Гуманитарлық білім” факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет29/30
Дата14.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#136023
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

ОБСӨЖ №29



1.Сабақтың тақырыбы: Сыртқы саясат және оның дамуы.

2.Сабақтың жоспары:

1. Қазақстанның сыртқы саясаты.

2. сыртқы саясат және әлемдік саясаттың айырмашылығы.

3. Қазақстанда сыртқы саясаттың дамуы және қарама-қайшылықтары.


3.Теориялық мәліметтер:

1. Алдымен халықаралық қатынастар деген не? Осыған жауап іздейік. Халықаралық қатынастарға басқа мемлекеттермен, халықтармен, халық-аралық және үкіметтік ұйымдармен, мемлекет сияқты арнаулы құрылым-дармен (мысалы, Ватикан) арадағы саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери идеологиялық және басқа байланыстар мен өзара қарым- қатынастар жатады. Халықаралық қатынастардың мазмұны мен мақсаты мемлекеттер мен және мемлекеттер одағы мен қарама- қайшылық-тарды шешудің өтімді жолдары мен құралдарын тауып, елдер мен халықтар екі жақты және көпжақты тиімді қатынастар орнату, дүниежүзілік қауымдастықта тепе- теңдікті сақтау.

Халықаралық қатынастар халықаралық құқық нормаларның принцип-теріне сай жүргізіліп дамиды. Олар БҰҰ –ның жарғысында бекітілген және 1970 жылы қабылданған халықаралық құқық принциптерінің Декларация-сында жазылған. Онда халықаралық қатынасқа қатсушылардың тең құқық-тығы, бір- бірінің ішкі істеріне қол сұқпауы , қатынастардың өзара тиімділігі, даулар мен келіспеушіліктерді бейбіт құралдармен шешу және халықтардың өз тағдырын өздері билеуі және т.б. принциптер атап көрсетілген.

Халықаралық қатынастар халықаралық ынтымақтастыққа сүйенеді. Ол белгілі бағыттарда және белгілі дәрежеде дамиды. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық екіжақты және көпжақты байланыстар негізінде жүзеге асырылады және ол саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, әскери салаларды қамтиды. Халықаралық ынтымақтастық информациялық, техноло-гиялық, экологиялық, құқықтық және тағы басқа жаңа салаларды да қамти отырып, барған сайын кеңейе түсіп келеді. Халықаралық ынтымақтастық халықтар, мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық және аймақтық ұйымдар дәрежесінде жүзеге асырылуда.

Халықаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастықты нығай-туда халықаралық ұйымдар елеулі роль атқарып отыр. Қазіргі кезеңде мұндай ең беделді және әмбебеп ұйым БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы). Ол 1945 жылы Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, мелекеттер арасында достық қатынастарды дамыту, туындаған роблемаларды шешу мақсатындағы ынтымақтастықты іске асыру үшін құрылды.

Бұл ұйымға 200- ге жуық мемлекет мүше, олардың өкілдері БҰҰ- ның басты органдарында, арнаулы ұйымдарында және 300 көмекші органдарында жұмыс істейді. Оның басты органдары Бас ассамблея, Қауіпсіздік кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Қамқорлық кеңесі, Экономикалық сот, Секлетариат болып саналады. Ао ұйымдарына ЮНЕСКО (білім және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым), МОТ (халық-аралық еңбек ұйымы), МВФ (халықаралық қаржы қоры), МАГАТЕ (атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік), ВОЗ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) және басқалар кіреді.

Аймақтық дәрежеде халықаралық қатынастар Европалық одақ (1991 жылға дейін Европалық экономикалық бірлестік деп аталған) , Солтүстік атлантикалық шарт (НАТО), мұнай экспорттайтын елдер ұйымы және т.б. арқылы жүзеге асырылады. КСРО күйреп тарағаннан кейін пайда болған тәуелсіз мемлекеттердің халықаралық байланыстары ТМД- Тәуелсіз мемлекеттер достығы шеңберінде жүргізіліп келеді. Бұлардың арасында шекаралар ашық; жүріп - тұру еркін. Тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушылардың жасасқан шарттары бойынша өзара әскери , экономика-лық, экологиялық қауіпсіздікке кепілдік берілген, күш қолданбауға, күш қолданамын деп қоқан лоққы жасамауға міндеттеме алынған.

Европадағы тұрақты жұмыс істейтін қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ОБСЕ) маңызы дүние жүзі халықтары үшін аса бағалы. Бұл ұйым қызметі халықаралық шиеленісті бәсеңдету, дүниежүзілік ынты-мақтастықты күшейту процесінің негізін қалады. ОБСЕ- нің 1975 жылы Хельсинкиде қабылданған қорытынды құжатында мемлекеттердің сыртқы саяси қызметтерінің мынадай негізгі принциптері белгіленген: тәуелсіздік, тең құқықтық, адам құқы мен негізгі бостандықтарын силау, жанжалдар мен келіспеушіліктерді бейбіт жолмен реттеу, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұқпау, шекаралардың, территориялық тұтастықтың бұзылмауы, халықаралық міндеттемелерді мүлтіксіз орындау.

Қазіргі халықаралық қатынастар дүниежүзінің геосаяси картасы едәуір өзгерген жағдайда дамуда. Югославияның, одан кейін КСРО- ның тарауынан кейін бір топ тәуелсіз жас мемлекеттер пайда болды, Шығыс Европадағы бірсыпыра мемлекеттер қоғамдық даму моделін өзгертті Бұрыннан екі алып державаның төңірегіне топтасқан блок жойылды, ол мемлекеттердің позициясы өзгерді. Бұрынғы блоктық жүйенің, мүдденің орнына біртұтас бүкіл адамзаттық мүдде бірінші орынға шыға бастады. Екі жүйенің теке тіресі жойылғаннан кейін халықаралық қауіпсіздік проблемасы бүкіл адамзаттың ортақ проблемасына, ортақ ісіне айналды. Сондықтан да қазір әскери күштерді халықаралық құқықтық бақылауға алу, жаппай қырып- жоятын қаруларды өндіруге тиым салу мәсеелерін шешу бүкіл адамзаттың ортақ мүддесі ретінде қолға алына бастады.

Әлі де болса кейбір аймақтардағы шиеленістер, қарулы қақтығыстар тоқталар емес, бұлар әлемдік тыныштық пен прогреске қауіп төндіреді. Сондықтан да дүниежүзілік қауымдастық кейбір масаттардағы әлі де сөнбеген соғыс ошақтарына, ішкі тұрақсыздығы бейбітшілік ісіне қауіп төндіріп отырған мемлекеттерге, кейбір мемлекеттердің терроризм мен наркобизнесті қолдап отырған қылмысты әрекеттеріне айрықша мазасызданып, қадағалауда. Дүниежүзілік қауымдастық келешекте бұл проблемаларды шешіп, дүниежүзінде баянды бейбітшілік орнататынына сенімді. Оның кепілі дамы-ған дүниежүзілік қауымдастық демократиялық елдердің, БҰҰ сияқты ха-лықаралық ұйымдардың беделі мен ықпалының күннен- күнге өсіп келе жатқандығы.

2. Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саясатында бүгінгі халықаралық дипломатиның, қатынастардың дүние жүзі мойындаған ең озық, өркениетті принциптерін басшылыққа алды. Қазақстанның халықаралық өмірге араласуы 1991 жылы басталды. 1992 жылы ол БҰҰ – ға мүше болып қабылданды. Қазақстанды әлемнің 117 мемлекеті танып дипломатиялық қатынас орнатты. ҚР өзінің алдына экономикалық- саяси ынтымақтастықтың аймақтық және халық-аралық құрылымдарына кіруіне талпынды, сөйтіп өзінің дербес егемен тәуелсіз мемлекетінің қалыптасуы мен дамуына сыртқы қолайлы саяси жағдайды қамтамасыз етуге тарысты.

Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саяси қызметінде мынадай жағдайларды: Европа мен Азияның түйіскен жеріне орналасқан геосаяси жағдайын; экономикалық және әскери саяси мүдделерін; Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесінде ірі аймақтық мемлекет ретіндегі орнын белгілейтін саяси- экономикалық потенциалын есепке алды.

Қазақстан мемлекетінің халықаралық саясатының мақсаттары мен міндеттерін Республика Президенті Н. Назарбаев 1992 жылы өзінің «Қа-зақстанның суверенді мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде жан- жақты тұжырымдап берді. Олар бейбітшілікті сақтау саяси- экономикалық және басқа мақсаттарға жетудің құралы ретінде соғыстан бас тарту, қалыптасқан шекаралардың бұзылмау принципін сақтау, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұқпау, ядролық қарусыз мемлекеттің территориялық тұтастығына және оған қол сұғуға болмайтындығына кепілдік алу, ұлттық қауіпіздікті қамтамасыз ету деп белгіленді. Мемлекетіміздің бұл сыртқы саяси бағытты оның әлеуметтік- саяси жаңару, нарықтық экономиканы қалып-тастыру, ішкі тұрақтылықты сақтау, дүниежүзілік қауымдастыққа кіру жолымен дамуын қамтамасыз етті.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басым бағыттары мынадай:

Өз күшіне сүйену;

Ақылға сиымды байсалды дипломатиялық қатынас жүргізу;

Әділеттік пен серіктестікке негізделген халықаралық байланыстарды дамыту;

Әділеттік пен серіктестікке негізделген халықаралық байланыстарды дамыту;

Жаппай қырып- жоятын қаруларды қолданбау;

Шекараның бұзылмауы;

Басқа мемлекеттің ішкі істеріне қол сұқпау;

Өзара мүдделердің әділетті тепе- теңдігін сақтау;

Барлық келісімдер мен міндеттерді адал орындау;

Әскери өндірісті қысқарту;

Кезең кезеңмен қарусыздану.

Қазақстан өзінің халықаралық аренадағы қызметін алыс, жақын елдер-мен байланыс қатынасын жолға қоюдан бастады. Алдымен оның шарттық базасын жасады. Бұл жолда Қазақстанды ядролық қаруы бар ислам мемлекеті деп үркіткен кейбір кедергілерді жеңуге тура келді. «Біз халық-аралық байланыстарымызды өрістетіп кейбір саясаткерлер мен ақпарат құралдары туғызған кесапатты кедергілерді бұзып-жарып шығуға тиіс болдық,- деп жазды Н.А. Назарбаев,- Бірнеше мәселені қатар шешуге тура келді. Біріншіден, біздің мемлекетіміздің шын сипатын танытуымыз керек болды. Екіншіден, Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуіміз қажет болды. Үшіншіден, әлемдік шаруашылық жүргізу мен экономикалық байланыс-тарға белсене араласуымыз қажет болды. Біздің сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңі осындай өрелі міндетті жүзеге асырудан басталды».

Қазір Қазақстан шет елдермен ынтымақтастықты екіжақты және аймақтық негізде дамытып, халықаралық ұйымдардың көпшілігінде дер-лік өкілдіктері бар , әлемнің көпшілік мемлекеттер мен дипломатиялық қарым- қатынас орнатты, жүздеген мемлекетаралық келісімдер мен шарттар жасасты.

Қазақстан өзінің сыртқы саяси және экономикалық қызметінің алғашқы күнінен – ақ халықаралық қауіпсіздікті нығайту үшін күресіп, ядролық қару ұстаудан бас тартты. Семей полигонын жапты, ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды. БҰҰ- ның, ОБСЕ-нің бейбіт шараларына белсене қатысуда, Евразия Одағын құру, Азия мемлекеттерінің өзара сенімін нығайту шараларын белгілейтін кеңес шақыру инициативасын жасады.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін сақтау жүйесін мемлекетіміздің төңірегінде тұрақтылық зонасын жасау, өзінің қорғаныс құралдарын нығайтумен бірге, аймақтық және әлемдік ұжымдық қауіпсіздік шараларына белсене қолдаумен бірге соғыс жанжалдарын тоқтату үшін ара айқындық жасауда, қарулы күштерді кезең- кезеңмен қысқартуға, жаппай қырып жоятын қаруларға тиым салуға, әскери қызметтің ашықтығын жариялауға күш салуда.

Қазір халықаралық экономикалық және саяси құрылымға терең бойлай кірген Қазақстан өз алдына мынадай міндеттерді қойып, оны ойдағыдай атқарып келеді. Бұлар: еліміздің экономикасына дамыған елдерден инвестиция тарту, дүниежүзілік жетекші саяси және қаржылық институттарымен тұрақты байланыстар орнату арқылы оларды еліміздегі экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін көмекке тарту, еліміздің әлемдік коммуникацияға шығуын қамтамасыз ету, экономи-калық ауытпашылықтардың зардабын жою, әлемдік информациялық ке-ңестікке шығу, коррупцияға және қылмысқа қарсы күресті күшейту және т.б.



3. Қазақстан 1992 жылы 2- наурызда БҰҰ тәуелсіз мемлекет ретінде мүше болып кірісімен – ақ бұл халықаралық ұйымның жұмысына бесене қатыса бастады. 1992 жылы күзде Қазақстан өкілдері БҰҰ Бас ассамблея-сының 47-ші сессиясына қатысты. Бас ассамблеясының 49- шы сессиясы-ның шешімі бойынша Қазақстанға ғарыштық кеңестікті бейбіт мақсаттарға пайдалану жөніндегі көмитеттің толық құқықты мүшесі дәрежесі берілді. Республикамыздың үкіметі халықаралық қаржы қорымен, дүниежүзілік банкпен және басқа халықаралық ұйымдармен жан- жақты байланыс орнатты.

Қазақстан БҰҰ- ның даму программасымен біздің республикамыз үшін аса маңызды салаларда : жұмыспен қамтамасыз ету, мемлекетті басқару, шетел көмегін басқару, энергетика, сауда, өнеркәсіп және кен өндіру, Арал теңізін қалпына келтіру және басқа салаларда іскерлік байланыс орнатқан. Қазақстан БҰҰ- ның бейбітшілікті сақтау қызметін толығымен қолдап келеді.

Қазақстан өзінің геосаяси жағдайын, көп ұлтты мемлекет екенін, экономикалық даму ерекшеліктерін есепке ала отырып, Тәуелсіз мемле-кеттер ынтымақтастығымен, әсіресе Ресеймен, Өзбекстанмен, Қырғыстанмен, Беларуссиямен, Тәжікстанмен, Туркменстанмен өзара қатынасқа, олармен ынтымақты нығайтуға айрықша көңіл бөледі. Ресеймен арада 200- астам келісімге қол қойған, 160 Қазақстан- Ресей біріккен кәсіпорны жұмыс істейді. Сыртқы сауда айналымында 1996 жылы Ресейдің үлесі 55 пайыз болды. Көршілес мемлекеттердің бірлесіп күш- жігер жұмсауы нәтижесінде Қытаймен шекара мәңгі айқындалып, шщешілді. Қытайдың, Қазақстанның, Қырғыстанның, Россияның, Тәжікстанның қатысумен шекарадағы қарулы күштерді едәуір қысқартып, өзара сенімді нығайтуға қол жетті. Қазақстан дипломатиясы Рәуелсіз мемлекеттер ынтымақтастығы шеңберіндегі кедендік одақ құру, біртұтас экономикалық кеңістік ашу жолына күш жігер жұмсай отырып, бұл жөнінде едәуір ілгері басты. Ресей, Қырғыстан, Белоруссия, Тәжікстан арасында осындай одақ құру жөніндегі шарт жасалды.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тағы бір стратегиялық мақсаты Н. Назарбаевтың инициативаясымен қолға алынған Евразиялық одақты, біртұтас экономикалық кеңістікті құру. Ол мынадай принципке құрылып, қызмет атқаруға тиіс. Мемлекетаралық қатынаста алынған мін-деттемелердің мүлтіксіз орындалуы, әр елде қалыптасқан мемлекеттік саяси құрылысты өзара танып, мойындау, аймақтық тұтастық пен тәуелсіздіктің принциптерін сақтау, өзара экономикалық, саяси құры-лысты өзара экономикалық, саяси құрылысты өзара танып, мойындау, аймақтық тұтастық пен тәуелсіздіктің принциптерін сақтау, өзара экономикалық, саяси қысым жасаудың түрлерінен бас тарту, өзара соғыс әрекеттерін болдырмау және т.б. Қазақстанның Орта Азия мемлекеттері-мен, оның ішінде Өзбекстанмен, Қызғыстанмен қарым- қатынасының ерекше сипаты бар. Бұлардың арасында Орта Азиялық одақ құрылған. 1997 жылдан бастап Тәжікстан бақылаушы ретінде кірді. Басқаларға да есік ашық.

Қазақстан Европалық одақпен , Солтүстік Атлантикалық бірлестікпен де қарым- қатынасын белсенді түрде дамытып келеді. 1994-1995 жылдары ғана 170-тей герман- қазақстан біріккен кәсіпорыны құрылды, Қазақстанда немістің 60- шақты ірі компанияларының өкілдері жұмыс істейді. Германия мен Франция, Англия Қазақстан экономикасына ірі инвестициялар салушы донор елдердің қатарына жатады. Оларды Қазақстанның қоғамдық- саяси тұрақтылығы, ішкі сыртқы саясатының байсалдылығы қызықтырады.

Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен өзара байланысы 1991 жылы желтоқсанда қол қойылған екі жақты келісімдерден бастау алып, тұрақты дами бастады. 1992 жылы желтоқсанда АҚШ Бейбітшілік корпусының қызметі туралы келісімге қол қойылып , «Үміт-2» бағдарламасы бойынша қайырымдылық және ізгілік ұйымдары тарапынан ынтымақ-тастық дамыды. 1994 жылы наурызда демократиялық әріптестік туралы Хартияға, қорғаныс және әскери саладағы түсіністік туралы меморан-думға, қорғаныс конверсиясы жөнінде біріккен комитет құру туралы мәлімдемеге, Қазақстан Республикасы үкіметі мен АҚШ үкіметі арасында ғылым мен техника саласындағы іскерлік байланыс туралы келісімге қол қойылды. 1995 жылы наурызда сауда, инвестиция және экономика салаындағы декларацияға қол қойылды. Әскери байланыстарды ұштастырып отыратын Комитет құрылды. Американың мұнай компаниясы «Шеврон» арасында ғасыр келісіміне қол қойылды. Американың басқа компаниялары да Каспий мнайын игеру, оны дүниежүзілік рынокқа тасымалдау жөніндегі келісімдергеқол қойып, Қазақстан экономикасына қомақты инвестиция салып жатыр. АҚШ пен іскерлік байланыстарға Республика Президенті Н. Назарбаевтың 1998 жылдың басындағы бұл елге сапары бұрынғыдан да күшті қарқын берді. Саясат, экономика, әскери құрылыс, ғылым мен техника, экология, денсаулық сақтау саласында жаңа келісімдер жасалды.

Қазақстан Республикасы жан- жақты іскерлік байланыстарды өрістету негізінде Азияда бейбітшілікпен тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда. Қытаймен, Индиямен, Туркиямен, Иранмен, Сауд- Арабиясымен өзара тиімді іскерлік қатынастар орнатты. Қазақстанның Туркиямен экономикалық, мәдени, білім беру саласындағы қатынасы ерекше. Қытаймен достық көршілік қарым- қатынас барлық бағыттарда- сауда, транспорт, мәдениет және экономикалық байланыс қарқынды дамып отыр. Қытай Қазақстан мұнайын өндіріп, тасымалдауға инвестиция сала бастады. Батыс Қазақстан- Қытай мұнай-газ құбырын салу жөніндегі келісім жасалды. Қазақстан лидерлердің халықаралық қатынастардағы үлкен шеберлігі, жеңісі деп атауға болады.

Қорыта айтқанда, Қазақстан өзінің егемендік алып, Тәуелсіз мемлекет болған қысқа мерзімінің ішінде дүниежүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесіне айналып, ақылға сиымды, байсалды, белсенді сыртқы саясат жүргізуі арқасында өзінің ұлттық, мемлекеттік мүдделерін әлемге танытып, мойындатуда, егемендігін, тәуелсіздігін нығайта түсуде. Мұның өзі Республикамыздың халықаралық беделін арттыра түсіп , оны ілгері ниетті адамзат таныған демократиялық құндылықтарды сақтау, аймақтық және әлемдік қауіпсіздікті қорғау ісіне адал екенін дәлелдеді.


4.Бақылау сұрақтары:

1. Халықаралық қатынастар деген не?

2. Халықаралық ұйымдардың қызметі?

3.ҚР сыртқы саясатында қандай принциптер басшылыққа алынған?

4.ҚР сыртқы саясатының басым бағыттары?

5. Қазақстанның Халықаралық ұйымдарға мүше болуы?

6. ҚР сыртқы саясатының стратегиялық мақсаты?

7. Қазақстан- дүниежүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі?


5.Студенттің үй тапсырмасы:

Конспект


6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап беру

Тест

Глоссарий



7.СӨЖ тапсырмасы: Саяси социология оның әдістері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет