Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелері



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата26.02.2023
өлшемі1.37 Mb.
#470079
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
kopbaeva mr khkh gasyr basyndagy kazak debieti tarikhynyn ms

Тапсырмалар мен сұрақтар 
 
1. 
Әсет Найманбайұлының шығармашылығына қатысты баспасөз материалдары 
жинау.
2. 
Әсет әндерінің шығу тарихы туралы тың зерттеулер.
3. 
Әсет пен Рысжан айтысының көркемдік құрылымы.
4. 
Әсет өнер мектебінің шәкірттері.
5. 
Әсет халық әндерін орындаушы, ел ақындарының өнерін насихаттаушы.
Жаяу Мұса Шорманұлы 
 
Лекцияда қаралатын мәселелер:
1. Жаяу Мұса Шорманұлының ғұмырбаяны.
2. Жаяу Мұса Шорманұлының өнерге келуіне әсер еткен факторлар.
3. Жаяу Мұса Шорманұлы өнерінің түрлі қырлары 
4. Жаяу Мұса Шорманұлы әндеріндегі әлеуметшіл сарын 
Пайдаланылған әдебиеттер
1. 1. Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде. – А., 1969 
2. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы – А. 1988 
3. Әбдірахманов Т. ХХ ғ.б. қазақ әдебиеті. Октябрь алдындағы кезең. А., 1983 
4. Әбдіғазиев Б. Асыл арна – А.1992 
5. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті, Алматы, Қазақ 
университеті, 2002.
6. Тебегенов Т. Әдебиет тарихы, Алматы, 1999.
7. Тебегенов Т. Халық ақындары, Алматы 1997.
8. Жеті ғасыр жырлайды: 2 томдық, Алматы. Жазушы, 2004. 2-том. 528 б.
9. ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары. Қазақ ССР ғылым 
академиясының баспасы, Алматы. 1963.
Жаяу Мұса 1835 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы 
«Ақшоқы» деген жерде туған. Әкесі Байжан шағын дәулетті шаруа иесі ғана адам болған. 
Жасынан сергек, сезімтал Жаяу Мұса оқып білім алуға, ән салып, серілік құруға 
талаптанады.Ауылда қазақша оқып, хат танығаннан кейін енді орысша оқып, білім алуды 
үлкен арман етеді. Баласының бұл игі талабына Байжанда қарсы тұрмайды. Бірақ та, 
қысқа жіп күрмеуіне келмей, баласын басқа жерге жіберіп оқытуға Байжанның мүмкіндігі 
болмайды.
Сөйтіп, ойлаған мақсатына жете алмай, жабырқап, көңілсіздеу жүрген кезінде 
талантты жастың тірегіне қарай, бір жылы ел аралаған Қызылжарлық татар саудагер 
келеді. Татар саудагеріне жалданып Жаяу Мұса Қызылжар қаласына барады. Бір жағынан 
байға жұмыс істеп жүріп, оқуға орналасады.
Біраз тұрып, қала халқымен танысқаннан кейін әуелден ойын-сауық, той-думанға 
үйір Жаяу Мұса жастар бас қосқан кештерде ән айтып, гармон тартуға әуестенеді. Оның 


осындай өнеріне сүйсінген үй иесі де онша ауыр іске қоспай, жеңіл-желпі жұмыстарға 
ғана пайдаланады. Мұсаны көрші-қолаңдары да, өзімен бірге оқып жүрген таныс 
замандастары да өз араларындағы ойын-сауықтарға жиі шақыратын болады. Аздан соң-ақ 
ел аузына ілініп, әнші Мұса атанады.
Жылдар өтті. Искусстволық адымын ең алғаш орындаушылық өнерден бастаған 
Жаяу Мұса енді өз ойынан ән шығару ісімен де шұғылданды. Оның бұл саладағы 
тырнақалдысы осы кезде ел аузында айтылып жүрген «Көк аршын» әні халыққа тез 
тарайды.
Жаяу Мұса Қызылжар қаласында үш жылдай оқығаннан кейін Омбыға барып, онда 
тағыда төрт жылдай оқу оқиды. Бұл Жаяу Мұсаның жиырма жастағы ғана кезі еді. 
Омбыда оқып жүріп, жазғы демалыста еліне барған кездерінде ауыл адамдарынан 
аға сұлтан Мұсаның елге көрсеткен зорлық-зомбылығын естиді. Бұған Жаяу Мұса қатты 
қынжылады, халықтың жазықсық жәбірленуіне жаны ашып, жауыздық іске жиіркене 
қарайды, оны әшкерелеу үшін Омбы газеттеріне бірнеше рет мақала жазады. Бұрын 
алдынан шығар жан жоқ, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып, мейманасы асқан 
сұлтанға Жаяу Мұсаның газет жүзінде жарияланған бұл сыны үлкен соққы болып тиеді. 
Сұлтан Мұса осыдан былай Жаяу Мұсаның соңына түседі. Бірақ, жігерлі жас оған ешбір 
жасымайды, қолындағы қаламын қару етіп, Шормановтардың озбырлық мінез-
құлықтарын әшкерелейтін өткір тілді өлеңдер мен әсерлі әндер жаза бастайды.
Шорманов тұқымы соңынан қалмай, 1862 жылы 27 жасында Жаяу Мұсаны жала 
жауып, абақтыға қаматтырады. Сөйтіп, Мұса 12 жылға сотталып, Тобылға жер 
аударылады.
Жаяу Мұса Омбы түрмесінен Тобылға жөнелтіледі екен деген хабарды естіген 
жұрт оны көріп қалғысы келіп, көше бойы жолын тосады. Халықтың сүйікті әншісінің 
басына түскен бұл ауыр қайғыны көрген көпшіліктің қабырғасы қайысып, қатты 
қынжылады. Осы кезде аға сұлтан Мұса жиналған жұртты қақ жара, Жаяу Мұсаға 
жақынырақ келіп тұрады да:
-Ей, қу кедей! Қолыңнан келмесі бар, несіне құр арам тер болдың? «Әлін білмес 
әлек» деген міне осы. Мен сияқты сұлтанға соқтығу сен сияқты сорлыға оңай сауда 
еместігі енді есіңде болсын. Ал, жылы орныңа бар да жат. Мұнан былай жолама менің 
жаныма, - деп тұтқын жанды тым қатты табалайды. 
Айтқанына жетіп, әмірі орындалғанына соншалықты масаттанған сұлтанның сөзіне 
орай Жаяу Мұса тілін тартпай, табандап өлеңмен жауап береді.
Мен айтсам, параңды айттым тілім ұзын,
Татармын бұйырған жер дәмі-тұзым,
Жылансың екі басты ел жалмаған,
Қоймаймын неғылсаң да айтар сөзім.-
Деп, жиын топтың алдында аға сұлтанның айыбын бетіне басады. Сонымен қатар:
Тобылға он екі жыл мен айдалдым,
Артымда елі-жұртым бәрің қалдың.
Сұлтанға еш жазығым жоқ-ақ еді,
Жазықсыз жаза көріп, көп сандалдым. 
Сәлем айт көп Қаржастың баласына,
Кез болдым хан-сұлтанның жаласына.
Шорманды кім өлтірді мен білмеймін,
Сонда да менен құның аласы ма?-
деп анталаған халыққа мұңын шаға хош айтысады.
Жаяу Мұсаның жан тебрентерлік бұл бағалы сөздері жиналған жұрттың сай-
сүйегін сырқыратады. Олар жазықсыз жанның тұтқыннан босап, тез оралуына тілектестік 
білдіреді, дуан басы сұлтанның сорақы қаталдығына қарғыс айтып тарасады.
Жаяу Мұса полицейскийдің айдауында айдан аса жаяу жүріп, Тобылға әрең жетеді.


Мұсаға «Жаяу» деген ат тағылуының себеді осында болса керек. Ал, біреулер дуан 
басы Шорманның Мұсасы Байжанның жалғыз атты жарлы Мұсасымен аттас болуға 
арланып, оған «жаяу» деген сөзді өзі қосыпты деседі. Бірақ Жаяу Мұсаның «Ақсиса» 
дейтін әнінде: 
Шорманның Мұстафасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса.- 
деуіне қарағанда, алғашқы айтылған сөздің дұрыстығы бар сияқты.
Жаяу Мұса Тобыл түрмесінде ұзақ уақыт жатып, қатты күйзеледі, сондықтан да 
жанындағы кейбір достарының кеңестері бойынша кесімді күндерінің қалағанын кең 
далада жүріп өтеуді ұнатады да, өз еркімен солдаттық қызметіне баруды сұрап, жоғарғы 
орындарға арыз береді.Соның нәтижесінде ол 1869 жылы, 34 жасында Петербургке 
шақыртылып, солдаттық қызметіне алынады. Сол кезде литвалықтардың патшаға қарсы 
көтерілісін басу үшін жібергелі жатқан Черняев отрядына қосылады. 
Литвалықтардың көтерлісін басқаннан кейін ол отряд Орта Азия елдерін аралап, 
Әулиеатаға келеді, мұнда да көтерлісшілерге қатты соққы беріп қырғынға ұшыратады. 
Міне, осындай жайды көріп, жаны түршіккен Жаяу Мұса онан әрі бұл отрядпен бірге 
болғысы келмей, бір түнде қашып шығады. Арада айлар жүріп, жүдеп-жадап, туған 
жеріне келеді.
Жаяу Мұсаның елге келгендігін естіген Шормановтар оны тағы да қуғынға ұшыратпақ 
болады, қашқын деп елге лақап ат таратады. 
Ұзақ уақыт тұтқында, еріксіз солдаттық қызметінде жүріп, жаңа ғана келген Жаяу 
Мұса сағынған ел-жұртының ішінде еркімен бой жазып жүре алмай, тағы да қашып-
пысып, қатал жаудың қолына түспеу қамын қарастырады. 
Бірақ арамза жау тіміс кілеп қоймаған соң, алыстау жерге барып, бой тасалау үшін 
Ақмола жаққа қарай жол тартады. Барған бетте Жолаба Қыпшақ дейтін елді аралап, әр 
жерде қонақтайды да жүреді. 
Жалғыз атты жолаушының мақсатсыз жай ғана жан емес екендігін аңғарған ауыл 
адамдары танысқылары келіп, жөн сұрастырғанда өзінің қандай жайда жүргендігін Жаяу 
Мұса да жасырмай айтып береді. Оның басынан кешірген хал-жағдайына толық түсінген 
жұрт «Бұтаға қорғалаған торғайдың да жаны қалады» енді еліңе қайтпай-ақ, біздің 
ортамызда бол,-деп мейірімділік көрсетеді. 
Осындай ел құрметіне бөленген Жаяу Мұса ән салып, өлең айтып, жүрген жерін ойын-
сауыққа кенелдіреді. Бір күні сол елдегі Құлбай дейтін байдың үйіне келіп қонады. 
Құлбайдың баласы Сүйімбайдың Сапар дейтін қызымен танысып, соған үйленбек болады. 
Бірақ, қызы жақсы болғанмен Құлбайдың сараңдығын ұнатпай, оны келемеждеп «Құлбай 
бай» деген күлдіргі ән шығарады. Бұл ән осы уақытқа дейін ескермей ел аузында айтылып 
келеді. 
Сапарға үйленіп, сол Құлбай аулында біраз тұрғаннан кейін Жаяу Мұса елінен бір 
көңілсіз хабар естиді. 
Жаяу мұсаны қолға түсіре алмаған Шормановтардың оған деген қастығы 
бұрынғыдан да күшейе түседі. Аулын ата қонысынан қыс ішінде көшіріп жіберіп, барлық 
жер-суын Жаяу Мұсамен ағайындас Поштаев Хұсайын дегенге алып береді. 
Міне, осы хабарды естісімен хан-сұлтандардың мұндай айуандық әрекеттеріне 
қатты ызаланған Жаяу Мұса жоғарғы ұлықтарға арыз жазып, олардың жолсыздық 
жұмыстарын әшкерелейді. Сөйтіп, біраз айтыс-тартыстан кейін істің ақыры Жаяу 
Мұсаның пайдасына шешіледі де, бұрынға ата қонысын айып-анжысымен қоса өзіне 
қайтарып алады. 
Үш жүзге атым мәлім Жаяу Мұса, 
Көрермен жанның бәрі мендей туса. 
Аттыдан жаяу жүріп кек аламын, 


Жігіттер, шамаң келсе, маған ұса!- 
Дейтін әні осы кезде жарыққа шыққан көрінеді. Сондай-ақ Шормановтардың айдап 
салуымен өзінің төл мекенін тартып алып, аулын қатты күйзелушілікке ұшыратқан опасыз 
Хұсайын Поштаевқа: 
Поштаев бір Айдабол баласы едік, 
Екеуміз бір қыстауға талас едік. 
Жыртысын Шормановтың жыртамын деп, 
Салың ғой аулымызға мұнша мүлік.- 
деп әділетсіздігін айтып, өлең шығарады. 
Айтысқан жауын жеңіп, көңлі жайланған Жаяу Мұса Сапарды еліне алып келіп, 
ауыл ішінде ойын-сауығын өткізіп, серілік құру жолына түседі. Бірақ, бұл жағдай оның 
белгілі қас жауларына жақпайды, сондықтан ебін тауып, тағы да тұтқынға алдыру 
әрекетін жасайды. Ол үшін әр жерден аңдушылар қойып, қалайда қолға түсіру қамын 
ойлайды. 
Бір күні Жаяу Мұсаның өз аулында екенін анықтағаннан кейін Павлодардан бір топ 
солдаттар жібертіп, ұйықтап жатқан жерінде ұстатады, оның қол-аяғын байлап, оңаша 
үйге қамап тастайды да өздері қой сойдырып, ойын-сауық жасап, қаннен-қаперсіз отыра 
береді. 
Осы кезде ауыл жігіттері Жаяу Мұсаның ақылымен әйелдерше киініп келеді де, 
қамсыз отырған салдаттардың қаруларын тартып алып, өздерін түп-түгел байлап салады. 
Жандарынан шошынған солдаттар жалынып-жалпайып, өз бастарын әрең дегенде 
босатып алады да, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. 
Алайда, істің ақыры насырға шабатынын білген Жаяу Мұса тыныш жата алмай
Шорман тұқымдарынан тасалана тұрғысы келеді. 
Бірақ, қайда бараран білмейді. Бұрынғыдай ауыл маңында тоғай арасы пана 
болмайтынын сезеді.
Ақыры тәуекелге бел байлап, қашық жерге қоныс аудара тұруға бел байлайды. 
Сөйтіп, алыс жолға сапар шеккен Жаяу Мұса Қазан қаласына барады. Онда татар 
халқының музыка мәдениетімен танысады. Қала халқымен біраз үйреніскеннен кейін 
ойын-сауықтарға қатынасып, өзінің әншілік қабілетін танытады. Творчестволық 
еңбектерін көптің алдына тартады. Осы кезде Жаяу Мұса : 
Қыздары Қазан сипатын,
Қызықтым сүйіп сымбатын. 
Көрдім талай арудың 
Жақсы, жаман келбетін.
Алтай тұрып Қазанда, 
Байқадым қыздар әлпетін.- 
деп, Қазан қыздары атты күлдіргі ән шығарады. 
Қазанда алты ай тұрып, ел-жұртын әбден сағынған Жаяу Мұса қашып пысып жүріп, бас 
саулағанша, елге барғаным жөн болар деген тоқтамға келеді. 
Жаяу Мұса еліне келсе, аулы орнында жоқ. Шорман тұқымдары мал-мүліктерін 
талан-таражға салып, таратып алыпты, туған-туысқандарын тоз-тоз ғып жіберіпті.
Хан-сұлтандардың бұл зорлығы Жаяу Мұсаға бұрынғысынан да қаттырақ батады.
Қарсылық көрсетуге шамасы келмеген Жаяу Мұса жаяу-жалпылап жүріп. Омбыға 
барып, губернаторға шағым жасайды. Губернатор: Шормановтың жолсыздық ісіне тез 
тыйым салынсын. Жаяу Мұсаның ата қонысы, талауға түскен мал-мүлкі түгелдей өзіне 
қайтарылсын деп, Павлодар оязына қағаз жазып береді. 
Бұл барған сапары сәтті болып, үлкен қуанышпен қайтқан Жаяу Мұса арада 
бірнеше күн жүріп, Павлодарға келеді де, оязға кіріп, губернатордың жазған бұйрығын 
ұсынады. 


Бірақ ол тағы бір қолайсыздық жағдайға кездеседі. Ата жауы, аға сұлтан Мұсаның 
оязбен бірге отырғанын көріп, жүрегі қатты шошынады. Олар губернатордың бұйрығын 
оқып, екі жақтан зіркілдеп қоя береді. Неге өтірік арыз жазасың, деп жер-жебіріне жетеді. 
Жаяу Мұса да олардан тілін тартпай, Мұсаның әділетсіздігін айтып, айыбын бетіне 
басады. 
Омбыға шошынғаннан жаяу бардым, 
Арада күн-түн жүріп, шаршап талдым, 
Бұйрығын губернатор әкелсем де,
Пәлеге ашылмастай енді қалдым. –
деп басталатын Жаяу Мұсаның бір өлеңі осы кезде жарыққа шыққан көрінеді. 
Ояз Мұсаны жақтағысы келіп, қаншама жан таласқанмен де, губернатордың 
бұйрығын орындамай отыра алмайды. Жаяу Мұсаның арызында көрсетілген талаптары 
түгелімен жүзеге асады. 
Алайда, Мұса Шорманов Жаяу Мұсаға деген қастық әрекетін үдете береді. 
Бір жылы маңайдағы ауылдың шабындығын жеді деген жаламен Жаяу Мұсаның 
бір топ бұзауын қырғызып тастайды. 
Бұл сияқты шектен асқан қаскүнемдікке арнап Жаяу Мұса мынадай өлең 
шығарады: 
Ей, Мұса, мен не жаздым саған жарқын, 
Күшпенен тоздырдың ғой ауыл халқын. 
Бұзауын ауылымның қырып салдың, 
Көрерсің не болғанын істің артын. 
Мақтанба басыңдағы бағыңызға, 
Қартаймақ қиын болар тағыңызда. 
Сізге де сорлы болу қиын емес, 
Басыңнан бағың тайған шағыңызда. 
Бұдан біраз уақыт өткеннен кейін аға сұлтан Мұса атақты Арап ұрысы бастаған бір 
топ адамдарды жіберіп, Жаяу Мұса ауылының тағы да барлық жылқысын айдатып алады. 
Сөйтіп, Шорман балаларымен Жаяу Мұсаның арасындағы өшпенділік өрте өрши 
түседі. 
Жаяу Мұса тағы да Омбы губернаторына арыз беріп, ұрланған жылқыларын 
орнына салдырады да, Арапты тұтқынға алдырады. Соның артынан көп кешікпей-ақ Мұса 
да аға сұлтандық қызметінен босатылады. 
Алысқан жауын жеңіп, көңілі жайланған Жаяу Мұса да жанына өнерлі жігіт-
желеңдерді жинап алады да, серілік құрып ел аралайды. 
Жаяу Мұсаның ел арасында беделі артып, салдықпен еркін өмір жасай бастауын 
көре алмай, қатты күйінген Мұса оған соқтығу үшін сылтау тапқысы келеді. Сол 
мақсатпен оның қыран бүркітін сұратып кісі жібереді. Оған ызаланған Жаяу Мұса: 
Ей, Мұса, құс сатпаймын дүние малғы, 
Болсам да өзім кедей жүрмен жалға. 
Арам мал елден алған жиындыны 
Алмақ түгіл, ұстаман сірә қолға. –
деп хат жазады.
Жаяу Мұсаның бұл жауабы жанына мірдің оғындай қадалған ол не істерін білмей, 
іштен тынады. Бұрынғыдай айдатып, байлататын әкімшілік әмірі енді жүрмейтініне үлкен 
өкінеді. 
Сөйтіп көрнеу күш жұмсау қолынан келе қоймаған соң, жасырын қастық жасау 
жолын қарастырады. Бір арамзаны ақшаға жалдап Жаяу Мұсаға у бергізеді. Бірақ, дер 
кезінде емделіп, ауруханада үш ай жатқаннан кейін Жаяу Мұса аман-есен жазылып 
шығады.


Бұл кезде Жаяу Мұсаның өнерпаздық даңқы өз ортасынан асып, көршілес отырған 
Қарқаралы, Көкшетау, Ақмола елдеріне түгел жайылады. Өйткені осы елдерді бір 
кездерде ол өзі аралап, шарықтата ән салып, күмбірлете күй шерткен болатын. 
Жаяу Мұса серілікпен ел аралап жүрген кезінде әйелі Сапар қатты ауырып, 1895 
жылы 37 жасында қайтыс болады. Мұсаның Сапардан туған бір ұл, бір қызы 
нағашысының қолында жетім қалады. 
Хан сұлтандардан соққы көріп, елге тұрақтай алмай, қашып-пысып жүргенде 
кездескен сүйікті жары Сапардың кенеттен қайтыс болуы Жаяу Мұсаның жанына қатты 
батады. Жанына жалғыз ұлы Салықты ертіп, Сапардың қабырының басына барады. Сол 
жерде отырыпқайғылы көңіл-күйін шерткендей болады. 
Келдім, Сапар, басыңа, 
Жалғыз Салық қасымда. 
Көштің, Сапар, бұл дүниеден 
Отыз жеті жасында. 
Қайғыға қайғы қосылды, 
Тасыған көңілім басылды. 
Артыңда қалған қос жетім,
Апалап кімге асылды?- 
деп «Сапар» атты әнде шығарады. 
Сапар қайтыс болып, жасы алпыстан асқаннан кейін-ақ Жаяу Мұса бұрынғыдай ел 
аралауын да азайтып, біріңғай үй шаруашылығымен ғана айналысады. 
Әуелден мал жинамаған бұл жасы ұлғайып қалған кезде кедейліктің зардабын 
тартады. Осыған байланысты: 
Жігітке кедейшілік бір сергелдең, 
Жоқ болса жалғыз атың өлгенмен тең. 
Үйіңнен тату құрбың құр аттанса, 
Немене бұл дүниеден үміттенген. –
деп баталатын «Қоңыр» дейтін әнін шығарған көрінеді. 
Тегінде Жаяу Мұсаның шығармалары кейбір кездейсоқ жағдайларда ғана емес, 
үнемі кезеңді бір уақиғаларға жазылғандығы байқалады. Оның ішінде осы жинаққа кіріп 
отырған 40 жуық әндерінің көпшілігі ілгеріде айтылған өзінің ата жауы аға сұлтан 
Мұсамен арадағы талас-тартыстан туған. Мәселен: «Шорманға», «Бұзау жыры», «Арап 
батыр», «Бозторғай», «Сұрша қыз», «Гаухар қыз», «Кедейлер», «Ұлы тау», «Баян ауыл» 
сияқты бірсыпыра әндері осы айтылғандардың айғағы бола алады. 
Айта кететін бір жай Жаяу Мұсаның кейбір әндерін әркім әртүрлі айтады. Мысалы: 
«Ақ сиса», «Аулау», «Көк аршын», «Құлбай бай», «Сапар» сияқты әндерін нотаға 
жаздырған Ақмолалық әнші – кешегі Қосымжан Бабақов мархұмның орындауынан 
Қарқаралы әншілері: Қуан Лекеров пен Жүсіпбек Елебековтың айтуларында біраз 
өзгешеліктері барлығы байқалады. 
Осыған қарағанда, әр жердің әншілері өздерінің үйренуінше айтып кеткенге 
ұқсайды. Бірақ, бұл жинаққа сол әндердің түрлі варианттары беріліп отыр. 
Ән мелодияларының өзгешеліктері сияқты оның өлеңдерінің сөздерінде де 
өзгерістер кездеседі. Мысалы, «Ақ сиса» әнін біреулер:
Үш жүзге аты мәлім Жаяу Мұса, 
Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса. 
Аттыдан жаяу жүріп кек аламын, 
Жігіттер шамаң келсе маған ұқса. –
десе, біреулер:
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса, 
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса. 
Шорманның Мұстафасы атымды алып, 


Атандым сол себептен Жаяу Мұса. –
деп айтып жүр. Сондай-ақ:
Дариға, іш күйеді зорлығына, 
Сенді ғой мал басының молдығына. 
Қорқамын тағы дүре соға ма деп, 
Сонда да шыдамаймын қорлығына. –
дейтін өлеңі «Ақ сиса» әнінде де, «Хаулау» әнінде де айтылып келеді. Сондықтан бұл 
жинақта осы әндердің мазмұнына қарай сөздері де екшеліп алынды. 
Ал, енді ән текстеріне ұқсастық жағына келсек, мынадай жайды көреміз: 
Жаяу Мұсаның «Әндижан» дейін әнінің 1-шумағында: 
Ішуге осы жақтан шай таппадым, 
Қайтейін, шіркін көңіл, жай таппадың. 
Жұлдызға аспандағы қолым сермеп, 
Торыдай жауыр болған қайқақтадым.-
дейтін төрт жол «Гауһар қыз» атты әнінде де айтылады. Ал, осы әндердің 
қайырмасындағы сөздер де өте ұқсас келеді. Міне бұл жағдайлардың бәрі де әнді 
орындаушылардың әуелде шала-шарпы үйренулері салдарынан туған кемшіліктер болуға 
тиіс. 
Жаяу Мұса ән текстілерінен басқа да көптеген өлеңдер жазған көрінеді, оны 1980 
жылдар қарсаңында жазған 60 беттей қолжазбасын Қазақ ССР Ғылым академиясының 
экспедициясы 1955 жылы Қазан университетінің архивінен тапқан. Бұл еңбектерін ол өзі 
Қазанға барып тұрған кезінде тарсырған болуы керек. 
Сондай-ақ тағы да бірсыпыра өлеңдерін өзінің баласы Салық 1955 жылы 
Қазақстанның Ғылым академиясына келіп тапсырған болатын. Оның ішінде ақынның 
Қытай елінің болашағын болжағандай «Қытай еліне сәлем» дейтін өлеңі де бар. 
Күрескер композитор, дарынды әнші, жалынды жаршы Жаяу Мұса 1929 жылы 94 
жасында, өзінің туып-өскен жерінде қайтыс болады. 
Оның өзінен соңғы ұрпақтарына қалдырып кеткен музыкалық асыл мұралары осы 
күнге дейін есікрмей ел аузында айтылып келеді және айтыла да бермек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет