Хіх ғ. ІІ ж – ХХ ғ. бас кезі. Кіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы


«Мәселенің теориялық-методологиялық негіздемесі»



бет6/15
Дата16.02.2023
өлшемі307.5 Kb.
#469663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
stud.kz-64949

«Мәселенің теориялық-методологиялық негіздемесі» атты бөлімде зерттеу жұмысына қатысты методологиялық ұстанымдар, тұжырымдамалар баяндалды. Зерттеу жұмысын ғылыми негізде және жүйелі түрде баяндауда тарихи таным әдістерінің орны ерекше.
Зерттеу әдістері талдау обекті ретінде алынған тарихи процестің табиғатынан, ішкі ерекшеліктерінен туындап, мәселенің құрылымы мен қайталанбас өзіндік болмысын ашуға лайық келіп, осы мақсатқа қызмет жасай алғанда ғана нәтиже бере алады. Ғылыми танымның жетілуімен бірге жаңа білімге жетуге жол көрсететін ұстанымдар, тұжырымдар мен теориялыр қалыптасады немесе оларға деген көзқарас өзгеріске түседі. Өткен дәуірдегі тарихи құбылыстарды бір қалыпқа салған маркстік-лениндік ілімге негізделген методология зерттеушілерге қандай да бір елдің және халықтың тарихи дамуындағы өзгешеліктерге баса назар аударттырмай, тап күресіне басымдылық беріп, революциялық дамуды абсолюттендіріп, дамудағы эволюциялық үрдістің маңызын екінші кезекке ығыстырды. Соған сәйкес ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі Оңтүстік Қазақстанды мекендеген жергілікті халықтың 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан ахуалға орай «капитализмге соқпай, социалистік құрылысқа көшуі» барынша дәріптеліп, маркстік-лениндік методологияға сүйенген кеңестік тарихшылар патша өкіметінің отаршылдық саясатын көпе-көрнеу бұрмалап, қазақ халқына жасалынған зорлық-зомбылықтарды ұмыттырып, Ресейдің «басқыншылық саясаты» деген терминдерді алып тастап, оның орнына «өз еркімен қосылу» сияқты терминдерді қолданысқа енгізді. Кеңес тарихшыларының мұндай тұжырымы коммунистік жүйе жойылғанға дейін үстемдік құрып келді.
Соңғы екі он жылдықта қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайда еліміздегі тарих ғылым бұрын байқалмаған мүмкіндіктерге ие болып отыр. Қазіргі таңда тарихи зерттеу жұмыстарына ешқандай да идеологиялық шектеулер жоқ. Зерттеу методологиясы мен әдістерін игерген тарихшы маман нақты тарихи фактілерге сүйене отырып, ғылыми жұмыспен айналысу мүмкіндігі зор. Соңғы жылдары жемісті жүргізілген мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы ғылымға жасалынған мемлекеттік қолдаудың нақты айғағы. Міне бұл жағдайлар өз ретінде отандық тарихтың жаңа сапаға өтуіне қажет методологиялық ұстанымдар мен зерттеу әдістерінің қалыптасуына жасалынған алғышарт болып табылады.
Бұл арада біз басшылыққа алатын тарихи ғылымының іргелі принциптерінің бірі тарихилық принципі (принцип историзма). Оның негізгі талабы уақыт ағымындағы кідіргіссіз өзгерісте болатын обьективті тарихи шындықтың аса маңызды байланыстарын жан-жақты және адекватты қалпында көрсету. Ал егер бұл талдау принципін біздің тақырыбымызға байланысты қарастырар болсақ, онда мәселенің мынадай қырларына баса назар аударған жөн. Біріншіден, патшалық билік пен қазақ қоғамы қандай жағдайда неге байланысты өзара қатынас орнатты, екіншіден, бұл тарихи қатынас қандай даму және өзгеру кезендерінен өтті және үшіншіден, бұл екі субьектінің өзара қатынасы қандай нәтижелермен аяқталды (1917 жылғы революциялық өзгерістерге дейін).
Біз талдауға алып отырған тақырыпты зерттеуде әрқашанда қаперде ұстайтын нәрсе – ол тарихи уакыт ерекшелігі (ХІХ ғ. екінші жартысы және ХХ ғ. бас кезі). Әрбір тарихи мезгіл – қайталанбас құбылыс, яғни, оның өз ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарының екінші жартысында Оңтүстік қазақ жерінде орныққан орыс билігі, анығырақ айтқанда патшалық билік те қалыптасу және белгілі бір даму және өзгеру кезендерінен өтті. Ешнәрсе де бір қалыпта өзгеріссіз қалмайды деген тұжырым өлкедегі орыс билігіне тән. Сондай-ақ әр кезеңге тиесілі ерекшеліктер ең алдымен сол қоғамның материалдық жағдайына тиесілі. Яғни, зерттеуші өз еңбегінде алдымен ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Оңтүстік Қазақстан өңірінің экономикалық деңгейін, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастардың сол мезгілге тиесілі жағдайын есепке алған жөн. Мәселен, бұдан 140 жылдан астам уақыт бұрын өңірдің шаруашылығы, өндірістік күштері, қоғамның мәдениеті мен білім деңгейі, әрине, мүлдем басқа күйде боатын. Содан бергі арада өткен уақыт оларды түбегейлі өзгерістерге ұшыратты. Өңірдің жергілікті тұрғындары – қазақтардың басым бөлігі бұдан 140 жыл бұрын көшпелі немесе жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты, тек азшылық бөлігі отырықшы егіншілікті күнделікті тіршілік көзіне айналдырды. Ал егіншілікпен айналысқан халықтың еңбек құралдарының қандай деңгейде болғандығын бұл арада түсіндіріп жатудың өзі артық. Зерттеушіге міне осы уақыт ерекшелігімен есептесу, әрине, өте маңызды.
Тарихи білімге гуманистік мазмұн беру мәселесі тарихшылардың «Анналдар мектебі» өкілдеріне де тән ағым еді. Бұл әдістің құндылығы сонда өткен уақыттың әлеуметтік-психологиялық астарларына үңілуге және отаршылдық жүйенің қарама-қайшылықты тұстарын түсіндіруге мүмкіндік туады. Белгілі бір тарихи оқиғаға немесе құбылысқа түрлі қырынан қарап, оған түрліше баға беруге болады. Бұл ғылымдағы плюрализмнің көрінісі. Берілген осы әркелкі бағалардың біреуі ғана дұрыс болып табылады. Дұрыс бағаның өзіне танымдық үрдістің жетілуі негізінде көз жеткіземіз. Оның өзінде дәйектеменің айғақтық аспектісі мен жасалған тұжырымның логикалық тұрғыда үйлесімді болуы елеулі роль атқарады. Бұл ретте отаршылдық билік пен жергілікті халықтың арасында болған ортақ оқиғаларды бағалауда да түрлі деректік материалдарды ғылыми айналымға тартудың өзіндік танымдық маңызға ие екені назарда ұсталуы қажет. Жаңа деректерді іздестіру, оларды сұрыптап талдау негізінде арғы-бергі тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерін толтырудың жолдары мен әдістері айқындалады. Ғылыми зерттеулерде анализ бен синтез басты әдіс ретінде саналатыны белгілі. Аталған екі әдіс таным үрдісінің әркелкі сатысына қызмет етеді. Синтездеу әдісі негізінде қарастырылып отырған кезеңдегі патша әкімшілігі мен жергілікті халық арасындағы саяси қатынастар туралы мұрағат құжаттарынан, ғылыми еңбектер мен фольклорлық материалдардан алынған мәліметтер және т.б. мәліметтер біріктіріліп, топтастырылады. Анализ әдісі болса орыс билігі мен жергілікті халықтың қатынасы жайлы түсінікті жіктеп, бөлшектеу арқылы мәліметтерде көрініс тапқан оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарын, ерекшеліктерін және олардың өзара байланыстылығы мен сабақтастығы деңгейін айқындауға септігін тигізеді.
Танымдық үрдісте жазба мәліметтер елеулі маңызға ие. Адамдардың рухани қызметі барысында пайда болып, мәлімет беретін жазба мәтіндердің мәнін түсіну мақсатында қалыптасқан герменевтикалық әдістерде де анализ бен синтез өзара үйлесімділік тапқан. Герменевтикалық әдістер мәліметтердегі фрагменттерді ұғынудан, оны толықтай түсіну, одан соң мәтіннің бөліктерін терең түсінуді қамтамасыз етеді. Герменевтикалық әдістер орыс билігі мен жергілікті халықтың саяси байланыстарына қатысты жазба деректік материалдарды жан-жақты талдай отырып, онда көрініс тапқан оқиғалардың негізделуін айқындап, олар жөнінде өзіндік тұжырым жасауға ықпал етеді. Тарих ғылымында кеңінен қолданысқа ие әдістердің бірі – ретроспективалық әдіс. Тарихи танымда себептен бұрын салдар аңғарылады. Сондықтан ретроспективалық әдіске сүйеніп, кез-келген құбылыстың себебін ашып көрсетуде бір құбылысты келесі бір құбылыстың себебі ретінде қарастыру ұсынылады. Бұл кез-келген үрдістің кезеңдерін өзара байланыста қарастырудың қажеттігін білдіреді.
Тарих ғылымындағы басты әдістің бірі сипаттап баяндау болып табылады. Сипаттау қоғамдық құбылыстардың болмысымен, олардың ерекшеліктері мен сапалық өзгешеліктеріне байланысты. Таным кез-келген жағдайда сипаттаудан басталады. Сипаттаудың құрылымы танылып жатқан құбылыстың ерекшелігіне тікелей қатысы бар. Тарихи таным объектісінің нақтылы ерекшелігін сипаттау баяндау арқылы жүзеге асады. Сипаттап баяндау арқылы танымның нәтижелері көпшілік оқырман қауымға жетіп, тарихи сананың қалыптасуына қызмет етеді. Қоғамдық құбылыстардың өзгешеліктері олардың дамуы барысында қалыптасады. Онсыз отарлық билік пен жергілікті халық арасындағы саяси қатынасының желісін сипаттау тек оқиғалар мен құбылыстар жайлы мәліметтер тізбегі ретінде көрініс табады. Ал сипаттаусыз қорытудың өзі отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынастарының кескіндемесі (схематизация) іспеттес болып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет