Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелері



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата26.02.2023
өлшемі1.37 Mb.
#470079
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
kopbaeva mr khkh gasyr basyndagy kazak debieti tarikhynyn ms

Тапсырмалар мен сұрақтар 
1. Ақынның адамның жаратылуы қазақтың шығу тегі жайындағы пікірлері.
2. Жалпы өмір құбылыстарын жырлаудағы діни мотивтер.
3. Н. Наушабайұлы шығармаларындағы ақындық шеберлік пен көркемдік ізденіс.
4. Өлеңдеріндегі араб, парсы, шағатай тілдерінің қолданыста үйлесім табуы.
5. Н. Наушабайұлы шығармаларының қазақ әдебиеті тарихындағы орны.
Діни ағартушы бағыттың өкілдері 
Мақыш Қалтаев-діни ағартушы, ақын 
 
Лекцияда қаралатын мәселелер: 
1. Мақыш Қалтаев өскен ортасы 
2. Мақыш Қалтайұлының ел ішіне ақындығымен мәшһүр болуы.
3. Шығармашылыққа келу жолдары.
4. Мақыш Қалтайұлы аудармаларының көркемдік және идеялық сипаты.
5. Ақын шығармашылығындағы діни ұғымның ағартушылық маңызы.
Пайдаланатын әдебиеттер: 
1.Әміренов Ә. Мақыш Қалтаевтың аудармалары / Қазақ тілі мен әдебиеті, 2004, №5. 
2. Кенжебаев Б. Мақыш Қалтаев.//Әдебиет және искусство.1950, №12. Кенжебаев Б., 
Есназарова Ө. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. А., «Мектеп», 1966, 260-бет. 
3. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А., «Жазушы», 1986;,XX ғасыр басындағы қазақ 
әдебиеті. А., «Мектеп»,1993; Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., «Ғылым», 1973. 
4.Ақмола: Энциклопедия. А., «Атамұра», 1995, 248-бет. 
5.Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. А., «Білім», 1998; 
Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер антологиясы. А., «Рауан» 1999; ҚСЭ.6-том. А., 1975. 640-б. 
6.Каримуллин А. Книги и люди. Казань, 1985, 310 с. 
7.Карими З. Айна. Қазан: Домбровский мәтбуғасы, 1913.23-б. 
8.Шілдебай С. Түрікшілдік және Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс. А., «Ғылым», 
2002, 214-б. 
9.Боздағым. А., «Жазушы», 1990.304-бет. 
10. Ысқақов Ы. Қазақ татар әдеби байланысы. А., «Ғылым», 1976,175-б. 
Отаршыл Ресей патшалығының түрлі саяси әрекеттері, тарихи жағдайлары оятқан 
қазақ оқығандарының, ақынының бірі – Мақыш Қалтаев. Мақыш жастай ерінбей-
жалықпай, ғылым жолына түсіп, әриене, діни медреселерді бітірген, кейін өзі де дәріс 
беріпті, молда болыпты, елді, жерді аралапты, жақсы мен жаманды саралапты. 
Мақыш Қалтайұлы Ақмола облысы Қараөткел маңында 1859 жылы туып, 1916 жылы 
қайтыс болған. Жасынан ескіше көп оқыған, Целиноград, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау 
облыстарында, 
Троицк 
жағында 
бала 
оқытады.Бұрынғы 
Семей, 
Жетісу 
губернияларындағы қазақ ауылдарын аралап көрген. Талмай оқи-оқи, өз бетімен іздене 
жүріп, ел арасына аты тарайды, ел «молда Мақыш» немесе «Мәшһүр Мақыш» деп 
құрметпен атайды екен. М.Қалтаев шығармаларында діншілдік сарын өте басым болып 
келеді. Жалпы адамзаттық имандылыққа көбірек үндейді.. Дінді – адам жанының рухани 


тазаруы ретінде ұсынады. Кейде пәни дүниеден жақсылық таппай, бақидағы қызықты 
жырлау арқылы ұсынатын тұстары бар. 1907 жылдан бастап шығармашылықпен 
айналысып, 1907-1913 жылдар арасында сегіз кітап шығарған. М.Қалтаев  ғасырдың 
басында ең көп кітап жазған ақынның бірі болып табылады. 
Қай ақынды зерттесеңіз де, ол өз өмір сүрген ортасын, жерін, суын,ауылын, аймағын, 
қай жылы, қай жерде туып-өскеніне дейін жазып қалдырғанын көреміз. Біздің ойымызша, 
автордың өзінен артық кім жақсы біледі, автордың өзінен асып кім куәлік бере алады?
М.Қалтайұлы да туған-өскен жерін суреттеген, ақын «Қалтайұлының қазақ ахуалынан 
бәхас еткен мәнзумасы» атты кітабында: 
Атым – Мақыш, Қалтай дер атам атын, 
Бабам аты – Едіге, қазақ – затым.
Ақмоладүр дуаным, Қыпшақ руым, 
Әр жерде саясатпен болды жүруім.
Туған жер Есік, Нұра болсадағы, 
Қушоқы деген жерде бүгін тұруым. 
Бар арманы өз халқының сауатын ашу болғандықтан, ол осы өзі айтқан Қушоқы, 
Қараөткел деген жерлерде бала оқытады.
Ақын күндіздәріс оқытып, түнде май шамның жарығымен өлең жазып, қаншама 
еңбектенсе де, әлдене алмапты, жоқ-жұрыны тірлікпен өмір өтіпті. Ол өзінің осындай 
нашар хал-жағдайын әртүрлі кітабында жырлап айтқан, ал «Тура жол» (Қазан,1910) деген 
жинағында тіпті тереңдетіп: 
Мен Мақыш Ақмоланың ақынымын, 
Мал, басқа бай болмаған пақырымын. 
Қаламмен қызмет қылған иранлардың, 
Әуелі болмасам да, ақырымын. 
Ақынды жүдеулік кедейлік кесіте алмайды, жасыта алмайды, ол өлең-жырды жаза 
түседі. 
Елін, өз Отанын барынша сүйген Мақыш Қалтайұлы есін біліп, етегін жапқан соң, 
бірыңғай жазушылықпен айналысуды өзіне иұрат санайды.Осы жолда аянбай тер төгеді, 
күндіз-түні жазған өлеңдерінің басын қосып, құрап, алты өлең кітабын шығарыпты. Олар: 
«Қалтайұлының қазақ ахуалынан бәхас (баян) еткен мәнзумасы» (Қазан, 1910), «Қазақтың 
айнасы» (Қазан, 1910), «Тура жол»(Қазан, 1910), «Бар оқиға»(Қазан, 1913), «Сақ-сұқ» 
(татаршадн аударма, Қазан 1913), «Насихат қазақия» (Қазан, 1907). 
Жасына қисса-дастан, толғау аоқып, халықтың қара өлеңін, әнін, күйін тыңдап 
өскендіктен, Мақыш Қалтайұлы өз ойын, бүкіл үміт-арманын өлеңмен тоғапты. Ол қуанса 
да, күйінсе де өлеңменен сөйлеген. Осы тұрғыдан профессор Б.Кенжебаев: «Мақыш – 
ақын. Әлгі кітаптарынол тегіс өлеңмен жазған. Мақыштың өлеңдері қазақтың, шығысиың 
бұрынғы ауызша, жазбаша әдебиетінің дәстүрінде өлең-жыр, дастан-қисса, назым-мысал, 
нәзира үлгісінде келеді. Соларды ақын өзінше қиыстырған. Ол шығармаларында кітаби, 
халықтық сөздерді, сөз тіркестерін әрі көп, әрі орынды пайдаланған. Қазақ халқының өлең 
мәдениетін игерген. Мақыш өлең-жыр, дастан-қиссамен қатар, мақалалар да жазған. Оның 
мағыналы, көлемді мақалалары «Қазақ әйелінің бас бостандығы», «Қазақ тілінде кітап 
шығарудың керектігі туралы» деп аталады. 
Мақыш өз ұлтының төл перзенті, ол «елім-жұртым, халқым» деген асыл азамат. 
Жұрттың қамын жан-жақты терең ойлаған. Ақын елді сауаттандыру жағын көп ойлаған, 
тіпті армандаған десек те артық айтқандық емес, ол жасөспірімдерге арнап «Сақ-сұқ» 
деген кітапты татаршадан аударып шығарыпты, бұл Ғ.Рашиди деген ақынның өз 
кезеңіндегі ел-жұртына арнаған асыл дүниесі, бір қызығы қазақтың төл туындысындай 
қабылданады: 
Оқу парыз балаларға,
Оқулыға баға бар ма? 


Оқудан үлкен аға бар ма? 
Оқу керек ойынды қойып,
Жас уақыт гауһар-жақұт,
Шегі жоқ шын көңілде тот. 
Өмірі өтіп өкінген көп,
Оқу керек ойынды қойып.
Ақын балалар біздің болашағымыз, олар қараңғы жолда қалмасын, алды жарық 
болсын, ақты ақ, қараны қара деп танысын, Алланың ақ жолы әділеттілікті 
сүйсін,ешкімнен тепкі көрмесін, біреуден өздері де қиянат тартпасын, «жас уақыты- 
гауһар», ғылым-білімді тез меңгереді. Білім адамды парасатты да біліктілік етеді, білімі 
бар адам ешкімнен үркіп, сескенбейтінін жырлайды, ол: 
Оқу бітпес азық болар, 
Оқымаған азып-тозар. 
Көңілі жер жабық болар,
Жастықта жарамас 
Жалқаулықты қой. 
Жалқаулық адам баласының дұшпаны, білім адам баласының ең жақын досы, білім алып, 
«достық» көмегіне сүйену керек пе, жоқ жалқау болып, дұшпанының табасына қалған 
дұрыс па, тағы да ақынға сөз берсек, ол: 
Ақымақтарға ақыл болар,
Айтса сөзі мақұл болар... 
Оқудан да асар бар ма, 
Надандықтан қашар бар ма, 
Болсын нәсіп нашарларға, 
Білмеген мен білген қандай,
Мысалы оның тән мен жандай, 
Біреуі түн, біреуі шамдай. 
Бекер болмас бекінген, 
Жерде қалмас жетілген. 
Жастықта жарамас, 
Жалқаулықты қой.
Біздің халқымыздың «білімдінің беті жарық, білімсіздің беті шарық» деген қанатты сөзін 
М.Қалтайұлы жан-жақты толықтырып, тіпті тереңдете жырлаған. Бұл еңбектің екі түрлі 
мәні бар, біріншіден, жасөспірімдерді оқуға, білуге, үйретуге, еңбек етуге, үлкенді 
сыйлауға үндесе, екіншеден білімді мен білімсізді, өнегелі мен өнегесізді, жол білетін мен 
жөн білместі салыстыра отырып, бірінен талмай үйренуге шақырса, бірінен алыс жүруге, 
маңайлап жақын бармауға хабардар етеді, тіпті, түсіндіріп, күдерін үздіруге дейін 
толғайды. 
Б.Кенжебаев алғашқы зерттеулерінде М.Қалтаевтың татар тілінен аударған 
«Айна» және «Сақ уа сұқ хәлдері» кітаптарын атаса, кейінгі еңбектерінде аталған екі 
кітаптан басқа екі бөлімнен тұратын «Бұлбұл құс» кітабын қосып, барлығы төрт кітап 
аударған деген мағлұмат береді. 
Сондай-ақ, 1995 жылы «Атамұра» баспасы шығарған «Ақмола» энциклопедиясының 
бір жерінде Мақыш Қалтаев татар тілінен екі кітап аударды деп жазса, енді бірде төрт 
кітап аударған деп бір-бірімен сәйкеспейтін әр түрлі дерек келтіреді. 
Біз талдап отырған «Сақ-сұқ» жинағы жайында тәуір пікірді «Қазақ кітабының 
шежіресі» атты еңбекте айтыпты. 
М.Қалтайұлының «Сақ-сұқ» атты аударма кітабы тікелей Ы.Алтынсариннің 1987 жылы 
Орынбор қаласында жарық көрген «Киргизская хрестоматияның» әсерінен шықты ма 
дейміз. Өйткені, үлкен ағартушының сол еңбегіндегі «Сөзбасы» деп аталатын бөлімі сөз 
етіп отырған. М.Қалтайұлының аударма еңбегіне өте жақын, тіпті сәйкес, ұқсас деуге де 
болады.Енді Ы.Алтынсаринға келсек, ол: 


Бір құдайға сыйынып, 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге, 
Ықыласпен тоқылық.. 
Істің болар қайыры, 
Бастасаңыз аллалап, 
Оқымаған жүреді, 
Қараңғыны қармалап, 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге, 
Ықыласпен тоқылық. 
Оқысаңыз балалар, 
Шамнан шырақ жағылар. 
Тілегенің алдыңнан 
Іздемей-ақ табылар. 
Көбіміз,бәріміз десек те болады, Ы.Алтынсариннің осы өлеңін білетінбіз, бірақ «Бір 
құдайға сыйынып» деп басталатынын кейіннен ұқтық.. Кеңес одағы кезінде «Кел, балалар, 
оқылық» дегенді оқып келдік, ғалымдар да бізге осылай түсіндірді. Сөйтсек, иманмен 
басталған әдемі дүниені бұзып, ұрпағымызды дінсіз, ділсіз етіп тәрбиелеуді алдын ала 
ойластырып қойған екен. 
Ы.Алтынсарин де, М.Қалтайұлы да өлеңдерін «Алланы» айтып бастайды, болашақ 
ұрпақты білім-ғылымға құштар болуға, ерінбей еңбек етуге, ата-ананы, үлкенді сыйлап, 
кішіге қамқор болуға шақырады. Екеуі де педагогиканы терең білетін ұстаз екендіктерін, 
көп оқыған парсатты жандар екенін көрсете білді, ұрпаққа үлгі-өнеге шаша білді. Бір 
айырмасы, М.Қалтайұлы көп жылдар бойы оқытылмай, жарияланбай, жабық күйде 
жатып қалды. Халқымыздың «Қап түбінде асыл пышақ жатпайды»,- деп тегіннен-тегін 
айтқан дейсіз бе, ақыры жарыққа шығып,ел игілігіне айналып отыр. 
Ақын саналы өмірін елін, әсіресе, жас ұрпақты сауаттындаруға арнапты, ол қолынан 
келгенше бала да оқытқан, шамасы келгенше сол ағартушылық мақсатын жүзеге асыру 
жолында кітап та жазған. Әсіресе, М.Қалтайұлы ғана емес,  ғасырдың басындағы 
көптеген ақындардың ағартушылық ісін қолдап-қорғағаны белгілі. Бұл жайында Қазақ 
Энциклопедиясында:»  ғасырдың басында өлеңдер жазып, кітаптар бастырып, атағы 
шыққан, шығармаларында ағартушылық бағыт ұстанған қазақ ақын-жазушылары – Ә. 
Шоқанұлы (1858-1912); М.Қалтайұлы (1865-1916); Н.Наушабаев (1859-1919); М.Ж.Көпеев 
(1858-1931), Ш.Жәңгірұлы (1855-1933) және т.б.» деп айта келіп: «Кітаби ақындардың 
сіңірген еңбегі: олар ауыз әдебиетінің үлгілерін және жазба әдебиетінің текстерін ерінбей 
жинап,оларды жариялап отырды»,- десе бұл өте дұрыс пікір дейміз, өйткені сол кезде өз 
туындысы бар, аударып шығарған кітабы бар, М.Қалтайұлы да ауыз әдебиетіне жан-
жақты көңіл бөлген зиялы қауымның бірі. Ал, М.Ж.Көпеев, Ш.Жәңгірұлы, 
Ш.Құдайбердиев сияқты ел ішінен қайнап шыққан ғұламалардың жөні бір басқа. 
М.Қалтайұлының өз тұрғыларынан сәл айырмашылығы ол өзіөмір сүріп, өзі араласқан 
дәуірдің кем-кетігін дөп басып айтуға, тауып айтуға, танып айтуға барынша тырысады, 
көбінесе онысы сәтті шығады да, ол: 
Әр жұрттың көп аралап көрдім парқын, 
Базар барған біледі малдың нарқын. 
«Пайдаңды басыңа қыл» деген дейін, 
Сөйлеймін өзіміздің қазақ халқын. 
Әуелгі ізден айырылмай адасып жүр, 
Пайда, зарар ойламай алдын-артын, 
Адамбыз деп адасып алшаңдаймыз, 
Адамдықтық білмейміз тіпті шартын. 
Ауруға ащыдан дауа қылар, 


Табиғат болса да қанша сапқын.
Ащы айтты деп ашуы келгендердің, 
Бола қалмас қасында жүзім жарқын. 
Біз ақынның осы кішкене үзіндісінен-ақ оның әділеттің ақ жолында болуға 
тырысатынын, қолынан келгенінше ел-жұртына құшағын ашып,көмектесуге дайын екенін 
байқаймыз. 
М.Қалтайұлының «Қазақ айнасы» атты жинағы туралы «Қазақ кітабының шежіресі» 
атты еңбекте бұл туындының мазмұны айтылған. 
Ақын көпті көрген, көп жерді аралаған, жақсымен де жаманмен де дәмдес-тұздас болған, 
өзі өмір сүрген, білген, саралап, талдап, өзінше қорытынды жасай келіп,ақырында адам 
баласы тек жақсы ісімен ғана мәңгі ғұмыр кешеді дей келіп: 
Мен өзім екі жолды жарастырдым, 
Пікірімді жүргізіп салыстырдым. 
Хақ сөзді халықтан қорқып қойғым келмей, 
Алдау, арбау жағынан алыс тұрдым. 
Достығымды қастықтай көргендерге, 
Түзу болмай азырақ шалыс тұрдым, 
Бір сөзімді бір атқа саудаламай. 
Білгенімді тұра айтып қалыс тұрдым. 
Адам баласына жақсы болу үшін көп нәрсе керек-ақ, соның бір абзал түрі – әділдік, 
туралық, қара қылды қақ жарған Алланың ақ жолы шындық. Жалған сөйлеу жарамсақтан 
адамзаттың дұшпаны, ащы да болса бетке айту кісілік екені хақ. М.Қалтайұлы өзі қандай 
адалдықты ұнатса, сол жолмен жан-жақты тура бұрылмай жүрсе, халайық-қауымнан да, 
елден-жұрттан да, ағайын-бауырлардан да әділдікті талап еткен. Бүкіл тірлігі, оқуы, 
ізденуі жұртқа шашқан үлгісі де осы ақ жол еді, арманы да, алдағы үміті де осы еді. 
Ақынның алдағы күнге деген жарық сенімі туралы айта келіп, Б.Кенжебаев: «Әсіресе 
соңғы өлеңдерінде Мақыш еліміздегі қалыптың, қазақ тұрмысының жаңғыратынына 
сенеді, соны арман етеді. 1913 жылы шыққан бір кітабындағы бір өлеңі былай келеді: 
Кетер бір заман шексіз бұл ақ қарлар, 
Жылынар күн, болар желеусіз шуақтар. 
Көре алмаспын мен ол қардың кеткенін, 
Болмаса халіме бір шипа жақтан. 
Кетер боран, аяз бен жел, суық та, 
Жауып жаңбыр, жері көктер шуақта. 
Жасыл мақпал кілем болар қара жер, 
Болармын мен көруде ол уақытта. 
Болар дүние ол уақытта бір жеміс бақшадай, 
Ағар сулар сылдырап, төгілген ақшадай. 
Шаттықпен қызық көріп жүрер әркім, 
Ол күнде тек болсын менің қабірім сарай. 
Өсер көктер жер үстінде толқындап,
Сайрар құстары неше түрлі мұңдатып. 
Болар күнде әркімге бостаншылық, 
Тек мен жатармын топыраққа былғанып. 
Ақынның аузына сөзді Алланың өзі салды»,- демекші, шынында М.Қалтайұлы 
еліміздің еркіндікке қол жетіп, егемендік алатынын қалай сезген? Әрине, бес уақыт 
намазын қаза қылмаған, отыз күн оразасын да дұрыс ұстаған, оның үстіне «Мен 
мұсылманмын» деп кеудесінқаққан әрбір азаматтың армандайтын қажылығана да барған 
Мақыш аса құдіретті Алланың өзі алдындағы жақсы күнді сездірген секілді.Ол алты өлең 
кітап шығарып,төрт аударма жинақ берегн еңбекқор жан екенін жоғарыда сөз еткенбіз
сосы өлең-жырларының ішіндегі жілік майы татитыны «Қазақ айнасы» атты өлең кітабы 
екенін тағы да айту артық болмас, ақын осы аталған еңбегінде: 


Айнадай көрсетемін жұрттың мінін, 
Қорқып ішке жимаймын сөздің шынын. 
Жақын, алыс, дос, дұшпан – бірдей, 
Сөйлеймін жалтақтамай хақтың құлын. 
Мақыш Қалтайұлының өлеңдері де, аудармалары да әр кезде сөз болып келген, біреулер 
өлеңдерінің идеясына, мазмұнына мән берсе, енді бір зерттеушілер шындықты айтады, 
ақиқатты жырлайды деп тәуір бағалайды. Ал, кейбір тіл зерттеушілері ақынның 
өлеңдерінде араб, парсы, түркі тілдерінен сөздер бар деп тілінің шұбарлығын тілге тиек 
етеді. Біз осы орайда Ә.Құрышжановқа құлақ ассақ, ол: «М.Қалтаев шығармаларытаза 
«кітаби тілден» гөрі, «қоспа тілде» жазылған. Яғни бұл шығармалардың негізгі сөздік 
қоры мен грамматикалық құрылысы қазақ тіліне тән де, орфографиясы сол кездегі 
бірсыпыра түркі тілдерінің жазу дәстүріне тән. Сонымен бірге, онда бөтен тілдерден, 
әсіресе, араб-парсы тілдерінен алынған сөздер де жеткілікті»,- деген ғалымның пікірінде 
шындық бар. Расында М.Қалтайұлы «Тура жол», «Насихат қазақия», «Біраз ғибрат сөз», 
«Бар оқиға» кітаптарынан жоғарыда Ә.Құрышжановтың айтқан пікірінің дұрыстығы 
байқалады. 
Ақынның шығармашылығын арнай зерттеген келелі ғылыми еңбек болмағанымен, ол 
туралы және шығармашылығы туралы бірқатарғалымдар, ақындар мен жазушылар әр 
кезде ғылыми ойлар, пікірлер айтқан. Біз ең алдымен, Б.Кенжебаевты айтамыз, профессор 
өзінің « ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті» атты ғылыми еңбегінде М.Қалтайұлына 
арнайы тоқталып, «Мақыш Қалтайұлы» деген ғылыми жүйелі тарау жазған.Ол осы 
еңбегіндеақынның өмірбаянын, өлеңдері мен аудармаларына кеңінен түснік береді. 
Айтулы ғалым Ы.Дүйсенбаев та М.Қалтайұлының шығармашылығына арнап бірнеше 
құнды пікірлер айтқан, содан кейін Ә.Дербісәлин, Ә.Құрышжанов, М.Балақаев, 
Е.Жанпейісов, М.Томанов, Т.Нұртазин секілді зерттеушілердің еңбектерінде аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет