын нығайта түсетін құрал. Адамдар қауымдастығының әлеуметтік- этникалық түрінің негізгі белгілеріне жататын экономикалық байланыстың ортақтығына, тілдің ортақтығы, жер мен мәдениет ортақтығы- қауымдастықтың қалыптасуы-ның қажетті шарты болып саналады.

Ал нәсілдік тұрпатқа келер болсақ, бұл- адамдардың ұзақ уақыт бойы биологиялық жағынан жағрапиялық түрліше жағдайға икемделуі.

Кейбір ғалымдар адамдар қауымдастығының әлеуметтік- этникалық түрлерінің үш түрі бар деп тұжырымдайды. Бұлар: рулық- тайпалық, ұлыстық, ұлттық. Енді біреулері осындай қауымдастықтың 4 түрі бар дегенді айтады. Олардың айтуы бойынша ру, тайпа, ұлыс, ұлт.

Орыстың белгілі этнографы С. А. Токаревтың пікірінше адамдар қауымдастығының әлеуметтік- этникалық түріне: тайпа, демос, ұлыс, ұлт жатады.

Соңғы көзқарастар бойынша әлеуметтік- этникалық қауымдастықтың негізгі түрлері: рулық- тайпалық, ұлыс және ұлт. Шындығында, түрлі халықтардың ұзақ ғұмыр кешуі, дамуы қарқынына сәйкес адамдар қауымдастығының – этникалық түрі де түрліше, бұл дамудың әлеуметтік – экономикалық жағдайларының ерекшеліктеріне тікелей қатысы болған.



2. Этнос белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақтылық жиынтығын бейнелейтін аса күрделі қоғамдық- тұтастық құбылысты айқындайды. Бұған өзіндік белгілер ретінде тілдің, мінез- құлықтың мәдениеттің ерекшелігі, сана- сезімнің бірлігі сияқты ортақ ұқ-састықтар тек тіл, халық өнері, дәстүр, салт, ғұрып, әдет- ғұрпы т.б. белгілермен ерекшеленеді.

«Этнос» гректің сөзі. Ол «тайпа», «халық» деген мағына білдіреді. Этнос дегенді екі түрлі мән мағынада ұғынған жөн. Біріншіден, этникос атау тұрғысында, екіншіден, этникалық әлеуметтік организм (құбылыс). Бір тұрпатты этносқа қай жерде тұратынына қарамастан аталған этностың барлық топтары жатады. Ал әлеуметтік этнос организм міндетті түрде ұлттық мемлекетпен астарлас болып келеді.

Ондаған мың жылдар бойы адамдардың рулық- тайпалық этникалық қауымдастығының құрылысы үстемдік құрғанды. Дегенмен өндіргіш күштерді дамыту қажеттілігі бірте- бірте алғашқы қауымдық ұжымдарды нығайта түсуді талап еткен.

Алғашқы рулық- қауымдық құрылыс дәуірінің соңында тайпаның дамуы кезінде тайпалық өзіндік басқару жүйесі болады. Бұл жүйе тайпалық кеңес арқылы басқарылады. Оған әскери азаматтар, көсемдер тартылды. Сонымен тайпа ерте кездегі тұрпаты бейнелейтін біртұтас этностық құрылым, бұл алғашқы рулық- қауымдық құрылысқа, ондағы рулық қатынастарға тән белгілерді жоймаған. Бұл этностың тұрпаттық рулық жиынтығы, олардың мәдениет жағынан пайда болуы, әдет- ғұрпы өзіндік аты- жөні жағынан ортақтығы бар.

Өндіргіш күштердің дамуы, жеке меншік пен таптардың пайда болуы рулық- қауымдық құрылыстың ыдырауына әкеліп, біртіндеп тайпалық қауымдастық сатыға этностық тұрпатқа, яғни ұлыстық түрде астаса бастады.

Бұл қауымдасу рулық- тайпалыққа қарағанда адамдардың өзара бірлесіп, топтасуын нығайта түсті. Ұлыстың сырттай жиынтық қалпы, яғни өзіндік даралануы, көршілес қауымдастықтардың қалыптасуынан басталады.

Алғашқы рулық- тайпалық құрылыстың ыдырауы барысында мүдделер-дің ортақтастығы көптеген тайпаларды одақ түрінде бірігуге әкелді. Мысалы тайпалардың одақтарға бірігуін Солтүстік Америкадағы, Мексикадағы, Оңтүстік Америкадағы ирокездердің, ацтектердің, зулус-тардың бірігу процесі дәлелдейді. Осы одақтардың құрылуын тайпалар арасында шаруашылық және мәдени байланыстармен ұштасып кетуіне, қандас- туыстық байланыстың аумақтық байланысқа ұласуына себеп болады.

Көне орыс ұлыстарының негізін қалаушы тайпа- орыстың тайпалық одағы еді. Орыстық тайпалық одақ өз берік одақ болмай шықты. Көне орыс ұлыстары IX-X ғасырларда пайда болып, олардың мәдениет, экономикалық байланыстары, тілі, шығыс славяндардың жері ортақ болды. Осы тұрғыдан алғанда ұлыстық бірігу, даму- этностық тұрпаттың тарихи қалыптасуының екінші сатысында пайда болды. Сонымен қорыта айтқанда, ұлыстың адамдардың әлеуметтік- этникалық қауымдастығы рулардың, тайпалардың тайпалық одақтардың бір- бірімен қосылып, құрылуының нәтижесі жердің, тілдің, экономикалық өмірдің, мәдениеттің ортақтығымен сипатталады, ал мұның өзіндік ерекшелігі саясат субъектісі болып табылады. Сөйтіп ұлыстық қауымдастық ұлттың қалыптасуының негізі болып табылады.

Ұлт- өндіргіш күштер дамуының, өзіндік қатынастардың аса жоғары сатысының жемісі, адамдардың әлеуметтік- экономикалық және саяси бірігуінің нәтижесі болып табылады. Ұлт дегеніміз- бұл адамдардың анағұрлым тұрақты берік қауымдастығы, бұл рулық - тайпалық қауым-дастықтан айрықша, ұлыстық қауымдастықтың неғұрлым тұрақты белгісі. Ұлт адамдардың, түрліше тайпалар мен ұлыстардың әртүрлі этникалық топтар мен нәсілдік тұрпаттардың қосылуынан қалыптасқан. Мысалы, неміс ұлты әртүрлі тайпалар мен ұлыстардан құралған. Оларфриздер, готтар, батавалар, ангалар, вариндер, вандалдар, алемандар, бүргүндер, маркомандар, гауттар, франкілер, хавкилер, тюрингілер, сақсылар тағы да басқа антропологиялық және нәсілдік тұрпатқа жататын ұлыстардан тұрады.

Ұлыбританияда, Индонезияда, Италияда, Испанияда, Францияда да осы ұлттардың қалыптасуына түрліше тайпалар мен ұлыстардың бірлесуі ықпал жасаған. Ал америка ұлты күллі Европалық елдерден лек- легімен қоныс аудара келушілерден пайда болған. Ал қазақ ұлты да түрік тілдес тайпалар мен ұлыстардың бірігуі барысында пайда болды. Сонымен, ұлттың қалыптасуында басты рөлді туыстас тайпалар мен нәсілдік қатынастарының жақындығы ғана емес, керісінше, жер аумағындағы ортақтастық, экономикалық және саяси өмірдің ортақтастығы, экономикалық және саяси байланыстар ықпал еткен. Сондықтан да ұлтқа анықтама беруде бірінші кезекте этникалық ортақтастық емес, әлеуметтік- этникалық қауымдастығы алға тартылады.

Ұлт- объективті тарихи құбылыс. Ол адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы. Сайып келгенде, ұлт этностың, тұрпаттың үшінші сатысының жемісі. Яғни, өз ерекшелігімен анағұрлым дамыған әлеуметтік- этникалық қауымдастық, ол тарихи ұзақ кезең барысында қалыптасқан, тіпті десеңіз ұлттар мен нәсілдерді қосып « тұтастай араласып » кеткен қауымдастық. Бұл этникалық қауымдастықтың тұрақты белгілері негізінде пайда болады, оған ортақ-экономикалық байланыстар, жер аумағы, тіл мемлекет және ұлттық сипат , бұл ұлттың мәдениеті мен тұрмыс ерекшелігінен көрініс тауып отырды Ұлттық белгілері ретінде бағаланатын осы белгілі мән- мазмұнда ықпал етеді. Сонымен, ұлт деп жер, тіл, эконо-микалық қатынастар, мәдениет ерекшеліктер мен психологялық , құрылым-ның ортақтығы негізінде қалыптасқан адамдардың тарихи әлеуметтік- этникалық бірлестігін айтады.

3. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан халқы – этносаяси қауымдастық, ол демо-кратиялық, ол демократиялық қайта құрулар, ұлттық өмірді интернационал-дандыру негізінде қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығы базасында ұлттардың, ұлыстардың және этникалық топтардың дамуының нәтижесі. Халықтар өздерінің ұлттық белгілері мен ерекшеліктерін тұтастай сақтай алған. Ортақ аумағы, экономикасы, әлеуметтік таптық құрылымы, мәде-ниетті, өркениетті қоғам құру, бағыты, жалпы адамзаттық белгілері, тұрмыстағы әрбір ұлттарға тән қасиеттер сайып келгенде осы ерекшеліктердің бәрі Қазақстан халықтарының сана- сезімін өсіріп, бірлігін нығайтудың маңызды бөлігі бола алады.

Аталмыш жаңа теориялық тұжырымдама қоғамдық санада даралана бастады. Біздің мемлекетіміздің әрбір ұлты мен ұлысы, ұлттық немесе этникалық топ- Қазақстан халқының этносаяси қауымдастығының құрамды бөлігі болып табылады. Осы қауымдастықта әр халық- өзара тең өмір сүре отырып, араларындағы бауырластық бірлігі арқасында Қазақстан халқының жалпы дамуына белсенді үлес қосуда. Қазақстан халқының өркениеттік даму жолындағы демократиялық қоғамдары республика халықтарының жан- жақты түрлерін тездетеді.

Мемлекетімізді нығайту міндеті көбінесе барша халықты қоғамды ортақ низамдар мен құндылықтар төңірегінде топтастырумен астасып жатыр. Өзіңнің ұлттық тағдырыңды айқындаудың еркіндігі мен бостан-дығы сайып келгенде мәдени құндылықтар мен низамдардың ортақтығы болып қана қоймай, әркімнің еркін дамуына мүмкіндік беретіндей болуын талап етеді.

1995 жылы елімізде құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясы арқылы біздің қолымызға ұлттық саясатты жүзеге асырудың құралы берілгенін, азаматтық қоғамның іргелі институты шаңырақ көтергенін өмірдің өзі көрсетіп берді. Ассамблеяның қызметі халықаралық ұйым-дардың, соның ішінде ЕҚЫҰ сияқты ұйымның жоғары бағасын алып кеңінен танылды. Бүгінгі таңда 25 республикалық және аймақтық 185 облыстық және қалалық ұлттық, мәдени орталықтар түрлі ұлттар адам-дарының мүддесін білдіріп, өкімет орындарымен жұрттар арасындағы сындарлы үндесуді қамтамасыз етеді, сол арқылы біздің ортақ ұлттық шаңырағымызды нығайтуға жәрдемдеседі.

Республикамызда тегіне немесе діни нанымына қарамастан барлық азаматтардың құқықтарымен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз ететін құқылық негіз қаланды. Мемлекеттің этносаралық саясатының негізіне де осы қағидат алынды. Біздің елімізде эностардың құқықтарына қысым жасайтын қағида түзетін бірде- бір заң жоқ.

Мемлекетімізді орнатудың негізіне адамдардың баршасының азамат-тық және саяси ортақтастығы алынып отыр. 120- дан астам этностардың өкілдері өмір сүріп жатқан Қазақстанда этносаралық келісімді қамтамасыз етудің бірден- бір дұрыс жолы нақ осы көзқарас болды.

Елімізде үйлесімді тіл саясатын жүргізуге қол жеткізілді. Қазір респуб-лика азаматтарының әсіресе, жастардың мемлекеттік тілді меңгеру жолындағы ықыласы табиғи қалпында ыңғайын тауып жатыр. Мұның өзі ешбір зорлаусыз- ақ адамдардың қазақ тілін білуге деген ықтиярының негізінде іске асып келеді. Екінші жағынан, бізде ұлттық , мәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептер мен тіл курстары нысанында этно- мәдени білім беру желісі жасалды. Бұл желі іс жүзінде Қазақстанның барлық ұлыстарының тілдерін, тіпті сирек саналатын ассириялық тілді де қамтып отыр. Республиканың барлық өңірлерінде жыл сайын Қазақстан халықтары тілдерінің фестивалін өткізу дәстүрге айналған.

Тәуелсіздік жылдарының ішінде біздің бұқара санасындағы бетбұр-ысқа қолымыз жетті. Тоталитарлық қоғамның дүниетанымдық бағдар-ларының күйреуі мен жаңа демократиялық құндылықтардың әрі жаңа саяси және құқықтық мәдениеттің дүниеге келуіне байланысты адамдар санасындағы көзге түспейтін түбегейлі түлеу негізінен алғанда іске қосыл-ды.

Қазақстанның рухани түлеуін және ең маңыздысы- дінаралық келісім мен жатсынбаушылық қамтамасыз етілді. Арождан бостандығына кепілдік беретін заңнамалық негіз қалыптасты.

Қазақстанда 46 діни қауымдастық пен діни ағымдарды қамтитын екі жарым мыңнан астам діни бірлестіктер бар. Қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы тарихи тұрғыда бойына сіңірген рухани саладағы жатсынбау-шылық сезімі келешекте азаматтық және дінаралық бітімшілікті сақтауға негіз болып қаланатынына сенім мол. Қысқасы, бұл көпұлттық қоғамның кемшілігі емес, қайта артықшылығы екені нақты істермен дәлелденді. Қазақстан қоғамы либералдық құндылықтарды қабылдап алды және демократия мен нарыққа баламаның жоқ екенін таныды.

Ұлттық саясат деп адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге бағыт-талған, қоғамдық, ең алдымен әлеуметтік, құқықтық әрекеттердің ерекше түрін айтады. Қазіргі кезде Батыс саясаттанушылары этникалық саясат деген жаңа бағытты зерттеумен айналысуда. Ол дүние жүзіндегі болып жатқан этникалық дау- жанжалдарды, ұлттық шиеленістерді түсіндіруге оларды шешу жолдарын анықтап беретін жалпы теория.

Ұлттық саясат әр елде, әр кезеңде әртүрлі болуы мүмкін. Бүгінгі күндері бұл салада ассимиляция, сегрегация, геноцид сияқты саясаттар мәлім.

Ассимиляция деп бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана- сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуін айтады.

Сегрегация деп елдің халқын нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлу-шілікті айтады. Бұл адамдар арасындағы айырмашылықты бекітіп «екінші» халықты теңдік жөнінде қандай болмасын мәселе көтеруге мүмкіншілік бермейді.

Геноцид деп адамдарды шығу тегіне байланысты дербес өмір сүруін болдырмауға, бір ұлттың өкілі болу құқын жою мақсатында қырып, оны тып- типыл ету үшін жүргізілетін қудалауды айтады. Мұнда ұлттық немесе нәсілдік топқа енуді желеу етіп, бір халыққа жаппай кінә тағу. Мәселен, мұндай саясатқа 1915 жылы Түрік мемлекетінің армияндарды, Германияның еврейлері мен цығандарды қыруы жатады. Сонымен бірге, 30 жылдардағы қазақтардың тең жартысының қырылуы да осындай саясаттың салдары болып табылады.
4.Бақылау сұрақтары:

1. Әлеуметтік- этникалық қауымдастықтар мен олардың өзара қарым- қатынастары?

2.Адамдар өміріндегі аса қажетті өзара араласу мен қауымдастықтың тұтастық белгісі?

3.Этнос дегеніміз не?

4.Ұлт дегеніміз не?

5. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан халқының өзіндік ерекшелігі?

6. Ұлттық саясат дегеніміз не?

7. Ассимиляция?

8. Сегрегация?

9. Геноцид?


5.Студенттің үй тапсырмасы:

Конспект


6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап беру

Тест

Глоссарий



7.СӨЖ тапсырмасы: Саяси шиеленістің шығу себептері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет